Бейорганикалық


  Алмасу  реакциясы  арқылы  сульфидтер  алу



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


3.  Алмасу  реакциясы  арқылы  сульфидтер  алу. 
Аммоний  сульфидімен  тұндыру  (тартқыш  шкафта 
жасалатын жұмыс). 
Сынауықтарға 1-2 мл темір (ІІ), мырыш, кадмий, қорғасын 
(ІІ),  сүрме  (ІІ),  мыс  (ІІ)  тұздарының  ерітінділерін 
құйыңдар.  Әрбір  сынауыққа  1-2  мл  аммоний  сульфидін 
қосып,  алынған  тұнбалардың  түсін  байқаңдар.  Реакция 
теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
 
Алынған  тұнбаларға  сұйытылған  тұз  қышқылын 
қосыңдар. 
Реакция 
теңдеуін 
жазыңдар. 
Әртүрлі 
сульфидтердің  минералды  қышқылдардың  сұйытылған 
ерітінділеріне қатынасы қандай? 
 
4.  Күкіртсутекпен  тұнбаға  түсіру.  Сынауықтарға 
тұздардың  ерітінділерін  (3  пунктті  қараңдар)  құйып, 
әрқайсысына  күкіртсутек  қышқылын  қосыңдар.  Неліктен 
барлық  ерітіндіде  тұнба  түзілмейтінін  түсіндіріңдер. 
Ерігіштігі бойынша сульфидтер қалай жіктеледі? 
 
ғ 54 жұмыс. Күкірт (ІV) оксиді және оның қасиеттері 
 
Қажетті 
құрал-жабдықтар 
мен 
реактивтер: 
технохимиялық таразы, сынауықтар, натрий  сульфиді, құм 
жылытқысы, кәрлен стақан, кәрлен тостаған, газ шығатын 
түтігі  бар  айдауға  арналған  құты,  концентрлі  күкірт 
қышқылы  бар  шаюға  арналған  шынысауыт,  мұз,  газ 
шығатын  екі  түтігі  бар  сынауықтар,  шырпы,  мыс 
үгінділері,  70%  H
2
SO
4
,  натрий  хлориді  (қатты),  хлор  суы, 
бром  суы,  калий  перманганаты,  дихроматы  және 
күкіртсутек ерітінділері. 
 

 
201 
1.  Күкірт  (ІV)  оксидін  алу  (тартқыш  шкафта   
жасалатын жұмыс). 
Сынауыққа натрий сульфитінің бірнеше кристалын салып, 
оған  2-3  тамшы 70% күкірт  қышқылын  қосыңдар.  Бөлініп 
жатқан  газды  абайлап  иіскеңдер  де,  реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
2.  Күкірт  (ІV)  оксидінің  қасиеттері.  (Топ  болып 
тартқыш шкафта   жасалатын жұмыс!). 
1.  49-суреттегідей  құрылғы  жинаңдар.  Шаюға  арналған 
шынысауытқа (2) концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. 
Кәрлен  стақанды  (3)  ас  тұзымен  араластырылған  мұзбен 
толтырып, ортасына құрғақ сынауықты орнатыңдар.  
2.  Сынауықты  жауып,  шаюға  арналған  шынысауытпен 
жалғаңдар  (сурет  бойынша).  2.  5  г  мыс  ұнтағын  өлшеп 
алып,  оны  айдауға  арналған  құтыға  (1)  салыңдар  да, 
ұнтақты жауып 
 
тҒратындай  мҰлшерде  кон-
центрлҢ 
к‡кҢрт 
‡ыш‡ылын 
‡Ғйы‡дар. 
‡Ғтыны ты‡ын-мен жауып, 
‡Ғм 
жылыт-‡ышында 
‡атты 
‡ыздыры‡-дар. 
Реакция  те‡деуҢн  жазы‡-
дар.  
3.  Сынауы‡тар‡а  хлор 
суын, 
бром 
суын, 
‡ыш‡ылдан‡ан 
калий 
перманганаты 
жқне 
дихроматы, 
фуксин 
ерҢтҢн-дҢлерҢн 
‡Ғйы‡дар да, кезек- 
 
49-сурет. 
Күкірт 
(ІV) 
оксидін 
алуға 
арналған 
құрылғы 
 
пен  күкірт  (ІV)  оксидін  жіберіңдер.  Соңғы  ерітіндіні 
қайнатып,  не  байқалғанын  көріңдер.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. Күкірт диоксидінің қасиетін сипаттаңдар. 

 
202 
б)    15-20  минуттан  соң  сынауықты  суық  қоспадан  алып, 
алынған сұйық күкірт диоксидін кәрлен тостағанға құйып, 
сұйықтың булануын бақылаңдар. 
в)  Екі  құрғақ  сынауыққа  бірнеше  тамшы  сұйық  күкіртті 
ангидрид  құйып  алып,  жанғыштығын,  суда  ерігіштігін 
тексеріңдер. 
Реакция 
теңдеуін 
жазыңдар. 
Күкірт 
диоксидінің сулы ерітіндісін сақтап қойыңдар.  
г)  Сынауыққа  1-2  мл  жаңадан  дайындалған  күкіртсутек 
қышқылын  құйып,  оған  күкіртті  қышқыл  қосыңдар.  Не 
байқалады?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Бұл  жағдайда 
күкіртті қышқыл қандай қасиет көрсетеді? 
 
ғ 55 жұмыс. Күкірт қышқылы, оның қасиеттері. 
Сульфаттар мен тиосульфаттар 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 
көмір  кесектері,  күкірт  ұнтағы,  мырыш  түйірлері,  күкірт 
қышқылы  (конц),  электр  плитасы  немесе  спирт  шамы, 
“қорғасын  қағазы”  (қорғасын  ацетаты  сіңірілген  қағаз), 
күкірт қышқылы (1:1), шыны таяқша, қант ұнтағы, кәрлен 
тостаған, натрий сульфаты, темір купоросы (FeSO
4
L4H
2
O), 
гипс (CaSO
4
L2H
2
O), глаубер тұзы (Na
2
SO
4
L10H
2
O), натрий 
тиосульфаты, хлор суы.  
1.  Күкірт  қышқылының  қасиеттері  (тартқыш  шкафта   
жасалатын жұмыс). 
а)Екі  сынауыққа  2  мл  концентрлі  күкірт  қышқылын 
құйыңдар  да,  біреуіне  кішкене  күкірт  кесегін,  екіншісіне 
көмір салып, абайлап қыздырыңдар. Не бақалады? Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
б)Сынауыққа мырыш кесегін салып, оған 2 мл концентрлі 
күкірт  қышқылын  құйып,  қыздырыңдар.  Ерітінді  неліктен 
лайланады?  Сынауықтың  аузына  қорғасын  ацетаты 
сіңірілген  сүзгі  қағазын  ұстаңдар.  Не  байқалады?  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 

 
203 
в)Концентрациясы  1:1  болатын  2-3  мл  күкірт  қышқылын 
дайындаңдар  да,  оған  шыны  таяқшаны  батырып  алып,  ақ 
параққа жазу жазып көріңдер. Қағазды жанарғы жалынына 
ұстап кептіріп, не байқалатынына назар аударыңдар. 
г)  Сынауыққа  1-2  г  қант  ұнтағын  салып  қоймалжың 
болғанша  су  құйыңдар  да,  тұрғыға  орнатып,  2-3  мл 
концентрлі  күкірт  қышқылын  құйыңдар.  Ерітіндіні  шыны 
таяқшамен  араластырып,  газ  онша  бөлінбесе,  жаймен 
қыздырыңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Соңғы 
тәжірибелер  күкірт  қышқылының  қандай  қасиеттерін 
көрсетеді? 
2. Сульфаттардың термиялық тұрақтылығы. 
а)Кішкене  кәрлен  тостағанға  1-2  г  натрий  сульфатын 
салып,  жаймен  қыздырыңдар  да,  одан  соң  күйдіріңдер. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)Кәрлен  отбақырашының  қақпағына  темір  купоросының 
бірнеше  кристалын  салып  қыздырып,  одан  соң 
күйдіріңдер. 
Кристалдардың 
үстіне 
сумен 
ылғалдандырылған 
лакмус 
қағазын 
ұстаңдар. 
Не 
байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.  
в)Алдыңғы  пункте  көрсетілген  тәжірибелерді  гипспен 
және  глаубер  тұзымен  қайталаңдар.  Реакция  теңдеулерін 
жазыңдар. 
3. Натрий тиосульфатының қасиеттері. 
а)Натрий тиосульфатының бірнеше кристалын суда ерітіп, 
оған  1-2  мл  сұйытылған  тұз  қышқылын  қосыңдар.  Не 
байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)Отбақыраш қақпағына натрий  тиосульфатының  бірнеше 
кристалын салып, жаймен қыздырыңдар. Реакция теңдеуін 
жазыңдар.  
в)Сынауыққа  1  мл  хлор  суын  құйып,  иісі  жойылып 
кеткенше  тамшылатып  натрий  тиосульфатын  қосыңдар. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
 

 
204 
 
13.    АЗОТ 
Азоттың қасиеттері 
 ғ 56 жұмыс. Азот алу және оның қасиеттері 
    
Қажетті жабдықтар және реактивтер: газ өткізетін түтігі 
бар 
сынауық, 
тамшылағыш 
құйғы, 
сынауық, 
кристаллизатор,  отбақыраш,  талшықтас  шеңбері,  калий 
нитраты,  темір  үгінділері,  натрий  нитраты,  магний 
жоңқалары. 
  
1.  Натрий  нитритін  концентрлі  аммоний  хлоридімен  
қыздыру арқылы азот алу. 
50-суреттегідей құрылғы жинап, оның герметикалығын 
тексеріңдер. Сынауыққа 2 г ұнтақталған натрий нитритін 
 
салып, 
о‡ан 
5-6 
мл 
концентрлҢ 
аммоний 
хлоридҢн  ‡Ғйып,  абайлап 
‡ыздыры‡дар. 
БҰлҢнетҢн 
газды  жинап  алы‡дар.  Азот 
жануды  ‡олдай  ма?  Реакция 
те‡деуҢн жазы‡дар.  
2.  Хлорлы  қк  пен 
аммиакты– 
концентрлҢ 
ертҢндҢсҢн  қрекеттестҢру 
ар–ылы  азот  алу.  ‡Ғрыл‡ы 
жинап 
(50-сурет), 
оны‡  
герметикалы‡ын 
тек-
серҢ‡дер.  Сынауы‡‡а  (Қ) 
хлорлы қк салып,  ‡Ғй‡ы (2) 
ар‡ылы 
аммиакты‡ 
концентрлҢ ертҢн- 
50-сурет. 
Азот 
алуға 
арналған құрылғы 
дісін    құйыңдар.  Бөлінетін  газды  жинап  алыңдар.Азот 
жануды қолдай ма? Реакция теңдеуін жазыңдар. 

 
205 
3.  Калий  нитратын  темір  үгінділерінің  қоспасымен 
қыздыра  отырып  азот  алу.  Ескерту:  Ұнтақ  түріндегі 
темірді  қолдануға  болмайды,  себебі  реакция  қопарылыс 
бере жүруі мүмкін.  
Құрылғы  жинап  (50-сурет),  оның  герметикалығын 
тексеріңдер.  Сынауыққа  (1)  0,25  г  калий  нитраты  мен  5  г 
темір  үгіндісінің  қоспасын  салып,  абайлап  қыздырыңдар. 
Азот жануды қолдай ма? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
4.  Магний  нитридін  алу.  Отбақырашқа  0,5  г  магний 
жоңқасын  салыңдар  да,  оны  талшықтас  шеңберімен 
жабыңдар.  Отбақырашты  2-3  сағатқа  электр  пешіне 
қойыңдар.  Магний  нитридінің  түзілгендігін  дәлелдеңдер. 
Реакция теңдеуін жазыңдар.  
 
 ғ 57 жұмыс. Аммиак алу және оның қасиеттері   
Аммоний тұздары. Гидразин, гидроксиламин 
 
Ескерту: аммиактың тітіркендіргіш әсері бар. 
Қажетті  құрал-жабдықтар  және  реактивтер:  ұстағышы 
бар  тұрғы, газ өткізетін түтігі бар сынауық, газ жанарғысы 
немесе  спирт  шамы,  шыны  таяқша,  шыны  түтік, 
сынауықтар,  кристаллизатор,  фенолфталеин  ертіндісі,  тұз 
қышқылы  (концентрлі),  сілті  ертіндісі  (концентірлі), 
лакмус  қағазы,  аммоний  хлориді,  натрий  хлориді  және 
калий  хлориді  ертінділері,  су  жылытқышы,  қақпағы  бар 
кәрлен  отбақыраш,  кәрлен  үшбұрыш,  электр  плитасы, 
Несслер  реактиві,  аммоний  хлориді,  аммоний  нитраты, 
аммоний 
фосфаты, 
күкіртқышқылды 
гидразин, 
тұзқышқылды  гидроксиламин,  мыс  (ІІ)  хлоридінің 
ертіндісі, йод суы. 
 
Аммиак алу және оның қасиеттері 
1. Аммиак алу.  Әрқайсысы 0,5 г аммоний хлоридін және 
кальций  гидроксидін  (сөндірілген  әк)  сынауыққа  салып, 

 
206 
шыны  таяқшамен  араластырыңдар.  Сынауықты  газ 
шығатын  түтігі  бар  тығынмен  жабыңдар  да,  ұзына  бойы 
газ  жанарғысымен  қыздырыңдар.  Бөлінетін  газдың  иісін 
көріңдер (қалайша?) Реакция теңдеуін жазыңдар. 
2.  Аммиактың  сумен  әрекеттесуі.  Бөлінген  аммиакты 
(алдыңғы  тәжрибені  қараңдар)  түбі  төнкерілген  құрғақ 
сынауыққа  жинаңдар.  Сынауықтың  саңылауын  саусақпен 
жауып,  2  тамшы  фенолфталеин  қосылған  суы  бар  шыны 
ыдысқа салыңдар. Саусақты алып тастап, не байқалатынын 
көріңдер.  Аммиактың  сумен  әрекеттесу  реакциясының 
теңдеуін жазыңдар.    
3.  Аммоний  тұздарының  түзілуі.  Газ  шығатын  түтіктің 
ұшына  (алдыңғы  тәжірибені  қараңдар)  концентірлі  тұз 
қышқылына  батырылған  шыны  таяқшаны  әкеліңдер  де, 
оның  шетінде  ақ  түсті  жұқа  қабаттың  түзілгенін 
түсіндіріңдер.  Ақ  түсті  жұқа  қабатты  шыны  таяқшадан 
конус  тәрізді  құтыға  жинап  алып,  оған  2-3  тамшы  сілті 
ерітіндісін  қосыңдар.  Ерітіндінің  иісін  анықтап,  құтыға 
жақындатылған  ылғалданған  қызыл  лакмус  қағазының 
түсінің  өзгергенін  байқаңдар.  Аммоний  ионын  қалай 
анықтауға болады?  
4.  Тұздар  қоспасынан  аммоний  тұздарын  аластау. 
NH
4
Cl, 
NaCl, 
KCl 
тұздарының 
ерітінділерінің 
әрқайсысынан 10 мл-ден алып араластырыңдар. Қоспадағы 
аммоний ионын анықтаңдар. Ол үшін сынауыққа 3 тамшы 
ерітінділер  қоспасын  алып,  оған  2  тамшы  сілті  ерітіндісін 
қосып, сынауықтың үстіне дымқыл қызыл лакмус қағазын 
қойып, 
су 
жылытқысында 
қыздырыңдар. 
Лакмус 
қағазының  көгеруі  аммоний  тұзының  бар  екендігін 
көрсетеді. Аммоний  тұзын аластау үшін 10 тамшы тұздар 
қоспасының  ерітіндісін  тартқыш  шкафта  отбақырашқа 
құйыңдар  да,  оны  кәрлен  үшбұрышына  бекітіп,  ерітіндіні 
құрғағанша 
суалтыңдар. 
Отбақыраштағы 
қалдықты 
алғашқыда бәсеңдеу, сонан кейін ақ түтіннің бөлінуі толық 

 
207 
біткенше  қыздырыңдар.  Ақ  түтіннің  бөлінуі  тоқтағаннан 
кейін  отбақырашты  суытып,  құрғақ  қалдықты  6  тамшы 
суға ерітіп, аммоний тұздарының толық жойылғанына көз 
жеткізіңдер.  Аммоний    тұздарының  толық  жойылғанын 
Несслер  реактивімен  (К
2
[НgJ
4
]  және  КОН  қоспасы) 
тексеруге болады. Ол үшін кәрлен пластинкаға зерттелетін 
ерітіндінің бір тамшысын тамызып, оған 3 тамшы  Несслер 
реактивін қосыңдар.  NH
4
+         
ионы бар болса қызыл-қоңыр 
тұнба  түзіледі  немесе  ерітінді  сары-қоңыр  түске  (NH
4
+
аз 
мөлшерде болса)
     
боялады. 
Егер  амоний  тұздары  толық  аласталынбаса      тұздар 
ерітіндісін қайтадан буландырып, қалдықты қайта қыздыру 
керек.  
 
Аммоний тұздарының қыздыруға қатынасы 
 
5.      Аммоний   хлоридін термиялық ыдырату.  
Ұзындығы  20  см  және  диаметрі    1  см  шыны  түтікке 
амоний  хлоридін  салыңдар.  Екі  шыны  таяқшаның 
көмегімен, оны түтіктің ортасына 3 см болатындай қысып 
нығыздаңдар.  Алынған  қабаттан  2-3  см  қашықтықта  тағы 
да  аздап  аммоний  хлоридін  салыңдар.  Түтіктің  екі  шетіне 
көк  және  қызыл  лакмус  қағаздарын  қойыңдар.  Түтікті 
ұстауыш  арқылы  тұрғыға  қисайтып  бекітіңдер  де,  
нығыздалған  қабаттан  төмен  орналасқан  аммоний 
хлоридін  қыздырыңдар.  Лакмус  қағаздарының    түстері 
неліктен  өзгереді?  Аммоний  хлоридінің  термиялық 
диссоциациясының 
теңдеуін 
жазыңдар. 
Газдардың 
диффузия  жылдамдықтары  мен  олардың  молекулалық 
массалары  қалай  байланысқан?  Аммоний  хлоридінің 
ыдырау нәтижесінде түзілген газдардың қайсысы тез және 
қанша есе диффузияға ұшырайды? 
6.    Аммоний  нитратының  ыдырауы.  Отбақыраштың  
қақпағына 
аммоний 
нитратын 
салып, 
жаймен 

 
208 
қыздырыңдар  (тартқыш  шкафта).  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
7.    Аммоний  фосфатының  ыдырауы.  Отбақыраштың 
қақпағына  фосфор  қышқылының  аммоний  тұзының 
біреуінің  кристалын  салып,  қыздырыңдар.  Қандай  зат 
отбақыраштың  қақпағында  қалады?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  Аммоний  тұздарын  қыздырған  кезде  әртүрлі 
ыдырайтындығы неліктен? 
        
 Гидразин мен гидроксиламиннің қасиеттері 
8.    Гидразиннің  қасиеттері.  Екі  сынауыққа  да  5  мл  су 
құйып,  оларға  күкірт  қышқылды  гидразиннің  бірнеше 
кристалын  салыңдар.  Сынауықтың  біреуіне  бірнеше 
тамшы  йод  суын  қосып,  не  байқалатынын  көріңдер. 
Реакция  теңдеуін  жазыңдар?  Екінші  сынауыққа  хлорлы 
мыстың  ертіндісін  қосып,  не  байқалатынын  көріңдер. 
Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Азот  атомы  гидразинде 
қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? 
9.      Гидроксиламиннің    қасиеттері.  Тұз  қышқылды 
гидроксиламиннің  бірнеше  кристалын  4-5  мл  суда 
ерітіңдер.  Оған  бірнеше  тамшы  йод  суын  құйғанда  не 
болады?  Осы  реакция  гидроксиламиннің  қандай  қасиетін 
көрсетеді?  Гидроксиламинде  азоттың  тотығу  дәрежесі 
қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
ғ 58 жұмыс. Азот оксидтері 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, Вюрц 
құтысы,  тамшылағыш  құйғы,  Тищенко  шыны  сауыты, 
кристаллизатор,  сынауықтар,  қорғасын  нитраты,  құм, 
калий  нитраты,  көмір,  күміс  нитраты,  1  М  темір  (ІІ) 
сульфаты  мен  натрий  нитритінің  ерітіндісі,  күкірт 
қышқылы (конц.), натрий гидроксидінің ертіндісі (1:5). 
 

 
209 
1.  Азот  (ІІ)  оксидін  алу  және  оның  қасиеттері.    51-
суретте  көрсетілгендей  құрылғы  жинаңдар.  Вюрц 
құтысына  10  мл  1М  темір  (ІІ)  сульфатының  ертіндісін,  3 
мл 6 н күкірт қышқылын, ал тамшылағыш құйғыға 10 мл 1 
М  натрий  нитратын  құйыңдар.  Тищенко  шынысауытын 
натрий  гидроксидінің  концентрлі  ертіндісімен  (1:5) 
толтырыңдар.  Құрылғының  герметикалығын  тексергенен 
кейін құтыға баяу 
 
ғана 
натрий 
нитритінің  ерітіндісін 
тамшылатып 
қосыңдар.  Бөлінетін 
газды  судың  үстінде 
үш 
сынауыққа 
жинаңдар.  Тартқыш  
шкафта 
бір 
сынауықты  ақ  түсті 
фонда  ашып,    азот 
(ІV)  оксидінің  қоңыр 
буының 
түзілгенін 
байқаңдар.  
51-сурет.  Азот  (ІІ)  оксидін  алуға 
арналған құрылғы 
Қалған  газы  бар  екі 
сынауықты  азот  (ІІ) 
оксидінің жануды  
қолдау  қабілетін  анықтау  үшін  қолданыңдар  (шырпының, 
күкірттің жануы). 
 
2. Азот  (ІV) оксидін алу және  оның қасиеттері.  
а) 52 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Ыстыққа төзімді  

 
210 
 
52-сурет.  N
2
O
4
  алуға арналған  құрылғы 
 
сынауықты  (1)  тұрғының  қысқышына  бекітіп,  оны  газ 
шығатын  түтігі  бар  тығынмен  жабыңдар.  Көксағыз  
тығынмен  жабылған  газ  шығатын түтікті  құрғақ  қосымша 
түтігі  бар  сынауыққа  (2)  жалғастырып,  оны  аздап  су 
құйылған  Тищенко  шынысауытына  (3)  қосыңдар. 
Шынысауытқа газ жинайтын түтікті (4) және 5-ші ыдысты 
жалғастырыңдар.  2-ші  сынауықты  мұз  және  ас  тұзының 
қоспасымен  суытыңдар.  Осы  қоспамен  басқа  сынауықта 
дистилденген  суды  да  суытыңдар  (алдағы  тәжірбелер 
үшін).  
Келіде  4-5  г  қорғасын  нитратын  ұнтақтап,  оған  1  г 
ұсақ құрғақ құм (не үшін?) қосып жақсылап араластырып, 
1-ші сынауыққа салыңдар. Сынауықты мықтап жауып, оны 
алдымен  абайлап,  кейіннен  қатты  қыздырыңдар.  Тищенко 
шынысауытындағы  су  арқылы  қандай  газ  өтетін 
анықтаңдар.    Газ  көпіршіктерінің  бөлінуі  тоқтағаннан 
кейін  қыздыруды  тоқтатыңдар.  Сынауықта  қандай  зат 
түзілді?  Реакция  теңдеуін
 
жазыңдар.  Заттың  түсін 
анықтаңдар.  
б)  Ішінде  сұйықтық  бар  сынауықты  “а”  тәжірибеде 
сипатталған құрылғыдан шығарып алып, осы  сұйықтың аз 
мөлшерін  (тартқыш  шкафта)  мұздай  суы  бар  сынауыққа 
құйыңдар.  (мұздай  суды    алдын-ала  1-ші  тәжірибеде 
дайындап  қойған  болатынсыңдар).  Сұйықтықтың  түсінің 
өзгергенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.  

 
211 
Сұйықтың қалған бөлігін ішінде аздап суы бар (1-2 мл) 
сынауыққа  құйыңдар.  Не  түзеледі?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  
3.  Азот  қышқылы  тұздарының  термолизі  (тартқыш 
шкафта жасаңдар!). 
а)    Алдыңғы  тәжірибеде  термиялық  ыдырауға  Рb(NO
3
)
2  
тұзы  алынған  еді.  Енді  термиялық  ыдыратуға  калий 
нитратын  (калий  селитрасын)  КNO
3
  аламыз.  Ол  үшін 
тұрғыға  тігінен  құрғақ  сынауықты  бекітіп,  оған  шамамен 
0,5 г селитра салып, тұз балқығанша жанарғы жалынында 
қыздырыңдар.  Қысқышпен  кішкене  көмір  түйірін  (0,2-0,3 
г) жанарғы жалынында қызыл түске дейін қыздырып, оны 
балқыған  селитраның  үстіне  салыңдар.  Көмірдің  белсенді 
жануын түсіндіріңдер. Көмір түйірі жанып болғанан кейін 
сынауыққа 
күкірттің 
бірнеше 
кішкене 
түйіршігін 
салыңдар.  Күкірттің  үлкен  түйіршігін  салуға  болмайды, 
себебі сынауық балқып кетуі мүмкін.  
б)  (Топ  болып  жасалатын  жұмыс).  Сынауыққа  күміс 
нитратының  бірнеше  кристалын  салып,  оны    тігінен 
тұрғыға  бекітіп,  жаймен  жанарғының  жалынында  тұз 
толық ыдырағанша  қыздырыңдар. Қандай газдар бөлінеді? 
Сынауықта  не  қалады?  Сынауықтың  ішіндегі  затымен 
лаборантқа  тапсырыңдар.  Қыздыруға  қатынасы  бойынша 
азот  қышқылының  тұздарын  қандай  топтарға  бөлуге 
болады?  
 
 
14. ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 
 
Ескерту: Ақ және қызыл фосформен және фосфорлы 
сутекпен  жасалатын  тәжірибелерді  тартқыш  шкафта 
жасаңдар.  Ақ  фосфор  улы  және  ауада  оңай  тұтанады, 
оны тек шымшуырмен ұстап, жұмыс орнына су құйылған 
кәрлен тостағанмен апару керек.  

 
212 
Ақ  фосформен  күйген  жер  қауіпті.  Теріге  тисе  оны 
дереу  алып  тастап,  күйген  жерді  25%  күміс  нитраты, 
мыс  сульфаты  немесе  калий  пермангаты  ерітінділерімен 
жуу  керек.  Фосформен  жұмыс  жасағаннан  кейін  сол 
ыдыстарыңды  10%  мыс  сульфаты  ертіндісімен  шайып, 
сонан соң кәдімгі әдіспен жуыңдар.  
 
ғ 59 жұмыс.  Фосфордың аллотропиясы 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  тұрғы, 
мөлшері  әртүрлі  сынауықтар,  кәрлен  тостағандар, 
газометр,  газ  шығаратын  түтік,  U-тәрізді  түтік,  суағынды 
сорғы,  ақ  фосфор,  шымшуыр,  нафталин,  қызыл  фосфор, 
күкірт  көміртек,  натрий  гидрокорбанаты,  10%  мыс 
сульфаты, 2% күміс нитраты, калий перманганаты.  
 
1. Қызыл фосфор алу (топ болып жасалатын  тәжірибе). 
Сынауықты  көмір  қышқыл  газымен  толтырыңдар  да, 
кәрлен  тостағанға  су  (30
0
С)  құйып,  оған  ақ  фосфор 
салыңдар.  Судың  астында  ақ  фосфордың  кесегін 
шымшуырмен  кесіп  алып,  сүзгі  қағазымен  тез  кептіріп, 
оны  көмір  қышқыл  газы  бар  сынауыққа  салыңдар. 
Сынауықты жанарғымен дәнекерлеп тастаңдар. Ұзындығы 
40  см  түбі  кеңейтілген  кең  сынауыққа  8-10  г  нафталин 
салыңдар  да,  оған  сынауықтың  саңылауының  үстіне 
орнатылған  шыны  таяқшаға  темір  сым  арқылы  фосфоры 
бар  дәнекерленген  сынауықты  асып  қойып,  оның  бетін 
картон  шеңберімен  жабыңдар.  Оны    кәрлен  торға  бекітіп, 
абайлап  талшық  торы  арқылы  3-4  сағат  қыздырыңдар, 
мұнда ампула нафталиннің буында болуы керек. Тәжірибе 
аяқталғаннан кейін фосфордың түсі өзгергенін байқаңдар.  
2. Ақ фосфор алу. Құрғақ сынауыққа аздап қызыл фосфор 
салып,  оның  бетін  мақтамен  жабыңдар.  Сынауықты 
тұрғыға  бекітіп,  қызыл  фосфор  буға  айналғанша 

 
213 
қыздырыңдар.  Фосфор  қандай  өзгеріске  ұшырайды? 
Фосфордың  қараңғыда  жарқырауын  байқаңдар.  Ақ 
фосфордың  қызыл  фосфорға  және  керісінше  ауысу 
жағдайларын 
көрсетіңдер. 
Фосфордың 
басқа 
да 
аллотропиялық  түрлері  бола  ма  және  оларды  қалай  алуға 
болады? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет