ғ 131 жұмыс. Күмістің комплексті қосылыстары.
Диамминаргентат сульфатын алу
(топ болып жасалатын жұмыс)
Керекті құралдар мен реактивтер: күміс нитраты, 65%
Н
2
SО
4
ерітіндісі, 25% аммиак ерітіндісі, кәрлен табақша,
кептіргіш шкаф, су жылытқысы, сүзуге арналған
қондырғы.
Кәрлен табақшаға 0,2 г күміс нитратын салып, 65%
күкірт қышқылы ерітіндісінің есептелген мөлшерімен
өңдеңдер. Ерітіндіні су жылытқысында суалтып, сонан
кейін 120
0
С-та кептіргіш шкафқа кептіріңдер. Құрғақ
қалдықты 25% аммиак ерітіндісінің (ыдысты мұзбен суыту
қажет) аз мөлшерімен өңдеп, алынған кристалдарды сүзіп,
оларды суық сумен шайыңдар.
Алынған кристалдардың құрамы қандай? Реакция
теңдеулерін жазыңдар. Өздеріңізге белгілі күмістің барлық
комплексті қосылыстарын жазып, олардың тұрақтылық
константасының
мәні
бойынша
тұрақтылығын
салыстырыңдар.
Ерітіндідегі
күміс
ионының
концентрациясының шамасы бойынша күмістің комплексті
қосылыстары
мен
галогенидтерін
бір
қатарға
орналастырыңдар.
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
(курстық жұмыстардың тақырыптары)
1.Мыс хлоридін алу.
Керекті құралдар мен реактивтер: стақан, шынысауыт,
37% тұз қышқылы, 65% азот қышқылы, мыс үгінділері
немесе сымы, су жылытқысы, сүзуге арналған қондырғы,
кептіргіш шкаф.
330
Стаканға 6 мл су, 7 мл 37% тұз қышқылын, 2 мл 65%
азот қышқылын құйып, қоспаға біртіндеп 2,5 г мыс
үгінділерін немесе сымдарын салыңдар. Қоспаны су
жылытқысында қыздырып, одан соң сүзіп алыңдар.
Кристалл түзілгенге дейін ерітіндіні буландырып, суытып,
түзілген кристалдарды сүзіп, кептіргіш шкафта 30
0
С
кептіріңдер. Оның қасиетін зерттей отырып, жабық ыдыста
сақтаңдар.
2.Мыс (І) йодидін алу.
Керекті құралдар мен реактивтер: 1 н мыс (ІІ) сульфаты,
калий йодиді, күкірт диоксиді, концентрлі күкірт және тұз
қышқылдары, сүзуге арналған қондырғы, қыздырғыш
құрал.
1 н мыс сульфатының және калий йодидының
ерітінділерін бірдей көлемде араластырыңдар. Түсі
өзгергенге дейін ерітіндіге күкіртті газды жіберіңдер.
Алынған затты сүзіп, сумен шайып, кептіріңдер де,
концентрлі күкірт және тұз қышқылдарына, аммиакқа,
сонымен бірге қыздыруға әсерін зерттеңдер.
3.Күміс хлоридінен күмістің алынуы
Керекті құралдар мен реактивтер: сұйытылған күкірт
қышқылы, күміс хлориді, 40% формалин, 30% натрий
гидроксиді, аммиак ерітіндісі, кәрлен стақан.
Кәрлен стақанға 1 г күміс хлоридін, 1,8 мл 40%
формалин ерітіндісін құйып, оған араластыра отырып 2 мл
30% натрий гидроксидін қосыңдар. Бөлінген күмісті
сұйытылған
күкірт
қышқылымен,
сумен,
аммиак
ерітіндісімен, тағы да сумен шайып, екі сүзгі қағазында
кептіріп, лаборантқа өткізіңдер.
32. МЫРЫШ, КАДМИЙ, СЫНАП
331
ғ 132 жұмыс. Мырыш және оның қосылыстары
Қажетті жабдықтар және реактивтер: сынауықтар,
спирт шамы, түйіршікті мырыш, мырыш сульфаты немесе
хлоридінің 10% ерітіндісі, натрий гидроксидінің 1 н
ерітіндісі, сұйытылған тұз қышқылы, 10% аммиак
ерітіндісі.
1. Мырыштың қышқылдарға әсері. Жеке сынауықтарда
мырыштың 1-3 түйіріне сұйытылған және концентрлі тұз,
күкірт, азот қышқылдарын құйыңдар. Суықта реакция
жүрмеген сынауықтарды қыздырыңдар. Не байқалады?
Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Мырыш гидроксидін алу және оның қасиеттері. 1-2
мл мырыш сульфаты немесе хлоридіне аздап (0,5 мл) 1 н
натрий гидроксидін құйыңдар. Тұнба түзілгенін байқап,
сол тұнбаны 2 сынауыққа бөліңдер де, біреуіне
сұйытылған тұз қышқылын, екіншісіне-тұнба ерігенше 1 н
сілті ертіндісінің артық мөлшерін қосыңдар. Реакция
теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
3.Мырыштың комплексті қосылыстары. 1-2 мл мырыш
сульфаты немесе хлориді ерітіндісіне аздаған аммиак
ерітіндісін құйыңдар да, ақ тұнба түзілгенін байқаңдар.
Тұнба ерігенше тағы да аммиак ерітіндісін құйыңдар. Не
себептен мырыш гидроксиді аммиакта ериді? Қандай
жағдайларда мырыш гидроксиді толық тұнбаға түседі?
Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін
жазыңдар.
ғ 133 жұмыс. Кадмий және оның қосылыстары
Қажетті жабдықтар және реактивтер: химиялық стакан,
мырыш пластинасы, кадмий сульфатының 40% ерітіндісі,
332
қысқыш, тұз, күкірт, азот қышқылдарының және натрий,
аммиак гидроксидтерінің сұйытылған және концентрлі
ерітінділері, отбақыраш қақпағы, спирт шамы, кадмий
нитраты, 25% аммиак ерітіндісі, 10% кадмий нитраты,
аммоний гидроксидінің ерітіндісі, натрий гидроксиді, тұз,
күкірт және азот қышқылдарының 2 н ертінділері.
1. Кадмий алу және оның қасиеттерін зерттеу.
Химиялық стаканға 5-6 мл кадмий сульфатының 40%
ерітіндісін құйыңдар. Осы ерітіндіге жіңішке мырыш
пластинкасын салыңдар. Не байқалады? Бір сағаттан кейін
әрекеттеспеген мырышты стаканнан қысқышпен алып
тастап,
ерітіндіні
шыны
таяқшамен
жақсылап
араластырыңдар. Түзілген затты шайғыш шынысауыт
арқылы ыстық сумен жуыңдар. Ауада кептіріп, алдағы
тәжірибелер үшін сақтап қойыңдар. Кадмий металына
сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт, және азот
қышқылдарының суықта және қыздырғанда (тартқыш
шкафта!) әсерлерін тексеріңдер. Не байқалады?
Кадмийге сұйытылған және концентрлі натрий және
аммоний гидроксидтерінің әсерлерін тексеріңдер. Не
байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
2. Кадмий оксидін алу. Отбақыраштың қақпағына кадмий
нитратының бірнеше кристалын (1 г) салыңдар да,
бастапқыда абайлап, сонан соң қатты қыздырыңдар. Не
байқалады? Түзілген оксидтің түсі қандай? Кадмий
оксидіне дистилденген судың, қышқылдар мен сілті
ерітінділерінің әсерін тексеріңдер. Сәйкес реакция
теңдеулерін жазыңдар.
3. Кадмий гидроксидін алу және оның қасиеттері.
3 мл кадмий нитраты ерітіндісіне натрий гидроксидінің
1 н ерітіндісін қосыңдар. Түзілген заттың құрамы қандай?
Кадмий гидроксиді тұнбасын декантация әдісімен
дистилденген сумен жуып, сүзіп кептіріңдер. Кадмий
333
гидроксидіне тұз қышқылының 2 н ертіндісінің,
эквивалентті және артық алынған натрий гидроксидінің
және 25% аммиак ерітінділерінің әсерлерін тексеріңдер. Не
себептен кадмий гидроксиді аммиактың артық мөлшерінде
ериді? Калий гидроксидінің толық тұнбаға түсуі қандай
жағдайда
жүреді?
Байқалатын
құбылыстарды
түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және
иондық түрде жазыңдар.
4. Кадмий сульфиді. 1-2 мл кадмий сульфаты немесе
хлориді ерітіндісіне аммоний сульфиді ерітіндісін
құйыңдар. Түзілген тұнбаның түсін анықтаңдар. Кадмий
сульфидіне 1 н тұз, күкірт және азот қышқылдарының
әсерін тексеріңдер. Реакция теңддеулерін молекулалық
және иондық түрде жазыңдар.
ғ 134 жұмыс. Сынап және оның қосылыстары
Ескерту: Сынаппен және оның қосылыстарымен
жұмыс жасағанда мына ережелерді еске ұстаған жөн:
1. Құрамында сынап бар барлық аспаптар мен
ыдыстарды темірден жасалған тұғырыққа қою керек.
2. Сынаппен
тәжірибелерді
осындай
тұғырықта
тартқыш шкафта жүргізу керек.
3. Сынаптың
қалдықтарын
және
сынаптың
қосылыстары бар ерітінділерді "Нg қалдықтары" деп
жазылған арнайы шынысауытқа жинап, лаборантқа өткізу
керек.
4. Сынаппен жұмыс істегеннен кейін қолдарыңды
сабынмен жуыңдар!
5. Кездейсоқ шашылып кеткен сынап тамшыларын
дереу мыс сымымен жинап алыңдар. Жинап алынған
сынапты ластанған сынапқа арналған арнайы ыдысқа
салыңдар. Сынап шашылған жерге күкірт себіңдер.
Сынапты және олардың тұзын ешуақытта қол жуғышқа
төгуге және тастауға болмайды!
334
Қажетті жабдықтар және реактивтер: мыс тиыны
немесе сымы, зімпара қағазы, стақан, сынап тұзы, кәрлен
табақша, сынап, концентрлі азот қышқылы, 10% сынап (ІІ)
нитраты, натрий гидроксиді, қалайы (ІІ) хлориді, сынап (ІІ)
нитратының
кристалдары,
сынауықтар,
25%
азот
қышқылы,
1 н азот қышқылы, 10% натрий хлоридінің, қалайы (ІV)
хлоридінің, алюминий сульфидінің ерітінділері.
1. Сынаптың тотықсыздануы. Зімпара қағазымен мыс
тиынын немесе сымын тазалап, сумен шайып, сынап
тұзының ерітіндісіне салыңдар. Не байқалады? Затты
ерітіндіден шығарып, дистилденген сумен шайыңдар.
Оның бетін сүзгіш қағазбен сүртіңдер. Реакция теңдеуін
жазыңдар.
2. Сынап (ІІ) нитратын, оксидін және гидроксидін алу
және олардың қасиеттері.
Кәрлен табақшада 1-2 тамшы сынапты 3 мл азот
қышқылының концентрлі ертіндісімен (тартқыш шкафта!)
қыздырыңдар. Егер сынап түгел ерімейтін болса, онда тағы
да қышқыл қосыңдар. Алынған (сұйытылған) сынап (ІІ)
нитратының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін
қосыңдар. Сары түсті сынап (ІІ) оксидінің түзілгенін
байқаңдар. Тұнбаның артық мөлшердегі сілті және
сұйытылған азот қышқылына әсерін зерттеңдер. Не
байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жеке
сынауықтарда тұнбаның сілтінің артық мөлшеріне және
сұйытылған азот қышқылына әсерін зерттеңдер.
Сынап (ІІ) нитратының 1-2 кристалын суда ерітіңдер.
Оған бастапқыда аздап, одан соң қалайы (ІІ) хлоридінің
артық мөлшерін құйыңдар. Не байқалады? Осы реакция
сынап (ІІ) қосылыстарының қандай қасиеттерін көрсетеді?
Реакция теңдеулерін жазыңдар.
335
3. Сынап (І) нитратын алу. Сынауыққа 1 г сынап
металын салыңдар да, оған 1,5 мл азот қышқылының 25%
ерітіндісін құйыңдар. Кристалдар түзілгенше қоспаны 1-2
сағатқа қалдырып қойыңдар. Не себептен тәжірибені
сынаптың артық мөлшерімен жүргізеді? Қандай жағдайда
сынапты азот қышқылында ерітіп сынап (І) нитратын және
сынап (ІІ) нитратын алуға болады? Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
4. Сынап (І) қосылыстарының қасиеттері.
Алдыңғы тәжірибеде алынған тұздың 2-3 кристалын
суда ерітіңдер. Не байқалады? Тұнбада қандай зат
түзіледі? Бұл тәжірибеден нені көруге болады? Сынап (ІІ)
нитратының бірнеше кристалын 1-2 мл азот қышқылының
ертіндісімен қышқылданған 5 мл суда ерітіңдер. Бұл
жағдайда тұнба түзіле ме? Байқалатын құбылысты
түсіндіріңдер. Алдыңғы тәжірибеде (2) алынған ерітіндіні
3 сынауыққа бөліп құйыңдар. Бірінші сынауыққа 1-2 мл
натрий хлоридін, екіншіге-1 мл қалайы (ІV) хлоридін,
үшінші сынауыққа 1 мл алюминий сульфидін қосыңдар.
Не байқалады? Байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер.
Түзілетін тұнбалардың құрамдары қандай? Реакция
теңдеулерін жазыңдар.
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
1. Амальгамданған
мырыш алу және оның
қасиеттері
Ескерту: Жұмысты жан-жағы биік тұғырықта
жүргізіңдер.
Қажетті жабдықтар және реактивтер: жан-жағы биік
тұғырық, көлемі 250 мл кәрлен табақша, түйіршікті
мырыш, сынап (ІІ) нитратының 2% ерітіндісі, концентрлі
азот қышқылы, шыны таяқша, көлемі 10 мл цилиндр,
336
шайғыш шынысауыт, 50-100 мл шынысауыт, ұзындығы 5-
10 см мыс сымы, 2 н тұз қышқылы, сүзгіш қағаз, бөлектеп
құйғы, тығыны бар шынысауыт.
2-3 мырыш түйірін көлемі 250 мл кәрлен ыдысқа
салыңдар да, оған 3-4 мл азот қышқылымен қышқылданған
сынап (ІІ) нитратының 2 % ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны
10 минут араластырыңдар. Ерітіндіні құйып алып,
мырышты ерітінді мөлдір болғанша декантация әдісімен
жуыңдар.
Алынған
амальгамданған
мырышты
дистилденген
су
құйылған
ыдыста
сақтаңдар.
Амальгамданған мырыштың тұз қышқылына әсерін
тексеріңдер. Не байқалады? Қышқылдағы амальгамданған
мырышқа мыс сымын тигізіңдер. Не байқалады?
Амальгамданған мырыш не үшін қолданылады?
2. Сынапты сүзу және химиялық әдіс арқылы
тазарту
Қажетті жабдықтар және реактивтер: шыны құйғы, сүзгі
қағазы, дистилденген су, 10 % азот қышқылы, сынап (ІІ)
нитраты.
Шыны құйғыға қағаз сүзгіні салып, конустық түбін
инемен 3-4 жерінен тесіңдер. Құйғыны цилиндрге
ауыстырып, 5-6 мл ластанған сынап салыңдар. Не
байқалады? Осы әдіспен сынап қандай қоспалардан
тазартылады?
Алдыңғы тәжірибеде тазаланған барлық сынапты
көлемі 100 мл бөлектеп құйғыға құйыңдар. Оған 2 мл 10 %
азот қышқылымен қышқылданған 20 мл сынап (ІІ)
нитратын қосыңдар. Құйғы тесігін тығынмен жауып, 10-15
минут бойы араластырыңдар. Сынапты құйғыдан шүмегі
арқылы цилиндрге құйып алыңдар. Құйғыдан шайылған
337
сұйықты төгіп тастаңдар. Бөлектеп құйғыны 2-3 рет
дистилденген сумен жуыңдар.
Сынапты қайтадан цилиндрден құйғыға ауыстырып, 2-
3 рет дистилденген сумен жуыңдар. Металды таза ыдысқа
салыңдар да, сынаптың бетінен су тамшыларын сүзгіш
қағазбен сіңіріп алып, ыдысты жақсылап тығындап,
тұғырықта қалдырыңдар. Бұл жағдайда сынап қандай
қоспалардан тазарады?
3. Несслер реактиві (аммоний-ионына сапалық
реакция).
Ескерту: Жұмысты жан-жағы биік тұғырықта
жүргізіңдер!
Қажетті жабдықтар және реактивтер: көлемі 50 мл
химиялық стакан, спирт шамы, көлемі 10 мл цилиндр,
жылытқыш аспап, технохимиялық таразы, қоңыр шыныдан
жасалған шынысауыт, сынауықтар, тамшылатқыш, 0,1 н
сынап нитраты, кристалдық калий йодиды, 0,1 н калий
йодиді, ң 10% натрий гидроксиді, 1 н аммиак ерітіндісі.
Көлемі 50 мл стаканға 80
0
С дейін қыздырылған сынап
(ІІ) нитратының 0,1 н ерітіндісінің 5 мл құйыңдар. Оған 5
мл калий йодидының 0,1 н ерітіндісін қосыңдар. Қоспаны
суытып, түзілген тұнбаны біраз уақытқа қалдырыңдар.
Тұнбаның үстіндегі сұйықты төгіп тастап, декантация
әдісімен 3 рет суық дистилденген сумен жуыңдар. Тұнбаға
5 мл суда ерітілген 0,2 г калий йодидын қосып,
араластырыңдар. Тұнба ерігеннен кейін оған 3 мл натрий
гидроксидінің 10% ерітіндісін қосып, қоспаны тығыны бар
қоңыр шыныдан жасалған шынысауытқа ауыстырыңдар.
Сынауыққа 2 мл алынған ерітіндіні құйып, тамшуырмен
338
бірнеше тамшы 1 н аммиак ерітіндісін қосыңдар. Не
байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
339
4. Мырыш хлоридін алу
Ескерту: Фосфор (V) оксиді ылғалданғыш. Жаңа
дайындалған үлгіні қолданып, онымен тез жұмыс істеу
керек.
Қажетті жабдықтар және реактивтер: Вюрц құтысы,
кәрлен
табақша,
тамшылап
құйғы,
шайғыш
шынысауыттар,
кварц
түтігі,
кәрлен
қайықшасы,
хлоркальцийлі түтік, шыны мақта, газ жанарғысы, Кипп
аппараты, тығындар, түйіршікті мырыш, фосфор (V)
оксиді, калий пермагантының кристалдары, концентрлі тұз
қышқылы, талшықтас, мәрмәр.
68 суреттегідей құрылғы жинаңдар. Кәрлен қайықшада
1-2 г таза мырыш түйірін өлшеп алып, қайықшаны қиын
балқитын түтікке орналастырыңдар. Қабылдағыш ретінде
Вюрц құтысын қолдануға болады.
Хлоркальцийлі түтікті шыны мақтаға салынған фосфор
(V) оксидімен толтырыңдар. Құрылғы арқылы құрғақ хлор
жібере отырып, реакциялық түтіктің мырышы бар
қайықша тұрған жерін 650-700
0
С қыздырыңдар.
68-сурет. Мырыш хлоридін алуға арналған құрылғы
340
Барлық мырыш әрекеттесіп біткеннен кейін аспапты хлор
ағынында суытыңдар. Кипп аппаратын пайдаланып
хлорды құрғақ көміртек диоксидімен ығыстырып
шығарыңдар.
Қабылдағышты
алып
тастап,
оның
саңылауын тез тығынмен жабыңдар. Тұздың ауада не
болатынын тексеріңдер. Алынған өнімнің аздаған
мөлшерін суы бар кәрлен тостағанға салыңдар. Не
байқалады?
Реакция
теңдеулерін
жазыңдар.
Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
5.Мырыш хлоридін дәнекерлеуге қолдану
Қажетті жабдықтар және реактивтер: зімпара қағазы,
мыс сымы, талшықтас, электрлік дәнекер, мыс хлоридінің
концентрлі ерітіндісі, қалайы.
Зімпара қағазымен мыс сымының екі ұшын
тазалаңдар.
Оларды
бір-біріне
тиетіндей
етіп
талшықтастың үстіне орналастырыңдар. Сол талшықтасқа
1-2 г қалайы металын қойып қойыңдар. Электрлік
дәнекерді қою-қызыл түске дейін қыздырып қалайыға
тигізіңдер. Балқыған қалайының тамшысын мыс сымдары
түйіскен жеріне апарыңдар. Не байқалады? Қалайы
арқылы мыс сымының ұштары дәнекерленді ме? Сол мыс
сымын 1 минутке мырыш хлоридінің концентрлі
ерітіндісіне
батырыңдар.
Жоғарыдағы
әрекеттерді
қайталаңдар. Осы жағдайда мыс сымдары дәнекерленді
ме?
Металдарды
дәнекерлегенде
мыс
хлоридінің
концентрлі ерітіндісін пайдалану неге негізделген?
Металды тағы қалай тазалауға болады?
6.
Кадмий йодидінің азотты комплексін алу
Қажетті жабдықтар және реактивтер: көлемі 25 мл
сынауық, қысқыш, құйғы, сүзгі қағаз, қырналған конус
341
тәрізді құты, шайғыш шынысауыт, тоңазытқыш, электр
плитасы, су жылытқышы, кадмий сульфатының 10%
ерітіндісі, мырыш пластинасы, кристалдық йод, кадмий
ұнтақтары, күміс нитратының 0,1 н ерітіндісі.
Сынауыққа 20 мл кадмий сульфатының 10%
ерітіндісін құйып, оған мырыш пластинасын батырыңдар.
Не байқалады? Бір сағаттан кейін әрекеттеспеген
мырышты алыңдар да, бөлінген металды сүзгі қағазы
арқылы сүзіп, ыстық дистилденген сумен жуып, ауада
кептіріңдер. Тоңазытқышпен қамтамасыз етілген көлемі 50
мл құтыға
2,8 г йод, 2,4 г кадмий ұнтақтарын салып, 20 мл
дистилденген су құйыңдар. Реагенттер толық ерігенше
қоспаны қайнатыңдар. Тоңазытқышты алып тастап,
қоспаны йодтың артық мөлшері ұшып кеткенше
қайнатыңдар (тартқыш шкафта!). Кристалдар түзілгенше
мөлдір ертіндіні су жылытқышында буландырыңдар.
Тұнбаны сүзгі қағаз арқылы сүзіп, суық сумен жуыңдар.
Алынған заттың құрамы қандай? Алынған заттың аздаған
кристалдарын дистилденген суға ерітіп, күміс нитраты
ертіндісінің
бірнеше
тамшысын
қосыңдар.
Күміс
йодидының тұнбасы түзіле ме? Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
7. Мырыш аммоний хлоридін алу
Қажетті жабдықтар және реактивтер: көлемі 100 мл
химиялық стақандар, сүзгі қағаз, құйғы, шайғыш
шынысауыт, су жылытқысы, Бюхнер құйғысы, суағынды
сорғы, микроскоп, мырыш және аммоний хлоридтерінің
қаныққан ерітінділері.
342
Құрамында 0,01 моль мырыш хлориді және 0,03 моль
аммоний хлориды бар қаныққан ерітінділер дайындаңдар
да, оларды бір-біріне қосыңдар. Алынған ерітіндіні сүзіп,
су
жылытқысында
кристалдар
пайда
болғанша
буландырыңдар. Микроскоп арқылы түзілген қосылыстың
кристалдарының түрін көріп, оларды мырыш және
аммоний
хлоридінің
кристалдарының
түрлерімен
салыстырыңдар. Бөлінген тұзды суағынды сорғы арқылы
(вакуумде) құрғатыңдар.
343
ҚОСЫМША
Қолданылған әдебиеттер
1. Зайцев О.С. Исследовательский практикум по общей
химии. М.: Изд-во МГУ, 1994. 480 с.
2. Практикум по неорганической химии/Под ред. проф.
В.П.Зломанова М.: Изд-во Моск. ун-та, 1994. 320с.
3. Практикум
по
общей
и
неорганической
химии/Л.С.Гузей и др. Под ред. С.Ф.Дунаева М.: Изд-
во Моск. ун-та, 2000. 87 с.
4. Спицын В.И., Субботина Н.А., Санталова Н.А.
Руководство к лекционным демонстрациям по
неорганической химии. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1977.
194 с.
5. Степин Б.Д. Техника лабораторного эксперимента в
химии. М.: Химия, 1999. 599 с.
6. Воскресенский П.Н. Техника лабораторных работ.
М.: Химия, 1973. 717 с.
7. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. -М.: Химия,
1997.-527с.
8. Степин Б.Д. Применение международной системы
единиц физических величин в химии. М.: Высш. шк,
1990.96 с.
9. Захаров Л.Н. Техника безопасности в химических
лабораториях. Л.: Химия. 1985 184 с.
10. Семенов А.С. Охрана труда при обучении химии. М.:
Просвещение, 1986. 160 с.
11. Фрайштат Д.М. Реактивы и препараты. Хранение и
перевозка. М.: Химия, 1977. 421 с.
12. Крищенко В.П. Техника лабораторных работ. М.:
Агропромиздат, 1988 255 с.
344
13. Иванов Б.И. Пожарная безопасность в химических
лабораториях. М.: Химия, 1988.-112 с.
14. Коновалов В.Н. Техника безопасности при работах по
химии. М.:Просвещение, 1980. 128 с.
15. И.Г.Ключников
Практикум
по
неорганическому
синтезу.-М.: Просещение.,1988.
16. В.Карякин,
И.И.Ангелов
Чистые
химические
реактивы.-М.: Химия, 1974.-408с.
Достарыңызбен бөлісу: |