Білімділік:Үтоптың негізгі топшасының маңызды бейметалы – фосфордың жай зат ретіндегі қасиеттері туралы ұғымдарды дамыту. Фосфордың маңызды қосылыстары - ортофосфор қышқылы және тұздары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Химиялық заттармен жұмыс істей білу, химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамыту, дүние-танымдық көзқарасын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды еңбексүйгіштікке, химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
І. Қайталау – оқу анасы. (не білемін....)
Менделеевтің кестесінен,
Аңызға арқау болған
Қасиетті, құдіретті, киелі
Білесің бе, фосфор деген элементті?
1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі көмегімен фосфорға сипаттама беру.
Бектұров Әбікен Бектұрұлы (1901-1985) – техника ғылымының докторы, про-фессор, Қазақстан Ғылым академиясы-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өң-деудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып енгізді, фосфаттардың сульфаттармен және силикаттармен сополимеризация-сы бойынша зерттеулер жүргізген, Қаратау фосфоритінен минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі.
Есеп: Құрамында 20г фосфор қышқылы бар ерітіндімен құрамында 20г қорғасын хлориді бар ерітінділер араластырылды. Реакция нәтижесінде түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар.