Жазу және тілді дамыту 1 жазуғА Үйретудің маңызы



бет1/4
Дата01.01.2022
өлшемі32,74 Kb.
#107523
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс Жазу
физика 100 сұрақ

Дәріс №67
Тақырыбы: Жазу және тіл дамыту әдістемесі.

Жоспар : Жазу және тіл дамыту әдістемесі.

ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛДІ ДАМЫТУ

1 ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.

Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.

Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.

Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.

Алфавит пен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.

Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын қажет етеді т.с.с.

Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.

Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.

Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.

Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.

Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.

Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс қолдану жатады.

Оқушы ереже бойынша саналы түрде, түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра түседі.

Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі қағидасы – морфологиялық қағида, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.

Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б, дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.

Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.

Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет