Жазу және тілді дамыту 1 жазуғА Үйретудің маңызы



бет3/4
Дата01.01.2022
өлшемі32,74 Kb.
#107523
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс Жазу

Дәріс №69
Тақырыбы: Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлар

Жоспар : Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлар

3 ЖАЗУҒА ҮЙРЕНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙЛАР

Жазуға үйрену тілдің ерекшелігіне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра білуді талап етеді; мофологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, шкаф т.б.) және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар сөздердің (қарындаш, картоп, бәтеңке, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығуға арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.

Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:

1.Жазылатын сөздердің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырған жөн.

2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұхият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.

Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.

3. Сөйлем мен сөздің талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек қою.

4. Сөйлеу әрекетінің бірден-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығулары мен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.

5. Грамматикалық жаттығуларды сөздік орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.

Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды.

Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.

Тапсырма:

1. Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайларды айтып беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет