ғ 66 жұмыс. Күшән (V), сүрме (V) және висмут (V)
қосылыстарының қасиеттері
226
Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: кәрлен
тостаған, азот қышқылы, күшән (ІІІ) оксиді, электр
плитасы немесе газ жанарғысы, күміс нитратының
ерітіндісі, сүрме (V) оксиді, калий персульфатының
ерітіндісі, марганец нитратының 10% ертіндісі, концентрлі
азот
қышқылы,
натрий
гидроксидінің
ерітіндісі,
концентрлі тұз қышқылы.
1. Күшән (V) оксиді-күшән қышқылының алынуы
және қасиеттері. Кәрлен тостағанға 5 мл азот
қышқылын және 0,1 г күшән (ІІІ) оксидін салып, қоспаны
азот оксидтері толық бөлініп біткенше және алынған
күшән (ІІІ) оксиді толық ерігенше қыздырыңдар
(тәжірибені тартқыш шкафта жүргізіңдер!). Су қоса
отырып құрғағанша буландырып, азот қышқылының артық
мөлшерін аластаңдар. Түзілген қатты заттың құрамы
қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған затты суда
ерітіп, күміс нитраты ерітіндісімен тексеріңдер. Тұнбаға не
түседі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сүрме (V) оксидінің қасиеттері. Екі сынауыққа аздап
сүрме (V) оксидін салып, оның натрий гидроксидінің
сұйытылған ерітіндісі мен концентрлі тұз қышқылына
қатынасын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Жүргізілген тәжірибе оның қандай қасиеттерін көрсетеді?
Сүрме пентаоксидін қалай алуға болады?
3. Калий висмутатын алу және оның қасиеттері.
Сынауықта жаңадан тұнбаға түсірілген висмут (ІІІ)
гидроксидін
қыздыра
отырып,
қаныққан
калий
персульфаты ерітіндісімен (2-3 мл) өңдеңдер. Не
байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Декантация
әдісімен тұнбаны сумен үш рет шайыңдар. Түзілген
тұнбаны құрамында 1-2 тамшы 10% марганец нитратының
ертіндісі, 1-2 тамшы концентрлі азот қышқылы және 2-3
227
тамшы суы бар суық ерітіндіге салыңдар. Не байқалады?
Реакция теңдеуін жазыңдар. Калий висмутаты осы
реакцияда қандай қасиет көрсетеді? Күшән, сүрме және
висмут (ІІІ, V) гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік,
тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиеттерін
салыстырыңдар.
ғ 67 жұмыс. Күшән, сүрме және висмуттың
сульфидтері, тиотұздары
Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: натрий
арсениті мен арсенаты ерітінділері, күкіртсутек ағыны,
аммоний сульфиді және полисульфиді ерітінділері, тұз
қышқылы, электр плитасы.
1. Күшән (ІІІ, V) сульфидтерін алу. Натрий арсениті мен
арсенаты ерітінділеріне күкіртсутек ағынын жіберіңдер
(алынған заттың жартысын алдағы тәжірибелерге
сақтаңдар). Не байқалады? Сол тұздардың қышқылданған
ерітінділерімен тәжірибені қайталаңдар. Бұл жағдайда не
байқалады? Реакция теңдеулерін жазып, байқалатын
құбылыстарды түсіндіріңдер.
2. Күшән (ІІІ, V) тиотұздарын алу және олардың
қасиеттері. Алдыңғы тәжірибеде алынған күшән
сульфидтерін сүзіп алып, олардың аммоний сульфиді мен
полисульфидінде ерігіштігін тексеріңдер. Не байқалады?
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тиотұздар ертінділеріне
тұз қышқылының артық мөлшерін құйып, қайнатыңдар.
Неге қайтадан тұнба түзіледі? Сүрме, висмут сульфидтерін
қалай алуға болады? Сүрме, висмут сульфидтері аммоний
сульфидінде және полисульфидінде ери ме? Не себептен
висмут сульфиді тиотұздар түзбейді? Мүмкін болатын
реакция теңдеулерін жазып, оларды түсіндіріңдер.
228
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: күшән
қышқылының концентрлі ерітіндісі, газ күйіндегі аммиак,
сүрме сульфаты, кептіргіш шкаф, висмут (ІІІ) оксиді, тұз
қышқылы (d=1,05 г/см
3
), электр плитасы, сүзуге арналған
қондырғы, Гуч отбақырашы, калий йодиді ерітіндісі.
1. Аммоний арсенатын (NH
4
)
3
AsO
4
алу. Мүмкіндігінше
күшән қышқылының концентрлі ерітіндісін газ тәрізді
аммиакпен қанықтырады, сонда әдемі кристалдар түрінде
аммоний арсенаты түзіледі. Күшән қышқылының
аммиакпен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Түзілген аммоний арсенатының кристалдары ауада неге
ұшырайды? Тұздың сулы ерітіндісін қыздырғанда қандай
өзгерістер байқалады?
2. Антимонилсульфат (SbО)
2
SО
4
алу.
Сүрме сульфатын он есе көп су мөлшерімен жуып, суықта
әбден араластырғаннан кейін бір түнге қалдырыңдар.
Тұнбаны сүзіп, 100
0
С-да кептіріңдер. Сүрме сульфатының
сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Түзілген қосылыстың суда, сұйытылған қышқылдарда
ерігіштігі қандай?
3. Висмут оксохлоридін BіOCІ алу.
1 г Bі
2
O
3
100 мл тұз қышқылында (d=1,05г/см
3
) ерітіп,
оны қайнағанша қыздырып, 0,85 л қайнап тұрған су
қосыңдар. Қоспаны бастапқыда түзілген тұнба қайтадан
ерітіндіге ауысқанша қайнатыңдар да, сонан соң ерітіндіні
суытуға және кристалдануға қойып қойыңдар. Түзілген
тұзды Гуч сүзгісінде сүзіп алыңдар. Висмут хлоридінің
229
сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Түзілген тұздың суға қатынасын тексеріңдер.
4. Висмуттың иодты қосылыстарын алу.
Висмут тұзының 1-2 мл ерітіндісіне калий йодидының
ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Алдымен түзілген
висмут йодидының қара-қоңыр тұнбасы КJ артық
мөлшерін қосқанда қызғылт-сары K[BіJ
4
] комплексті
қосылыс түзе ериді. Бұл комплексті қосылыс тұрақсыз, су
қосқанда ол қайтадан ВіJ
3
бөле ыдырайды. Әрі қарай су
қосқанда және қыздырғанда висмут йодидінің қызғылт-
сары тұнбасы түзіледі. Түзілген қосылыстың құрамы
қандай? Жүретін барлық реакциялардың теңдеулерін
жазыңдар.
230
16. КӨМІРТЕК
ғ 68 жұмыс. Көміртек және оның қосылыстары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
құрғақ банкалар, газ өткізетін түтік, спирт шамы, тұрғы,
микроқалақша, мыс (ІІ) оксиді, ағаш көмірі, күкірт
қышқылы (d=1,84 г/см
3
), құмырсқа қышқылы, 2 М натрий
гидроксиді, 0,1 М күміс нитратының аммиакты ерітіндісі,
0,1 М мыс хлоридінің аммиакты ерітіндісі, Кипп аппараты,
қызыл фосфор, магний жолағы, лакмус ерітіндісі.
1. Көміртектің тотықсыздандырғыш қасиеттері.
а) Мыс (ІІ) оксиді мен ұнтақталған ағаш көмірін жақсылап
араластырып, ыстыққа төзімді сынауыққа салыңдар.
Сынауықты спирт шамымен қара түсті қоспа сары түске
ауысқанша
қыздырыңдар.
Тәжіриебеде
байқалған
құбылыстарды суреттеп, түсіріңдер. Реакция теңдеуін
жазыңдар.
б) Сынауыққа 2-3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын
(тығыздығы 1,84 г/см
3
) құйып, оған кішкене көмір кесегін
салыңдар да, тұрғыға орнатып, жаймен қыздырыңдар. Газ
көпіршіктерінің бөлінгені байқалады. Исі бойынша қандай
газ бөлініп жатқанын анықтаңдар.
Күкірт
қышқылының
көмірмен
тотықсыздану
реакциясының теңдеуін жазыңдар.
2. Көміртек (ІІ) оксидін алу және оның
тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Көміртек (ІІ) оксиді улы! Абайлаңдар!
Денсаулыққа қауіпті! Жұмысты тартқыш шкафта
істеңдер!
231
1. Сынауыққа екі-үш тамшы концентрлі күкірт қышқылын
(d=1,84 г/см
3
) және 4-6 тамшы құмырсқа қышқылын
(НСООН) құйыңдар да, иілген газ шығатын түтігі бар
тығынмен жауып, тұрғыға орнатыңдар (57 сурет). Түтіктің
иілген жеріне алдын-ала аздап мыс оксидін салып
қойыңдар. Түтіктің мыс оксиді бар жерін қатты қыздырып,
реакциялық сынауықтағы қоспаны жаймен қыздырыңдар.
Түтіктегі ұнтақтың түсінің өзгергенін байқаңдар. Әрі қарай
бөлініп жатқан көміртек (ІІ) оксидін күміс нитраты мен
мыс хлоридінің (5-6 тамшы) аммиакты ерітінділеріне
жіберіңдер.
57-сурет. Көміртек (ІІ) оксидін синтездеуге арналған
құрылғы
Реакция теңдеуін жазыңдар. Көміртек оксидінің (ІІ)
оксидінің артық мөлшерін түтіктің ұшынан жағып
көріңдер.
а) Байқалған құбылыстарды суреттеп, түсіндіріңдер.
Көміртек (ІІ) оксидін алу, көміртек (ІІ) оксидінің жануы
және көміртек (ІІ) оксидімен мыс оксидінің тотықсыздану
реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Көміртек (ІV) оксидінің қасиеттері
1. Екі құрғақ банканы Кипп аппаратынан алынған көмір
қышқыл газымен толтырыңдар да, оның біреуіне бір қасық
232
ауада жағылған қызыл фосфор салыңдар. Не байқалады?
Екінші
банкаға
магнийді
жағып,
салыңдар.
Не
байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сынауықтың жартысына дейін су толтырып көк лакмус
ерітіндісін қосып, оған көмір қышқыл газын жіберіңдер.
Не
байқалады?
Көміртек
диоксиді
ерітіндісіндегі
қайтымды реакция теңдеуін жазыңдар. Лакумус түсінің
өзгеруін түсіндіріңдер.
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
Кальций карбидінің синтезі
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: кәрлен
отбақыраш, муфель пеші, кальций үгінділері, ұнтақ
түріндегі көмір.
5 г кальций үгінділері мен 3 г көмір ұнтағынан қоспа
дайындап, отбақырашқа салып, бетін жауып түсі қою-
қызыл болғанша (500
0
-550
0
С) 5-10 минут қыздырыңдар.
Суытқаннан кейін қабысып қалған массаны алып, кальций
карбидінің суға қатынасын зерттеңдер.
17. КРЕМНИЙ
ғ 69 жұмыс. Кремний
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
кәрлен отбақыраш, спирт шамы, Кипп аппараты, кремний
диоксиді, ұнтақ түріндегі магний, 4 М тұз қышқылы,
натрий силикатының ерітіндісі, лакмус қағазы, аммоний
хлориді, тұз қышқылының сұйытылған ерітіндісі.
1. Кремний және оның қосылыстарын алу және
олардың қасиеттері.
233
1. 1 г ұнтақталған кварц құмы мен 1,5 г ұнтақ түріндегі
магнийді араластырып, сынауықтың ұзына бойы салып,
оның түбінен қыздырыңдар. Қоспаны қатты қыздырып
болған соң суытып, сынауықты сындырып, кремний,
магний оксиді, және магний силицидінен тұратын қоспаны
шығарып алыңдар. Оның бірнеше түйірін 10-15 тамшы 4
моль/л тұз қышқылы құйылған отбақырашқа салыңдар да,
түзілетін силанның SіH
4
өздігінен жануын байқап,
отбақырашта
қалған
кремний
ұнтағының
түсін
анықтаңдар.
Кремний
диоксидінен
магний
қатысында
кремнийдің тотықсыздану, магний силицидінің түзілу,
магний силицидінің тұз қышқылымен әрекеттесу және
силанның жану теңдеулерін жазыңдар.
2. Кремний қышқылының тұздары
Натрий силикатының ерітіндісін қызыл лакмус қағазымен
тексеріңдер.
Натрий
силикатының
ерітіндісін
үш
сынауыққа бөліп, біріншісіне сұйытылған тұз қышқылын,
екіншісіне құрғақ аммоний хлоридін қосып жақсылап
араластырыңдар. Кремний қышқылы мен аммиактың
бөлінгенін байқаңдар. Үшінші сынауықтағы ерітіндіге
көмір қышқыл газын жіберіңдер. Байқалған құбылыстарды
түсіндіріп, натрий силикатының гидролизін молекулалық
және иондық түрде (осы тұздың гидролиз дәрежесін қалай
төмендетуге
болады?),
натрий
силикатының
тұз
қышқылымен,
аммоний
хлоридімен
әрекеттесу
реакцияларын жазыңдар. Натрий силикатының таза суда
және аммоний хлориді қатысындағы гидролиз дәрежесінің
айырмашылығын түсіндіріп, оның көміртек диоксидімен
әрекеттесуін жазыңдар. Қандай зат тұнбаға түседі?
18. БОР
234
ғ 70 жұмыс. Бор алу және оның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
Na
2
B
4
O
7
.
10H
2
O (бура), тұз қышқылы (конц), сүзуге
арналған құралдар.
1. 5 г бураны өлшеп алып, сынауыққа салып, 10 мл сумен
ылғалдаңдар. Ерітінді реакциясының лакмусқа әсері
қандай және ол неге негізделген? Бураның гидролиздену
реакциясын молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Бураның гидролизін қалай күшейтуге болады?
2. Сынауықты бура толық ерігенше қыздырыңдар.
Бураның ыстық ерітіндісіне 1-2 мл тұз қышқылын (конц.)
құйыңдар. Ерітіндіні баяу суытыңдар. Не байқалады?
Қандай зат кристалданады? Кристалдарды Бюхнер
құйғысында сүзіп алып, бураның тұз қышқылымен су
қатысында әрекеттесу реакцияларын жазыңдар.
ғ 71 жұмыс. Бор қышқылы және оның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сағат
шынысы, кәрлен табақша, спирт шамы, бор қышқылы,
лакмус, метилоранж, метил спирті, глицерин, платина
сымы, асбест торы, күкірт қышқылы (конц).
1. Бор қышқылының ерігіштігі.
а) 5 г бор қышқылына 20 мл су құйып, жақсылап
араластырып, қыздырыңдар. Бор қышқылының суық және
қыздырған кездегі ерігіштігі қандай?
б) Бор қышқылының алынған ерітіндісін метилоранжбен,
одан кейін лакмуспен тексеріңдер. Берілген тәжірибенің
негізінде бор қышқылының күші туралы қорытынды
жасаңдар.
2. Борметилді эфир алу. Оның жалынының түсі.
235
1-нұсқа. Кәрлен табақшаға 1-2 г бор қышқылын алып,
оған 10-20 мл метил спиртін қосып, тартқыш шкафтың
астына әкеліп, жағып көріңдер. Жалынның түсін жазып
алыңдар.
Борметил
эфирінің
түзілу
және
жану
реакцияларын жазыңдар.
1-ші ескерту: метил спиртінің орнына этил спиртін, ал
бор қышқылының орнына концентрлі күкірт қышқылының
бурамен қоспасын алуға болады.
2-нұсқа. Кәрлен табақшаға бураның 3-4 кристалын
салып, оған 2-3 тамшы тығыздығы 1,84 г/см
3
концентрлі
күкірт қышқылын және 5-6 тамшы метил спиртін
тамызыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырып,
бөлінген борметил эфирін жағып көріңдер. Метил
спиртінің бор қышқылымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде
түзілетін бор қышқылы және борметил эфирінің реакция
теңдеулерін жазыңдар. Осы реакциядағы концентрлі
күкірт қышқылының ролін көрсетіңдер.
3-нұсқа. Бұл реакцияны метил спиртін үшатомды
спирт-глицеринмен алмастырып орындауға болады.
Платина сымының құлақшасымен бор қышқылының
бірнеше кристалдарын алып, оларды концентрлі күкірт
қышқылының және глицериннің бір тамшысымен
ылғалдап, жалынға жанастырыңдар. Жалынның түсінің
жасыл болғанын көресіңдер. Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
3. Бура қанатшаларын алу.
Кейбір металдардың борқышқылды тұздарына бураның
балқыған ерітіндісін бояу қасиеті тән. Оларда суытқаннан
кейін қанатша (перла) деп аталатын түсті шынылар
түзіледі.
Шыны түтікшеге бекітілген платина сымының ұшын
жалында қызарғанша қыздырып, зат шынысындағы бураға
шылап алып, мөлдір қанатшалар (мөлдір шыны)
түзілгенше қайта қыздырыңдар. Тұздың өте аз мөлшерін
236
алу үшін, суық тамшыны абайлап кобальт нитратының
ұнтағына жанастырыңдар. Содан кейін сымды тағы да
біркелкі
шыны
тәрізді
масса
алынғанға
дейін
қыздырыңдар. Қанатшаны суытып, оның түсіне көңіл
аударыңдар. Бураның сусыздану және метаборат пен бор
ангидридіне дейін ыдырау реакцияларын, бор ангидридінің
кобальт метаборатын және азот ангидридін түзе кобальт
нитратымен әрекеттесуін және азот ангидридінің ыдырау
реакцияларын жазыңдар.
Бураның кобальт нитратымен әрекеттесу реакциясының
жалпы теңдеуін жазыңдар.
Ескерту: Тәжірибеден соң платина сымын мұқият
тазарту керек. Ол үшін қанатшаларды ақырындап
соққылап, тұз қышқылымен шайып, от жалынында
қыздырыңдар.
Сымды тазартқаннан кейін, кобальт тұзының орнына
басқа металдың тұзын алып тәжірибені қайталаңдар. Бура
қанатшаларының түсі металл иондарын анықтауға сапалық
реакция болып табылады.
ІV БӨЛІМ. МЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ
19.МЕТАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ
ғ 72 жұмыс. Металдарға тән физикалық қасиеттер
Қажетті
құрал-жабдықтар
мен
реактивтер:
металдардың электр өткізгіштігін анықтайтын құрылғы,
мыс сымы, спирт шамы, әртүрлі металдар пластиналары.
1. Қыздырған кезде электрөткізгіштің өзгеруі.
58
суреттегідей
құрылғы
жинаңдар.
Суық
мыс
сымы
237
арқылы әлсіз тұрақты
ток жібергендегі және
сымды 3 минут бойы
спирт
шамымен
қыздырғандағы
гальванометрдің
көрсетуін
жазып
алыңдар.
Байқалған
құбылыстарды
металдар
58-сурет.
Металдардың
электрөткізгіштігін өлшеу
құрылысы
туралы
көзқарастар
тұрғысынан
түсіндіріңдер.
2. Металдардың салыстырмалы қаттылығын анықтау.
Металл пластиналарын алып бір-біріне сызып көріп
олардың қаттылығын тексеріңдер. Ең қатты металдан
бастап рет-ретімен орналастырыңдар. Қаттылығына
байланысты берілген металл құрылысы туралы қандай
қорытынды жасауға болады?
ғ 73 жұмыс. Құймалар алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы,
мырыш, қалайы, қорғасын түйірлері, жанарғы, темір
қасық, сызуға арналған қатты зат, тұз қышқылы, кәрлен
табақша, парафин, электр плитасы немесе спирт шамы,
керамикалық пластина, термометр, металл пластинасы.
1. Мырыш-қорғасын құймасын алу және оның
қасиеттерімен танысу. (Топ болып жасалатын жұмыс).
Металдан жасалған отбақырашқа 3 г мырыш түйірлерін
және 0,5 г қорғасын түйірлерін салып қыздырыңдар.
Металдар балқығаннан кейін, оларды араластырып, сұйық
құйманы темір қасыққа құйыңдар. Егер олардың атомдық
238
радиустарының
және
кристалл
торларының
айырмашылықтарын ескерсек, осы металдардан құйманың
қандай түрін алуға болады? Құйманы суытып, оның
мырыш пен қорғасынға қарағанда беріктігін (сындырып
көріңдер) және қаттылығын тексеріңдер. Құйманың
беріктігі мен қаттылығының өзгеруін түсіндіріңдер.
Оларға тұз қышқылымен әсер ете отырып, мырыш
пен құйманың химиялық белсенділігін салыстырыңдар,
құймалар
туралы
жасаған
қорытындыларыңды
дәлелдеңдер.
2. Третник алу және олардың қасиеттерін зерттеу. (Топ
болып жасалатын жұмыс).
Кәрлен табақшаға 0,5 г қалайы мен 2,5 г қорғасын
салып, оның үстіне балқытылған парафин (не үшін?)
құйып спирт шамымен қыздырыңдар. Балқығаннан кейін
құйманы кәрлен пластинкаға құйыңдар. Алынған құйма-
третниктің,
қалайының,
қорғасынның
балқу
температураларын салыстырыңдар. Бұл үшін олардың
бірдей түйірлерін металл пластинасына салып қатар
қойып, қыздырыңдар. Бұл металдар қандай ретпен
балқиды?
ғ 74 жұмыс. Металдар алу (Үш тәжірибенің біреуі
орындалады)
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ағаш көмірі,
қорғасын (ІІ) оксиді, газ жанарғысы немесе басқа
қыздырғыш құрал, мыс (ІІ) оксиді, көмір, сынауықтар, U-
тәрізді түтік, 10% ZnSO
4
, көмір электродтары, кернеуі 12 В
тұрақты ток көзі.
1. Тотықсыздандыру арқылы кендерден қорғасын алу.
Ағаш көмірінің кесегіне кішкене ойық жасап, оған
қорғасын (ІІ) оксидін салыңдар. Қоспаны көмірде
239
металдың
жылтыр
тамшылары
пайда
болғанша
қыздырыңдар.
Реакция теңдеуін жазыңдар, оның ( G
0
табу арқылы
жүру мүмкіндігін дәлелдеңдер. Көміртек (ІІ) оксидінің
тотықсыздандырғыштық қасиеті жоғары температурада
қалай өзгереді?
2. Мыстың алынуы. Мыс (ІІ) оксиді мен көмірдің бірдей
мөлшерін (барлығы 2 г-ға жуық болуы керек) жақсылап
араластырып, құрғақ сынауыққа салыңдар да 15 минуттай
қызарғанша қатты қыздырыңдар. Сынауықты суытып,
оның ішіндегісін қағазға төгіп, алынған ұнтақтың түсі
бойынша мыстың түзілгеніне көз жеткізіңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар, оның жүру мүмкіндігін
есептеу арқылы дәлелдеңдер.
3. Металдардың электр тогымен тотықсыздануы
(электролиз). U-тәрізді түтікті 10% ZnSO
4
ерітіндісімен
толтырып, оған көмір электродтарын салып, тізбектегі
кернеуі 10-12 В болатын тұрақты электр тогінің көзімен
қосыңдар. Мырыштың жылтыр кристалдарының түзілуі
байқалғаннан кейін электролизді тоқтатыңдар. Анодта
және катодта болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Мырыш кристалдарын қышқылда ерітіңдер. Реакция
теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |