5. Никель (ІІ) тұздарының қасиеттері.
1. Стаканға 50 см
3
су құйып, үстіне 5-6 тамшы никель
тұзы ерітіндісін және сондай көлемде аммиак ерітіндісін
қосып, араластырып тұрып спиртті диметилглиоксим
ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Не түзіледі? Реакция
теңдеуін жазыңдар.
2. Екі сынауыққа 1-2 тамшы никель тұзын салыңдар
да, біріншісіне 3-4 тамшы күкіртсутекті су, екіншісіне 3-4
тамшы
аммоний
сульфиді
ерітіндісін
қосыңдар.
Сынауықтың қайсысында тұнба түзіледі? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
ғ 118 жұмыс. Темір, кобальт, никельдің
комплексті қосылыстары
317
Абайлаңдар( Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу
қажет.
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа зиянды.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
шыны таяқша, 2 н ортофосфор, фторсутек және сірке
қышқылдары, 0,01 н аммоний тиоцианаты, кобальт (ІІ)
тұзының қаныққан ерітіндісі, спирттің эфирмен қоспасы,
калий нитратының кристалдары, 0,5 н темір (ІІІ) хлориді,
кобальт хлориді, аммоний хлориді, аммиактың концентрлі
ерітіндісі, никель (ІІ) хлоридінің гексагидраты, аммоний
хлоридінің
қаныққан
ерітіндісі,
дистилденген
су,
жылытқыш құрал.
Комплексті аниондарымен қосылысы.
1. Темір
(ІІІ) фосфаты комплексінің алынуы.
Сынауыққа 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлоридін құйып, 1 тамшы
0,01 н аммоний тиоцианатын және 2 тамшы 2 н
ортофосфор қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Реакция
теңдеуін жазыңдар.
2. Темір
(ІІІ) фториді комплексінің алынуы.
Сынауыққа 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін
құйып, оған 2 тамшы
2 н аммоний тиоцианатын және 2 тамшы 2 н фторсутек
қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін
жазыңдар.
3. Кобальт (ІІ) роданиді комплексінің алынуы.
Сынауыққа 2 тамшы қаныққан кобальт тұзы ерітіндісін
құйып, оған 5-6 тамшы қаныққан аммоний тиоцианаты
ерітіндісін қосыңдар. Алынған тиоцианат ерітіндісінің
түсін
жазып
алыңдар.
Түсі
өзгергенше
сумен
араластырыңдар да, оған 2 тамшы спирттің эфирмен
қоспасын
қосыңдар.
Ерітіндіні
шыны
таяқшамен
араластырып, түсінің өзгеруін бақылаңдар. Бақылаған
құбылыстарды сипаттаңдар.
318
4. Калий гексанитритокобальтатының (ІІІ) алынуы.
Сынауыққа 3-4 тамшы қаныққан кобальт (ІІ) тұзының
ерітіндісін және калий нитритінің бірнеше кристалын
салыңдар. Оған 1-2 тамшы 2 н сірке қышқылын қосыңдар.
Қоспаны қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Тұнбаға не
түседі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Комплексті катиондармен қосылыстары.
1. Кобальттың аммиакты комплексінің алынуы.
Кобальт хлориді ерітіндісіне аммоний хлориді ерітіндісін
және концентрлі аммиак ерітіндісінің артық мөлшерін
қосыңдар. Не байқалады? Сынауықты шайқай отырып (не
үшін?)
кобальт
тұзының
аммиакты
ерітіндісін
қайнатыңдар. Оның түсінің өзгеру себебін түсіндіріңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Никельдің аммиакты комплексінің алынуы. 2 см
3
суда 0,5 г 6 молекула суы бар никель (ІІ) хлоридін
ерітіңдер де, оған түзілген тұнба (құрамы қандай?)
ерігенше тамшылатып 25% аммиак ерітіндісін қосыңдар.
Одан әрі дәл сол көлемде концентрлі аммиак ерітіндісін,
қаныққан аммоний хлоридін қосыңдар. Не болады?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
Сулы ерітіндіде қандай комплексті ион тұрақты
болады: 1)[Fe(NH
3
)
6
]
2+
, 2)[Co(NH
3
)
6
]
2+
, 3) [Nі(NH
3
)
6
]
2+
?
Қандай элемент үшін (Fe, Co, Nі) [Э(NH
3
)
6
]CІ
2
+ 2H
2
O =
Э(OH)
2
+
4NH
3
+
2NH
4
CІ реакция тепе-теңдігі
максималды
түрде
оңға
ығысқан?
Кобальт
(ІІ)
қосылыстарына қарағанда кобальт (ІІІ) қосылыстарының
аммиакты комплекстері тұрақты екенін мысал келтіре
отырып, түсіндіріңдер. Егер комплексті иондардың
[Co(NH
3
)
6
]
2+
- парамагнитті, [NіF
6
]
3-
- диамагнитті,
[Co(NH
3
)
6
]
2+
- диамагнитті, [NіF
6
]
4-
- парамагнитті,
[Fe(CN)
6
]
3-
- парамагнитті, [Fe(CN)
6
]
4-
- диамагнитті екені
319
белгілі болса, онда атомдық орбиталдардың гибридтену
типі қандай?
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
(курстық жұмыстардың тақырыптары)
Ескерту. 1-4 жұмыстарды бір-бірімен ауыстыруға
болады, сондықтан осы жұмыстардың біреуін ғана
орындауға болады. Бұл жұмыста сендер Fe, Co, Nі
қосылыстарын аласыңдар. Нақты нәтижелерді алу үшін
сендерге лабораториялық тәжірибенің шарттарын
мұқият орындау қажет.
Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу
қажет. Денсаулыққа зиянды.
1.
Темір оксалатының алынуы.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Бюхнер
құйғысы, тығыз тығыны бар ыдыс, су ағынды сорғы,
кептіргіш шкаф, 0,5 н темір (ІІ) сульфаты, Мор тұзы,
аммоний оксалаты.
200 мл Мор тұзына толық тұнба түзілгенше аммоний
оксалатының ерітіндісін қосыңдар. Декантация әдісімен
тұнбаны бірнеше рет дистилденген сумен шайып, Бюхнер
құйғысында сүзіңдер де, сульфат-ионынан толық жуылып
болған соң 100
0
С температурада кептіріп, тығыз
жабылатын тығыны бар ыдысқа салып қойыңдар.
2.
Мор тұзының алынуы.
Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу
қажет. Тітіркендіргіш әсері бар!
Гексан және метанол оңай тұтанатын сұйықтар. Олардың
бетін жауып немесе жалыннан алшақ ұстау керек. Ашық
жалынның жанында спирт жанарғысын ашпау керек.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: темір сымы,
320
250 мл жазық түпті құты, спирт жанарғысы, 2 н
сұйытылған H
2
SO
4
, аммоний сульфатының қаныққан
ерітіндісі, Бюхнер құйғысы, сүзгіш қағаз, су ағынды сорғы,
технохимиялық таразы.
Ескерту: Егер барлық операциялар тез жүргізілсе,
тәжірибе сәтті өтеді.
2 г ұсақ кесілген сымды құтыға салып, оны қыздырып, 2 н
H
2
SO
4
ерітіндісінің есептелген мөлшерінде ерітіңдер.
Ерітіндінің көлемін тұрақты ұстап тұру қажет. Металл
ерігеннен кейін, алынған ерітіндіні сүзіп, оның бетінде
кристалдық
қабықша
түзілгенше
буландырыңдар.
Ерітіндіде қандай заттар бар?
Темірдің бір атомына тұздың бір молекуласы сәйкес
келетіндей етіп қыздыру арқылы аммоний сульфатының
қаныққан ерітіндісін дайындаңдар. Алынған ерітінділерді
ыстықтай
араластырып,
кристалданғанша
қойып
қойыңдар. Түзілген кристалдарды Бюхнер құйғысында
сүзіп, оны суық судың біраз мөлшерімен жуып, сүзгіш
қағазда кептіріңдер. Тұзды өлшеп, пайыздық шығымын
есептеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3.
Темір (ІІ) гидрокарбонаты және карбонатының
алынуы.
Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу
қажет. Тітіркендіргіш әсері бар.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
Кипп аппараты, 2 н H
2
SO
4
, бірнеше темір (ІІ) тұзының
кесектері, 2 н натрий карбонаты, көмірқышқыл газы, спирт
жанарғысы.
Сұйытылған күкірт қышқылының бір тамшысымен
қышқылдандырылған дистилденген суды 1-2 минут
сынауықта қыздырыңдар. Оған темір (ІІ) тұзының бірнеше
321
кесегін салыңдар (шайқамаңдар!) және 1 мл натрий
карбонаты ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?
Не үшін тұнбаның түсі ауада өзгеретінін түсіндіріңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар. Кипп аппаратынан тұнбасы
бар сұйықтыққа көмірқышқыл газын жіберіңдер. Одан соң
сынауықты қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
4.
Пентаамминхлоркобальтат (ІІІ) хлоридін алу.
Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет.
Тітіркендіргіш әсері бар. Концентрлі тұз қышқылы,
концентрлі аммиак ерітіндісі, сутек пероксиді ерітіндісі,
спирт тез тұтанады.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтар: 100 мл
конус тәрізді құты, тұрғы, электр плитасы, Бюхнер
құйғысы, ұсақ саңлаулы шыны сүзгіш, әмбебап индикатор
қағазы, спирт, кобальт (ІІ) хлоридінің гексагидраты,
аммоний хлориді, 30% сутек пероксиді, концентрлі тұз
қышқылы, 25% аммиак ерітіндісі, мұз.
100 мл конус тәрізді құтыға 5 г CoCІ
2
L6H
2
O, 7 г NH
4
CІ
салып, оны судың аз көлемінде (5-7 мл) ерігенше
қыздырыңдар. Ерітіндіге 25 см
3
концентрлі аммиак
ерітіндісін, содан кейін толассыз араластыра отырып,
тамшылатып 7 см
3
30% сутек пероксидін қосыңдар.
Сутек пероксидінің қайнауы тоқтағанда және ерітінді
қара қошқыл түске боялғанда тотығуды аяқталды деп
есептеуге болады.
Алынған
ерітіндіге
біртіндеп
концентрлі
тұз
қышқылын қосып бейтараптаңдар. Артық аммиак
мөлшерін бейтараптаған соң (оған 30 мл тұз қышқылы
кетеді) ерітіндіге тағы да 5 мл тұз қышқылын құйыңдар.
Құтыны қайнағанша қыздырып, суыққа қойып қойыңдар.
322
Түзілген тұнбаны Бюхнер құйғысында немесе ұсақ
саңлаулы шыны сүзгіште сүзіп алыңдар.
Препаратты қайта кристалдау үшін құйғыны
тұрғыға орналастырып, оның астына конус тәрізді құтыны
қойып, тұнбаны ыстық, 25% аммиак ерітіндісінде
ерітіңдер. Ерітіндіге күшті қышқылдық реакцияға дейін
(оны әмбебап индикатор қағазымен анықтаңдар) тұз
қышқылын қосыңдар және 15-20 минут бойы қайнатыңдар.
Одан кейін құтыны суытып, түзілген кристалды 2 рет
суық сумен және 1 рет спиртпен жуыңдар.
Кристалдарды
өлшеп,
алынған
Со(ІІ)
хлориді
кристаллогидратының массасы бойынша тұздың шығымын
анықтаңдар.
31. МЫС. КҮМІС
ғ 119 жұмыс. 1. Мыстың алынуы және мыс (І)
қосылыстарының қасиеттері.
Көмірді тотықсыздандыру арқылы мыс (ІІ)
сульфатынан мыс алу
Абайлаңдар! Мыстың барлық қосылыстары улы!
Қажетті құралдар мен реактивтер: мыс (ІІ) сульфаты,
натрий карбонаты, көмір, отбақыраш, муфель пеші, газды
жылытқыш, келі мен келсап.
2 г мыс (ІІ) сульфаты, 2,5 г натрий карбонаты және 0,6
г көмірден тұратын қоспа дайындаңдар (заттар ұнтақ
түрінде болуы қажет). Қоспаны отбақырашқа салыңдар да,
үстіне көмір сеуіп, олар толығымен құрғағанға дейін
газды
жылытқышта
қыздырыңдар.
Одан
кейін
отбақырашты қақпақпен жауып, 800-900
0
С температурада
қыздырыңдар. Алынған қоспаны суытып, ұсақтап мысты
323
бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мұнда натрий
карбонаты мен көмірдің атқаратын ролі қандай?
ғ 120 жұмыс. Мыс сульфатынан мыс алу
Қажетті
құралдар
мен
реактивтер:
суықтай
қанықтырылған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, кәрлен
табақша, мырыш үгінділері, су жылытқысы, 5% тұз
қышқылы, сүзгі қағазы, шынысауыт.
5 мл суықтай қанықтырылған мыс сульфаты ерітіндісін
дайындап, оны кәрлен табақшаға құйып, оған мырыш
ұнтағының есептелген мөлшерін аз-аздан салыңдар.
Қоспасы бар ыдысты су жылытқысына қойып, 80
0
С- қа
дейін қыздырыңдар. Реакция аяқталғаннан кейін ерітіндіні
құйып алыңдар. Бөлінген мыс тұнбасын 5% хлорсутек
қышқылымен шайып, декантация әдісімен сумен жуып,
сүзгіге салып, тағы да сумен шайқап, сүзгі қағазының
ортасында кептіріңдер. Металды тығыз жабылатын
шынысауытта сақтаңдар. Мыстың концентрлі және
сұйытылған НNO
3
, НCІ, Н
2
SO
4
қышқылдарына әсерін
зерттеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс ауада
тұрғанда неге ұшырайды? Мысты өндірісте қалай алуға
болады?
2. Мыс (І) қосылыстары.
ғ 121 жұмыс. Мыс (І) оксидінің алынуы
Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (ІІ) сульфаты,
20%
глюкоза ерітіндісі, 20% натрий гидроксиді,
дистилденген су, спирт шамы.
Жылы суда 2,5 г мыс (ІІ) сульфатын ерітіп, 1,5 г
глюкоза қосыңдар. Ерітіндіні қыздырып, оған 2,5 мл 20%
натрий гидроксидін тез арада құйыңдар. Қоспаны
араластырып, 1 сағатқа қалдырып қойыңдар. Бөлінген
324
тұнбаны дистилденген сумен жуып, келесі тәжірибеге
сақтап қойыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 122-жұмыс. Мыс (І) оксидінің қасиеттері
Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (І) оксиді, күкірт
қышқылы (конц), тұз қышқылы (конц), аммиак ерітіндісі
(25%), сынауықтар.
Алынған мыс (І) оксидінің қышқыл және аммиак
ерітінділеріне әсерін анықтаңдар. Ол үшін мыс (І) оксидін
4 сынауыққа салыңдар. Бірінші сынауықты қыздыра
отырып, оған концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар.
Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
Екінші сынауыққа түзіліп отыратын ақ тұнба ерігенше
концентрлі тұз қышқылын тамшылатып құйыңдар.
Ерітіндіні келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Үшінші
және төртінші сынауықтардағы мыс (І) оксидін 25%
аммиак ертіндісімен ерітіп, біреуін тығынмен нығыз
жауып, екіншісін ашық күйде қалдырып, екеуін де қатты
шайқаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
Реакция
теңдеуін
жазыңдар.
Кешенді
мыс
(І)
аммиакатының құрылысын валенттік байланыс әдісі
тұрғысынан қарастырыңдар.
ғ 123 жұмыс. Мыс (І) гидроксидін алу және оның
қасиеттері
Керекті құралдар мен реактивтер: мыс (І) оксидінің
хлорсутекті ерітіндісі, 20% натрий гидроксиді ерітіндісі,
10% аммиак ерітіндісі.
Мыс (І) оксидінің хлорсутекті ерітіндісіне (алдыңғы
тәжірибелерде алынған) тамшылатып 20% натрий
гидроксидін құйыңдар. Не байқалады? Тұнбадан ерітіндіні
325
сүзіп алып, тұнбаға (тамшылатып) 1-2 мл 10% аммиак
ерітіндісін
құйыңдар.
Не
болады?
Байқалған
құбылыстарды түсіндіріңдер. Бөлінген тұнбаның түсі және
құрамы қандай? Тұнбаның еруі немен түсіндіріледі?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Мыс (ІІ) қосылыстары.
ғ 124 жұмыс. Мыс (ІІ) оксидінің алынуы
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар,
қыздырғыш құрал, мыс сульфаты ерітіндісі, 5% натрий
гидроксиді, концентрлі және сұйытылған H
2
SO
4,
HNO
3
,
HCІ, NаOH ерітінділері.
Аз мөлшердегі ыстық 5% натрий гидроксидіне ыстық
мыс сульфаты ерітіндісін құйыңдар. Реакциялық қоспаны
араластыра отырып, 10-15 минут бойы қыздырыңдар. Не
байқалады? Мыс (ІІ) оксидінің концентрлі және
сұйытылған азот, тұз, күкірт қышқылдарына, сонымен
бірге суық күйіндегі және ыстықтай натрий гидроксидіне
әсерін
анықтаңдар.
Байқалған
құбылыстарды
түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 125 жұмыс. Мыс (ІІ) гидроксидін алу және оның
қасиеттері
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар,
стақандар, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, глицерин, 2% және
30% натрий гидроксиді ерітіндісі, Бунзен құтысы, Бюхнер
сүзгіші, 1 н НСІ ерітіндісі, 25% аммиак ерітіндісі, сүзгі
қағазы, шыны таяқша, су ағынды сорғы.
а) Мыс (ІІ) гидроксиді сусызданып кетпеуі үшін мыс
сульфаты ертіндісіне 0,5 мл глицерин қосыңдар да,
ерітіндіні араластыра отырып, мыс (ІІ) гидроксиді толық
326
тұнбаға түскенше 2% натрий гидроксидін құйыңдар.
Тұнбаны 1 мл глицерин және 1 мл суық судан тұратын
қоспамен декантация әдісімен сульфат иондары толық
жойылып кеткенше шайыңдар да, Бюхнер сүзгісінде сүзіп,
тағы да сумен жуыңдар.
б) Алынған мыс (ІІ) гидроксидін бірнеше сынауыққа
бөліп, оның 1 н хлорсутек қышқылына, 30% натрий
гидроксидіне және 25% аммиактың артық мөлшеріне
әсерін зерттеңдер. Бір сынауықтағы мыс (ІІ) гидроксидін
қыздырып
көріңдер.
Байқалған
құбылыстарды
түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс (ІІ)
гидроксиді қандай қасиет көрсетеді? Аммиак ерітіндісінде
мыс қандай ион түрінде болады?
ғ 126 жұмыс. Мыс (ІІ) аммиакты комплексті тұзын алу
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, мыс (ІІ)
сульфатының пентагидраты, сүзуге арналған құрылғы,
15% аммиак, этил спирті, концентрлі аммиак ерітіндісі,
натрий
гидроксиді
ерітіндісі,
дистилденген
су,
күкіртсутекті су.
Ұнтақталған мыс (ІІ) сульфатының пентагидратының
0,5 грамын 12,5 мл 15% аммиак ерітіндісінде ерітіңдер.
Лай пайда болғанда ерітіндіні сүзу қажет. Сүзіндіге
ақырындап 7,5 мл спирт құйып, оны суық жерге бірнеше
сағатқа қалдыру керек. Түзілген кристалды сүзіп, спирттің
концентрлі аммиак ерітіндісімен қоспасымен (1:1) шайып,
бөлме температурасында кептіріңдер. Алынған тұздың
бірнеше кристалын судың аз мөлшерінде ерітіп, оны екі
сынауыққа бөліп, біреуіне 1-2 мл натрий гидроксидін,
екіншісіне күкіртсутек суын қосыңдар. Байқалған
құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Алынған
зат
ерітіндіде
қандай
иондарға
327
диссоциацияланады?
Алынған
тұздың
ерітіндісіне
күкіртсутек және натрий гидроксиді ертінділерінің түрлі
әсерін қалай түсіндіруге болады? Валенттік байланыс әдісі
тұрғысынан
комплексті
ионның
құрылысын
қарастырыңдар.
ғ 127 жұмыс. Мыс (ІІ) тұздарының гидролизі
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, мыс (ІІ)
сульфаты ерітіндісі, лакмус қағазы, қыздырғыш құрал,
концентрлі мыс (ІІ) хлориді ерітіндісі, рН- метр.
а) Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін көк лакмус қағазымен
сынаңдар. Сұйытылған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін
қайнағанша қыздырып, қайтадан лакмус қағазымен
анықтаңдар.
б) Концентрлі мыс (ІІ) хлориді ерітіндісін дайындап, оның
рН-мәнін өлшеп, ерітіндіні біртіндеп дистилденген сумен
сұйылтыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Күміс
ғ 128 жұмыс. Күмістің қасиеттері
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, НСІ,
H
2
SO
4
,
НNO
3
ерітінділері, күкіртсутекті су, 0,1 н күміс
нитраты, мыс және күміс сымдары.
Қышқылдардың қайсысында және қандай жағдайда
күміс ериді? Сынауыққа 2-3 мл күкіртсутекті су құйып,
оған мыс сымын салыңдар. Зімпара қағазымен тазартылған
мыс пластинкасын немесе сымын 0,01 н күміс тұзына
батырыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
Күміс
сульфидінің
ерігіштік
туындыларының
шамаларымен танысыңдар. Неліктен күміс бұйымдары
328
ауада қараяды? Металдардың кернеу қатарында күміс
қандай орын алады?
ғ 129 жұмыс. Күміс оксидін алу
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, 0,1 н
күміс нитраты, 0,1 н натрий гидроксиді, 25% аммиак
ерітіндісі.
Сынауыққа 1 мл 0,1 н күміс нитратын құйып, оған 1 мл
0,1 н натрий гидроксидін қосыңдар. Түзілген тұнбаны
декантация әдісімен сумен шайып, ауада кептіріңдер.
Алынған тұнбаны екіге бөліп, біреуін сынауықта
қыздырып, екіншісіне 25% аммиак ертіндісін құйыңдар.
Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаның құрамы қандай?
ғ 130 жұмыс. Аз еритін күміс қосылыстарын алу
Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, күміс
нитраты, хлориді, бромиді, йодиді ерітінділері, аммиак
ерітіндісі, натрий тиосульфаты ерітіндісі.
Күміс нитраты ерітіндісінің аз мөлшерін үш сынауыққа
бөліп құйыңдар да, біреуіне хлор, екіншісіне бром,
үшіншісіне йод ерітінділерін қосыңдар. Тұнбаның
түзілгендігін байқаңдар. Алынған тұнбаларды сыртқы түрі
бойынша
салыстырыңдар.
Тұнбаларды
декантация
әдісімен сумен шайып, оған жарықтың, аммиак
ерітіндісінің және натрий тиосульфаты ерітіндісінің әсерін
анықтаңдар.
Галогендердің атомдық нөмері өскен сайын күміс
галогенидтерінің түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге
болады? Күміс ионына қай анионның сезімталдығы
жоғары? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сурет шығаруда
329
неліктен
калий
иодиді
емес,
калий
бромиді
қолданылатынын түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |