4 Зертханалық жұмыс Фосфор және оның қосылыстары Аспаптар мен реактивтер



бет1/3
Дата21.10.2022
өлшемі23,11 Kb.
#154288
  1   2   3
Байланысты:
Лабораторное занятие 4-1666174676199


4 Зертханалық жұмыс
Фосфор және оның қосылыстары
Аспаптар мен реактивтер: таразы, хлор алуға дайындалған құрал, әмбебап қағазы, су моншасы, сақиналары бар штатив, оттық, сыйымдылығы 200мл колба, газөткізгіш түтігі және воронкасы бар тығын, фарфор табақша, сыйымдылығы 10мл стакан, пышақ, пинцет, асбес сеткасы, шыны түтікше, микрокалькулятор; сүзгі қағазы, мақта,ақ және қызыл фосфор, кальций фосфиді Ca3P2,марганец диоксиді MnO2 немесе калий пермаганаты KMnO4натрий дигидроортофосфаты NaH2PO4,натрий гидроортофосфаты Na2HPO4 фосфор (III) хлориді PCI3, фосфор(V) хлоридіPCI5, ерітінділер: күкірт қышқылы H2SO4 (1:1) азот қышқылы (r=1,41г/см3 және 2н), тұз қышқылы (конц., r=1,18г/см3 және 4н) сірке қышқылы CH3COOH (2н), ортофосфор қышқылы H3PO4 (1н), аммоний молибдаты (NH4)2MoO4 (2%-ті), кальций хлориді CaCI2 (2н), натрий метафосфаты NaPO3 (1н), натрий дигидрофосфаты NaH2PO4 (1н) натрий гидрофосфаты Na2HPO4 (1н), натрий карбонаты Na2CO3 (2н), күміс нитраты AgNO3 (0,1н), натрий ацетаты NaCH3COO (0,5н),темір (III) хлориді FeCI3 (1н), алюминий сульфаты AI2(SO4)3 (1н), белок.
Фосфор аллотропиясы (жұмысты тартпа шкафта жургізу керек)
а) аздап қызыл фосфорды пробиркаға салып, мақтамен жауып, штативке көлбеу бекіту, жайлап қыздыру, қыздырғанда фосфор буы пробиркадан шығып жануы мүмкін, сақ болындар, жануды болдырмау керек. Пробирканың қабырғаларында ақ фосфор дағы түзіледі. Пробирканы қараңғы жерге апарып, ақ фосфордың жарық шығаруын байқау. Ақ фосфорды пробиркадан шыны таяқшамен алып ауада ұстау, не байқалады. Жүріп жатқан реакция тендеуін жазыңыз. Тәжірибе нәтижесінен фосфордың қай аллотропиялық түрі активтілеу екені туралы қорытынды шығару (тәжірибеден кейін пробирканы зертхана қызметкеріне өткізу).
б) бұл тәжірибені оттан әрірек жүргізу керек. Ақ фос­фор түйірін сүзгі қағазында кептіру. 1 мл күкіртті көміртекте еріту (пробирканы абайлап, жаймен шайқау). Сүзгі қағаздың бөлігін алынған ерітіндіге батыру. Қағазды қысқышпен қаңылтыр үстіне ұстап, күкіртті көміртектің ұшып барып, ақ фосфордың езінен өзі тұтануын байқау (пробирканы ерітіндісімен зертхана қызметкеріне өткізу). Осы әдіспен қызыл фосфорын да күкіртті көміртекте еруін сынау. Ақ және қызыл фосфордың күкіртті көміртекте ерігіштігін салыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет