Бейорганикалық



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


22. БЕРИЛИЙ, МАГНИЙ 
 
(Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті() 
Берилийдің  қосылыстары  улы!    Олармен    жұмыс 
істегенен  кейін  қолыңдарыңды  жуыңдар.  Берилийдің 
қосылыстарының  қалдықтарын  лаборантқа  тапсыру 
керек.  
 
ғ 84 жұмыс. Берилий және магнийдің химиялық 
қасиеттері 
 
Қажетті  жабдықтар  мен  реактивтер:  магний  жолағы, 
зімпара  қағазы,  сынауықтар,  тұрғы,  спирт  шамы  (немесе 
жанарғы),  фенолфталеин,  4%  тұз,  күкірт  және  азот 
қышқылдары,  Кипп  аппараты,  отбақыраш  қысқыштары, 
кәрлен  табақша,  көміртек  диоксиді,  концентрлі  сілті 
ерітіндісі.  
 
1.  Магнийдің  сумен  әрекеттесуі.  Магний  жолағының 
кішкене  кесегін  (1-2  см)  зімпара  қағазымен  оксидтен 
жақсылап  тазалап,  6-7  тамшы  дистилденген  су  құйылған 
сынауыққа  салыңдар.  Сынауықты  тұрғыға  бекітіп,  бөлме 
температурасында  реакция  жүрмейтінін  байқаған  соң, 
спирт шамымен немесе жанарғымен жаймен қыздырыңдар. 
Не  байқалады?  Сынауықты  суытып,  оған  2-3  тамшы 
фенолфталеин  қосыңдар.  Ерітіндінің  түсі  қалай  өзгереді? 
Реакция теңдеуін жазыңдар.  
2. Магнийдің сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі. 
Үш құрғақ сынауыққа магний ұнтағын (микроқалақшаның 
ұшымен)  салыңдар  да,  әрқайсысына    3-5  тамшыдан  тұз, 
күкірт, азот қышқылдарын қосыңдар. Қандай газ бөлінеді? 

 
254 
Реакция  теңдеулерін  жазыңдар.  Металдардың  кернеу 
қатарында магний қандай орын алады?  
3. Магнийдің көміртек диоксидімен әрекеттесуі. Магний 
жолағын  (3-5  см)  зімпара  қағазымен  тазалаңдар  да, 
қысқыштен ұстай отырып спирт шамымен немесе жанарғы 
жалында  жағыңдар.  Оны  алдын-ала  Кипп  аппаратынан 
алынған  көміртек  диоксидімен  толтырылған  көлемі  50  мл 
химиялық  стаканға  салыңдар.  Магнийдің  көміртек 
диоксидінде  жанғанын  байқаңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  
4.  Магнийдің  ауада  жануы.  Қысқышпен  ұстап  магний 
жолағын  (1-2  см)  тұтандырыңдар  және  оны  ауада  кәрлен 
табақшасының  үстінде  жағыңдар.  Түзілген  затқа  бірнеше 
тамшы  концентрлі  сілті  ерітіндісін  құйыңдар.  Бөлінген 
газды  абайлап  иіскеңдер.  Магний  ауа  құрамының  қандай 
бөліктерімен әрекеттеседі? 
 
ғ 85-жұмыс.  Берилий және магний қосылыстары. 
 
Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті! 
Қажетті  жабдықтар  мен  реактивтер:  сынауықтар,  3% 
берилий  сульфаты,  10%  аммиак  және  натрий  гидроксиді, 
10% тұз және күкірт қышқылдары, спирт шамы, тамшылап 
құйғы  немесе  тамшуыр,  құйғы,  шайғыш  шынысауыт, 
микроскоп,  магний  хлориді  немесе  сульфатының  3  % 
ерітіндісі,  10%  аммоний  хлориді,  аммоний  карбонатының 
қаныққан  ерітіндісі,  10%  натрий  карбонаты,  аммоний 
хлоридінің қаныққан ерітіндісі, 10% натрий ортофосфаты.  
 
1.  Берилий  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері.  4-5 
мл  берилий  сульфатының  3%  ерітіндісіне  тұнба  толық 
түзілгенше  аммиактың  10%  ерітіндісін  тамшылатып 
құйыңдар. 
Берилий 
гидроксидінің 
10% 
натрий 
гидроксидінің  ерітіндісіне  және  қышқылдарға  әсерін 

 
255 
тексеріңдер  (сілтінің  өте  аз  мөлшерін  пайдаланыңдар). 
Түзілген  берилий  гидроксидінің  сілтілік  ерітіндісін 
қайнатып,    тұнбаға  не  түсетінін  анықтаңдар.  Ерітіндіні 
суытқанда  тұнбаның  неліктен  жойылып  кетпейтінін 
түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2.  Магний  гидроксидін  алу  және  оның  қасиеттері. 
Магнийдің  қандай  да  бір  тұзына  сілті  ерітіндісімен  әсер 
ете отырып, сынауықта магний гидроксидін алыңдар. Оны 
үш  бөлікке  бөліп,  магний  гидроксидінің  10%  қышқыл, 
сілті, және аммоний хлоридіне әсерін анықтаңдар. Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
3. Берилийдің негіздік карбонаты.  
Берилий  сульфатының  4-5  мл  ерітіндісіне  тамшылатып 
аммоний  карбонатының  қаныққан  ерітіндісін  құйыңдар. 
Тұнбаның  түзілуін  және  оның  реактивтің  артық 
мөлшерінде  еруін  түсіндіріңдер.  Алынған  ерітіндіні 
қайнатыңдар.  Ерітіндіні  қайнатқанда  неліктен  тұнба 
түзілетінін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.  
4.  Магнийдің  негіздік  карбонаты  (ақ  магнезия).  50

С 
дейін  қыздырылған  магний  сульфаты  немесе  хлориді 
ерітіндісіне  (4-5  мл)  тұнба  толық  түскенше  натрий 
карбонатының  ерітіндісін  құйыңдар.  Түзілген  заттың 
құрамы 
қандай?  Түзілген 
тұнбаны 
сүзіңдер  де, 
дистилденген  сумен  шайып,  сүзгіш  қағазымен  бірге  ауада 
кептіріңдер.  Оның  құрамы  қандай?  Сүзіндіні  қайнағанша 
қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.  
5. Магний-аммоний фосфаты. Сынауыққа 4-5 мл магний 
хлоридінің 3 % ерітіндісін құйып, оған аммиак  ерітіндісін 
қосыңдар.  Қандай  өзгерістер  байқалады?  Соның  үстіне 
тұнба  ерігенше  аммоний  хлоридінің  қаныққан  ерітіндісін 
тамшылатып  құйыңдар.  Тұнбаның  жойылып  кеткенін 
қалай  түсіндіруге  болады?  Сынауыққа  1  мл  натрий 
ортофосфатын  құйыңдар.  Не  байқалады?  Түзілген 
кристалдарды сүзіп алып, олардың пішінін  микроскоппен 

 
256 
көріңдер.    Кристалдардың  құрамдары  қандай?  Осы 
кристалдар  бар  сынауыққа  тұз  қышқылын  құйыңдар.  Не 
байқалады?  Байқалған  құбылыстарды  түсіндіріп,  реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
  
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР 
 
Тітіркендіргіш  әсері  бар,  денсаулыққа  қауіпті. 
Абайлаңдар! Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеңдер.  
 
Қажетті жабдықтар және реактивтер: 100 мл химиялық 
стакан,  50  мл  цилиндр,  құйғы,  250  мл  конус  тәрізді  құты, 
кәрлен  табақша,  сулы  немесе  құмды  жылытқыш,  Вюрц 
құтысы,  газ  өткізгіш  түтігі  бар  сифон,  технохимиялық 
таразы,  отбақыраш,  муфель  пеші,  20%  тұз  қышқылы, 
магний  оксиді,  суытқыш  қоспа  (натрий  хлориді  қосылған 
мұз), құрғақ натрий хлориді, концентрлі күкірт қышқылы. 
 
1. Магний хоридінің гексагидратын алу. Көлемі 100 мл 
стаканға  50  мл  20%  тұз  қышқылын  құйыңдар  да,  оған 
магний  оксидінің  есептелген  мөлшерін  салыңдар.  Егер 
ерітінді  мөлдір  болмаса,  онда  сүзіңдер  де,  сулы  немесе 
құмды  жылытқышта  бастапқы  көлемнің  жартысына  дейін 
суалтыңдар.  Оны  суытқыш  қоспаға  (натрий  хлориды 
қосылған  мұзға)  салып,  хлорсутек  ағынын  жіберіңдер. 
Түзілген  кристалдарды  сүзіп,  бөлме  температурасында 
шыныда  кептіріңдер.  Тұнбаны  таразыда  өлшеп,  пайыздық 
шығымын 
анықтаңдар. 
Магний 
хлоридінің 
гексагидратының  аздаған  мөлшерін  отбақырашқа  салып, 
қыздырыңдар.  Не  байқалады?  Тұздың  ыдырауын  соңына 
дейін 
жүргізіңдер. 
Оны 
қалай 
білуге 
болады? 
Отбақырашты  суытып,  оған  1-2  мл  су  құйыңдар.  Суда 
ерімей  қалған  заттың  құрамы  қандай?  Байқалатын 
құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.  

 
257 
 
2. Сусыз магний хлоридін алу.  
 
Қажетті  жабдықтар  және  реактивтер:    МgCІ
2
(6H
2

кристалдары  және  NH
4
CІ,  отбақыраш,  газ  жанарғысы 
немесе муфель пеші, ылғал сорғыш, металдарды хлорлауға 
арналған 
аспап, 
технохимиялық 
таразы, 
кәрлен 
қайықшасы,  магний  үгіндісі,  кварц  немесе  кәрлен  түтігі 
(
 =2,5  см,  d  =1,5-2  см)  Кипп  аппаратынан  алынатын 
көміртек диоксиді,  хлор ағыны, шыны шақша, стакан. 
 
Массалық  қатынастары  1:2  болатын  MgCl
2
(6H
2
O  және 
NH
4
CІ  кристалдарын  жақсылап  араластырыңдар. Қоспаны 
отбақырашқа  салып,  газ  жанарғысының  жалынына 
қыздырыңдар. 
Отбақырашты 
ішіндегі 
затымен 
ылғалсорғыштың ішінде суытыңдар. Неліктен?  
Металдарды хлорлайтын аспапты  (46-сурет)  жинаңдар  да, 
оның  герметикалығын  тексеріңдер.  Алдын-ала  өлшенген 
кәрлен қайықшасында 1 г магний үгінділерін өлшеп алып, 
оны  аспаптың  кварц  немесе  қиын  балқитын  шыныдан 
жасалған  түтігіне  салыңдар.  Жүйені  10-15  минут  құрғақ 
көміртек  диоксидінің  (Кипп  аппаратынан)  ағынында 
кептіріңдер.  Барлық  құрылғыны  хлормен  толтырып, 
түтіктің  кәрлен  қайықшасы  тұрған  жерін  газ  жанарғысы 
жалынында  қыздырыңдар.  Реакция  басталғанан  кейін 
құрғақ  хлор  ағынын  жібере  отырып  жанарғыны  алып 
тастаңдар.  Егер  реакция  толығымен  жүрмесе,  магнийді 
тағы  да  жалын  пайда  болғанша  қыздырыңдар.  Аспапты 
хлор  ағынында  суытыңдар.  Хлорды  құрғақ  көміртек 
диоксидімен ығыстырып шығарыңдар. Көміртек диоксидін 
жіберуді тоқтатпай түзілген затты өлшенген құрғақ шыны 
шақшаға  ауыстырып  салыңдар.  Шыны  шақшаны  алынған 
затпен өлшеп оның шығымын пайыз бойынша есептеңдер.  

 
258 
Кішкене  стаканға  3-5  мл  су  және  алынған  магний 
хлоридінің  аздаған  мөлшерін  салыңдар.  Не  байқалады? 
Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.  
 
3.Магнезиялы цемент(Сорель цементі) алу.  
   Тітіркендіргіш әсері бар.  
Қажетті  жабдықтар  және  реактивтер:  кәрлен  табақша, 
MgCІ
2
L6H
2
O  кристалдары,  шыны  таяқша,  магний  оксиді, 
шыны немесе отбақыраш қақпағы.  
 
 Кәрлен  табақшада  1  г  MgCІ
2   
суға  ерітіңдер.  Осы 
ерітіндіге  сусыз  магний  хлоридінің  бір  массалық  бөлігіне 
MgО  екі  массалық  бөлігі  сәйкес  келетіндей  магний 
оксидінің  қажетті  мөлшерін  қосыңдар.  Түзілген  қамыр 
тәрізді  массаны    отбақыраш  қақпағына  салып,  келесі 
сабаққа  дейін  қалдырыңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар. 
Алынған қосылыстың құрамы қандай? Магнезиялы цемент 
қайда қолданылады?  
  
22. КАЛЬЦИЙ, СТРОНЦИЙ, БАРИЙ  
 
Сілтілік 
жер 
металдардың 
оксидтері 
және 
гидроксидтері  
Абайлаңдар!    Барий    қосылыстары  улы.  Олармен 
жұмысты 
тартқыш 
шкафта 
және 
қорғағыш 
көзілдірікпен жасаңдар!  
 
ғ 86 жұмыс. Кальций оксидін алу және оның 
қасиеттерін зерттеу  
Қажетті  жабдықтар  және  реактивтер:  мәрмәр,  алдын-
ала  қыздырылған  отбақыраш,  муфель  пеші,  ылғалсорғыш, 
технохимиялық  таразы,  шыны  шақша,  сынауықтар,  шыны 
таяқша,  лакмус  қағазы,  көмір  қышқыл  газын  алуға 
дайындалған Кипп аппараты.  

 
259 
 
1.  Кальций  оксидін  алу.  Жақсылап  қыздырылған 
отбақырашта  5  г-ға  жуық  мәрмәр  өлшеп  алыңдар. 
Отбақырашты  мәрмәрмен  муфель  пешіне  қойып,  оны  екі 
сағат 
800-900
0
С 
қыздырыңдар. 
Отбақырашты 
ылғалсорғышта  суытып,  өлшеп,  ішіндегі  затты  шыны 
шақшаға  ауыстырыңдар.  Қыздырылған  заттағы  кальций 
оксидінің  мөлшерін  (%)  есептеңдер.  Оның  физикалық 
қасиеттерін сипаттаңдар.  
2.  Кальций  оксидінің  қасиеттерін  зерттеу.  Кальций 
оксидінің аздаған мөлшерін сынауыққа салып, оған 2-3 мл 
су  құйып,  не  байқалатынын  түсіндіріңдер.  Тағы  да  су 
қосып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Ерітіндіні біраз 
қойып  қойғаннан  кейін,  басқа  сынауыққа  құйып  алып 
лакмус  қағазымен  сынаңдар.  Осы  ерітіндіге  көміртек 
диоксидін  жіберіп,  не  болатынын  қадағалаңдар.  Көміртек 
диоксидін  жіберуді  жалғастырыңдар.  Не  байқалады? 
Байқалатын 
құбылысты 
түсіндіріңдер. 
Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
  
ғ 87 жұмыс. Гидроксидтер алу 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 
магний  тұзы  (MgCІ

немесе  MgSО
4
),  әк  суы,  баритті  су, 
CaCІ
2
,
 
SrCІ
2
 және BaCІ
2
 ерітінділері, сұйытылған NaOH.  
Сынауыққа магний тұзының қандай да бір ерітіндісінің 
1-2  мл  құйып,  оған  әк  суын  Са(ОН)
2
  қосыңдар  да, 
байқалған  құбылысты  түсіндіріңдер.    Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  Бұл  тәжірибеден  Мg(ОН)
2
  және  Ca(ОН)
2
 
ерігіштіктері жайында қандай қорытынды жасауға болады? 
Mg(ОН)

  сілтілер  тобына  жата  ма?  Кальций  тұзының 
ерітіндісін  және  баритті  су  Ва(ОН)

алып  тәжірибені 
қайталаңдар.  Бұл  жағдайда  тұнбаның  құрамы  қандай? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакциядан Са(ОН)

 және 

 
260 
Ва(ОН)

  салыстырмалы  ерігіштігі  жайында  қандай 
қорытынды жасауға болады?. Үш сынауыққа СаСІ
2
, SrCІ
2

BaCІ

  тұздарының  ерітінділерінен  1-2  мл  алып, 
сұйытылған  NaOH  ерітіндісін  қосыңдар.  Түзілген 
тұнбалардың 
массаларына 
көңіл 
бөліңдер. 
NаOH 
ерітіндісінің  орнына  аммиак  ерітіндісін  алып,  тәжірибені 
қайталаңдар.  Алдынғы  тәжірибелердің  нәтижелерімен 
салыстырыңдар.  
Не  себептен  берилий  және  магний  гидроксидтерін 
тұздардың  сілтілерімен  алмасу  реакциясы  арқылы,  ал 
сілтілік-жер  элементтердің  гидроксидтерін  көбінесе 
оксидтердің сумен әрекеттесуі нәтижесінде алады?   
Сілтілік-жер металдардың гидроксидтерінің ерігіштігін 
салыстырыңдар.  Негізгі  топтың  екінші  топшасындағы 
Ве(ОН)
2
‡Ва(ОН)
2- 
қатарындағы 
 
 
 
металдар 
гидроксидтерінің  қасиеттері  қалай  және  не  себептен 
өзгереді? Олардың қайсысы сілтіге жатады?  
ғ 88 жұмыс. Карбонаттар және бикарбонаттар 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 
Кипп аппаратынан алынатын көміртек диоксиді, әк суы.  
Сынауыққа  әк  суын  құйып,  оған  Кипп  аппаратынан 
көміртек диоксидін жіберіңдер. Не байқалады?  
Көміртек  диоксидін  жіберуді  тоқтатпай,  байқалатын 
құбылыстарды түсіндіріңдер. Сәйкес  реакция теңдеулерін 
жазыңдар.  Осы  тәжірибеден  кальций  карбонаты  мен 
бикарбонатының 
ерігіштіктері 
жайында 
қандай 
қорытынды жасауға болады?  
 
.ғ 89 жұмыс. Сульфаттар 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 
берилий,  магний,  кальций,  стронций  және  барий 
тұздарының 10% ерітінділері (мысалы ВеCІ
2
, CaCІ
2
, SrCІ
2


 
261 
BaCІ
2)
), CaSO
4
, SrSO
4
, ВaSO
4
L2H
2
O тұздарының қаныққан 
ерітінділері,  құрғақ  CaSO
4
L2H
2
O  (гипс),  10%  (NH
4
)
2
SO


платина сымы.  
1.Берилий,  магний  және  сілтілік-жер  металдардың 
сульфаттарының 
ерігіштіктерін 
салыстыру. 
Сынауықтарға  берилий,  магний,  кальций,  стронций  және 
барий  тұздарының  ерітінділерінен  1-2  мл  құйыңдар  да, 
олардың  әрқайсысына  (NH
4
)
2
SO
4
  ерітіндісін  қосыңдар. 
Сынауықтардың  қайсысында  тұнба  түзіледі?  Сілтілік-жер 
металдар  және  берилий,  магний  сульфаттарының 
салыстырмалы 
ерігіштіктері 
жайында 
қорытынды 
жасаңдар.  
2.    Кальций,  стронций  және  барий  сульфаттарының 
ерігіштіктерін салыстыру.  
Үш  сынауыққа  СаСІ
2
,  SrCІ
2
  және  BaCІ
2
  тұздарының 
эквимолярлы  сұйытылған  ертінділерінен  1-2 мл  құйыңдар 
да,  олардың  әрқайсысына  аздаған        CaSO
4
  қаныққан 
ерітіндісін  қосыңдар.  SrCІ

және  ВаСІ
2
  ерітінділері  бар 
сынауықтарда  тұнба    түзілудің  жылдамдықтарына  көңіл 
бөліңдер.  Тәжірибені  CaSO
4
  қаныққан  ертіндісін  SrSO
4
 
қаныққан  ертіндісіне  алмастырып  қайталаңдар.  Қай 
жағдайда    тұнба  түзіледі?  CaSO
4
,  SrSO
4
,  ВaSO

ерігіштіктерінің  айырмашылығы  жайында  қорытынды 
жасаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
3.Гипстің  ”бірігуі”.  ”Гипстің  бірігуі”  қасиетін  зерттеу 
үшін 10 г CaSO
4
L2Н
2
О кәрлен табақшаға салып, оны 150-
160
0
С  құмды  жылытқышта    “қақталған  гипс”  түзілгенше 
10  минут  қыздырыңдар.  Көшірме  алу  үшін  түбіне  тиын 
салынған  және  вазилин  жағылған  арнайы  форманы 
дайындаңдар. 
“Қақталған 
гипсті” 
суығанан 
кейін   
қоюланғанша 
түзілгенше 
су 
қосып 
араластырып,  
дайындалған форманы толтырыңдар. 10-15 минуттан кейін 
қатқан  көшірмені  формадан  шығарып  алып,  байқалған 
процестерді  түсіндіріңдер.  Егер  кальций  сульфатының 

 
262 
кристаллогидратын  температураны  баяу  арттыра  отырып 
қыздырса,  қандай  өнімдер  түзеледі?  Реакция  теңдеулерін 
жазыңдар.  
4.  Кальций  оксалаты.  Сынауыққа  1-2  мл    СаСІ

ерітіндісін  құйыңдар  да,  оған  аммоний  оксалаты 
(NH
4
)
2
С
2
О
4   
ерітіндісінің  аздаған  мөлшерін  қосыңдар.  Не 
байқалады?  Кальций  оксалатының  сірке  және  тұз 
қышқылдарына  әсерін  тексеріңдер.  Реакция  теңдеулерін 
жазыңдар. НСІ, СН
3
СООН және Н
2
С
2
О
4
  диссоциациялану 
дәрежесінің  әртүрлілігін  ескере  отырып,  алынған 
мәліметтерді түсіндіріңдер.  
5.  Кальций,  стронций  және  барий  тұздарымен 
жалынның  боялуы.  Таза  платина  сымын  кальций, 
стронций және барий тұздарына (кезекпен) батырып алып, 
оны  спирт  шамының    жалынында  жағып  көріңдер. 
Жалынның  түсін  байқаңдар.  Оқытушы  берген  тұздардың 
(Са, Мg, Sr немесе Ва тұзы) ерітіндіде қайсысы болатынын 
анықтаңдар.  
 
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР 
 
1.  Барий  пероксидін  алу  және  оның  қасиеттерін 
зерттеу. 
Тітіркендіргіш  әсері  бар,  денсаулыққа  қауіпті. 
Абайлаңдар!  Барий  тұздары  улы.  Жұмыс  жасап  болған 
соң 
қолдарыңды 
сабынмен 
жуыңдар. 
Тұздардың 
қалдықтарын лаборантқа тапсырыңдар.  
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  химиялық 
стакан,  цилиндр,  шыны  таяқша,  сүзгіш  қағаз,  құйғы, 
көлемі  100  мл  конус  тәрізді    құты,  кәрлен  табақша, 
кептіргіш 
шкаф, 
кәрлен 
қалақша, 
шынышақша, 
технохимиялық  таразы,  сынауықтар,  барий  хлориді,  сутек 
пероксидінің 30% ерітіндісі, концентрлі аммиак  ерітіндісі, 

 
263 
1% күміс нитраты, 10% калий хроматы, 2 н тұз қышқылы, 
шырпы,  калий  иодидының  2  н    ерітіндісі,  2  н  күкірт 
қышқылы, 1% крахмал.  
Көлемі  30-40  мл  стаканда  ВаСІ
2
L2H
2
O  2,5  грамын  6,5  мл 
суда  ерітіңдер  де,  сутек  пероксидінің  30  %  ерітіндісінен 
(“пергидроль”) 

мл 
қосып, 
шыны 
таяқшамен 
араластырыңдар. Оған 5 мл 25% аммиак ерітіндісін қосып, 
тағы  да  араластырыңдар.  Тұнба  әбден  шөгіп  болғанан 
кейін  ерітіндіні  бөлек  құйып  алыңдар  да,  тұнбаны 
декантация әдісімен 2-3 рет суық сумен жуыңдар. Тұнбаны 
сүзіп,  сүзінді  суда  хлорид  ионының  әлсіз  реакциясына 
дейін суық сумен жуыңдар (күміс нитратының ерітіндісіне 
1-2 мл сүзінді қосқанда оның аздап лайлануы болады).  
Тұнбаны  кәрлен  табақшаға  салып,  50-70
0
С  кептіргіш 
шкафта кептіріңдер. Тұнба үгілгіш массаға айналған кезде 
температураны  75-80
0
С  дейін  арттырып,  тағы  да  30-40 
минут  кептіріңдер.  Кептірілген  барий  гидроксидін 
шынышақшаға  салып  өлшеңдер.  Шығымды  пайыз 
есебімен  есептеңдер.  Түзілген  заттың  қасиеттерін  зерттеу 
үшін  ВаО
2
  аздаған    мөлшерін  (0,2  г)  екі  сынауыққа 
салыңдар  да,  біреуіне  аздап  су,  ал  екіншісіне  2-3  мл    2  н 
НСІ  құйыңдар.  Не  байқалады?  Бөлінген  газды  тұтанған 
шырпы  арқылы  тексеріңдер.  Екі  сынауықтағы  газдың 
бөліну  қарқындылығын  салыстырыңдар. Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  Үшінші  сынауыққа  2  мл  2  н  КJ  ертіндісін 
құйып,    2-3  мл  2  н  Н
2
SO
4
  қосыңдар  да,  үстіне  барий 
пероксидін (0,2 г) салыңдар. Не байқалады? Ерітіндіге 1-2 
мл  крахмал  қосыңдар.  Не  болады?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  
 
2.  Кальций гидридін алу.  
 
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.  

 
264 
Абайлаңдар! 
Газ 
күйіндегі 
сутекпен 
жұмыс. 
Сақтандырғыш көзілдірік киіңдер.  
Ескерту: Тәжірибені оқытушымен бірігіп жүргізіңдер.  
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  Кипп 
аппараты,  қиын  балқитын  түтік  (кварц),  темір  немесе 
кәрлен  қайықша,  кальций  жоңқасы,  шынымақта,  спирт 
шамы  немесе  газ  жанарғысы,  U-тәрізді  түтік,  шайғыш 
шынысауыт,  кристаллизатор,  мырыш,  концентрлі  тұз 
қышқылы,  калий  перманганатының  10%  ерітіндісі, 
концентрлі күкірт қышқылы, фосфор (V) оксиді.  
62  суреттегідей  құрылғы  жинаңдар.  Кипп  аппаратына  тұз 
қышқылының  жеткілікті  мөлшерін  құйып,  сутек  алуға 
дайындаңдар.  (Сутек  қарқынды  бөлінуі  керек!)  Бір 
шайғыш 
шыны 
сауытқа 
калий 
перманганатының 
қышқылдан-ған 
ерітіндісін, 
екіншісіне 
күкірт 
қышқылының 96% ерітіндісін құйыңдар. 
 
 
62-сурет. Кальций гидридін 
синтездеуге арналған құрылғы 
 
U-тәрізді  түтікті  фосфор  ангидридімен  араластырылған 
шыны  мақтамен  толтырыңдар.  Кварц  түтікке    (І)  талшық 
муфта  кигізіп,  құрылғы  ұшындағы  газ  өткізгіш  түтікке 
қысқышы  бар  резеңке  түтікті  жалғаңдар.  Аспаптың 
герметикалығын  (оқытушының  қатысуымен!)  тексеріңдер. 
Ол  үшін  резеңке  түтікті  қысқышпен  жауып,  Кипп 

 
265 
құралғысының  шүмегін  ашыңдар.  Шайғыш  шынысауыт 
арқылы сутектің көпіршіктері өтпеуі керек.   
Темір  немесе  кәрлен  қайықшаға  (2)  1-2  г  кальций 
металын  (одан  көп  емес)  салыңдар  да,  қайықшаны 
реакциялық  түтіктің  (І)  орта  бөлігіне  орналастырып, 
қайтадан 
аспаптың 
герметикалығын 
тексеріңдер 
(оқытушының  қатысуымен!).  Қысқышты  ашып  аспаптан 
ауаны  сутек  ағыны  арқылы  ығыстырып  шығарыңдар. 
Тазалағын тексеру үшін сутекті судың астында жинаңдар. 
Аспаптан  бөлінетін  сутектің  тазалығына  әбден  көз 
жеткізгеннен кейін   қысқышты жауып, Кипп аппаратының 
шүмегін  толық  ашыңдар  (газдың  бірде-бір  көпіршігі 
шайғыш  шынысауытқа  өтпеу  керек!).  Алдымен  бүкіл 
түтікті газ жанарғысымен жылытып, сонан соң талшықтас 
муфтасы  арқылы  түтіктің  кальций  металы  бар  қайықша 
орналасқан 
жерін 
қыздырыңдар 
(газ 
жанарғыны 
қолдарыңда  ұстап  тұрғандарың  дұрыс).  Кальцийдің 
сутекпен  әрекеттесуі  500

С  жақын  температурада 
басталады,  шайғыш  шынысауыт  арқылы  сутектің  ағыны 
өте бастайды. Реакция қарқынды жүре бастағанда аспапты 
сутек қысымында қалдырып, жанарғыны  алып тастаңдар. 
Сутектің сіңірілуі тоқтағаннан кейін (оны қалай анықтауға 
болады?) 
аспапты 
бөлме 
температурасына 
дейін 
суытыңдар.  Түтіктен  қайықшаны  шығарып  алып,  түзілген 
заттың  түсін  анықтаңдар.  Кальций  гидридінің  суға  әсерін 
байқаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет