Бейорганикалық


  Марганец  диоксидінің  және  натрий  хлоридінің



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


 
4.  Марганец  диоксидінің  және  натрий  хлоридінің 
күкірт қышқылымен әрекеттесуі. 
Сынауыққа  марганец  диоксиді  мен  натрий  хлоридінің 
аздаған  қоспасын  салып,  тамшуырмен  бірнеше  тамшы 
концентрлі  күкірт  қышқылын  қосыңдар.  Қоспаны  жаймен 
қыздырып,  не  байқалатынын  қараңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
Хлорды 
алудың 
барлық 
жоғарыда 
көрсетілген 
әдістердегі  жалпы  ұқсастықтарын  көрсетіңдер.  Осындай 
жолмен  бром,  йод  алуға  бола  ма?  Егер  болса,  реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
  
Бос хлордың қасиеттерін зерттеу. 
 
5. 
Хлордың 
металдар 
және 
бейметалдармен 
әрекеттесуі. 
а) 40-суреттегідей құрылғы жинап, реакцияны жүргізіп,  
 
 
бөлінген  хлорды  бірнеше  ыдысқа 
толтырып  алыңдар.  Ақ  қағазға 
кішкене  сүрме  ұнтағын  алып,  хлоры 
бар 
шыны 
ыдыстың 
біреуіне 
солыңдар.  Не  байқалды?  Реакция 
теңдеуін 
жазыңдар. 
б) 
Қызыл 
фосфордың 
аздаған 
мөлшерін 
қасыққа  салып,  жағып,  хлоры  бар 
ыдысқа  салыңдар.  Не  байқалады? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Фосфордың 
(сүрменің) 
жануы 
кезінде 
40-сурет. 
Хлор 
алуға 
арналған 
қандай  жағдайда  үшхлорлы  және 
бесхлорлы  фосфор  (сүрме)  түзілуі 

 
173 
құрылғы 
мүмкін. 
Үш  және  бес  валентті  фосфордың  хлоридтерін  қалай 
ажыратуға  болады?  Бұл  қосылыстардың  гидролизі  қалай 
жүреді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
в)  Қысқышпен  мыс  фольгасының  жолағын  немесе  мыс 
сымының  бір  уысын  алып  от  жалынында  қыздырып,  тез 
хлоры  бар  ыдысқа  салыңдар.  Не  байқалады?  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
 
6. Хлордың органикалық заттармен  әрекеттесуі. 
а)  Сүзгі  қағазының  жолағын  алып,  оны  жаңа  айдалған 
скипидардың  бірнеше  тамшысымен  ылғалдап  және 
қысқыш  көмегімен  хлоры  бар  ыдысқа  салыңдар.  Не 
байқалды? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)  Жағу  үшін  балауызды  қасыққа  бекітіп,  оны 
жандырып,  хлоры  бар  ыдысқа  салыңдар.  Не  байқалды? 
Реакция  аяқталуға  қалғанда  ылғал  көк  лакмус  қағазын 
ыдысқа  салыңдар.  Реакция  нәтижесінде  қандай  өнімдер 
түзіледі? 
 
 
 ғ 38 жұмыс. Бром алу және оның қасиетін зерттеу 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулық үшін қауіпті. 
 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
мен 
реактивтер: 
Сынауықтар,  реторта,  салқындатқыш  қоспа,  қалақша, 
натрий бромиді,   хлор газы, алюминий, магний үгінділері, 
мырыш ұнтағы. 
 
1. Бром алу және оның қасиетін зерттеу. 
 
Сынауыққа  10-12  мл  концентрлі  натрий  бромидін 
құйып,  ерітіндінің  түсінің  өзгеруі  тоқтағанға  дейін  оған 

 
174 
хлор жіберіңдер. Сынауық ішіндегі затты шағын ретортаға 
құйып,  қармен  салқындатылатын  таза  шағын  құтыға 
бромды  айдаңдар.  Құтыда  бром  ауыр  қара  майлы  тамшы 
түрінде  конденсацияланады.  Бромнан  суды  төгіп  тастап, 
пышақтың  ұшымен  құтыға  алюминийдің  ұнтағын  немесе 
майда үгіндісін абайлап салыңдар. Алюминийдің броммен 
әрекеттесуін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
2. Бром қасиеттерін зерттеу. 
Бром  суы  бар  сынауыққа  магний,  мырыш,  немесе 
алюминий  ұнтағын  салып  сілкілеңдер.  Ерітіндінің 
түссіздену  себебін  түсіндіріп,  сәйкес  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар. 
 
ғ 39 жұмыс. Йод алу және оның қасиеттерін зерттеу 
 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
және 
реактивтер: 
отбақыраш,  кәрлен  үшбұрыш,  суытуға  арналған  суы  бар 
құты,  тұрғы,  электр  плитасы,  йод  кристалдары,  шыны 
таяқша,  сынауықтар,  калий  иодиді,  марганец  диоксиді, 
этанол,  бензол,  крахмал  ерітіндісі,  алюминий,  мырыш, 
күкірт қышқылы (конц.). 
1. Йодтың алынуы 
0,5  г  калий  йодиді  мен  марганец  диоксидін  өлшеп, 
отбақырашқа  салып,  шыны  таяқшамен  араластырыңдар. 
Қоспасы бар отбақырашты кәрлен үшбұрышына қойып, 3-
4  тамшы  концентрлі  күкірт  қышқылын  тамызып,  суық  су 
толтырылған кішкентай құтымен отбақырашты жабыңдар. 
Құтыны  тұрғы  бекіткішіне  бекітіңдер  де,  бірнеше  минут 
бойы  отбақырашты  жаймен  қыздырыңдар.  Сонда  не 
байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
2. Йодтың қасиеттерін зерттеу. 
а)  Құрғақ  сынауыққа  1-2  йод  кристалын  салып,  оны 
жайлап  қыздырыңдар.  Йод  буының  түсіне  көңіл 

 
175 
аударыңдар,  оған  суық  таяқша  салып  көріп,  ондағы  йод 
кристалдарын  байқаңдар;  сынауық  қабырғасындағы  ұсақ 
кристалдарға көңіл аударыңдар. 
б) Йоды бар сынауық суығанда, оған кішкене су құйып, 
араластырыңдар. Йод суда жақсы ери ме? 
в)  Ерімеген  йоды  бар  сол  сынауыққа  калий  йодидінің 
ұсақ  кристалдарын  немесе  ерітіндісін  қосып,  сілкілеңдер. 
Калий  йодидінің  қатысында  йодтың  еру  себебін 
түсіндіріңдер. 
г) Басқа сынауықта кішкене йод кристалына аздап спирт 
құйып, 
араластырыңдар. 
Ерітіндінің 
түсіне 
көңіл 
аударыңдар. 
д)  Ерімеген  йодтан  түзілген  қоңыр  тұндырманы  құйып 
алып,  аздап  бензол  қосып,  сынауықты сілкіңдер.  Әр  түрлі 
еріткіштерде йодтың ерігіштігі қандай?  
е)  Сынауыққа  2-3  тамшы  йод  суын  құйып,  оны  сумен 
сұйылтып,  1-2  тамшы  крахмал  ерітіндісін  тамызып, 
араластырыңдар. Егер түсі өте қою болып кетсе, онда тағы 
сумен  сұйылту  керек.  Бос  йод  крахмалмен  осылайша 
анықталады. 
3.  Йодтың  металдармен  әрекеттесуі  (тәжірибені 
мұғалім көрсетеді). 
Берілген  тәжірибеде  өршіткі  ролін  атқаратын  судың 
қатысында 
йодтың 
алюминий 
немесе 
мырышпен 
әрекеттесуін байқайсыңдар. 
 
ғ 40 жұмыс. Галогендердің белсенділігін  салыстыру 
(бір галогеннің екіншісімен ығыстырылуы) 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті. 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 
натрий немесе калий бромиді, хлор суы, бензол, бром суы. 
 

 
176 
1.  Калий  немесе  натрий  бромидінің  түссіз  ерітіндісіне 
кішкене  хлор  суын  құясыңдар.  Сары  түс  ‡  бос  бромның 
түзілгендігінің  белгісі.  (Химиялық  реакция  теңдеуін 
жазыңдар). Көз  жеткізу  үшін  сол сынауыққа  аздап  бензол 
құйып,  бос  ерітіндіден  бромды  экстракциялау  қажет. 
Сілкілеп,  жоғарыда  түзілетін  бензол  сақинасының  түсін 
байқаңдар.  Сумен  салыстырғанда  бромның  бензолда 
жақсы  ерігіштігі  немен  түсіндіріледі?  Бромид  ион 
осылайша анықталады. 
 
2.  Тура  осылай  калий  иодидінің  ерітіндісімен  де 
жасаңдар. (Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар). Йодид 
ионы осылайша анықталады. 
 
3.  Осылайша  калий  йодидінің  ерітіндісімен  жасаңдар, 
бірақ хлор суының орнына бром суын алыңдар. Химиялық 
реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Берілген  тәжірибе  негізінде 
галогендерді 
белсенділігінің 
төмендеу 
ретімен 
орналастырыңдар. 
 
 
ғ 41 жұмыс. Галогендердің сумен әрекеттесуі 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті. 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
және 
реактивтер: 
сынауықтар,  хлор  ағыны,  бром  суы,  йодтың  ұсақ 
кристалдары,  бензол,  индиго  ерітіндісі,  сілті  ерітіндісі, 
күкірт қышқылы (сұйыт.), крахмал. 
 
1. Хлор суын алу және оның қасиеттері. 
Дистилденген суы (6-8 мл) бар сынауыққа хлор ағынын 
жіберіңдер.  Алынған  ерітіндінің  түсі  мен  иісіне  көңіл 
аударып,  реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Хлор  суында  еріген 

 
177 
хлор  және  су,  HCl,  HClО  болатынын  қалай  дәлелдеуге 
болады? 
Алынған хлор суын екіге бөліңдер де, оның біреуіне 0,2-
0,3 мл бензол құйып, тығындап, қатты сілкілеңдер. Бензол 
бетіне қалқып шыққанда, оның түсіне назар аударыңдар. 
Хлор  суының  әсерін  индиго  ерітіндісі  мен  боялған 
матаға  сынаңдар.  Қандай  зат  ағартқыш  әсер  көрсетеді? 
Сынауыққа  хлор  суының  екінші  бөлігін  құйып,  сілті 
ерітіндісін  тамшылатып  қосыңдар.  Алынған  ерітіндіні 
иіскеп  көріңдер.  Сілті  қосқан  кезде  хлор  суында  қандай 
процестер  жүреді?  Хлор  мен  су  арасындағы  реакцияның 
тепе-теңдігіне сілті қандай әсер етеді? Сынауыққа қышқыл 
реакцияға  дейін  сұйытылған  күкірт  қышқылын  қосып, 
қайта иіскеп көріңдер. Жүретін процестерді түсіндіріңдер. 
 
2. Бром суының алынуы. 
Жоғарыдағы  әдіспен  алынған бромды  суда еріту  керек. 
Алынған  ерітіндінің  (абайлап!)  түсі  мен  иісіне  көңіл 
аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 1 мл бром суына 
4-5  тамшы  бензол  қосыңдар.  Сынауық  ішіндегіні 
сілкіңдер. Бензол сақинасының боялған түсін байқаңдар. 
 
3. Йодид суының алынуы. 
Суда йодтың ұсақ кристалдарын ерітіңдер. Алынған йод 
суының  бірнеше  тамшысын  сумен  сұйылтып  және  2-3 
тамшы  крахмал  ерітіндісін  қосыңдар.  Сәйкес  көк  түске 
боялуын  түсіндіріңдер.  1-2  мл  йод  суына  бірнеше  тамшы 
бензол  қосыңдар.  Йодтың  бензолдағы  боялу  түсін 
байқаңдар.  Бром  суы  мен  йод  суының  құрамы  қандай? 
Онда  қандай  молекулалар  мен  иондар  бар?  Хлор,  бром 
және  йодтың  сумен  әрекеттесуін  салыстырыңдар.  Кестені 
толтырыңдар. 
 
Қосылыс 
Түсі 
Иісі 

 
178 
 
суда 
бензолда 
 
хлор суы 
 
 
 
бром суы 
 
 
 
йод суы 
 
 
 
 
 ғ 42 жұмыс. Галогендердің сілтілермен әрекеттесуі. 
Гипохлориттер және олардың қасиеттері 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті. 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  газ  тәрізді 
хлор,  10%  КОН,  мұз,  салқындатқыш  қоспа,  индиго 
ерітіндісі, сөндірілген әк, бром суы, йод суы, боялған мата, 
кішкентай  стақан,  ағартқыш  әктің  қаныққан  ерітіндісі 
(кальций  гипохлориті  СаОCl
2
  мен  кальций  хлоридінің 
СаCl

қоспасы),  күкірт  қышқылы  (1  н,  конц.),  калий 
хлоратының (КClО
3
) кристалдары, 50% КОН ерітіндісі. 
 
1.  Суықтай  сілті  ерітіндісі  мен  хлордың  әрекеттесуі. 
"Жавель суының" алынуы. 
Мұзбен  араластырылған  және  салқындатқыш  қоспасы 
бар  стақанға  салынып  салқындатылған  5-7  мл  10% 
күйдіргіш  калий  ерітіндісі  арқылы  сутек  хлоридінен 
мұқият  тазартылған  хлор  ағынын  өткізіңдер  Қоспа 
температурасының 
‡ 
10
0
С-тан 
асып 
кетпеуін 
қадағалаңдар.  Реакцияның  аяқталғанын  қалай  дәлелдеуге 
болады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Алынған  ерітіндінің  индиго  мен  боялған  матаға  әсерін 
тексеріңдер.  Калий  гипохлоритінің  ерітіндісі  тұрақты  ма? 
Көмір  қышқылы  хлорлылау  қышқылын  оның  тұздарының 
ерітіндісінен  ығыстырып  шығара  ала  ма?  Көмір  және 
хлорлылау 
қышқылдарының 
диссоциациялану 
константаларының  өлшемдерін салыстырыңдар. 
 

 
179 
2. Ағартқыш әктің алынуы және қасиеттері. 
2  г  таза  сөндірілген  әкке  (Са(ОН)
2
)  10-15  мл  су  қосып, 
жақсылап  араластырыңдар.  Суық  сумен  салқындату  үшін 
кішкене    стақанға  алынған  қоспаны  салып,  10-20  минут 
ішінде  сутек  хлоридінен  тазартылған  хлор  ағынын 
жіберіңдер. 
Ағартқыш  әкті  алу кезінде  неліктен  салқындату  қажет? 
Егер  бөлініп  жатқан  жылуды  шығармаса,  ерітіндіде  не 
түзіледі? Са(ОН)
2
 ерітіндісіне хлор жібергенде қай реакция 
есебінен жылу бөлінеді? 
Ағартқыш  әктің  қаныққан  ерітіндісін  дайындау  керек. 
Ол  үшін  алынған  препараттың  бір  бөлігін  10  мл  сумен 
шайып,  сүзіңдер.  Алынған  ерітіндінің  бір  бөлігін  алып, 
оның  әсерін  индиго  мен  боялған  матаға  тексеріңдер. 
Қандай  заттың  есебінен  ағартқыш  әк  ерітіндісі  ағартқыш 
қасиет көрсетеді. 
Ағартқыш  әктің  алынған  ерітіндісінің  бөлігіне қышқыл 
реакцияға  дейін  1  н  күкірт  қышқылын  құйып,  иісі 
бойынша  (абайлап!)  не  түзілгенін  анықтаңдар.  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
 
3. Бром және йодтың сілті ерітіндісімен әрекеттесуі 
а) Бром суына аздап сілті ерітіндісін қосыңдар. Неліктен 
бромның бояуы мен иісі жойылып кетеді? 
б) Осындай тәжірибені йод суымен жүргізіңдер. Сәйкес 
реакция теңдеулерін жазыңдар. 
 
4.  Қыздырғанда  хлордың  сілтілермен  әрекеттесуі. 
Хлораттар және олардың қасиеттері. 
а)  Стақанға  5  мл  КОН  қаныққан  ерітіндісін  (50%) 
құйып,  оны  қыздырып,  хлор  ағынын  (HCl-дан  мұқият 
тазартылған)  жіберіңдер.  Бұл  тәжірибені  жасағанда  өте 
абай 
болыңдар!!! 
Калий 
хлоратының 
түзілген 
кристалдарымен  хлор  өтетін  түтіктің  бітеліп  қалмауына 

 
180 
және  түтікке  ерітіндінің  сорылуына,  онда  тұздардың 
кристалдануына  жол  бермеу  керек.  Реакция  аяқталғанын 
қалай  көруге  болады?  Бөлінген  кристалдарды  Шотта 
құйғысымен  сүзіп  алып,  салқын  судың  аз  мөлшерімен 
жуыңдар.  Алынған  тұзды  келесі  тәжірибелер  үшін  сақтап 
қойыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б) Алдыңғы тәжірибеде алынған калий хлоратын кәрлен 
ыдыста 
концентрлі 
тұз 
қышқылының 
бірнеше 
тамшысымен  ылғалдаңдар.  Не  бөлінеді? Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
в) 
Осындай 
тәжірибені 
концентрлі 
H
2
SO
4
-мен 
жүргізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
г) Құрғақ КClО
3
 алып, қыздырыңдар. Ыдырау өнімдерін 
байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
д) КClО
3
 аз мөлшерімен (0,3 г) қант ұұнтағының бірдей 
мөлшерін  араластырыңдар  да  (ысқыламау  керек!), 
тартқыш  шкаф  астында  темір  пластинкаға  қойыңдар.  1-2 
тамшы  концентрлі  H
2
SO
4
 
тамызыңдар.  Байқалған 
құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар. 
е)  MnO
2
  қатысында  және  MnO
2
-сіз  КСІО
3
  ыдырау 
реакциясының теңдеуін жазыңдар. 
 
  
ғ 43 жұмыс. Галоген аниондардың реакциясы 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті. 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  күміс 
нитратының  ерітіндісі,  натрий  хлориді,  натрий  бромиді 
мен калий йодиді. 
 
Қағазға  үш  бөлек  үш  тамшы  күміс  нитратын 
тамызыңдар  да,  оның  біреуіне  натрий  хлоридінің, 
екіншісіне  ‡  натрий  бромидінің,  үшіншісіне-калий 
йодидінің  ерітіндісін  қосыңдар.  Иондық  теңдеулерін 

 
181 
жазып,  тұнбаның  боялуын  және  сипаттамасын  белгілеп 
алыңдар. 
 
ғ 44 жұмыс. Күміс галоидты тұздарының жарық 
өткізгіштігі 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті. 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  сынауық, 
күміс нитраты, сүзгі, картон қағазы, NaOH ерітіндісі. 
Сынауықта  күміс  хлоридінің  тұнбасын  дайындап,  оны 
сүзіп,  сумен  жуыңдар  да,    құйғыдан  шығарып,  картонға 
жайыңдар.  Тұнбаның  жартысын  картонмен  (қағазбен) 
жауып,  жарыққа  қойыңдар.  Біраз  уақыттан  кейін  не 
болғанын  қараңдар.  Күміс  хлориді  ненің  әсерінен 
ыдырайды? 
Жарық әсерінен жүретін реакциялар фотохимиялық деп 
аталады және фотопроцестерде қолданылады. 
 
ғ 45 жұмыс. Галогендердің тотықтырғыш қасиеттері 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті. 
Қажетті  құрал-жабдықтар  және  реактивтер:  сутек 
пероксиді,  бром  суы,  бензол,  крахмал  ерітіндісі,  натрий 
тиосульфатының  ерітіндісі,  калий  йодиді,  йод  суы, 
хлороформ,  төртхлорлы  көміртек,  бромдылауқышқылды 
калий. 
 
1.  1-2  мл  хлор  суына  сутек  пероксидінің  аз    мөлшерін 
қосып,  газдың  бөлінгенін  байқаңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
 
2. KІ  ерітіндісінің бірнеше  тамшысына  бром суын,  бензол 
қосып, 
сілкілеңдер. 
Бензол 
сақинасының 
түсін 
түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 

 
182 
 
3.  Йод  суының  бірнеше  тамшысына  крахмал  ерітіндісінің 
бірнеше  тамшысын  қосып,  сынауық  ішіндегіні  сілкілеп, 
крахмалдың  көк  түсі  кеткенше  натрий  тиосульфатының 
(Na
2
S
2
O
3
)  ерітіндісін  қосыңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
 
4. Екі сынауыққа 1 мл бром, йод суын құйып, органикалық 
еріткіштің  (хлороформ,  CCl
4
,  бензол)  бірнеше  тамшысын 
қосып,  жақсылап  сілкілеңдер.  Екі  сынауыққа  хлор  суын 
тамшылатып қосып, тез араластырып органикалық еріткіш 
қабатының  түсінің өзгеруін  бақылаңдар. Реакция теңдеуін 
жазыңдар. 
 
5.  Сынауыққа  калий  бромиді  мен  йодидінің  ерітіндісін 
және  3-5  тамшы  органикалық  еріткішті  тамшылатып 
қосыңдар. Оған хлор суын қосып, жақсылап араластырып, 
еріткіштің  түсінің  өзгеруін  бақылаңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
 
6.  2-3  тамшы  бромдылау  қышқылды  калийдің  қаныққан 
ерітіндісін  1-2  тамшы  сұйытылған  күкірт  қышқылымен 
араластырып, 
бромдылау 
қышқылының 
ерітіндісін 
дайындаңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Ерітіндіге 
йодтың  ұсақ  кристалдарын  салып,  сынауық  ішіндегіні 
араластырып,  ерітіндіні  бірнеше  рет  жуып,  оған 
органикалық  еріткіштің  бірнеше  тамшысын  қосыңдар.  Не 
байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Галогендерді 
галоидты сутектерден және олардың тұздарынан, сонымен 
қатар  олардың  оттекті  қосылыстарынан  бірін-бірі 
ығыстыру 
қабілетіне 
байланысты 
қатарға 
орналастырыңдар. 
Галогендердің 
электронға 
ынтықтылығы тұрғысынан осы қасиетін түсіндіріңдер. 
 

 
183 
Галогенсутек қышқылдарын алу және олардың 
қасиеттерін зерттеу. 
ғ 46 жұмыс. Сутек хлоридін алу 
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті( 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  сақинасы 
бар  тұрғы,  U-тәрізді  түтік,  сусыз  кальций  хлориді,  жазық 
түпті  құты,  ұшы  ұзын  құйғы,  тығыны  бар  50  мл  арналған 
қабырғасы  қалың  құрғақ  шынысауыт,  капилляры  бар 
тығын,  кристаллизатор,  натрий  хлориді,  күкірт  қышқылы 
(70%). 
41 
суретте 
көрсетілгендей 
құрылғы 
жинаңдар. 
Реакциялық  құтыға  5-6  г  натрий  хлоридін  салып,  70% 
күкірт  қышқылын  құйыңдар.  U-тәрізді  түтікте  сусыз 
кальций хлоридін  
 
 
салыңдар.  Көлемі  25-50 
мл  қабырғасы  қалың 
құрғақ 
шынысауытты 
бөлініп 
жатқан 
хлорсутекпен 
толтыр-
ыңдар. Оның газға толға-
нын  қалай  анықтауға 
болады?  Шынысауытты 
ұшы  ішіне  қаратылған 
капилляры 
бар 
тығынмен 
жабыңдар. 
Газы бар  
   
41-сурет. 
Хлорсутек 
алуға 
арналған құрылғы 
шынысауытты 
түбін 
жоғары  қарата  аударып, 
оның  аузын  суы  бар 
астауға батырыңдар.  
Осы құбылыстарды түсіндіріңдер. Хлорлы сутектің судағы 
ерігіштігі  қандай?  HBr  және  HІ  қалай  алынады?  Сәйкес 
реакция теңдеулерін жазыңдар. 

 
184 
 
 ғ 47 жұмыс. Бромды сутектің алынуы және 
қасиеттері 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  және  реактивтер:  калий 
бромиді,  күкірт  қышқылы  (конц.),  қызыл  фосфор, 
тамшылатқыш  құйғы,  бром,  U-тәрізді  түтік,  шыны  мақта, 
сынауық,  мұзы  бар  стақан,  газтәрізді  түтік,  электр 
плитасы,  магний  ұнтағы,  мырыш  ұнтағы,  кальций 
карбонаты, күміс нитратының ерітіндісі. 
а) Құрғақ сынауыққа 0,5 г калий бромидін салып, аздап 
70%  күкірт  қышқылын  құйып,  абайлап  қыздырыңдар.  Не 
байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Осы  әдіспен 
алынған сутек бромиді немен ластануы мүмкін? 
б)  Құрылғыны  жинаңдар  (42  -  сурет).  Бірінші 
сынауыққа 2 тамшы сумен ылғалданған 1 г қызыл фосфор 
салыңдар.  Тамшылатқыш  құйғыға  (2)  3-5  мл  бром 
құйыңдар.  U-тәрізді  түтіктің  төменгі  бөлігіне  (3)  қызыл 
фосформен 
араластырылған 
шыны 
мақтаны 
орналастырыңдар  (не  үшін?).  Қабылдағыш  ретіндегі 
сынауыққа  (4)  3  мл  су  құйып,  оны  мұзы  бар  стақанға 
батырыңдар.  Газшығаратын  түтік  қабылдағыштың  суына 
батырылмау керек (неліктен?), бірақ 
 
оның 
саңылауы 
судың 
бетіне  өте  жақын  болу 
керек.  Бром  әрекеттесіп 
үлгеру 
үшін 
бақылай 
отырып,  бромды  фосфорға 
жаймен 
тамшылатып 
құйыңдар. Бром мен фосфор 
арасындағы 
реакция 
аяқталғанда  сынауықты  3-5 
минуттай  
42-сурет.  Бромсутек  алуға  қыздырып,  қабылдағышты 

 
185 
арналған құрылғы  
шығарыңдар  да,  алынған 
қышқылдың металл (магний 
және  мырыш)  мен  кальций  карбонатына  әсерін  сынаңдар. 
1  мл  HBr  ерітіндісіне  1-2  тамшы  күміс  нитратының 
ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Бұл тәжірибеде өтетін 
барлық процестер үшін реакция теңдеулерін жазыңдар. 
 
 ғ 48 жұмыс. Сутек фторидінің алынуы және 
қасиеттері 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: дала шпаты, 
гипс,  күкірт  қышқылы  (конц.),  мыс  немесе  қорғасынды 
сынауық,  мыс  немесе  қорғасынды  газшығаратын  түтікпен 
жабдықталған 
резеңке 
тығын, 
кальций 
фториді, 
талшықтасты қағаз, электр плитасы, кальций хлориді. 
 
Балқытқыш  қышқылмен  (HF  ерітіндісі)  және 
газтәрізді  сутек  фторидімен  жасалынатын  барлық 
жұмыстарды  тартқыш  шкафта  жүргізу  керек.  Фторсутек 
қышқылын  қолданғанда  резеңке  қолғап  киіп  жұмыс 
істеңдер.  Фторсутек  қышқылының  тамшысы  теріге 
тимеуін  бақылау  қажет.  Зақымданған  жерді  сумен  мұқият 
жуып, танниннің спиртті ерітіндісімен шайыңдар. 
Қорғасын  немесе  мыстан  жасалған  сынауыққа  5  г 
дала  шпатын  және  1  г  гипс  салыңдар.  Қоспаға  5  мл 
концентрлі  күкірт  қышқылын  (96%)  қосып,  қорғасынды 
немесе  мысты  газшығаратын  түтікпен  жабдықталған 
резеңке  тығынмен  нығыздап    жабыңдар.  10  мл  суы  бар 
қорғасынды, мысты немесе парафинделген шыны стақанға 
батырылған  түтіктің  ұшы  судың  бетіне  аздап  қана  тиіп 
тұруы керек (неліктен?). 
Стақан  мен  қорғасын  сынауықтың  арасына  талшықтас 
қағазын қояды. Реакцияны жылдамдату үшін қорғасыннан 
жасалған  сынауықты  ыстық  суы  бар  стақанға  батырады. 

 
186 
Неліктен  сынауықты  жанарғы  жалынымен  қыздыруға 
болмайды?  Алынған  балқытқыш  қышқылының  ерітіндісін 
лакмуспен  сынап,  балқытқыш  қышқылдың  мырышқа 
әсерін зерттеу қажет. 
1  мл  фторсутек  қышқылының  ерітіндісіне  кальций 
хлоридінің  ерітіндісін  құйыңдар.  Не  байқалды?  Жүргізген 
реакция теңдеулерін жазыңдар. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет