Сабақ тақырыбы: Cутек. Сутектің химиялық қасиеттері,қолданылуы, алынуы.
Сабақ мақсаты: Білімділік: Сутегі элементіне жалпы сипаттама беру. Физикалық, химиялық қасиеттері, алу және қолдану туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сутегін алуда қауіпсіздік ережесін еске түсіру, Кипп аппаратымен жұмыс істеп үйрену.
Тәрбиелік: Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және қызығушылығын арттыру.
Сабақ әдісі, түрі: Жаңа сабақ, түсіндіру, тәжірибе топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, 8 – сынып №12 көрсетілім, сілтілік натрий түйірі, су, фенофталеин ерітіндісі, тұз қышқылы, мырыш түйірі, сынауықтар және қысқыштар.
I. Сабақтың жүру барысы:
А)Оқушыларды тексеру Б)Оқу құралдарын тексеру
II. Жаңа сабақ жоспары:
1.Сутек элементіне сипаттама
2. Табиғатта кездесуі
3. Ашылу тарихы
4 Физикалық қасиеттері
5 Сутегінің алынуы, Кипп аппаратының құрылысы
6. Химиялық қасиеттері
7. Қолданылуы
8. Тапсырмалар (Топтық , сан есеп, сөзжұмбақ және сынақ .)
Жалпы сипаттамасы: Химиялық таңбасы Н, ол “аш” деп оқылады. Салыстырмалы атомдық массасы 1,008. Жай зат түзетін газ күйіндегі сутек – екі атомнан тұратын молекуладан Н2 құралады. Сутек молекулалары бір-біріне әлсіз тартылады, сондықтан қалыпты жағдайда газ. Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз. Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді десе де болады. Көп тараған сутектің ең басты қосылысы – су. Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
Ашылу тарихы: 1776 жылы сутекті Г.Кавендиш алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.
Кездесуі. Бұл табиғатта таралуы бойынша 9-шы орында тұрған элемент, оның үлесіне жер қыртысының 1,4%-ы тиеді, жер бетінде сутек байланысқан күйде (су, мұнай, тас көмір, т. б.), ал ғарышта 63%-ы болады. Табиғатта тұрақты екі изотопы 1Н (протий) және 3Н (тритий) кездеседі, жасанды жолмен радиоактивті изотопы 3Н мен өте тұрақсыз 4Н алынған. Сутек - әлемде көп тараған элемент. Массасы бойынша атмосферадағы сутектің мөлшері 3,5 *10 -6% литосфера мен гидросферада – 1% , суда – 11,9%. H2.
Физикалық қасиеті. Сутек элементінен тұратын жай зат — сутегі, ол екі атомнан тұрады, формуласыН2; М(Н2)=2, М=2 г/моль. Бұл түссіз, иіссіз, дәмсіз, өте жеңіл (р=0,09 г/л) газ күйіндегі бейметалл, оның қайнау (-252,76°С) және балқу (-259,2°С) температурасы өте төмен. Суда нашар ериді (100 көлем суда 2 көлем газ (t=20°С).
Сутегінің алынуы. Зертханаларда белсенді металдын, (Zn, Mg) қышқылдармен әрекеттесу реакциясы арқылы алады. Көп жағдайда мырышты пайдаланады.
Кипп аппараты. Зертханаларда сутегін және басқа да газдарды (С02, H2S, т.б.) қажеттілігіне қарай дүркін-дүркін алып түру үшін арнайы құрылғы қолданылады, ол «Кипп аппараты» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |