Бейорганикалық


Газ  алуға  арналған  АКТ-500  аппараты  (Кипп



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


Газ  алуға  арналған  АКТ-500  аппараты  (Кипп 
аппараты)  Аппарат  металдарға  (мырыш,  магний) 
сұйытылған тұз және күкірт қышқылымен әсер ету арқылы 
көміртек  (ІV)  оксидін  алуға  арналған.  Кейде  аппаратты 
күкіртсутек  алуға  қолданады.  Басқа  газдарды  аппаратта 
алу қажет емес. АКТ-500-де жарылыс қауіпіне байланысты 
ацетилен алуға болмайды. 
Аппарат  (12-сурет)  шар  тәрізді  бөлік-негізгі  ыдыс 
ортасы  тарылған  реактордан  (1)  және  жарты  шарлы 
тіреуіш  бөліктен  тұрады.  Реакторға  500  мл  газ  сияды 
(аспап  маркасында  көрсетілген).  Реактордың  жоғарғы 
саңылауы  түбі  жіңішкеріп  келетін  құйғының  аппаратың 
түбіне  дейін  жететін  шар  тәрізді  формадағы  салмақты 
құйғыны  (2),  ал  бүйір  тесігі  шүмегі  бар  газ  шығатын 
түтікті  орнатуға  арналған.  Көптеген  аппараттардың 
тіреуіш бөлігінде оларды жинағанда  

 
46 
 
қолданылған 
сұйықты 
төгуге 
арналған  саңылауы  (4)  болады. 
Аппарат  жиынтығына  көмекші 
құралдар  кіреді:  газ  шүмегі, 
аппараттың  төменгі  бөлігіндегі 
саңылауға 
арналған 
тығын, 
реакторды  қатты  реагенттерді 
салып 
қоюға 
арналған 
винилпластан  немесе  резеңкеден 
жасалған  диск.  Аппаратқа  барлық 
құралдарды  жалғағанда  әдетте 
ықпаланумен 
істейді, 
бірақ 
ықпаланбаған 
конустар 
мен 
резеңке тығындар 
12-сурет. 
Кипп 
қондырғысы 
қолдану 
арқылы 
жасалғанөндірістік  үлгілер  болуы 
мүмкін.  Аппаратпен  жұмыс  істеу 
алдында оған  
химиялық  ыдыстарды  жалғау  әдістерімен  танысып 
алыңдар. 
 
 
Жинау реті 
1.Қатты  реагенттерді  салу  үшін  реакторға  диск  орнатады, 
сұйықтық құятын тесігін тығынмен жабады. 
2.Құйғының қырналған бөлігіне тығыздайтын май жағады 
(немесе  ФУМ  лентасын)  және  құйғыны  реакторға 
жалғайды.  
3.Реактордағы  газ  шығатын  шүмекке  арналған  тесік 
арқылы  қатты  реагенттің  түйіршіктерін  салады  (мырыш, 
магний,  мәрмәр).  Егер  реагент  төменгі  жартылай  шарға 
түсіп кететін болса, дискіні ауыстыру керек. 
4.Газ шығатын шүмекті ашады. 

 
47 
5.Шар  түріндегі  құйғының  жоғарғы  тесігіне  конус  тәрізді 
құйғы  көмегімен    деңгейі  реактордағы  қатты  заттың 
бетінен 1-1,5 см жоғары көтерілгенше қышқыл құяды. 
6.Шүмекті  жабады.  Егер  аспап  герметикалық  болса,  онда 
бөлінетін  газдың  қысымымен  сұйық  лезде  реактордан 
құйғыға  ысырылып  шығарылады.  Реактордан  ауаны 
аластау  үшін  шүмекті  тағы  ашады,  реакторға  қышқыл 
көтерілгеннен  кейін  жабады  және  осылайша  4-5  рет 
қайталайды.  Бұлай  жасау міндетті  түрде  керек,  себебі  бұл 
сутек алғанда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.   
7.Тұз  қышқылын  қолданғанда  шар  тәрізді  құйғының 
тесігіне  сулы  ысырма  орнатады.  Егер  сутекті  мырышқа 
күкірт  қышқылымен  әсер  ету  арқылы  алса,  онда 
дайындалған 
қышқыл 
ерітіндісіне 
5-6 
мл 
мыс 
сульфатының  немесе  хлоридінің  қаныққан  ерітіндісін 
қосады.  Мырыш  түйіршіктерінің  бетінде  орын  басу 
реакциясының 
нәтижесінде 
пайда 
болған 
мыс, 
электрохимиялық  таттануды  тездетеді,  демек  сутек  түзілу 
процесін жылдамдатады. 
Қарапайым  тәжірибелермен  аспапты  тексергеннен  кейін 
(мысалы  көміртек  (ІV)  оксидімен  толтырылған  ыдыстағы 
жанып тұрған шамды өшіру, сабынды шарларды сутекпен 
толтыру)  аппаратты  жинап,  тазалап,  алып  қояды. 
Құрылғыны  орнынан  жылжытқанда  құйғыдан  ұстауға 
болмайды. 
1.3.2.5.  Г-5  Газометрі  ауамен  қопарылысқа  түсетін  қоспа 
бермейтін, суда аз еритін газдарды жинауға, сақтауға және 
шығындауға  арналған.  Газометрде  оттек,  азот,  азот  (ІІ) 
оксиді,  сутек  газдарын  сақтауға  болмайды.  Герметикалық 
емес  аспапта  газдарды  дұрыс  жинамағандықтан  және 
сақтағаннан  олардың  ауамен  қопарылыс  беретін  қоспасы 
түзілуі мүмкін, демек  жұмыс істеп тұрған адамның шыны 
сынықтарымен жарақаттану қаупі туады! 

 
48 
 Г-5  газометрі  сыйымдылығы  5  л  газ  сиятындай 
цилиндр  ыдыстан,  шүмегі  бар  салмақты  құйғыдан  және 
конус  түтік  тәрізді  алынатын  түптен  тұрады.  Көбінесе 
құйғылар  қырналған  конустармен  қосылады.  Осындай 
әдіспен  құйғы  ыдыспен  жалғастырылады.  Ыдыс  екі 
шеңгелмен  жабдықталған:  жоғарғы-газ  шығатын  шүмекті 
орнатуға  арналған  және  төменгі  -  аспапты  газбен 
толтыруға  және  жинағанда  сұйықты  төгетін  тығынды 
орнатуға  арналған.  Жиынтықтың  қосымша  құралы 
тығынсыз газ шүмегі болып табылады.  
Г-5  газометрінің  алдыңғыларына  қарағанда  ыдыс 
қабырғасына  тік  бұрышпен  орналасқан  қысқартылған 
төменгі  шеңгелі  болады.  Сондықтан  да  аспапты  газбен 
толтыру  техникасы  әдебиеттерде  келтірілген  әдістерден 
өзгеше.  Г-5  мектепке  арналған  ХАЖ,  ХАЖ-10  көрнекті 
ыдыстар 
мен 
құрал-жабдықтардың 
жиынтығының 
құрамына кіреді. Бұл жиынтыққа тесігі бар резеңке тығын 
да  кіреді.  Газометрді  жинағанда  осы  жиынтықтан:  бір 
тесікпен ғ19 және екі тесікпен ғ29 екі тығынды қолданады. 
Бірінші  тығынды  төменгі  шеңгелге  қолданады.  ғ29  тығын 
тесігіне жез түтікшелерінің қиындыларын (оларды ДХАЖ-
нан  алуға  болады)  салады.  (13  сурет)  Газ  беруге  арналған 
шамамен  бірдей  ұзындықтағы  және  газометрдің  ішіне 
бағытталған  түтіктердің  сыртқы  ұштары  шеңгелден 
ұзынырақ болу керек.  
 
Газометрді жинау мен толтыру реті 
1.Дайындалған  тығынмен  ыдыстың  төменгі  тесігін 
жабады. Түтіктердің сыртқы ұштарын тесіктерімен жоғары 
бағыттайды.  Карындаш  өлшемімен  бірдей  ағаш  немесе 
металл 
тығынмен 
дөңгелетіп 
қосылыстың 
кейбір 
бөліктерін мұқият нығыздайды. Қосылысты мыс сымымен 
бекітеді. Түтіктің сыртқы тесіктерін  резеңкемен жабады.  

 
49 
2.Бірінші  нығыздайтын  бір  құралды  қолдану  арқылы 
құйғының ұшымен ыдысты, одан соң құйғының фигуралы 
бөлігін  ұшымен  қосады.  Құйғының  сұйық  ағатын 
шүмегінің өткізгіштігін тексереді. Шүмекті ашық жағдайда 
қалдырады. 
3.Газ  шүмегіне  арналған  шеңгел  арқылы  ыдысты  сумен 
толтырады. Мектеп практикасы жағдайында толтыру үшін 
артық ауаны аластау үшін бір тәулік бойы тұндырылған су 
құбырының  суын  қолданады  (6-6,5  л  су  қажет  болады). 
Практикумның 
игеру 
жұмыстары 
үшін, 
ондаған 
аспаптарды  бірдей  жинау  және  тексеру  үшін  газометрді 
тұндырылмаған  сумен  толтыруға  болады.  Бұл  үшін  су 
құбырының  резеңке  шлангасын  тубусқа  түсіріп  суды 
жібереді. Ыдыс толғаннан кейін ауа көпіршіктерін шығару 
үшін  аспапты  қисайтады  және  ашық  газ  шығатын  шүмегі 
бар  тығынды  орнатады,  бұдан  соң  оны  жауып  газометрді 
тігінен  тұрғызып  қояды.  Кейбір  нұсқауларда  газометрдегі 
құйғының ұшыннан жоғары деңгейдегі   ауаны шығаруды 
талап етеді. Мұның қажеті жоқ. 
4.Құйғыдағы шүмекті жабады. Төменгі тығындағы түтіктің 
астына  мысалы,  Кох  немесе  Петрий  тостағаны  сияқты 
кішкене  аласа  ыдыс  қояды.  Тамшуырдың  қалпағын  алып 
тастайды.  Егер  аспап  герметикалық  болса  және  барлық 
операциялар  дұрыс  жүргізілген  болса,  онда  азғана  су 
төгіледі.  Егер  олай  болмаса  герметикалықтың  жоқ  болу 
себебін  іздеу  керек    (шүмектердің  біреуі  ашық  немесе 
тығындар нығыз  жабылмаған,  беттері  қырналмаған  болуы 
мүмкін). 
5.Жіңішке түтікті газ көзімен қосады, ал жуан түтікті суды 
шығаратын шлангпен қосады. Үйренуге арналған жұмыста 
газометрді  Шинц  қол  үргісіндегі,  компрессордағы  немесе 
оттекті  көпшіктегі ауамен толтырады. Аспаптан жиналған 
газды  пайдалану  үшін  оны  құйғыш  шүмегі  арқылы 
құйылатын  сумен  ығыстырып  шығарады.  Газ  шығатын 

 
50 
шүмекті шайғыш Дрексель шынысауытымен резеңке түтік 
арқылы жалғаңдар. Шынысауыттағы судың биіктігі 5 см-ге 
жуық  болу  керек.  Шынысауыт  арқылы  газ  беру  үшін 
газометр  құйғысына  2  л  су  құйыңдар,  газ  шүмегін 
ашыңдар,  одан  соң  шынысауыттағы  су  арқылы 
жылдамдығы  секундына  2-6  көпіршік  шығатындай  етіп, 
құйғы  шүмегін  ашыңдар.  Егер  бірдей  көпіршіктердің 
шығуын жүзеге асыра алмасаңдар  
 
 
13-сурет.  Газометрге  газ  толтыру  және 
газометрден ыдысқа газ толтыру 
газометрдегі 
газ 
қысымын 
жоғарлатың
дар. 
Бұл 
үшін 
газ 
шүмегін 
жауып,  құй-
ғы  шүмегін 
қаттырақ 
ашыңдар.  
Газ  ағынын 
көпіршіктер-
ді  санау  жо-
лымен 
реттей 
білу, сутектен аммиак синтездеуде және ДХАЖ жиынтығын 
қолдану арқылы азот алуда қажет болады. Сутекті АКТ-500 
аппаратынан, ал азотты газометрден алады.  
6.Газометрді  аспиратор  түрінде  қолдануға  болады  (газды 
соруға  арналған  қондырғы).  Ол  үшін  газ  толтыруға 
дайындалған  газометрді  аламыз  (п.4).  Практикум 
жағдайында 
су 
құйылған 
шайғыш 
шынысауыт 
қолданылады,  оны  газ  шүмегімен  жалғау  керек.  Су 
шығатын  түтіктің  қалпағын  алып,  су  шығатын  шлангіні 
құбыр  тетігіне  кигізіп,  газ  шүмегін  ашқанда  су  ыдыстан 

 
51 
құбырға  төгіле  бастайды  да,  осының  салдарынан  онда 
сиреу  пайда  болып,  Дрексель  шыныауыты  арқылы  ауаны 
сору  жүреді.  Газометрмен  жұмыс  істеудің  басқа  да 
жағдайлары белгілі.   
 
1.3.2.6. Газды зерттеу үшін жинау тәсілдері 
Алынатын  газдарды  жинау  тәсілдері  олардың 
қасиетімен анықталады. Егер газдың аз мөлшері ғана керек 
болса,  онда  сынауыққа  жинауға  болады.  Егер  газды 
біршама уақыт сақтау керек болса, онда сынауықты жақсы 
таңдап  алынған  тығынмен  жабады.  Газ  тәрізді  заттармен 
жұмыс істегенде диаметрі 2, 3 және 4 мм болатын әртүрлі 
иілген  бірнеше  түтіктердің  жиынтығы  болуы  керек. 
Сонымен  бірге  каучук  түтіктермен  аспапқа  жалғастыруға 
болатын  қысқа,  әртүрлі  иілген  түтіктер  болғаны  жөн. 
Барлық түтіктердің ұштары балқытылған болуы керек.  
1.Газды ауаны ығыстырып шығару арқылы жинау. Газ 
алуға  арналған  құтыны  немесе  сынауықты  тұрғыға 
орнатады.  Газ  шығатын  түтіктің  ұшын  газқабылдағыш 
сынауықтың түбіне дейін түсіреді. Егер газдың тығыздығы 
шамамен  ауаның  тығыздығына  тең  немесе  одан  үлкен 
болса,  онда  тесігі  жоғары  қаратылып  тігінен  қойылған 
ашық  сынауыққа  жинайды.  ("Оттек"  тақырыбындағы 
суретті  қараңдар).  Егер  газ  ауадан  жеңіл  болса, 
газқабылдағыш  сынауықты  төмен  қаратып  ұстайды 
(немесе тұрғыға орнатады). 
2.Газды  су  үстінде  жинау.  Газды  су  үстінде  жинау  үшін 
астауша  қажет.  Мұндай  астауша  ретінде  кішкене  ғана 
кристалдандырғыш,  кәрлен  тостаған  немесе  ұқсас  басқа 
ыдыс  қолдануға  болады.  Газ  жинайтын  сынауықты  сумен 
толтырып, тесігін саусақпен жауып, түбін жоғары қаратып 
суы бар астаушаға салады. 
Судың  астында  сынауықты  ақырын  ашып,  оның 
ішіндегі  су  төгілмейтіндей  етіп  қояды.  Реакциялық 

 
52 
ыдыстан барлық ауа бөлінетін газбен ығыстырылғанда, газ 
шығатын  түтіктің  ұшын  суға  салып,  газқабылдағыш 
сынауықтың 
тесігінің 
астына 
әкеледі 
("Оттек" 
тақырыбындағы  суретті  қараңдар).  Сынауықты  газбен 
толтырып, оны судың астында саусақпен немесе тығынмен 
жауып, астаушадан шығарып алады.  
Егер газды қыздыру арқылы алатын болса, онда газ 
шығатын  түтіктің  ұшын  газқабылдағыш  толған  соң  дереу 
астаушадан  шығарады,  себебі  аспап  суығанда  оған  су 
тартылуы  мүмкін.  Егер  бөлінетін  газдың  түсі  мен  иісін 
немесе  оның  жануын  белгілеу  керек  болса,  онда  газды 
бөлек  ыдысқа  жинау  қажет  емес.  Газдың  түсі  сынауық 
шынысы  арқылы  көрінеді,  ал  иісін  қолды  жеңіл  желпу 
арқылы газ ағынын өздеріңе қарай бағыттап білуге болады 
(1-суретті қараңдар). 
Қажет 
болған 
жағдайда 
газды 
шайғыш 
шынысауыттағы  сумен  немесе  қандай  да  болмасын 
кептіргіш  толтырылған  сәйкес  келетін  ерітіндімен 
тазалайды  және  кептіреді.  Бұл  шынысауыттарды  газ 
алатын  аппарат  пен  газ  қабылдағыштың  арасына 
орналастырады. 
 
1.3.2.7. Дистилденген су 
Суды 
дистилдеу 
(айдау) 
арқылы 
диминерализациялау  су  буларының  қысымымен  онда 
еріген  тұздардың  айырымына  негізделген.  Өте  жоғары 
емес 
температурада 
тұздар 
ұшқыш 
емес 
және 
диминерализацияланған  су-судың  булануымен  және  оның 
буларының  әрі  қарай  конденсациялануымен  алынуы 
мүмкін  деп  есептеуге  болады.  Бұл  конденсатты 
дистилденген су деп атау қабылданған. 
Дистилденген суда тотықсызданатын заттар болмау 
керек.  Судың  тазалығын  өте  дәл  көрсететін  көрсеткіш-
оның 
электр 
өткізгіштігі. 
Әдебиеттерде 
берілген 

 
53 
мәліметтер  бойынша  18
0
С-да  өте  таза  судың  электр 
өткізгіштігі  4,4L10
-10
  см‡м
-1
  -  ге  тең.  Аз  мөлшерде 
дистилденген  су  қажет  болған  жағдайда  суды  айдауды 
қарапайым  қысымда  шыныдан  жасалған  қондырғыда 
жүзеге  асыруға  болады.  Көп  мөлшерде  дистилденген  су 
қажет  болған  жағдайда  электр  қыздырғышы  бар 
дистиляторлар  қолданылады.  Бір  рет  айдалған  су  әдетте 
CO
2
,  NH
3
  және  органикалық  заттармен  ластанған.  Егер 
өткізгіштігі  өте  төмен  су  қажет  болса,  онда  CO
2
  -  ні  (17( 
толық аластау керек. Өте дәлдікпен жүргізілетін жұмыстар 
үшін  екі  рет  айдалған  су  -  бидистилят  қолданылады. 
Дистилденген  суды  шыны  ыдыста  ұзақ  сақтау  оның 
шынының  шаймалау  өнімдерімен  ластануына  әкеледі. 
Сондықтан дистилденген суды ұзақ сақтауға болмайды. 
 
1.3.2.8. Лабораториялық ыдыстарды жуу және кептіру 
 
Ыдысты  жууға  кірісер  алдында,  оны  ластаған 
заттың  қасиетін,  әсіресе,  олардың  суда,  сілтілерде, 
қышқылдарда  ерігіштігін,  тотығуға  қабілеттілігін  ескеру 
керек.  Ыдысты  арнайы  щеткамен  жуған  жөн.  Мұнда 
ыдыстың қабырғасы мен түбін тесіп алмау керек. 
 
Ыдысты  жууға  сабынды  ерітінді,  жасанды  жуғыш 
заттардың ерітінділерін қолданады. Егер бұл жағдайда лас 
кетпесе  қышқыл,  сілті,  хром  қоспасы  ерітінділерін 
қолданады. Хром қоспасын дайындаудың бірнеше әдістері 
бар. 
а)  9,9  г  өте  ұсақталған    K
2
Cr
2
O
7
    араластырып  тұрып  100 
мл H
2
SO

- да ерітеді; 
б)
 
10 г 50% Na
2
Cr
2
O
7
  сулы ерітіндісін араластырып тұрып 
жаймен 100 мл   концентрлі H
2
SO
4
-ке қосады. 
 
Хром қоспасымен ыдысты жууды тартқыш шкафта 
көзілдірік,  резеңке  қолғап  киіп,  ал  халаттың  сыртынан  
алжапқыш тағып жүргізеді.  

 
54 
 
Шайырларды  кетіру  үшін  кейде  органикалық 
еріткіштер қолдануға тура келеді. 
 
Ыдыс  жуудың  соңғы  кезеңі  оны  сумен  шайқаудан 
тұрады. Мұнда су шыны бетінің барлық жеріне тиюі керек. 
Ыдысты 
кептіргіш 
тақтаның 
қабырғасына 
бекітілген  ағаш  қазықшаға  кигізіп  немесе  100-120
0
С 
кептіргіш шкафта, не болмаса кептіргіш үстелде кептіреді. 
 
1.3.2.9. Тығындар 
Тығындар  табиғи  (ағаштан  жасалған),  шыны, 
резеңке және пластмассалы болады. 
Табиғи  тығын  көптеген  органикалық  заттардың 
буларына  шымыр,  ыстыққа  төзімді,  химиялық  тұрақты 
болады. 
Бірақ 
ол 
галогендердің, 
күшті 
тотықтырғыштардың,  концентрлі  азот  және  күкірт 
қышқылдарының,  сонымен  бірге  сілтілердің  әсеріне 
тұрақтылығы төмен. 
Тығындарды  тесу  үшін  бір  ұшы  тұтқамен 
жабдықталған,  ал  екінші  ұшы  қайралған  металл 
түтіктерден  тұратын  қол  бұрғыларының  жиынтығы 
шығарылады.  Таңдап  алынған  бұрғының  диаметрі  керекті 
тесіктің диаметрінен сәл аздау болу керек. 
Бұрғыны  бір  бағытта  көп  күш  жібермей 
айналдырып,  тығынды  төменгі  жағынан  бастап  бұрғылау 
керек,  әйтпесе  тесік  көбінесе  ағаш  тығындарда  шет  жағы 
үзілген, тегіс болмайды. Бұрғылағанда тығын үстелге емес 
ағаш тақтайға тірелу керек.  
Жұмыс  процесінде  бұрғылар  әдетте,  өтпей  қалады. 
Бұрғыларды қайрау үшін арнайы пышақ қолданылады. 
Тесілген  тығындардың  химиялық  тұрақтылығын 
арттыру  үшін  оларға  парафин,  полиэтилен-парафин 
массасын парафин сіңдіреді (15(. 
Аспаптарды жинағанда түтік кигізілетін тығындағы 
тесікке глицерин жаққан дұрыс. 

 
55 
Резеңке  тығындар  оңай  өңделеді  және  ыдыс 
немесе  аспаптың  герметикалығын  жеткілікті  қамтамасыз 
етеді.  Бірақ  олар  бұзылып,  жарықтың,  хлорсутектің  және 
күшті  тотықтырғыштардың  (галогендер,  азот  оксидтері 
және  басқалары)  әсерінен  иілгіштігін  жоғалтады.  Одан 
басқа  да  олар  органикалық  еріткіштердің  буларының, 
әсіресе, ароматты көмірсутектердің әсерінен жеңіл іседі де 
айдау кезінде көбінесе органикалық заттардың ластануына 
себебін тигізеді.  
Резеңке  тығындарды  ағаш  тығын  сияқты  теседі, 
бірақ  бұрғыны  бір  бағытта  айналдырмау  керек.  Әрбір 
жарты  айналымнан  кейін  айналу  бағытын  өзгерту  қажет; 
мұнда  бұрғыны  шығарып  алып,  тесікке  глицерин  қосу 
керек.  Әйтпесе  тесік  тереңдеген  сайын  тарыла  береді. 
Резеңке тығындардағы тесіктерді тазалайтын арнайы пресс 
шығарылады.  Резеңке  тығындардың  нөмірлері  тығынмен 
герметикаланатын ыдыстың мойнына сәйкес келеді.   
Резеңке тығындар 5; 7,5; 10; 12,5; 14,5; 16; 19; 21,5; 
24; 29; 34,5; 40; 45; 50; 60; 85 нөмірлерімен шығарылады. 
Пластмасса  тығындар  көбінесе  полиэтиленнен 
тұрады,  тығындауға  ыңғайлы,  бірақ  оларды  аппаратураны 
монтаждағанда қолдануға болмайды. 
Полиэтилен  тығындар  70-80
0
С-ға  дейін  қыздыруға 
шыдайды, орташа концентрациядағы қышқылдар мен сілті 
ерітінділеріне  тұрақты,  бірақ  концентрлі  минералды 
қышқылдар,  күшті  тотықтырғыштар,  H
2
S  және  CCl
4
  
әсерінен бұзылады. 
 Полиэтилен  тығындар    диаметрлері  11,13,16,20 
және 23 мм түрінде шығарылады.  
 
1.3.2.10. Резенке және пластмассалы түтіктер мен 
оларға арналған қысқыштар 
Суды  және  газды  шығару  үшін,  лабораториялық 
аспаптар  мен  қондырғыларды  монтаждау,  оның  ішінде 

 
56 
төменгі  немесе  аз  ғана  артық  қысымда  жұмыс  істейтін 
аппаратураларда резеңке және пластмасса түтіктер кеңінен 
қолданылады.  
Резеңке  техникалық  түтіктер,  жұмсақ  және 
қаттылығы  орташа,  жіңішке  және  қалың  қабырғалы 
қышқыл-сілтіге  төзімді,  (20%  дейін,  азот  және  сірке 
қышқылдары  кірмейді),  жылуға  төзімді    (90
0
C-ға  дейін), 
аязға төзімді   (45
0
C-ға дейін) және май, бензинге төзімді 
болып жіктеледі. 
Қалыңдығы  тесіктің  диаметріне  тең  (немесе 
үлкендеу)    вакуумды  резеңке  түтіктерді  8-70
0
С 
температура  шегінде  1,3(10
-6
  Па  (10
-6
мм  сын.  бағ.)  дейін 
сиреуге  қолдануға  болады.  Жұқа  қабырғалы  түтіктерді 
вакуумда  жұмыс  істеуге  арналған  аппараттарды  жинауға 
қолдануға  болмайды,  себебі  олар  сирегенде  бір-біріне 
жабысып қалады.  
Резеңке  түтікті  кигізердің  алдында  оның  ішіне 
глицерин  жаққан  дұрыс.  Қатып  қалған  резеңке  түтіктерді 
қолдануға болмайды және оларды жұмсартуға тырысудың 
қажеті жоқ.  
Пластмасса  түтіктерді  көбінесе  пластифицирленген 
поливинилхлорид және полиэтиленнен дайындайды. 
Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін аспаптарға 
су  және  газ  келтіру  үшін  медициналық  поливинилхлорид 
ыңғайлы.  
Поливинилхлорид  шлангтер  резеңкеге  қарағанда 
өте 
созылмалы 
емес, 
бірақ 
озонға, 
хлорға, 
галогенсутектерге  және  басқа  да  агрессивті  заттарға 
тұрақты.  Шлангының  ұшын  аз  ғана  уақыт  қайнаған  суға 
салғанда  (поливинилхлоридтің  жұмсару  температурасы 
80
0
С)  созылмалылықтың  үлкейетіндігі  соншалықты,  көп 
күш  салмай-ақ  шланг  диаметріне  қарағанда  үлкен 
диаметрлі түтікке кигізіледі. 

 
57 
Шланг  арқылы  сұйықтық  немесе  газ  ағынын  сәл 
тоқтату  немесе  азайту  үшін  көбінесе  серіппелі  немесе 
бұрандалы металл қысқыштар қолданады. 
 
1.3.2.11. Талшықтас материалдар 
Талшықтас  материалдар  оттан  қорғайтын,  оттан 
сақтайтын  және  сүзетін  материал  ретінде,  сонымен  бірге 
қосылыстарды тығыздау үшін қолданылады. 
Жалпылама арналған тамшықтас картон және төсем 
500
0
С-ға дейін жылу изоляциясы үшін қолданылады. 
Талшықты  талшықтас  сүзетін  материал  ретінде 
қолданылады.  Талшықтас  сілтілерге  тұрақты,  ал  тұз 
қышқылымен өңдегенде қышқылдарға да тұрақты болады. 
Шыны  жіптердің  қоспасымен  жылу  өткізбейтін  және 
жоғары  термоизоляциялы  жалпылама  қолданалатын 
талшықтасты жіптер- 400 - 425
0
С - ға дейін жылуды ұстап 
тұруға  арналған  шыны  аспаптар  мен  аппараттардың 
құралдарын тығыздау үшін қолданылады.  
Талшықтасты  картон  мен  жіптерді  көлденең  бетке 
натрий  силикатының  ерітіндісімен,  ал  аспаптарға  жұмсақ 
мыс сымдарымен бекітеді. 
1.4. ТАРАЗЫ ЖӘНЕ ТАРАЗЫМЕН ӨЛШЕУ  
        
ғ 1 жұмыс. Таразы және таразымен өлшеу 
Химиялық  лабораторияда  ең  қажетті  негізгі 
құралдардың  бірі  таразы,  сондықтан  да  таразымен  өлшей 
білу  лабораторияда  жұмыс  істейтін  әр  адамның  міндеті. 
Химиялық  лабораторияда  әдетте  технохимиялық  және 
аналитикалық таразы қолданады. 
Технохимиялық таразы - 0,01 г дейінгі салмақтағы 
заттың  массасын  анықтайды.  Оларды  көбіне  анализге 
қолданады.  Бұл  таразыларда  0,0001-0,0002  г  -  ға  дейінгі 
қателікпен  өлшеуге  болады.  (Студенттер  аналитикалық 
таразымен жұмыс істеумен аналитикалық химия курсында 

 
58 
танысады).  Әр  таразының  типіне  тән  гірлері  болады. 
Технохимиялық  немесе  аналитикалық  таразыға  арналған 
арнайы  қорапқа  салынған  гірлер  жиынтығын  салмағы 
әртүрлі  гірлер  деп  атайды.  Технохимиялық  немесе 
аналитикалық таразылар бір және екі тостағанды болады. 
Технохимиялық  екі  тостағанды  таразынының 
тағанын  үстел  бетіне  көлденең  орналастыру  керек.  Керек 
жағдайда 
таразының 
бұрандасын 
бұрау 
арқылы 
тостағаншасын тепе-теңдік күйге келтіруге болады. 
Технохимиялық  таразының  жұмыс  істемей  тұрған 
жағдайында  оның  тостағандарын  ұстап  тұратын  арретир 
деген  құрылғысы  бар,  оны  бұрағанда  таразының 
призмасының  жүктемесі  босайды.  Таразыны  жұмыс 
істейтін  күйге  келтіру  үшін  арретирін  түсіру  қажет.  Бұл 
үшін  айналдырғанда  арретир  төмен  түсіп  таразының 
тостағандары  күйентенің  призмасына  тірелетін  үзеңгіге 
ілінетін  маховик болады.  
Өлшеуге  кірісер  алдында  таразының  дұрыс  жұмыс 
істеп тұрғанына және оның дұрыс көрсетіп тұрғанына көз 
жеткізу  керек.  Ол  үшін  арретирді  төмен  түсіріп,  таразы 
тілінің  оң  және  сол  жаққа  қарай  тербеліп,  істеп  тұрғанын 
байқау керек. Таразы дұрыс істеп тұрған уақытта оның тілі 
оң  және  сол  жаққа  шкаланың  ортаңғы  бөлігінен  бірдей 
қашықтықта  тербеліп  тұрады.  Бұл  таразы  тостағанының 
тепе-теңдік  күйде  екенін  көрсетеді.  Егер  бір  жаққа  қарай 
ауытқу  көбірек  болса,  онда  таразыны  тепе-теңдік  күйге 
келтіру  керек.  Тепе-теңдік  жағдайға  келген  соң  өлшеуге 
кірісуге болады. Өлшейтін затты сол жақ тостағанға, ал оң 
жағына  шымшуырмен  гірлерді  ретімен  ең  үлкендерінен 
бастап қоямыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет