3. Судың кермектігі және оны анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: көлемі 200
мл конус тәрізді құты, көлемі 50 мл тамшыуыр, көлемі 1
мл тамшуыр, көлемі 10 мл цилиндр, 0,02 н Трилон Б
ерітіндісі, қара хромоген индикаторының 1% ерітіндісі,
көлемі 50 мл немесе 25 мл өлшеуір, рН=10 буферлік
266
ерітінді (аммоний хлоридының 10 г бір литрлік өлшеуіш
құтыға салып, 100 мл концентрлі аммиак құйып, белгісіне
дейін дистилденген су қосыңдар).
Көлемі 200 мл конус тәрізді құтыға тамшуырмен 50 мл
зерттейтін суды (құбыр суы немесе табиғи су) құйып алып,
оған рН=10 5 мл буферлік ерітінді және 4-7 тамшы қара
хромоген индикаторын қосыңдар. Құтыны араластырып,
түсі қызыл-күлгіннен көкшіл түске ауысқанша 0,02 н
трилон Б ерітіндісімен титрлеңдер. Титрлеудің соңын
анықтау үшін жанына титрленген үлгіні қойып, сондай түс
болғанша Трилон Б ерітіндісін қосыңдар.
Кальций және магний иондарының (ммоль-экв/л)
қосындысын
мына
формула
арқылы
есептеңдер:
Х=VLNL1000/V
1
мұндағы V- анықтауға жұмсалған трилон
Б ерітіндісінің көлемі, мл, N-трилон Б ерітіндісінің
нормальдығы, V
1
- анықтауға арналған судың көлемі, мл.
Мысал: 50 мл зерттейтін суды титрлегенде 12,55 мл
нормальдығы 0,0203 моль/л Трилон Б ертіндісі жұмсалған.
Осыдан
судың
кермектігі
Х
тең
болады:
Х=12,55L0,0203L1000/50 = 5,10 ммоль(экв)/л.
267
24. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР
Абайлаңдар! Денсаулыққа зиянды.
Металл натриймен, сонымен қатар тағы да басқа
сілтілік металдармен жұмыс істегенде міндетті түрде
судан алшақ болу керек. Металдарды керосиннен
шымшуырмен алыңдар, қолмен алуға болмайды! Метал
кесінділерін қалдық салатын ыдысқа немесе қол жуғышқа
тастауға болмайды! Жұмысты қорғағыш көзілдірікпен,
тартқыш шкафта жүргізу қажет.
ғ 90 жұмыс. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі
Қажетті құралдар мен реактивтер: кристаллизатор,
металдық натрий (дәннен кіші көлемде), фенолфталеин,
дистилденген су.
Кристализаторды
сумен
толтырып,
тартқыш
шкафқа қойыңдар да, сүзгіш қағаздан кішкене қорап
жасап, оған көлемі дәннен кішірек натрий металының
кесегін салыңдар. Есігі жартылай түсірілген тартқыш
шкафтың астындағы кристаллизаторға қағаздағы натрийді
салыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Түзілген
ерітіндінің фенолфталеинге әсерін анықтаңдар. Ұқсас
тәжірибелерді басқа сілтілік металдармен жасаңдар.
Реакция тееңдеулерін жазыңдар.
ғ 91 жұмыс. Натрий амальгамасын алу
(топ болып жасалатын тәжірибе)
Абайлаңдар! Қауіпті!
Жұмысты
жартылай
жабылған
тартқыш
шкафта жүргізу қажет. Сынаппен жүргізілетін барлық
тәжірибелерді қабырғалары биік астаушада жасау керек.
268
Қажетті құралдар мен реактивтер: кәрлен келі, сынап,
натрий металының кішкене кесегі, қысқыш, сүзгі қағазы,
пышақ немесе басқа бір өткір зат, келсап, 100 мл стакан,
дистилденген су, сынауықтар мен тұрғы, 2 М натрий
хлоридінің ерітіндісі.
Құрғақ кәрлен келіге аздап сынап салыңдар да,
қысқышпен (оқытушының қатысында) керосиннен натрий
металының кесегін алып, оны сүзгіш қағазға орап,
керосиннен құрғатыңдар. Пышақтың өткір ұшымен
натрий сыртындағы оксид қабықшасынан тазартып,
кішкене кесегін кесіп алыңдар да, құрғақ сынаппен бірге
келіде ысқылап араластырыңдар. Сынап көптеген
металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама
дейді. Осы тәжірибеде алынған амальгама қоймалжың
болғанша ақырын келсаппен ысқылаңдар. Болып жатқан
өзгерістерді бақылаңдар. Амальгама қоюланғанша натрий
кесектерін салып, көбірек үгітіңдер. Амальгаманың азғана
мөлшерін стакандағы суға салып көріңдер де, байқалған
өзгерістерді түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Алынған амальгаманың бір бөлігін кең сынауыққа
ауыстырып, үстіне 5 мл аммоний хлоридінің қаныққан
ерітіндісін қосыңдар. Бақылаған құбылысты сипаттаңдар.
Реакция
теңдеулерін
жазыңдар.
Алынған
натрий
амальгамасын келесі тәжірибелерді жасауға қолданыңдар.
ғ 92 жұмыс. Сілтілік металдар оксидтері,
гидроксидтері
Абайлаңдар! Денсаулыққа зиянды!
Тәжірибені тартқыш шкафта жүргізу қажет! Тартқыш
шкафтың терезесін түсіріп қойыңдар.
Қажетті құралдар мен реактивтер: натрий немесе калий,
литий металдары, жанарғы немесе спирт шамы,
269
дистилденген су, 0,1 М калий йодидінің ерітіндісі, 1 М
күкірт қышқылы, крахмал ерітіндісі.
Отбақыраштың қақпағына кішкене натрий немесе калий
металдарының кесегін салыңдар да, қақпақтың астынан
қыздырып,
металл
балқығанда
оны
жанарғының
жалынымен тұтандырыңдар. Металдың бәрі жанып
біткенде алынған затты суытып, 2-3 мл дистилденген суда
ерітіңдер.
Алынған
ерітіндіге
күкірт
қышқылымен
қышқылданған калий йодидін және 2-3 тамшы крахмал
қосыңдар. Байқалған құбылысты сипаттаңдар. Реакция
теңдеулерін жазыңдар. Ауада натрий мен калий жанғанда
қандай заттар түзіледі? Бұл элементтердің оксидтері қалай
алынады? Ұқсас тәжірибені литиймен жасап көріңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 93 жұмыс. Су мен амальгаманының әрекеттесуі
нәтижесінде натрий гидроксидінің алынуы
Абайлаңдар! Жұмысты тартқыш шкафта жүргізу
қажет!
Қажетті құралдар мен реактивтер: натрий амальгамасы
(ғ 91 жұмыста алынған) дистилденген суы бар стакан,
фенолфталеин.
Натрий амальгамасын суға салып, ерітіндіде сілті
түзілгеніне көз жеткізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 94 жұмыс. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз
арқылы натрий гидроксидін алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 2 М натрий
хлориді ерітіндісі, тесікті диафрагмалы электролизер.
270
Тесікті
диафрагмалы
электролизерде
NaCІ
ерітіндісінің электролизін жүргізіңдер. Тәжірибе жүзінде
анодта қандай газ бөлінетінін анықтаңдар. Катодтағы
реакция ортасын анықтаңдар. Электродтарда жүретін
тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін жазыңдар.
ғ 95 жұмыс. Натрий карбонатынан натрий гидроксидін
алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 200 мл
стакан, сусыз натрий карбонаты, 300 мл дөңгелек түпті
құты, кәрлен сынықтары, металл тұрғы, ұсақталған
сөндірілген әк, жылытқыш аспап, құйғы, сүзгіш қағаздар,
ареометрлер жиынтығы, дистилденген су.
100 мл суда сусыз натрий карбонатын ерітіп, оны
дөңгелек түпті құтыға құйып, құтының түбіне кәрлен
сынықтарын салыңдар да (не үшін?), тұрғыға орнатыңдар.
Құтыдағы
ерітіндіні
қайнағанша
қыздырып,
оған
ұсақталған сөндірілген әк қосыңдар.
Құтыға құйғымен (не үшін?) көлем тұрақты болу
үшін су құя отырып ерітіндіні бір сағаттай қайнатыңдар.
Суыған соң ерітіндіні сүзіп, оның көлемін және
тығыздығын өлшеңдер. Кальций гидроксиді мен
карбонатының ерігіштік мәндерін қараңдар.
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бұл процестің
натрий гидроксиді түзілу бағытына қарай жүруін
түсіндіріңдер. Осындай әдіспен калий гидроксидін алуға
бола ма?
ғ 96 жұмыс. Сілтілік металдардың тұздары.
1.Натрий гидрокарбонатын алу
271
Қажетті құралдар мен реактивтер: 10% аммиак, натрий
хлориді, жазық түпті құты, Кипп аппаратынан алынған
көміртек диоксиді, сүзуге арналған қондырғы, Бюхнер
құйғысы, этил спирті, фенолфталеин, лакмус, әмбебап
индикатор.
Аммиак ерітіндісін натрий хлоридімен суықта
қанықтырыңдар. Ерітіндіні сүзіп, құтыға құйып, құтының
түбіне дейін жететін газ өтетін түтікшесі бар тығынмен
нығыздап жабыңдар. Тұнбаның бөлінуі аяқталғанша
алынған ерітінді арқылы көміртек диоксидін (Кипп
аппаратыннан)
жіберіңдер.
Кристалдарды
Бюхнер
құйғысында бөліп алып, этил спиртімен жуып, бөлме
температурасында ауада кептіріңдер.
Реакция
теңдеулерін
жазыңдар.
Көміртек
диоксидімен қаныққан натрий хлоридінің аммиакты
ертіндісінде түзілетін тұздардың ерігіштік мәндерімен
танысыңдар. Осы реакциялық қоспадағы жүретін
процестердің байланыстылығын түсіндіріңдер.
Тұздың азғана мөлшерін дистилденген суда ерітіп,
оның лакмус ертіндісіне, фенолфталеинге және әмбебап
индикаторға әсерін тексеріңдер. Бақылаған құбылыстарды
түсіндіріңдер.
2. Калий және натрийдің аз еритін қосылыстарын алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: натрий және
калий
тұздарының
ерітінділері,
калий
гексагидроксостибаты (V) К[Sb(ОН)
6
] ерітіндісі, шыны
таяқша,
натрий
перхлораты
ерітіндісі,
натрий
гексанитритокобальтаты (ІІІ) Na
3
[
1. Қандай да бір натрий тұзының бейтарап ерітіндісін
сынауыққа
құйып,
сондай
мөлшерде
калий
гексагидроксостибатын (V) қосыңдар. Суық сумен
сынауықтың сыртыннан суытып, шыны таяқшамен
Примечание [i1]: []
272
сынауық
қабырғасын
ішінен
үйкелеңдер.
Калий
гексагидроксостибатының
(V)
ұсақ
кристалды
тұнбасының түзілуін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
2.
Калий және натрий перхлораты тұздарының
ерітінділерінің
әрекеттесуінен
түзілетін
тұнбаны
түсіндіріңдер.
3.
Сірке
қышқылды
ортадағы
натрий
гексанитритокобальтат (ІІІ) Na
3
[Cо(NO
2
)
6
] ерітіндісінің
үстіндегі сұйықтықты құйып алыңдар. Сары тұнбаның
түзілгенін түсіндіріңдер.
4. 0,5 мл натрий тұзының қандай да бір бейтарап
ерітіндісіне бірнеше тамшы мырыш уранилцетаты
ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсін анықтап,
реакция теңдеуін жазыңдар.
ғ 97 жұмыс. Литий, натрий және калий тұздарымен
жалынның түсінің өзгеруі
Қажетті құралдар мен реактивтер: платина (немесе
вольфрам) сымы, 1 М тұз қышқылы, литий, калий және
натрий галогенидтерінің қаныққан ерітінділері, жанарғы.
Платина немесе вольфрам сымын алдымен тұз
қышқылында жуып, қыздыру керек те, калий хлориді
ерітіндісіне батырып алып, оны жанарғының түссіз
жалынына жанастырыңдар. Калий тұздарының жалынды
қандай түске бояйтынын жазып алыңдар. Осындай
тәжірибелерді литий және натрий хлориді тұздары
ерітінділерімен жасаңдар.
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
1.
Литий пероксидін (моногидратын) алу
273
Қажетті құралдар мен реактивтер: 400 мл стакан, құйғы,
литий сульфаты, су жылытқысы, жылытқыш құрал, барий
гидроксиді ерітіндісі, Вюрц құтысы, су ағынды сорғы,
кәрлен табақша, ғ 3 шыны сүзгіш.
Литий сульфатын стаканға салып, оған 20 мл
дистилденген су қосыңдар. Жақсылап араластырып, су
жылытқысына салып қойыңдар. Ерітінді қызғаннан кейін,
ақырын қыздыруды тоқтатпай бөлме температурасында
толық тұнба түскенше қаныққан барий гидроксиді
ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаны ерітіндіден сүзгіш арқылы
бөліп алыңдар. Сүзіндіні су ағынды сорғыға жалғанған
Вюрц құтысына құйып, оны көлемі шамамен 20 мл
болатындай көлемге дейін суалтыңдар. Ерітіндіні
табақшаға
құйып,
бөлме
температурасына
дейін
суытыңдар. Түзілген кристалдарды ғ3 шыны сүзгішінің
көмегімен сүзіп алыңдар.
2.
Литий пероксидінің моногидратын алу
Абайлаңдар! Су жылытқысында құтыны қыздыру
үшін беті жабық электр плитасын қолданыңдар.
Қажетті құралдар мен реактивтер: натрий пероксидін
алуға
арналған
құрылғы,
құты,
механикалық
араластырғыш, су жылытқысы, газ жанарғысы, 30% сутек
пероксиді, сүзуге арналған құрылғы, этил спирті.
92-ші жұмыста алынған литий гидроксидін құтыға (1)
салып,
этил
спиртін
құйыңдар.
Механикалық
араластырғышпен араластыра отырып, су жылытқысында
құтыны
қайнағанша
қыздырыңдар.
Араластыруды
тоқтатпастан ерітіндіге сутек пероксидін тамшылатып
қосыңдар. Құтыны су жылытқысында араластырмай тағы
да 1-1,5 сағатқа қалдырыңдар. Еріген затты айырып
274
алғаннан кейін тұнбаны этил спиртімен шайыңдар да,
ауада кептіріңдер.
3. Сусыз литий пероксидін алу
Қажетті құралдар мен реактивтер: металдық тұрғы,
қырналған саңылауы бар сынауық, су ағынды сорғы,
шынышақша, технохимиялық таразы, 1 М калий
перманганаты, калий йодиді, күкірт қышқылы ерітінділері,
крахмал ерітіндісі.
Алдыңғы тәжірибеде алынған литий пероксидін
сынауыққа салып, ыспа көмегімен вакуум жүйесіне
қосыңдар. Сынауықты 100-120
о
С дейін қыздырыңдар да,
оны вакуум астында 30-40 минут ұстаңдар. Литий
пероксидін алдын-ала өлшенген шынышақшаға салыңдар.
Затты өлшеп, шығымын пайыз есебімен есептеңдер.
Алынған
литий
пероксидінің
аздаған
мөлшеріне
дистилденген су қосыңдар. Алынған қоспаның күкірт
қышқылды ортада калий перманганаты және калий йодиді
ерітінділеріне әсерін анықтаңдар (калий йодидінің
ерітіндісіне 2-3 тамшы крахмал қосыңдар). Байқалған
құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Натрий сульфатын және оның гидраттарын алу
Қажетті құралдар мен реактивтер: Глаубер тұзы,
(Na
2
SO
4
L10Н
2
О), металдық тұрғы, cынауықтар, құтылар,
сүзгілер, сүзуге арналған қондырғы, микроскоп, су
жылытқысы, суытқыш қоспа, сүзгі қағазы.
1.Сусыз натрий сульфаты. 32
0
С-да 20 мл суды
қанықтыру үшін Глаубер тұзының қандай мөлшері қажет
екендігін
есептеңдер.
Осы
температурада
натрий
сульфатының қаныққан ерітіндісін дайындаңдар да, оны 2
275
кішкене құтыға және басқа тәжірибелер үшін құрғақ
сынауыққа сүзіп алыңдар.
2.Натрий сульфатының декагидраты. Глаубер тұзының
кристалын алдыңғы тәжірибеде алынған құтының
біреуіндегі натрий сульфатының қаныққан ерітіндісіне
салыңдар. 25
0
С төмен температурада түзілген ерітіндінің
пішінін микроскоппен қараңдар.
3.Натрий
сульфатының
гептагидраты.
Су
жылытқысында екінші құтыдағы натрий сульфатының
ерітіндісін 32
0
С дейін қыздырыңдар. Сұйықтық мөлдір
болып, кристалдардың бәрі еріп кеткенде құты саңылауын
мақтамен жауып, араластырмай суытқыш қоспаға (мұз бен
натрий хлоридінің қоспасы) қойыңдар. Натрий сульфаты
ерітіндісі бар құтыны 10-15 минуттан кейін шығарып
алыңдар. Түзілген кристалдардың пішінін суреттеңдер.
Ерітіндіге аздап Глаубер тұзын салыңдар да,
байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Сусыз натрий
сульфаты мен оның кристаллогидраттарының ерігіштік
қисығын салыңдар. Натрий сульфаты-су жүйесінің күй
диаграммасымен
танысыңдар.
Диаграмманың
қай
бөліктерінде жүйе инвариантты, моновариантты және
дивариантты екенін анықтаңдар.
5.Сулы натрий сульфатының сусыз күйге ауысу
температурасын анықтау
Қажетті
құралдар
мен
реактивтер:
ауысу
температурасын анықтауға арналған құрылғы, сулы натрий
сульфатының кристалдары, натрий сульфаты ерітіндісі.
62-а
суреттегідей құрылғы жинаңдар да, бөлме
температурасында
қаныққан
кристалдық
натрий
сульфатының декагидраты мен оның ерітіндісінен
дайындалған қоспаны термометрмен қамтамасыз етілген
276
ішкі сынауыққа (1) салыңдар. Сыртқы сынауық (6) ауа
жылытқысының ролін атқарады. 4-ші стақанға сынауық
неғұрлым терең салынып тұратындай мөлшерде су
құйыңдар. Стақандағы судың температурасын 38-40
0
С
деңгейінде ұстап тұрыңдар. Кристалдар салынған ішкі
сынауықты
(1)
стақандағы
суға
салыңдар
да,
кристалдардың
жартысы
еріп,
реакциялық
масса
сұйықтыққа айналғанда сынауықты сыртынан сүртіп, оны
қайтадан суы бар стақанға орналасқан үлкен сыртқы
сынауыққа салыңдар. Сынауықты араластыра отырып
әрбір 30 сек сайын термометрдің көрсетуін бақылап
отырыңдар. Температураның тоқтауы неге байланысты?
Жұмыстың бұл бөлігін реакциялық
қоспаның температурасы 34-35
0
С-ға
дейін
көтерілгенде
аяқтаңдар.
Абсцисса осіне уақытты, ордината
осіне температураны сала отырып,
қыздыру
қисығын
салыңдар.
Реакциялық қоспасы бар сынауықты
(1) 35-40
0
С-қа дейін қыздырыңдар.
Оны температурасы 25-28
0
С суы бар
стақанға сыртқы сынауықпен (6) бірге
орналастырыңдар.
62 а-сурет. Ауысу
температурасын
анықтауға
арналған құрылғы
Әрбір 30 сек сайын термометрдің
көрсетуін белгілеп отырыңдар. Егер
реакциялық қоспаның температурасы
30
0
С
төмен
түсіп
кетіп,
температураның
тоқтағандығы
байқалмаса, онда
сынауыққа Глаубер тұзын салыңдар.
Тсе
к
0
30
60
90
120 150 180 210 240 270
Т
0
С
277
Абсцисса
осіне
уақытты,
ордината
осіне
температураны сала отырып, алынған мәліметтерді график
түрінде суреттеңдер. Суытқанда температураның тоқтауы
неге байланысты? Әдеби мәліметтерді қолдана отырып,
натрий сульфаты-су күй диаграммасын салыңдар. Фазалар
ережесі негізінде диаграмманың қай бөліктерінде жүйе
инвариантты, моновариантты және дивариантты екенін
анықтаңдар. Ауысу нүктесі не екенін түсіндіріңдер.
6.Калий нитратын алу
Қажетті құралдар мен реактивтер: 50 мл стақан, калий
нитраты, калий хлориді, сағат шынысы, жанарғы, кәрлен
табақша,
сүзуге
арналған
құрылғы,
микроскоп,
дистилденген су, технохимиялық таразы.
Көлемі 50 мл стақанға 15 мл су құйыңдар да, қыздыра
отырып 7 г калий нитратын ерітіңдер. Алынған ерітіндіге
калий хлоридінің эквиваленттік мөлшерін құйыңдар да,
сағат
шынысымен
жауып,
кристалл
түзілгенше
жанарғымен қыздырыңдар. Ыстық сұйықтықты кәрлен
табақшаға құйып, кристалл түзу үшін қойып қойыңдар.
Стақанда және кәрлен табақшада қалған кристалдарды
микроскоппен қараңдар. Түзілген кристалдарды сүзіп,
кептіріңдер. Шығымды пайыз есебімен есептеңдер.
25. ЛАНТАНОИДТАР
ғ 98 жұмыс. Церий (ІІІ) және оның
қосылыстарының қасиеттері
Қажетті құралдар мен реактивтер: сынауықтар,
құрамында церий бар мишметалл, 2 н тұз қышқылы, 10 %
278
церий (ІІІ) тұзы, 10 % лимон қышқылы, 2 н калий
гидроксиді, 10 % сутек пероксиді, лантаноид тұздарының
жиынтығы.
1. Церийдің қышқылдармен әрекеттесуі. Церийдің
(мишметалдың) аздаған мөлшерін сынауыққа салып, 3 мл
тұз қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін
жазыңдар. Лантаноидтар кернеу қатарында қалай
орналасқан? Лантаноидтардың қайсысы қышқылдардан
сутекті оңай ығыстырады?
2. Церий (ІІІ) гидроксидін алу. Екі сынауыққа 1 мл-ден
церий (ІІІ) тұзын құйыңдар. Біреуіне 3 мл лимон
қышқылын, екіншісіне 3 мл су құйыңдар. Әрқайсысына 1
мл КОН қосыңдар. Қай сынауықта тұнба түзілмейді?
Неліктен? Екі процестің де реакция теңдеулерін жазыңдар.
Тұнбаның түсі қандай? Лантаноид гидроксидтерінің түсі
қандай? Тұнбаның жартысын басқа сынауыққа құйып, оған
сутек пероксидін қосыңдар. Түсі өзгере ме? Неліктен тұнба
сарғаяды? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сынауықта қалған
тұнба да сарғайғанын байқаңдар. Церийден лютецийге
өткенде гидроксидтердің негізгі қасиеттері қалай өзгереді?
3. Лантаноид иондарының түсі. Лаборанттан лантаноид
тұздарының
жиынтығын
алып,
иондардың
түсін
дәптерлеріңе мынадай ретпен жазып алыңдар:
Түсі
Ион
Ион
Түсі
La
Lu
Ce
Yb
Pr
Tu
Nd
Er
Pm
Ho
Sm
Dy
Eu
Tb
Ион
Түсі
Gd
279
Гадолинийдің жоғарғы жағында орналасқан иондардың
бір-бірімен
түстерін
салыстырыңдар.
Иондардың
түстерінде қандай заңдылықтар байқалады? Атомдарында
бір 5d электроны болатын иондардың түсі бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |