Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Е.  Сағындықов    Қазақтың  ұлттық  ойындары. – Алматы: 
Рауан, 1993. 
2.  Қ. Жарықбаев; С. Қалиев  Қазақ тəлім-тəрбиесі. – Алматы, 
2000.
3.  Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы,  1994.
4.  Крупская Н. К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – 
Алматы. 1973.
5.  Щукина  Г.  И.  Проблемы  познавательного  интереса  в 
педагогике. – Москва, 1971.
6.  Выготский  А.  С.  Игра  и  ее  роль  в  психическом  развитие 
ребенка. – //Вопросы психологии. – 1966.
7.  Качество знаний учащихся и пути его совершенствования //
Под ред. Скаткина М. Н., Краевского В.В. – Москва, 1978. 
8.  Ушинский  К.  Д.  Избранные  педагогические  сочинения. – 
Москва. 1969.
9.  Игры: 
Обучение, 
тренинг, 
досуг. /Под 
ред. 
В. В. Петрусинского. Кн.5 Педагогические игры. – М., 1994.
10.   Муртазина  Э.  Педагогические  основы  конструирования 
учебных деловых игр: Дис. ... канд.пед.наук. Л., 1990.
11.  Габрусевич С., Зорин Г. От деловой игры к профессиональ-
ному творчеству. – Минск, 1989.
11.2.  Проблемалық оқыту технологиясы
    Əлемдік  тəжірибеде  бірнеше  түрлі  өзара  балама  мектептер 
баршылық,  əрбіреуінің  ұтымдылығы  əр  түрлі.  Мысалы,  дəстүрлі 
мектеп  түлектерінің  білімділік  деңгейі  жүйелілік,  теориялық, 
ғылымилық  тұрғыдан  қарастырғанда  жоғары,  бірақ  сол  білімдерін 
қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. 
Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тəрбие мектептерінде 
білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын 
шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді 
дамымайды  деген  астарлы  пікір  бар.  Сондықтан,  болашағы  мол 
болып көрінетін дəстүрлі оқыту мен балама оқыту əдістемелерінің 
үйлестірілген  түрі  керек.  Мұнда  тасада  қалдырмайтын  мəселе – 
қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай 
қатынаста құрастырылатындығы. 
Проблемалық  оқыту  «проблема», «проблемалық  сұрақ», 
«проблемалық  тапсырма», «проблемалық  жағдай» («ситуация») 
деген ұғымдарды қамтиды.
Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен 
(білім,  икемділік,  іздену  тəжірибесі  жəне  т.б.)  шешуге  болатын 
жағдай.  Кез  келген  сұрақ,  тапсырма  проблемалы  бола  бермейді. 
Олардың  проблемалық  болуының  негізгі  шарты – оларға  жауап 
іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды жəне ол өзінің білетіні 
мен  білмейтінінің  арасындағы  қайшылықты  басқаша  айтқанда, 
берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тəсілдің онда 
жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді 
адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады. 
Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену 
іс-əрекетіне көшеді.
Проблемалық  жауап  кезеңінде  оқушының  іс-əрекеті  ойлаумен, 
пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады.
Проблемалық  оқыту  тек  проблемалы  жағдай  тудырып  қана 
қоюды  емес,  сонымен  қатар  оны  дұрыс  шеше  білу  тəсілдерін 
меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта 
кездесетін  ой,  пікір  қайшылықтарын  дұрыс  аңғаруына  жағдай 
жасап,  оны  шешудің  жолдары  мен  тəсілдерін  меңгертуге  өздігінен 
ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы – 
дұрыс ойлай білуге баулу.
Проблемалық  оқыту – ойлау  операциялары  логикасы  (талдау, 
қорытындылау  жəне  тағы  басқа)  мен  оқушылардың  ізденіс 
əрекетінің  заңдылықтарын  (проблемалық  ситуация,  танымдық 
қызығушылығының, қажетсінуінің жəне тағы басқа) ескере отырып, 
жасалған  оқу  мен  оқытудың  бұрыннан  мəлім  тілдерін  қолдану 
ережелерінің  жаңа  жүйесі.  Сондықтан  да  проблемалы  оқыту 
көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады жəне 
сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нəтижелерін, 
білімдер  жүйесін  ғана  меңгеріп  қоймай,  сонымен  бірге  бұл 
нəтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының 
таным  дербестігін  қалыптастырып,  оның  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту. 

176
177
 Проблемалық əдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы 
ой  еңбегімен  шұғылдануын  қамтамасыз  ету.  Оқушыны  ізденуге, 
қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді. 
Проблемалық  оқиға  оқушының  бұрыннан  меңгерген  білімге 
сүйеніп,  мəселені  толық  шешу  үшін  аздаған  өзіндік  ойды, 
шығармашылық шешімді, дербес əрекетті қажет ететін проблемалық 
жағдайға  алып  келуі  керек.  Проблема  тууға  ыңғайлы  тақырыпты 
таңдай  білу,  мұғалімнің  ізденімпаздығына,  тапқырлық  шеберлігіне 
байланысты.  Сол  сияқты  есептер  шығару  барысында  да  балаларға 
есеп  сурет  салу  арқылы,  схема  түрінде  сызуға,  кестелер  арқылы 
шығартуға бейімдеу, өздігінен кері есеп құрастыра білуге жаттықтыру 
керек. 
Есептің 
бір-бірінен 
ұқсастығын, 
айырмашылығын, 
байланысын тапқызуға болады.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні 
мен  білмейтінінің  арасында  қайшылықтар  пайда  болады  жəне 
проблемалары  міндетті  шешуге  дайын  тəсіл  болмағандықтан, 
проблемалық  ситуация  пайда  болады,  осыған  орай  оқушының 
ізденушілік əрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Проблемалық 
оқыту 
технологиясы 
тұжырымының 
ерекшеліктері:
білімді  меңгеру  ішкі  себептер  негізінде  пайда  болған 
басқарылмайтын үдеріс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана 
қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында 
меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Проблемалық  оқытудың  қалыптасу  тарихына  үңілсек,  Сократ 
өзінің  шəкірттерін  логикалық  ойлауға,  зерттеулердің  нəтижелерін 
табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға 
мəн берген. Проблемалық оқытудың ең керекті əрекеті ізденіс болса, 
оны  өз  тəжірибесінде  қолданған  ғалымдар  қатарында  Песталоцци 
мен  Дистервергтің  еңбегі  зор.  Оқытудың  осы  əдісінің  негізін 
қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен 
оқытудың осы түріне Д. Бруннер, И. Лернер, Т. В. Кудрявцев, А. М. 
Матюшкин, М. И. Махмутов зор үлес қосты.
Проблемалық  оқытудың  басқа  əдістерден  айырмашылығы – 
білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың 
алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. 
Осылайша  іздену  əрекеті  барысында  шешімді  оқушылардың  өзі 
тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалы оқытудың теориялық мəселелерін М. И. Махмудов, 
А.  М.  Матющкин,  И.  Я.  Лернер,  Ю.  Н.  Бабанский  жəне  т.б. 
еңбектерінде  зерттеген  еді.  Проблемалы  оқытуға  арнап  жазылған 
жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ соңғы кезде елімізде 
бұл əдісті оқу үдерісінде қолданудың жағдайы қанағаттанарлықтай 
болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі əдебиетте проблемалы 
оқыту  жайында  біртұтас  оң  пікірдің  болмауында  жəне  оның  мəн 
жайын жақсы білетін мұғалімдердің аздығында.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде 
проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тəрбие жұмыстарында қолданбаса 
болмайды.  Проблемалы  оқыту  сабағының  дəстүрлі  аралас  сабаққа 
қарағанда біршама артықшылықтары  төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 
Проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен 
артықшылықтары

Сабақ 
кезеңдері
Қойылған 
мақсаты
Жұм-
салған 
уақыт 
мөлшері
Іске 
асырудың 
жолдары
Байқалған 
артықшы-
лықтар
1
Өткен 
материал-
дарды 
пысықтау
Меңгерілген 
білімді реттей 
отырып, оны 
қолдана білуге 
үйрету. Кезекті 
сабаққа 
қажетті 
білімді 
жинақтап 
дайындау
10-15
Барлық 
оқушыларға 
қысқа ғана 
жұмыс 
жаздыру
Оқушылар 
түгелдей 
өз білімін 
көрсетеді

178
179
2
Пысық-
тауды 
қорытын-
дылау
Өтілген 
материал-
дардың 
қажеттілерін 
жинақтап, 
оларды 
байланыстыра 
отырып келесі 
тақырыпқа 
көшу
12-15
Оқушылар-
дың жеке 
жұмыста-
рына 
қысқаша 
шолу жасау
Оқушылар 
өз 
жұмысының 
нəтижесін 
көре 
отырып, 
келесі 
тақырыпқа 
ынталы 
болады 
3
Проблема-
лы жағдай 
туғызып, 
оның негізгі 
мəселелерін 
көрсету
Оқушыларды 
ойлауға, 
талдауға, 
ізденіске 
ынталандыру      
15-20
Проблемалы 
мəселені 
баяндап 
беру
Оқушылар-
дың сабаққа 
деген 
ынтасын 
арттырады
4
Проблема-
ны шешу 
жолдарын 
қарасты-
рып, 
болжам 
жасау
Бұрынғы 
білімдерді 
пысықтай 
отырып, жаңа 
материалды 
баяндау жəне 
оны талдауға 
үйрету
15-20
Оқушылар-
мен 
эвристикалы 
түрде 
əңгімелесу
Оқушылар-
дың ойлау 
қабілетін 
жетілдіреді
5
Болжамды 
дəлелдеу
Жаңа 
материалды 
талдауды 
тереңдете түсу
10-12
Əңгімелесу, 
мысал 
келтіру 
жəне оны 
оқушылар 
көмегімен 
шешу
Мəселеге 
сын көзбен 
қарауға, 
талдау 
жасай білуге 
үйретеді
6
Проблема 
шешімінің 
дұрыстығын 
тексеру
Алынған 
білімді 
бекіту жəне 
іскерлікті 
қалыптастыру
8-10
Қателік-
терді 
пысықтау, 
шешімді 
қорытынды-
лау, есептер 
шығару
Оқушылар-
дың өз 
біліміне, 
іскерлігіне 
деген 
сенімін 
нығайтады
Бастауыш  сынып  мұғалімдері  проблемалық  мəселені  қою 
арқылы  оқушыларды  проблемалық  жағдайға  алып  келеді.  Бұл 
жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мəселе 
арасында  қарама-қайшылық  пайда  болады  да,  оқушы  мұғалімнің 
көмегімен осы мəселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе 
үдеріске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір 
сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігі артады. Сондықтан 
да  проблемалы  оқытудың  дүниетанымдық  маңызы  зор,  Өйткені, 
ол  құбылыстар  мен  үдерістердің  бір-бірімен  байланысын  көре 
білуге  үйретеді,  жеке  тұлғада  диалектикалық  ойлау  қабілетінің 
қалыптасуына əсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім 
беру  мен  тəрбиелеудің  барлық  мəселелерін  шешіп  бере  алмайды. 
Оқу  жүйесінде  білім  беру  мен  тəрбиелеудің  əр  түрлі  əдістері  мен 
қалыптары болуға тиіс. Проблемелы оқыту əдісін біртұтас дамыта 
оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн жəне 
оны  проблемалық  жағдайды  жасаудың  əр  түрлі  арнайы  əдістері 
мен  тəсілдерін  кең  қолдана  отырып,  сонымен  бірге  оқушылардың 
есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып 
дамыту қажет. 
Проблемалы сабақты аралас сабаққа ұқсатып, бірнеше бөлімге 
нақпа-нақтап  бөлуге  болмайды.  Сонымен  қатар,  қойылған  мақсат 
пен  сабақтың  мазмұнына  байланысты  мұғалім  мен  бастауыш 
сынып  оқушылары  арасындағы  қарым-қатынастың  белгілі  бір 
реттігін  жасауға  да  болмайды.  Сол  себепті  проблемалық  сабақты 
ұйымдастырудың сан-алуан жолы болуы мүмкін. 
Проблемалы сабақты жүргізу негізінде дəстүрлі аралас сабақта 
қолданылып  жүрген  материалды  бекіту  бөлімінің  қажеттілігі 
болмайды,  өйткені  жаңа  білімді  игерудің  өзі  оқушылардың  өнімді 
қызметі арқылы атқарылады, ол өз кезегінде, оқушылардан бұрынғы 
меңгерілген  білімді  қолдана  отырып,  жаңаны  қабылдауды  қажет 
етеді. 
Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, 
талдау  жасауға  ерекше  көңіл  бөлінуге  тиіс  жəне  бұндай  жұмысты 
оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп 
отырған жөн. 
Проблемалы сабақ барысында бастауыш сынып  оқушыларының 
жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:
оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу; 
қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу;
қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау; 

180
181
оқушылар  қателіктердің  жіберілу  себептерін  өз  күшімен 
анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;
оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету;
Проблемалық  сабақ  ұйымдастыру  төмендегідей  тұжырымдар 
жасауға мүмкіндік берді:
проблемалы  оқыту  сабақтары  дəстүрлі  аралас  сабақтармен 
салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, 
сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;
белгілі  бір  пəнді  бөлінген  сағатына  сай  игеру  үшін  пəн 
бағдарламасында  көрсетілген  тақырыптарды  негізгі  жəне  қосалқы 
материалдарды бөліп алу қажет;
қосалқы  материалдарға  бөлінген  сағаттарды  азайту  арқылы 
негізгі  материалдарға  арналған  сағаттарды  көбейтуді  ойластыру 
қажет; 
негізгі  материалдарды  оқытуды  проблемалы  сабақтарды 
ұйымдастыру  арқылы  өткізуге  тырысып,  қалғандарын  дəстүрлі 
аралас сабақтармен өткізу пəн тақырыптарын үйлесімді игерудің ең 
тиімді жолы екендігі анықталады.
Оқушылардың əр түрлі есептерін шығару, қойылған мəселелерді 
шешу  кезінде  өз  білімдерін  қолдана  білуіне,  маңыздысын  іріктей 
білуіне,  терең  ойлай  білуіне  жасалынған  талдау,  проблемалық 
оқытудың    арқасында    оқушыларда  жоғары  дəрежеде  өз  бетімен 
жұмыс  істеу  қасиеті  қалыптасатынын  көрсетеді.  Оқушылар 
талдаудың,  іріктеудің,  жіктеудің  логикалық  операцияларын 
ойдағыдай  игере  отырып,  өз  білімдерін  жан-жақты  қолдана  білуге 
үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі 
мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады. 
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі 
жасалып,  əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл 
педагогика теориясы мен  оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге 
байланысты болып отыр.
Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да 
бастауыш  сынып  мұғалімі  бағдарлама  көлемінде  ғана  білім  беріп 
қоймай,  пəндер  арқылы  баланың  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз 
етуі керек.
Көптеген  педагогтар  жəне  психологтардың  сараптамасы 
бойынша  əр  түрдегі  жаттығулардың  тиімділігі,  олардың  нұсқалық 
сипатта  болуында.  Нұсқалық  жаттығулар  оқушылардың  ой-өрісін 
дамытып ғана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік, 
дағдыны қалыптастырады.
Ең  тиімді  тəсіл – жаттығуларды  қорытындылау,  сондай-ақ  бір 
немесе  басқа  да  қағидалар  мен  заңдылықты  нақтылау  мақсатында 
өткізу.  Оқушы  өз  бетімен  немесе  оқытушы  басшылығымен  сол 
немесе  басқа  материалдарын  қорытындылау  кезінде-ақ  дағды-
ланады, əрі оны нақтылау жеңілдірек болады.
Əртүрлі  дəрежедегі  байланысты  ұтымды  жүзеге  асыру 
оқушылардың  ақыл-ой  іс-əрекеттерінің  деңгейіне  байланысты. 
Қандай  да  бір  материалды  түсіндіру  мен  бекітуде,  олар  жақсы 
түсінген  білімдер  қолданылып  отырса,  онда  жаттығулар  əдісін 
пайдаланған  дұрыс.  Ал  оқушылар  қиналып,  өз  бетінше  орындай 
алмаса,  онда  əңгімелесу  элементтері  бар  жаттығулар  əдісін 
қолданған  пайдалы.  Ал  материал  ұсынуға  күрделі  болса  онда 
түсіндіру əдісін жаттығулар əдісімен байланыстыра қолдану керек. 
Ең  бастысы,  кез  келген  əдіс-тəсілді  таңдағанда  оқушыларға  оның 
қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн. Бірақ түсінікті меңгертуде, 
білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау 
операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек.
Қорыта  келгенде,  проблемалы  тапсырмалар  сабақтағы 
қорытындылардың  қандай  жəне  қалай  пайда  болғандығын  дəлел-
дейді жəне логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. 
Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ əсер етеді де, оқушының 
қызығушылығын,  білімге  іштей  құмартушылығын  дамытады. 
Құмартушылық,  қызығушылық  оқушыны  өздігінен  ізденуге 
жетелейді.  Ізденіссіз  шығармашылық  ойлау  жоқ.  Проблемалық 
тапсырма  нəтижесі  оқушының  өз  бетінше  еңбектенудегі  дағдысы 
мен  қабілетінің,  іскерлігінің  жетілген,  ең  жоғары  дамыған  сатысы 
деуге болады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  Проблемалық  оқыту  технологиясында  қолданылатын 
ұғымдарға (проблема, проблемалық оқыту, проблемалық жағдай, т.б.) 
педагогикалық сөздіктерде берілген анықтама бойынша сипаттаңыз.
2.  Проблемалық сабақ ұйымдастыру  əдістемесін талдаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Махмутов  М.  И.  Мектепте  проблемалық  оқытуды 
ұйымдастыру. – Алматы: Мектеп, 1981.

182
183
2.  Брызгалова  С.И.  Проблемное  обучение  в  начальной  школе: 
Уч.пос. Изд. 2-е, Электронды оқулық испр. и доп. /Калинингр. ун-т. 
– Калининград, 1998. 
3.  Таубаева  Ш.  Т.,  Барсай  Б.  Т.  Оқытудың  қазіргі  технология-
лары. Алматы, 2005.
4. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
5. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
6. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
7.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  
К.Д.Ушинского, 2002.
8.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
9. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
11.3. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы
«Қазіргі  заманғы  жастарға  ақпараттық  технологиямен 
байланысты  əлемдік  стандартқа  сай,  мүдделі  жаңа  білім  беру 
өте  қажет», – деп  Елбасы  атап  көрсеткендей,  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиялық əдіс-тəсілдерді мектеп өміріне енгізу, 
оны  əр  пəн  мұғалімінің  тиімді  пайдалана  білуі  бүгінгі  таңда  білім 
сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Осындай технологиялардың бірі – Шаталовтың тірек сигналдар 
технологиялары.
«Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту»  технологиясының  негізгі 
мақсаты:  оқушыларда  мұғалімнің  қажетті  нұсқаулары  бойынша 
білім,  білік,  дағды  қалыптастыру;  жеке  мəліметтеріне  қарамастан, 
барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту.
«Тірек 
сигналдары 
арқылы 
оқыту» 
технологиясының 
принциптері:
-  үздіксіз  қайталау,  міндетті  кезеңдік  бақылау,  ірі  блоктар 
бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану;
- жекелей əрекет жасау;
- ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
- мəжбүрсіз оқыту;
-  түзетуге,  өсуге,  жетістікке  жетелеу,  жетістігін  жариялау, 
шиелініссіз оқыту;
- тəрбие мен оқытуды байланыстыру.
«Тірек 
сигналдары 
арқылы 
оқыту» 
технологиясының 
мазмұндық ерекшелігі:
- оқу материалы ірілендіріп беріледі;
- блоктық түрде беріледі;
- оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі.
Тірек  сигналы  –  мəн,  мағынаны  (белгі,  сөз,  үлгі,  сурет  жəне 
т.б.), білдіретін  құрамды бейне.
Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сиг-
нал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).
Жаңашыл ұстаз əдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек 
сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі 
схема.  Көрнекілікке  негізделген  тірек  сигналының  жаңа  сабақты 
тусінуді жəне оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды. 
Əдетте  сурет,  сызба,  схемалар  мектепте  игерілетін  білім 
сипатына сəйкес эпизодты қолданылады.
Шаталовтың  көрнекі  схемаларды  қолданудағы  жаңалығы – 
оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде. 
Тірек  сигналдарын  қолдану  теориялық  білімнің  кең  көлемін 
игеруді,  жаңа  тақырыптың  жекелеген  бөлшектері  жиынтығын 
бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, 
салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге жəне оның ұзақ есте 
сақталуына  көмектеседі,  білім  игеру  сапасын  қүнде  тексеруді, 
бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары 
– оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті.
  Тірек  сигналдарындағы  таңбалар  саны,  оларды  безендіру 
ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) 
белгілі  бір  талаптарды  қанағаттандыратандай  болуы  қажет:  игеру 
мүмкіншілігі,  безендіру  мəдениеті,  формалардың  əртүрлілігі, 
сезімдік  кұндылығы  жəне  т.б.  Бұл  шарттар  көрнекі  материалды 
қабылдау талаптарынан туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар 
түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В.  Ф.  Шаталов  теориялық  түсінікті  іріленген  блоктар  түрінде 

184
185
береді,  бұған  программаның  үлкен  тараулары  енуі  мүмкін.  Бұл 
жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай 
сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – 
одан төменірегі жəне сол сияқты). 
Көрнекілік  құралдарды  қолданудың  əр  түрлілігі,  тірек  сигнал-
дары  мазмұнының  абстрактылы  жəне  нақтылы  компоненттерінің 
ұштасуы,  оның  маңыздылығы  бойынша  классификациялануы – 
Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
В.  Ф.  Шаталов (1929 жылы  туған) – украин  педагогы. 
В.Ф.Шаталов  тəжірибесінің  бірінші  ерекшелігі – оқу  үдерісіндегі 
оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, 
мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге 
бөліп көрсетті.
І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,
ІІ  кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,
ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының 
кішірейтілген  түрі)  беріліп,  оларды  балалар  өз  альбомдарына 
желімдеп,
IV  кезеңде  оқушылар  оқулықпен  жəне  тірек  сигналдарымен 
үйде жұмыс істейді,
V  кезеңде  сабақ  үстінде  тірек  сигналдарын  естеріне  түсіріп, 
дəптертеріне жазып, 
VI  кезеңде  оқушылар  мұғалімге  тақырып  бойынша  ауызша 
жауаптар береді.
Сонымен  теориялық  материалмен  жұмыс 6 кезеңнен  тұрды. 
Шаталов  тəжірибесінің  екінші  ерекшелігі – бағдарлама  нық  бір-
бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп 
оқыту.
Тірек  белгілері  арқылы  оқыту  технологиясының  қалған 
ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі 
қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілендіру, ерікті оқыту;
-  əр  оқушының  жобасының  жариялылығы,  түзетуге,  өсуге, 
табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Қазіргі  заман  талабына  сай  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін 
ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы 
–  мұғалімнің  қажетті  нұсқаулары  бойынша  оқушылардың  оқу 
жұмысының жеке дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды 
орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, əр түрлі танымдық 
тапсырмаларды  орындау  талап  етіледі.  Осының  нəтижесінде 
оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі 
орындаудағы  жауапкершілік  сезім,  еңбексүйгіштік,  табандылық, 
ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. 
Дидактикалық  мақсатына  қарай  өз  бетінше  жұмыстарды  жаңа 
материалдарды  оқып  үйренуге  дайындық,  жаңа  материалды  оқып 
үйрену, бекіту, қайталап пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады.
Білімнің  негізі  бастауышта  қаланатыны  белгілі.  Ендеше  осы 
бастауыш  сыныптардан  бастап,  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс 
істей  білу  іскерліктері  де  қалыптасуы  тиіс.  Атап  айтсақ  жаңа 
ұғымды,  заңдылықты,  ережені  түсініп  тұжырымдау,  есепті  талдап 
шығара  білу,  жаңадан  өтілген  ұғым  бойынша  өздігінен  ой  қорыта 
білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б.
Материалды  көрнекі  беру  негізгі  ұғымдарды  дифференциялап 
топтауды, оларды талдаудың жалпы тəсілін бөлуді, олармен жұмыс 
жасауды жеңілдетеді. 
В.  Ф.  Шаталовтың  оқыту  əдістемесі,  негізінен,  жеті 
психологиялық-педагогикалык  принциптерден  тұрады.  Олардың 
əрқайсысының мазмұның ашайық.
I.  Теориялық  білімді  алдын  ала  ірілендірілген  мөлшерде  беру, 
алға жылдам жылжу принципі.
Оқытудың  дəстүрлі  жүйесінде  сабақта  оқушылар  жаңа 
материалдың  микромөлшерін  ғана  оқып,  одан  соң  оны  пысықтау 
жəне есеп шығару жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған 
теориялық  материал  өтіледі.  Блоктар  дегеніміз – құбылыстар, 
үдерістер жəне заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан 
жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері. 
Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды 
блок  құру  үшін  қайтадан  құрастыруға  жəне  тірек  сигналдары 
жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады. 
Теорияның  өзекті  мəселелерінен  басқа  ұсақ  сұрақтар 

186
187
қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі 
сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
Бұл  жаңа  материалды  жылдам  өтуді,  басты  мəселеге  көңілді 
көбірек  аударуды,  себеп-салдар  байланысын  түсінуді,  яғни  жаңа 
материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру 
сабағы  жүргізіледі,  мұнда  жұмыс  қорытындыланады,  оқушылар 
сұрақтарға  жауап  береді  жəне  олардың  əрқайсысына  үлгірім 
экранында қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.
Бос  тор  қалдырылады  жəне  оқушыға  өтілген  теориялық 
материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан əрі оқушылар 
жалпылай  есеп  шығаруға  кіріседі.  Жол  жөнекей  анықталмаған 
кейбір ұсақ сұрақтар талқыланады. 
Тақырып  бойынша  «түзету-жөндеу  жұмыстары»  жүргізіледі. 
Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар 
конкурстық есептер шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау жəне бірнеше 
рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В.  Ф.  Шаталов  тұжырымы: «Оқыту  үдерісінде  оқушылардың 
творчествосы тек терең жəне тиянақты білім негізінде ғана ашыла-
ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».
Жаңа  сабақты  түсіндіру  ең  кемінде  екі  рет  жүргізіледі. 
Біріншісі  дəстүрлі  əңгіме,  дəріс,  көрнекі  кұралдар  пайдаланылған 
эвристикалық əңгімелесу түрінде өтеді. 
Оның  мақсаты – барлығын  талдау – түсіну  (ұғымдарды,  кұру 
логикасын жəне т.б.), яғни қабылдауды жəне ойлауды қамтамасыз ету. 
Екінші түсіндіру қысқалау жəне жылдамырақ тірек плакат (сигнал) 
бойынша  жүргізледі.  Плакатсыз  да  кодоскоп  немесе  диапроектор 
арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде əр түспен кескінделген 
тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып 
көрсетіледі.
Екінші  рет  қайталап  түсіндіруде  шектен  тыс  ұсақталу,  ауытқу 
болмайды.  Қайталау,  мұғалімнің  айқын  мазмұндауы – бұл  жүйеде 
пысықтау  кезеңінің  орнына  жүреді  жəне  дəстүрлі  оқытудағы  жаңа 
сабақты  меңгеріп  үлгермеген  оқушының  шала  түсіндіруінен  гөрі 
əлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші жəне екінші қайталауда қаншама 
ұғымды  түсіндірілгенмен,  барлық  оқушылар  оны  толық  игереді 
жəне мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық 
іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, 
тəжірибеде кең қолдану мүмкін емес.
Шаталовтың əдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде 
оқушылар  ешнəрсе  жазбайды,  тек  тыңдайды  (психологтардың 
зерттеу  қорытындылары  бойынша  қос  қабаттасқан  психологиялық 
іс-əрекет тиімсіз). Осы əдістемемемен орта жəне жоғары кластарда 
жаңа  тақырыпты  мазмұндаудан  соң  бұл  материал  бойынша 
жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша 
болса да рұқсат.
Өткен  тараулар  материалынан – қалағандарынша,  ал  жаңа 
тақырып  бойынша  ешнəрсе,  жаңа  сабақты  екі  рет  мазмұндау 
принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде əр оқушының жаңа тақырып 
бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мəтінін мұғалімнің 
мағыналық  өңдеу  тəсілдерін  қалыптастыруды,  тірек  сигналдарды 
оқушылардың  өзіндік  іс-əрекетін  ұйымдастыру  кұралдары  мен 
мнемотехника тəсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі 
мəдениетінің жалпы əдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тəсілдерді жаңа 
мəтінмен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау əдісі де жаңа формалы 
белсенді іс-əрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға 
ауызша  ақырын  баяндау  жəне  ақырын  жауап  беру  (бір  сабақта 50 
оқушыға дейін) сөйлеу мəдениетін жəне оның жүйелілігін белсенді 
еске түсіру тəжірибесін арттырады. 
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді 
(магнитофон  арқылы  ақырын  сұрауда)  немесе  тірек  плакаттарды 
(тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда  бірнеше  ойлау  операцияларын  орындайды:  баяндау 
жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы 
байланысын  орнататын  материалдарды  өндеу.  Бұл  жаңа  термин-
дермен  жұмысты  жеңілдетеді,  өз  қабілетіне  сенімділігін  арттыра-
ды. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы жəне бағалауы – 
бұның бəрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін 
туғызады,  ал  тірек  сигналдарды  қолдану  дайындық  уақытын 
қысқартады (сабақта 20 минутқа дейін).

188
189
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, 
өзара байланысын жəне жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жəне ауызша 
еске  түсіру  оқушылардың  оқулықпен  жұмыс  істеу  белсенділігін 
арттырады.
Шаталовтың  əдістемесі  жаңа  материал  мазмұнын  түрлендіре, 
қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек 
сигналды оқулықтың сəйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі 
сабақта  тірек  сигналдарды  жазбаша  қайталап  еске  түсіру,  оқулық 
материалын жəне басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға 
жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, 
өзара  тексеру  беттері  бойынша  жауап  жəне  т.б.  қайталау  түрлері 
жəне көптеген есеп шығару. 
Осы  əдістеме  бойынша  оқылған  материалды  қайталаудың 
ерекше манызды формасы – өзара тексеру беттерімен жүргізілетін 
сабақтар.  Шаталов  мұндай  сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5- 
сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары 
бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар 
өзара жүргізеді. 
Сұрау  ойын  түрінде  жүргізіледі:  егер  оқушы  сұрақтардың (30 
– 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап 
бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды. 
Ал  мұндай  жағдай  егер  екі  рет  кездессе,  онда  ол  оқушының 
партасынан жалаушасы алынып, əрі қарай сұрау тоқталады. Мұның 
бəрі  терең,  тиянақты  білігін  қалыптастырудың  негізін  қалайды. 
Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип 
жаттығулар  типтерінде  де,  олардың  қиындық  дəрежесінде  де 
бірсарындылықты жоюды талап етеді. 
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету 
тəсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мəні мынада: күнделікті 
қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда 
күрделірек болса да) шығару. 
Осыған  қосымша  белгілі  бір  жаттанды  жолмен  шешуді  қажет 
етпейтін  (стандартты  емес)  есептерді  (көп  еңбектенуді  де  қажет 
етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың 
шығара  алмайтыны  алдын  ала  белгілі  болса  да,  беруге  болады 
(барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс-
əрекетті туғызады. 
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі. 
«Үйге  тапсырма»  сөзі  «мынадай  есептер  шығаруды  ұсынамыз» 
сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, 
оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
3. «Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту»  технологиясының 
принциптерін  саралап, 3 сыныптың  математика  пəнінен  қандай  да 
бір тақырыпқа осы технологияны пайдаланып, сабақ жоспар тірек-
сызба түрінде өңдеңіз.
4. «Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту»  технологиясының 
мазмұндық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  проблемалық  оқыту 
технологиясымен  салыстырып,  салыстырмалы  талдауды  кесте 
түрінде көрсетіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет