3. Фосфордың күкірткөміртекте ерігіштігі (жұмысты
тартқыш шкафта жасаңдар, жанарғыларды өшіріп
қойыңдар). Кәрлен тостағанға немесе сынауыққа 2-3 мл
күкірткөміртек құйып, оған ақ фосфордың кішкене кесегін
салыңдар. Қандай өзгеріс болады? Қысқыш арқылы
кішкене сүзгі қағазын алып, күкірткөміртектегі фосфор
ертіндісімен ылғалдап, қандай өзгерістер болатынын
байқаңдар. Қызыл фосфордың күкірткөміртекте ерігіштігін
анықтаңдар. Табиғи қосылыстардан фосфорды қалай
алады?
ғ 60 жұмыс. Фосфор қосылыстары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
стакан, сұйытылған тұз қышқылы, кальций фосфиді,
сынауық, ұстағышы бар тұрғы, ақ фосфор, қыздырғыш
аспап, қиын балқитын шыныдан жасалған түтік, газометр,
U-тәрізді түтіктер, шайғыш шынысауыт немесе сынауық,
вазелин майы, сусыз кальций хлориді, суағынды сорғы,
шыны таяқша, кәрлен қайықша, сүзуге арналған қондырғы,
натрий
карбонатының,
күміс
нитратының,
калий
перманганатының ерітінділері, кәрлен тостаған, сулы
жылытқыш, құм жылытқышы.
1. Фосфин. Стаканға су құйып, тұз қышқылды ортада
кальций фосфидінің бірнеше кристалдарын салыңдар.
Қандай өзгеріс болады? Бөлінген газдың тұтануын қалай
түсіндіресіңдер? Фосфор сутекпен қандай қосылыстар
214
түзеді? Олардың тұрақтылығы және басқа да қасиеттері
қандай?
2. Фосфордың су астында жануы. Сынауыққа 5-10 мл
дистилденген су құйып, оны суы бар стаканға салып,
тұрғыға бекітіңдер. Су құйылған сынауыққа ақ фосфордың
кішкене түйірін салып, стакандағы суды ақ фосфордың
балқу температурасынан 15-20
0
С жоғары температураға
дейін қыздырыңдар. Газометрден шығатын оттек ағынын
реттей отырып, газ өткізгіш түтікті бөлінетін оттек
балқыған фосформен жанасатындай етіп енгізіңдер.
Қандай өзгерістерді байқауға болады?
3. Фосфор (ІІІ) оксиді. 53 суреттегі құрылғыны
жинаңдар. Шайғыш шынысауытқа (1) аздап вазелин майын
құйып, U-тәрізді түтікті (2) сусыз кальций хлоридімен
толтырыңдар. Кәрлен қайықшаға (3) ақ фосфор салып, оны
қиын
53-сурет. Фосфор (ІІІ) оксидін синтездеуге арналған
құрылғы
балқитын шыныдан жасалған (4) түтікке орнатыңдар.
Қабылдағыш ретінде қолданылатын U-тәрізді түтікті (5) су
ағынды сорғыға жалғап, 4-ші түтіктің бір ұшын босатып,
ыстық шыны таяқшаны тигізіп фосфорды жағыңдар. 4-ші
түтікті тығынымен жауып, суағынды сорғыны қосыңдар.
Қайықшада фосфордың аз мөлшері қалғанда реакцияны
тоқтатыңдар. Сорғыны шығарып, 4 және 5 түтіктерде
жиналған фосфор (ІІІ) оксидін аздаған су көлемінде (20-30
215
мл) ерітіп, алынған ерітіндіні қағаз сүзгімен сүзіп, келесі
тәжірибелерге сақтап қойыңдар.
4. Фосфорлы қышқылдың қасиеттері. Алынған қышқыл
ерітіндісін үш сынауыққа бөліп құйып, бірінші сынауыққа
әлсіз қышқыл реакцияға дейін соданың ерітіндісін қосып,
оны күміс нитраты ерітіндісімен сынап көріңдер. Не
байқалады? Тұнбасы бар сұйықты қыздырыңдар. Қандай
өзгерістерді көруге болады? Екінші сынауыққа калий
перманганатының сұйытылған ерітіндісінің бірнеше
тамшысын қосыңдар. Не байқалады? Қышқыл қандай
қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфорлы
қышқылдың ерітіндісінің үшінші бөлігін кәрлен тостағанға
құйып, сулы жылытқышта суалтып, сонан соң абайлап құм
жылытқышта қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция
теңдеуін жазыңдар.
ғ 61 жұмыс. Фосфор (V) оксиді
Қажетті
құрал-жабдықтар
мен
реактивтер:
тығындарымен
үш
саңылауы
бар
шынысауыт,
хлоркальцийлі түтік, фосфорды жандыруға арналған
қасық, шынышақша, суағынды сорғы, лакмус қағазы,
электр плитасы, сынауықтар, құмды жылытқыш, сулы
жылытқыш, газ өткізгіш түтік.
54 суреттегі құрылғыны жинаңдар. Құрылғының барлық
бөліктері құрғақ болуы қажет. U-тәрізді түтікті немесе
шайғыш
шынысауытты
суағынды
сорғыға
жалғастырыңдар.
Темір
қасықшаға қызыл фосфорды
салып,
оны
жағып,
шынысауыттың
ортаңғы
саңылауына
орнатыңдар.
Суағынды
сорғыны
қосып,
216
құрылғы арқылы құрғақ ауа
ағынын жіберіңдер. Фосфорды
54-сурет. Фосфор (V)
оксидін алу
жағу операциясын бірнеше рет
қайталаңдар.
Шынысауыттағы және U-тәрізді түтіктегі пайда
болған затты тез құрғақ шыны шақшаға салып, қақпағын
жабыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Сулы ертіндіні
лакмус қағазымен сынаңдар. Фосфор (V) оксидінің
біртіндеп гидратацияға ұшырау реакциясының теңдеуін
жазыңдар. Фосфор (V) оксидінің молекуласының
құрылысы қандай болатынын көрсетіңдер.
ғ 62 жұмыс. Фосфор қышқылдары және олардың
тұздары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ақуыздың
сулы ерітіндісі, калий метафосфаты, сірке қышқылы, күміс
нитраты ерітіндісі, сұйытылған және концентрлі азот
қышқылы, 95% ортофосфор қышқылы, құмды жылытқыш,
қызыл фосфор, сулы жылытқыш, шыны таяқша, натрий
ортофосфаты, гидрофосфаты және дигидрофосфаты,
магнезиялық қоспа, барий хлориді, алюминий сульфаты,
темір (ІІІ) хлориді, 2 н сірке және тұз қышқылдары,
кальций хлориді, аммиак ерітінділері, натрий-аммоний
гидрофосфат аралас тұздарының кристалдары, спирт шамы
немесе жанарғы.
Метафосфор қышқылы
1.Метафосфор қышқылы және оның тұздарына
реакциялар.
а) Сынауыққа шамамен 1 мл ақуыздың сулы ертіндісін
құйып, оған сондай мөлшерде сірке қышқылды ортада
калий метафосфатын қосыңдар. Не байқалады?
б) Натрий метафосфатының ертіндісіне бірнеше
тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Түзілген
тұнбаның түсіне көңіл аударыңдар. Оны сұйытылған азот
217
қышқылымен тексеріп көріңдер. Реакция теңдеулерін
жазыңдар.
2. Метафосфор қышқылын алу.
а) 0,1 г фосфор (V) оксидін суда ерітіп, түзілген
ерітіндіні ақуыздың сулы ертіндісімен тексеріп көріңдер.
Не байқалады?
б) Кәрлен тостағанға 1-2 мл 95% фосфор қышқылын
құйып, оны құмды жылытқышта шырын тәрізді болғанша
қыздырыңдар да, одан кейін 350
0
С температурада
күйдіріңдер. Метафосфор қышқылы түзілгенін қалай
анықтауға болады?
Ортофосфор қышқылы
3. (Тартқыш шкафта жасау керек!). Кәрлен тостағанға
аздап қызыл фосфор салып, оған 10-12 тамшы концентрлі
азот қышқылын ((=1,4 г/см
3
) құйыңдар. Реакциялық
массаны әлсін-әлсін араластыра отырып, тостағанды сулы
жылытқышқа қойып, азот диоксидінің бөлінуі тоқтағанша
қыздырыңдар. Ортофосфор қышқылы түссіз шырын
тәрізді масса түрінде түзіледі.
Реакцияға су және қышқылдан басқа азот (ІІ) оксиді
қатысатынын
ескере
отырып,
фосфордың
азот
қышқылымен тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Фосфат-ионға сапалық реакция жүргізіңдер.
Ортофосфор қышқылының тұздарын алу және
олардың қасиеттері
4. Сынауыққа натрий гидрофосфатының 3-5 тамшысын
және сондай мөлшерде магнезиялық қоспаның ертіндісін
құйыңдар да, түзілген тұнбаның түсі мен түрін
анықтаңдар.
Суда
нашар
еритін
магний-аммоний
фосфатының МgNH
4
PО
4
түзілу реакциясының теңдеуін
жазыңдар.
218
5. Барий, алюминий және темір ортофосфаттарын алыңдар.
Ол үшін үш сынауыққа 5 тамшыдан: біріншісіне-барий
хлоридін, екіншісіне-алюминий сульфатын, үшіншісіне-
темір
(ІІІ)
хлоридін
құйыңдар.
Сынауықтардың
әрқайсысына 8-10 тамшы натрий гидрофосфатын Na
2
HPO
4
қосыңдар. Түзілген тұнбалардың түсін белгілеңдер. Әр
сынауықтың ішіндегісін екіге бөліп, біреуіне 2 н сірке
қышқылын (шыны таяқшамен араластыра отырып,
тамшылатып құйыңдар), екіншісіне 2 н тұз қышқылын
құйыңдар. Барий, алюминий және темір фосфаттарының
алынуы мен еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
Ерігіштік көбейтіндісі түсінігін қолдана отырып, еру
процесін түсіндіріңдер.
Кальций ортофосфатын алу және олардың қасиеттері
6.Үш сынауыққа 3 тамшыдан кальций хлоридінің
ерітіндісін құйып, біріншісіне Na
2
HPO
4
екінші сынауыққа
NaH
2
PO
4
және аммиак ерітіндісін, үшіншісіне NaH
2
PO
4
ерітінділерін қосыңдар. Не түзілетінін байқап, реакция
теңдеулерін жазыңдар.
Тұнбаларды үйірткілеп, олардың сірке қышқылында
ерігіштігін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Фосфаттарды боялған қанатшалар түрінде алу
7.Сынауыққа
2-3
микроқалақша
натрий-аммоний
гидрофосфатын
NaNH
4
HPO
4
(4H
2
O
салып,
оны
жанарғымен қыздырып, балқытыңдар. Аммиак пен су
буының бөлінуі тоқтағаннан кейін сұйық массаға кобальт
тұзының немесе кобальт (ІІ) оксидінің бірнеше кристалын
салыңдар.
Балқыған
массаның
кобальттың
сусыз
тұздарына тән көк түске боялғанын байқаңдар. Кобальт
қосылыстарының орнына хром тұздарының немесе хром
(ІІІ)
оксидінің
түйіршіктерін
алып
тәжірибені
219
қайталаңдар. Бұл жағдайда балқыманың түсі қалай
өзгереді? Натрий-аммоний гидрофосфатының ыдырау
және боялған інжу тұздарының түзілу реакцияларының
теңдеулерін жазыңдар. Мұнда біріншілік фосфаттарды
қыздырғанда сәйкес метафосфаттар және су, екіншілік
фосфаттарды қыздырғанда сәйкес дифосфаттар, ал
үшіншілік фосфаттарды қыздырғанда ешқандай өзгеріс
болмайтынын ескеріңдер. Бұл тәжірибеде түзілген натрий
метафосфаты кобальт және хром оксидтерімен әрекеттесіп
олардың фосфаттарын немесе қос тұздарын NaCoPO
4
және
2СrPO
4
( Na
3
PO
4
түзеді.
Дифосфор (пирофосфор) қышқылы
8. Дифосфор қышқылы және оның тұздарына сапалық
реакциялар
а) Дифосфор қышқылына ақуыз ертіндісін қосыңдар.
Не байқалады?
б) Натрий дигдрофосфатының ерітіндісіне бірнеше
тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Түзілген
тұнбаның сұйытылған азот қышқылында еру-ерімейтінін
тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
9. Дифосфор қышқылын алу. Кәрлен тостағанға 2-3 мл
95% ортофосфор қышқылын құйып, оны құмды
жылытқышта қыздыра отырып шырын тәрізді жағдайға
жеткізіңдер де, сонан соң 240
0
С-қа дейін қыздырыңдар.
Дифосфор қышқылының түзілгенін қалай дәлелдеуге
болады?
10. Еритін фосфаттардың гидролизі.
Үш сынауыққа 5 тамшыдан сәйкесінше NaH
2
PO
4
, Na
2
HPO
4
және Na
3
PO
4
концентрлі ертінділерін құйыңдар да,
әрқайсысына 5 тамшы дистилденген су қосып лакмус
қағазымен
тексеріңдер.
Байқалған
құбылыстарды
түсіндіріңдер. Осыған ұқсас тәжірибені мета- және
220
дифосфор қышқылдарының суда еритін тұздарымен
қайталаңдар.
11. Ортофосфор қышқылының тұздарының қыздыруға
қатынастары.
Натрий
гидрофосфатының
аздаған
мөлшерін
отбақырашқа салып қыздырыңдар. Ыдырау реакциясын
аяғына дейін жүргізіңдер (оны қалай анықтауға болады?).
Түзілген өнімді суытып суда ерітіңдер де, ерітіндіде
қандай тұз болатынын анықтаңдар. Реакция теңдеуін
жазыңдар.
Натрий
дигидрофосфаты
мен
фосфор
қышқылының аммоний-натрий тұздарын қыздырғанда
қандай
өнімдер
түзілетінін
жазыңдар.
Фосфор
қышқылдарының қандай тұздары тыңайтқыш ретінде
қолданылады?
Жай
және
қос
суперфосфаттың,
аммофостың құрамы (тұзды) қандай? Олардың суда және
басқа еріткіштерде ерігіштігі қандай?
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР
Фосфор галогенидтері
1. Фосфордың трихлоридін және пентахлоридін алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қызыл
фосфор, көмірқышқыл газын алуға дайындалған Кипп
аппараты, газ күйінде хлорды алуға арналған қондырғы,
хлорды кептіретін шайғыш шынысауыт, қысқыштар, газ
өткізгіш түтіктер, жалғайтын шлангілер.
55 сурет бойынша құрылғы жинаңдар (құрылғыны
тартқыш шкафта екі студент жинауы керек). 1 және 2
сынауықтарға 1-2 г қызыл фосфор салыңдар. 3-ші газ
221
шығатын түтігі бар 1 және 2 реакциялық сынауықтарға
хлор келетін 3-ші газ өткізгіш түтіктердің төменгі ұштары
фосфор қабатынан 2-3 см жоғары болуы қажет.
Сынауытардан ауаны
кҰмҢр
ышыл
газымен ыыстырып
шыарып, сонан со
хлормен толтырыдар
(хлорды
кептҢретҢн
шайыша
андай
ерҢтҢндҢ Ғю керек?).
ЕкҢ сынауытаы
да фосфорды абайлап газ
жанарысыны жалы-
нында ыздырыдар.
55-сурет.
Фосфор
галогенидтерін
синтездеуге
арналған құрылғы.
Не байқалады? Қысқыштың көмегімен хлор жіберу
жылдамдығын
және
қыздыруды
реттей
отырып,
қабылдағыш-сынауықта
фосфордың
трихлоридін,
екіншісінде-пентахлоридін алыңдар. Реакция теңдеуін
жазыңдар. Тәжірибе біткеннен кейін құрылғыдан хлорды
құрғақ көмір қышқыл газымен ығыстырып шығарып,
алынған заттарды тығынмен жақсылап жабыңдар.
2. Фосфор трихлоридінің гидролизі.
1. Сынауыққа 3-5 мл дистилденген су құйып, оған абайлап
фосфор трихлоридінің аздаған мөлшерін тамшылатып
қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазып,
гидролиз өнімдерінің құрамын анықтаңдар.
2.Түзілген
фосфор
пентахлоридінің
аз
мөлшерін
дистилденген суға қосыңдар да, байқалатын құбылысты
сипаттаңдар. Пентахлорид гидролизінің реакция теңдеуін
жазыңдар және түзілген өнімдердің құрамын анықтаңдар.
15. КҮШӘН, СҮРМЕ, ВИСМУТ
222
ғ 63 жұмыс. Күшән топшасы элементтерін алу және
олардың қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Вюрц
құтысы, Кипп аппараты, құйғы, химиялық стакан,
сынауықтар, висмут нитратының қышқылданған ертіндісі,
сүзгіге арналған қондырғы, тұз, күкірт және азот
қышқылдары.
1. Висмут алу. Висмут нитратының қышқылданған
(неліктен
қышқылданған?)
ерітіндісін
мырышпен
тотықсыздандыру арқылы висмут алыңдар да, оны сүзіп,
сумен шайыңдар. Одан соң үш бөлікке бөліп,
қышқылдарға (тұз, күкірт, азот) қатынасын зерттеңдер.
Кернеу қатарында висмут қандай орын алады? Жүретін
реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Күшән мен сүрмені
қалай алуға болады? Олар қандай қышқылдарда және
қандай жағдайларда ериді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Кернеу қатарында олар қандай орын алады?
2. Күшән
топшасы
элементтерінің
сутекті
қосылыстары.
Ескерту: Күшәннің қосылыстары тіпті өте аз
мөлшерде де өте улы. Ерітінді қалдықтарын арнайы
ыдыстарға
құйып,
лаборантқа
тапсырыңдар.
Жұмысты жасап болғаннан кейін қолдарыңды және
қолданған ыдыстарыңды мұқият жуыңдар.
ғ 64 жұмыс. Арсин алу және оның термиялық
диссоциациясы (Марш реакциясы бойынша күшәнді
ашу)
(Тәжірибе топ болып, тартқыш шкафта жүргізіледі).
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Вюрц
құтысы, мырыш түйіршіктері, 20% тұз қышқылы,
223
отбақыраштың қақпағы, күшән қосылыстары, натрий
гипохлориты немесе хлорлы әк ерітіндісі.
56-суретте көрсетілгендей құрылғы жинаңдар. Вюрц
құтысына мырыштың бірнеше (20-25) түйіршіктерін
салып, 50-60 мл 20% тұз қышқылын құйыңдар.
Құрылғыдан
ауа
сутекпен
түгел
ығыстырылып
шығарылғаннан кейін (сутектің тазалығын сынауықта
тексеріңдер), бөлінген сутекті қиын балқитын 2-ші түтіктің
саңылауынан жағып көріп, отбақыраштың қақпағын сутек
жалынына ұстаңдар. Не байқалады? Жалынның түсі
қандай? Қыздырғанда 2-ші түтіктің ортасындағы шыныда
жұқа қабат пайда бола ма? Осындай алдын-ала зерттеулер
қандай мақсатпен жүргізіледі? Жанып жатқан сутекті
өшіріп, құрылғы суығаннан кейін
құтыға (1) құйғы (3)
арқылы бір немесе екі
мл
күшәннің
бір
қосылысын құйыңдар.
Бөлінген
сутектің
тазалығын
қайтадан
тексеріп, сонан соң
оны жағып көріңдер
56-сурет.
Марш
реакциясын
жүргізуге арналған қондырғы.
де, түтіктің ортаңғы
бөлігін қыздырыңдар.
Не байқалады?
Жалынның түсіне көңіл бөліңдер? Жалынға отбақыраштың
қақпағын ұстаңдар. Сонда не байқалады? Отбақыраштың
қақпағында түзілген затты натрий гипохлориті немесе хлор
әгінің ертіндісімен өңдеңдер. Не байқалады? Осындай
жағдайда сүрме гидриді қандай өзгеріске ұшырар еді? Осы
тәжрибеде өтетін барлық реакциялардың теңдеулерін
жазып, оларды түсіндіріңдер.
224
AsH
3
-ке қандай қасиет тән? AsH
3,
SbH
3,
BіH
3
, PH
3
, NH
3
термиялық тұрақтылықтарын, тотықсыздандырғыш және
басқа да қасиеттерін салыстырыңдар.
ғ 65 жұмыс. Күшән (ІІІ), сүрме (ІІІ) және висмут
(ІІІ) қосылыстары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,
күшән (ІІІ) оксиді, лакмус ерітіндісі, натрий гидроксиді
ерітіндісі, тұз қышқылы, сүрме (ІІІ) хлориді, натрий
карбонаты ерітінділері, спирт шамы, шарап қышқылы,
висмут (ІІІ) хлоридінің, күміс нитратының ерітінділері,
йод суы.
1. Күшән (ІІІ) оксиді және гидроксидінің қасиеттері.
Сынауыққа 2-3 мл су құйып, күшән (ІІІ) оксидін (0,1 г)
қосыңдар да, қыздырыңдар. Оксид толық ери ме?
Ерітіндіні лакмус қағазымен тексеріңдер. Сынауықтағы
ерітіндіні екі бөлікке бөліңдер. Біріншісіне натрий
гидроксидін, ал екіншісіне тұз қышқылын қосыңдар.
Суықтай және қыздырғанда не байқалады? Ерітіндіде
қандай заттар болады? Күшән оксидінің сулы ертіндісінде
қандай иондар болады?
2. Сүрме (ІІІ) оксидінің қасиеті. Сүрме (ІІІ) хлориді
ерітіндісінде әлсіз сілтілік орта түзілгенше натрий
карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Қоспа
құрамындағы көмір қышқыл газы түгел бөлініп шыққанша
сынауықты қыздырыңдар. Тұнба түгел шөккеннен кейін
оны бірнеше рет сумен шайыңдар. Осы тәжірибеде
жүретін барлық реакция теңдеуін жазыңдар. Стибил
катионның құрамы қандай? Сүрме оксидінің суға, сілті
ерітінділеріне,
тұз
және
шарап
қышқылдарына
қатынастарын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
225
Жүргізілген тәжірибелер сүрме (ІІІ) оксидінің қандай
қасиетін көрсетеді?
3. Висмут (ІІІ) оксидінің қасиеттері. Висмут (ІІІ)
тұзының ерітіндісімен де жоғарыдағы сияқты тәжірибе
жасаңдар. Висмут (ІІІ) тұзының ерітіндісіне әлсіз сілтілік
орта түзілгенше натрий карбонатының ерітіндісін
құйыңдар. Не байқалады? Қоспа құрамындағы көмір
қышқыл газы түгел бөлініп шыққанша сынауықты
қыздырыңдар. Тұнба түгел шөккенен кейін оны ыстық
сумен бірнеше рет шайыңдар. Осы тәжірибеде жүретін
реакция теңдеулерін жазыңдар. Висмутил катионының
құрамы қандай?
Висмут (ІІІ) оксидінің суға, сілті, тұз және шарап
(Н
2
С
4
Н
4
О
6
) қышқылдарына қатынастарын анықтаңдар.
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүргізілген тәжірибелер
висмут (ІІІ) оксидінің қандай қасиетін көрсетеді? Натрий
арсениты
және
антимониты
ерітінділерін
күміс
нитратымен тексеріңдер. Тұнбаға не түседі? Зерттелетін
ерітінділерге йод суы қалай әсер етеді? As (ІІІ) және Sb
(ІІІ) қосылыстары осы реакцияларда қандай қасиет
көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Аs (ІІІ), Sb (ІІІ)
және Ві (ІІІ) гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік,
тотығу-тотықсыздану қасиеттерін салыстырыңдар.
4. Сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) хлоридтерінің
гидролизі. Екі сынауыққа 1 мл сүрме және висмут
хлоридтерінің қышқылданған ерітінділерін құйып, тұнба
түзілгенше су қосыңдар. Күшән, сүрме және висмут
хлоридтерінің гидролиз реакцияларының теңдеулерін
құрастырыңдар. Сүрме және висмут хлоридтерінің мөлдір
ерітінділерін қалай алуға болады? Күшәннен висмутқа
ауысқанда гидролиз дәрежесі қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |