Бейорганикалық


ғ 99 жұмыс. Церий тұздарының қасиеттері



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


ғ 99 жұмыс. Церий тұздарының қасиеттері 
 
Қажетті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, құтылар, 
10  %  H
2
C
2
O
4
,  Na
2
CO
3
,  NaF,  KJ  ерітінділері,  церий  (ІІІ) 
тұзының 10 % ерітіндісі, церий карбонатының ерітіндісі, 5 
%  күкірт,  азот,  тұз  қышқылдары,  КУ-2  катиониты, 
аммоний персульфатының кристалдары, церий (ІV) оксиді. 
1. Ерімейтін тұздардың түзілуі. Төрт сынауыққа 1 мл-ден 
H
2
C
2
O
4
,  Na
2
CO
3
, NaF, KJ құйып, әрқайсысына 1 мл церий 
(ІІІ)  тұзын  қосыңдар.  Әрбір  сынауықта  не  түзіледі? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
 
Церий 
карбонаты 
бар 
сынауыққа 
натрий 
карбонатының  артық  мөлшерін  құйыңдар.  Не  байқалады? 
Лантаноидтар 
қандай 
лигандалармен 
комплексті 
қосылыстар 
түзеді? 
Лантаннан 
лютецийға 
дейін 
комплексті қосылыстардың беріктігі қалай өзгереді? 
2.  Церий  (ІІІ)  церий  (ІV)-ке  дейін  тотығуы.  1  мл  церий 
(ІІІ)  ерітіндісіне  бірнеше  тамшы  күкірт  қышқылын 
қосыңдар  да,  аммоний  персульфатын  салыңдар.  Түсі 
бойынша  церийдің  тотығу  дәрежесін  анықтауға  бола  ма? 
Реакция теңдеуін жазыңдар.  
3. Церий (ІV) тотықтырғыштық қасиеті. Сынауыққа 0,1 
г СеО
2
 салып, 3-4 мл азот қышқылын құйыңдар. Тұнба ери 
ме? Оған 2-3 мл сутек пероксидін қосыңдар. Тұнба қандай 
өзгеріске ұшырайды? 
4.  Церий  (ІІІ)  ионының  катиониттермен  сорбциясы 
және  оны  шайырдан  алу. Конус  тәрізді  құтыға 10  мл  су 
және  1  мл  церий  (ІІІ)  тұзын  құйыңдар  да,  ерітіндіні 
араластырыңдар.  Оған  1  г  КУ-2  катионитін  салыңдар. 

 
280 
Құтының  ішіндегісін  3-5  минут  бойы  араластырып, 
ерітіндісін  сынауыққа  құйып  алып,  онда  церий  (ІІІ) 
тұздарының 
жоқ 
екенін 
анықтаңдар. 
Катионитті 
декантация 
әдісімен 
сумен 
шайыңдар. 
Жуылған 
катионитке  10  мл  5  %  тұз  қышқылының  ерітіндісін 
қосыңдар.  Құтыны  араластырып,  ерітіндіде  церий  (ІІІ) 
иондары  бар  ма  екенін  анықтаңдар.  Тәжірибелерді 
түсіндіріп беріңдер. 
 
26. ТИТАН, ЦИРКОНИЙ, ГАФНИЙ 
 
ғ 100 жұмыс. Титан (ІV) қосылыстары 
 
Қажетті  құралдар  мен  реактивтер:  сынауықтар, 
қаныққан  титанил  сульфатының  ерітіндісі  (TіOSO
4
),  2  н 
қышқыл  және  сілті  ерітінділері,  қыздырғыш  құрал, 
отбақыраш 
қақпағы, 
кептіргіш 
шкаф, 
натрий 
гидрокарбонаты  немесе  ацетаты  ерітіндісі,  титан  (ІV) 
тұзының  ерітіндісі,  10  %  тұз  қышқылы,    5  %  сутек 
пероксиді.  
1.  Титан  қышқылын  алу  және  оның  қасиеттері.  5  мл 
қаныққан  титанил  сульфатының  (TіOSO
4
)  ерітіндісіне 
тұнба  түзілгенше  2  н  сілті  қосыңдар.  Тұнбаны  тұндырып 
қойып,  декантация  әдісімен  сумен  шайыңдар  да,  титан 
қышқылының 
қышқылдар 
мен 
сілтілерге 
әсерін 
анықтаңдар.  Титан  қышқылының  қалған  бөлігін  келесі 
тәжірибелерге  қолданыңдар.  Титан  (ІV)  гидроксидіне 
қышқылдық немесе негіздік қасиеттің қайсысы тән? 
2. Титан қышқылының (-түрден (-түрге ауысуы. 
Титан  қышқылының  бір  бөлігіне  10-12  минут  бойы  су 
қосып  қайнатыңдар.  Оның  қышқылдар  мен  сілтілерге 
әсерін  анықтаңдар.  Титан  қышқылының  ерігіштігі  қалай 
өзгереді?  Титан  қышқылының  (-  және  (-түрлерінің 
айырмашылықтары қандай? 

 
281 
3.  Титан  диоксидін  алу.  Қалған  титан  қышқылын 
отбақыраш 
қақпағына 
салып, 
кептіргіш 
шкафта 
кептіріңдер. 
Өнімнің 
түсінің 
өзгеруін 
байқаңдар. 
Суытқанда түсі қалпына келе ме? 
4. Титан (ІV) тұзының гидролизі. Титанил сульфатының 
ерітіндісіне  NaHCO
3
    немесе  CH
3
COONa  ерітіндісін 
құйыңдар.  Қыздырып,  байқалған  құбылысқа  назар 
аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
5.  Пероксидті  қосылыстары.  1-2  мл  титан  (ІV)  тұзының 
ерітіндісіне  тұз  қышқылын  құйып,  бірнеше  тамшы  сутек 
пероксидін  тамызыңдар.  Түсінің  өзгергенін  байқаңдар  да, 
реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Титанның  пероксидті 
қосылыстарының құрамы қандай? 
 
ғ  101 жұмыс. Титан (ІІІ) қосылыстары 
Қажетті  құралдар  мен  реактивтер:  титанил  (ІV) 
сульфатының  ерітіндісі,  2  н  күкірт  қышқылы,  мырыш, 
қышқылдар мен сілті ерітінділері, титан (ІІІ) сульфатының 
ерітіндісі, темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісі, хлор суы.  
1.  Титан  (ІІІ)  сульфатын  алу.  Құтыға  5-10  мл  титанил 
(ІV) сульфатын құйып, 2 н күкірт қышқылын қосыңдар да, 
бірнеше  түйір  мырыш  салыңдар.  Түсінің  өзгеруін 
бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
2.  Титан  (ІІІ)  гидроксидін  алу.  Алдыңғы  тәжірибеде 
алынған титанның (ІІІ) күлгін ерітіндісіне бірнеше тамшы 
сілті  қосыңдар.  Титан  (ІІІ)  гидроксидінің  қышқылдар  мен 
сілтілерге  әсерін  анықтаңдар. Реакция  теңдеуін  жазыңдар. 
Титан  (ІІІ)  қосылыстары  титан  (ІV)  қосылыстарына 
қарағанда неліктен гидролизге аз ұшырайды?  
3. 
Титан 
(ІІІ) 
қосылыстарының 
тотықсыздандырғыштық  қасиеттері.    Үш  сынауыққа  2 
мл титан (ІІІ) сульфатын құйыңдар. Біріншісіне темір (ІІІ) 
хлоридін,  екіншісіне  бірнеше  тамшы  хлор  суын  құйыңдар 
да,  үшіншісін  ауада  қалдырыңдар.  Не  байқалады?  Титан 

 
282 
(ІІІ)  қосылыстарына  қандай  қасиеттер  тән?  Кристалдық 
өріс  теориясын  қолдана  отырып,  неліктен  титан  (ІІІ) 
қосылыстары  боялған,  ал  титан  (ІV)  қосылыстары 
боялмағанын түсіндіріңдер. 
 
 ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР  
 
1. Титан (ІV) хлоридін алу 
Қажетті  құралдар  мен  реактивтер:  титан  (ІV)  оксиді, 
көмір және декстрин немесе крахмал ұнтақтары, кептіргіш 
шкаф,  отбақыраш,  талшықтасты  жабын,  муфель  пеші, 
ылғалсорғыш,  кварц  түтігі,  түтікті  пеш,  хлорлауға 
арналған  қондырғы,  (15  сурет),  көмір  қышқыл  газы, 
тығынымен  Вюрц  құтысы,  газ  тәрізді  хлор,  концентрлі 
күкірт қышқылы. 
5 г титан (ІV) оксидін, 2 г көмір ұнтағы мен  2 г декстрин 
немесе  крахмалды  араластырып,  оған  қоймалжың 
болғанша ыстық су құйыңдар. Дәннің көлеміндей етіп шар 
дайындап,  оларды  150-200
0
С  температурада  кептіргіш 
шкафта 3-5 сағат бойы кептіріңдер. Одан соң отбақырашқа 
салып,  үстіне  ұнтақталған  көмір  қосып,  талшықтаспен 
бетін  жауып  150-200
0
С  температурада муфель  пешінде  30 
минут  бойы  қыздырыңдар.  Жүретін  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар.  Алынған  өнімді  ылғалсорғышта  суытып, 
хлорлау  үшін  (63-сурет)  құрылғының  кварц  түтігіне 
салыңдар.  Түтікті  пешті  500-600
0
С-ға  дейін  қыздырып, 
шығатын  саңылаудан  су  буының  конденсациялануы 
тоқтағанша құрғақ  (СО
2
  қалай  құрғатады?)  көмір  қышқыл 
газын жіберіңдер.  

 
283 
 
 
63-сурет. Титан (ІV) хлоридін алу 
 
Қабылдағышты  өлшеп  (Вюрц  құтысы),  оны 
құрылғыға 
қосып, 
пештің 
температурасын 
600
0
С 
шамасында  ұстап  тұрып,    құрғақ  хлор  ағынымен  (хлорды 
күкірт  қышқылы  ((1,84  г/см
3
  арқылы  үш  шайғыш 
шынысауыттан 
өткізіңдер) 
көмір 
қышқыл 
газын 
ығыстырып  шығарыңдар.  Титан  тетрахлоридінің  түзілу 
процесі  аяқталғаннан  кейін  хлорды  жіберуді  тоқтатпастан 
пешті  200
0
С-ға  дейін  суытыңдар.  Хлорды  құрғақ  көмір 
қышқылының 
ағынымен 
ығыстырып 
шығарыңдар. 
Құтыны  алып,  тығынын  (алдын-ала өлшенген) тез  жауып, 
өлшеңдер. Өнім шығымын пайыз есебімен есептеңдер.  
 
2. Титанил сульфатын алу 
Қажетті  құралдар  мен  реактивтер:  технохимиялық 
таразы,  60(  күкірт  қышқылы,  100  мл  кең  мойынды  құты, 
құм  жылытқысы,  шыны  сүзгісі  бар  сүзуге  арналған 
құрылғы, ацетон. 
 
5  г  титанил  сульфатын  алуға  қажетті  титан  қышқылының 
мөлшерін  есептеңдер.  Массасы  бойынша  60(  күкірт 
қышқылының төрт есе мөлшерін өлшеп алып, оны 100 мл 
құтыға  құйып,  құм  жылытқысына  орнатыңдар.  Күкірт 
қышқылын  100
0
С-ға  дейін  қыздырып,  қыздыруды 
тоқтатпай  тұрып  оған  араластыра  отырып,  құйылған 
мөлшері  еріп  кеткенше  титан  қышқылын  қосыңдар.  Әрі 
қарай  араластырғанда  және  қыздырғанда  кристалдану 

 
284 
басталады да, ол 2-6 сағатқа созылады. Түзілген кристалды 
шыны  сүзгіде  сүзіп  алып,  0,1  н  күкірт  қышқылы 
ерітіндісімен,  одан  соң  ацетонмен  шайып,  70-80
0
 
температурада кептіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.   

 
285 
 
27. ВАНАДИЙ, НИОБИЙ, ТАНТАЛ 
 
ғ 102 жұмыс. Ванадий (V) қосылыстары 
 
Қажетті  жабдықтар  және  реактивтер:  қақпағы  бар 
отбақыраш,  шыны  таяқша,  аммоний  ванадаты,  жанарғы, 
сынауықтар,  2  н  натрий  гидроксиді,  концентрлі  күкірт 
қышқылы, 
қышқылдық-негіздік 
индикаторлардың 
жиынтығы, Н
+
-түріндегі  КУ-2  катиониті  толтырылған  ион 
алмастырғыш  мұнара,  натрий  ванадатының  ерітіндісі, 
кәрлен  табақша,  натрий  метаванадаты,  күміс  нитраты, 
аммоний  хлориді  ерітінділері,  1  н  натрий  гидроксиді,  1  н 
күкірт қышқылы, 3% сутек пероксиді, мырыш.  
 
1. Ванадий (V) оксидін алу және оның қасиеттері.  
Отбақыраш  қақпағына  0,3-0,5  г  аммоний  ванадатын 
салып,  шыны  таяқшамен  араластыра  отырып  жанарғымен 
қыздырыңдар.  Тұздың  қызыл-қоңыр  түсті  V
2
О

түзе 
ыдырауын  байқайсыңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар. 
Алынған  ванадий  (V)  оксидін  үш  сынауыққа  бөліп 
салыңдар.  Біреуіне  2  н  натрий  гидроксидін,  екіншісіне-
концентрлі  күкірт  қышқылын  ((=1,84  см
3
)  құйып 
қыздырыңдар  да,  ал  үшінші  сынауыққа  су  қосып,  оны 
индикатормен 
тексеріңдер. 
 
Реакциялық 
ортаны 
анықтаңдар.  Ертіндінің  түсін  байқаңдар.  V
2
O

сілті  және 
қышқылмен 
әрекеттесу 
реакцияларының 
теңдеуін 
жазыңдар.  Ванадий  (V)  оксидінің  химиялық  сипаты 
жайында қорытынды жасаңдар.  
2.  Ванадий  қышқылы  (үстел  бойынша  жасалатын 
жұмыс). 
 Сутектік  формадағы  КУ-2  катионитімен  толтырылған 
мұнара  арқылы  5-7  мл  натрий  ванадаты  ерітіндісін 
өткізіңдер.  Ерітіндінің  түсіне  көңіл  аудара  отырып, 

 
286 
бастапқы  және  ағатын  ертіндінің  рН  анықтаңдар. 
Байқалған  құбылыстарды  түсіндіріңдер.  Мұнара  арқылы 
өткен ерітіндіні кәрлен табақшаға құйып, қыздырыңдар да, 
біраз  уақыттан  кейін  ванадий  (V)  оксидінің  түзілгенін 
бақылаңдар.  
3. Метаванадий қышқылдарының тұздары. 
Екі сынауыққа 2-3 мл натрий метаванадатын құйыңдар 
да,  біреуіне    AgNO
3
,  екіншісіне  NH
4
CІ  қосыңдар. 
Байқалған  құбылыстарды  түсіндіріп,  реакция  теңдеуін 
жазыңдар.  
4. Изополиванаттар. Екі сынауыққа натрий ванадатының 
ерітіндісін  құйып,  бірінші  сынауыққа  1  н  күкірт 
қышқылын,  екіншісіне  1  н  натрий  гидроксидін  қосыңдар. 
Не  байқалады?  Ерітіндінің  түсінің  өзгеруі  неге 
байланысты?  Бейтарап,  қышқыл  және  сілтілік  ортада 
жүретін  реакциялардың  теңдеулерін  молекулалық  және 
иондық түрде жазыңдар.     
5. 
Ванадийдің  пероксидті  қосылыстары.  Натрий 
ванадатының  ерітіндісіне  күкірт  қышқылын  және  бірнеше 
тамшы 3% сутек пероксидін қосыңдар. Ерітіндінің түсінің 
өзгергенін бақылаңдар. Қышқылды ортада катионды және 
анионды пероксидті  
     О 
        О 
 
 (V | )

(SO
4
)
3

 Н
3
[V | O
3

 
     О 
        О 
 
қосылыстарының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.  
 
 ғ 103 жұмыс. Ванадий (ІV), (ІІІ), (ІІ) қосылыстары 
1.  Қышқылдық  ортада  ванадий  (V)  және  ванадий  (ІV) 
иондарының тотықсыздануы.   
Көлемі  100  мл  ыдысқа  15-20  мл  натрий  ванадатын 
құйыңдар да, оған 10% күкірт қышқылын қосып, 3-4 түйір 
мырыш 
салыңдар. 
Ерітіндінің 
түсінің 
өзгергенін 
байқайсыңдар.  Қышқылдық  ортада  ванадий  (V)-тің 

 
287 
ванадий  (ІV)-ке  ауысу  реакциясының  теңдеуін  жазыңдар. 
Ванадий (ІV) иондарының түсі қандай?  
2.  Ванадий  (ІV)  қосылыстарының  қасиеттері.  Түзілген 
көк  түсті  ванадий  (ІV)  ерітіндісінің  бір  бөлігін  екі 
сынауыққа құйып, оның қышқылдар мен сілтілерге әсерін 
зерттеңдер.  Ванадий  (ІV)  гидроксидінің  қасиеттері 
жөнінде  не  айтуға  болады?  Екінші  сынауыққа  калий 
перманганатын  құйыңдар.  Ерітіндінің  түссізденгенін 
бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
3.  Ванадий  (ІV)-тің  ванадий  (ІІІ)-ке  тотықсыздануы 
және  олардың  қасиеттерін  зерттеу.  Бастапқы  көк  түсті 
ерітіндінің  түсінің  өзгеруін  байқаңдар  (мырыш  кесегін 
қосыңдар). Ванадий (ІV)-тің ванадий (ІІІ)-ке тотықсыздану 
теңдеуін    жазыңдар.  Түзілген  жасыл  ерітіндіні  екі 
сынауыққа  бөліп  құйыңдар  да,  біреуіне  сілті  ерітіндісін 
қосыңдар.  Түзілген  тұнбаның  түсін  анықтаңдар.  Оның 
қышқылдарға  және  сілтілерге  әсерін  бақылаңдар.  Екінші 
сынауыққа  калий  пермаганатының  ерітіндісін  құйыңдар. 
Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.  
4.  Ванадий  (ІІІ)-тің  ванадий  (ІІ)-ге  тотықсыздануы 
және олардың қасиеттерін зерттеу.  
Натрий ванадатын әрі қарай мырышпен тотықсыздандыру 
кезінде  жасыл  түсті  V(ІІІ)-тің  V(ІІ)-ге  ауысқанын 
байқаңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Түзілген  күлгін 
ерітіндінің  натрий  гидроксиді  мен  калий  пермаганатына 
әсерін  анықтаңдар.  Барлық  жүретін  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар.  Әртүрлі  тотығу  дәрежесіне  сәйкес  келетін 
ванадий  гидроксидінің  қатарын  жазыңдар.    Ванадий 
гидроксидінің  қышқылдық-негіздік  сипатының  қалай 
өзгеретінін көрсетіңдер.  
 
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР 
 
1.Аммоний ванадатынан ванадий (V) оксидін алу 

 
288 
 
Қажетті 
жабдықтар 
және 
реактивтер: 
кәрлен 
отбақыраш,  муфель  пеші,  кәрлен  қайықша,  кварц  немесе 
кәрлен  түтік,  түтікті пеш,  ішінде  оттек  бар  газометр,  сілті 
ерітіндісі.  
 
2  г  ванадий  (V)  оксидін  алу  үшін  аммоний  ванадатының 
қанша  мөлшері  қажет  болатындығын  есептеңдер. 
Аммоний  
 
 
ванадатын 
кәрлен 
отбақырашқа салып, муфель 
пешінде  тұрақты  салмаққа 
дейін  қыздырыңдар.  Әрі 
қарай  қыздыруды  оттек 
ағынында 
жүргізіңдер 
(неліктен?).  Алынған  қара 
массаны кәрлен қайықшаға  
 
64-сурет. 
Ванадий 
(V) 
оксидін 
алуға 
арналған 
қондырғы 
ауыстырып,  түтікті  пешке 
(64-сурет)  енгізілген    кварц 
немесе 
кәрлен 
түтікке 
орналастырыңдар. 
Кварц  түтікті  оттек  бар  газометрге  жалғастырыңдар. 
Қыздыруды  300-400
0
С  температурада  аздап  оттек  ағынын 
жібере отырып жүргізіңдер де, оттек ағынында суытыңдар. 
V
2
О
5   
аздаған  мөлшерін  сілті  ерітіндісінде  ерітіңдер. 
Ванадий  (ІV)-тің  бар-жоқтығын  анықтаңдар.  Тәжірибені 
дұрыс жүргізгенде ванадий (ІV) болмауы керек.  
 
2.Аммоний метаванадатын алу 
 
Қажетті  жабдықтар  және  реактивтер:  көлемі  0,5  л 
стакан,  натрий  карбонатының  ерітіндісі,  ванадий  (V) 
оксиді,  калий  перманганатының  қаныққан  ерітіндісі, 
сүзуге  арналған  қондырғы,  сутек  пероксиді  ерітіндісі, 

 
289 
электр  плитасы,  Бюхнер  құйғысы,  хлор  ионын  анықтауға 
арналған реактив.  
 
Көлемі 0,5 л стаканда 125 мл суға 17,5 г соданы (Na
2
CO
3

қыздыра  отырып  ерітіңдер.  Қайнау  температурасында  аз-
аздан  25  г  ванадий  (V)  оксидін  салыңдар  да,  СО
2
  бөлінуі 
тоқтағанша  қайнатыңдар.  Оған  V
4+
  тің  V
5+
  -ке  дейін 
тотығуы  үшін,  калий  перманганатының  қаныққан 
ерітіндісін  қосыңдар.  Түзілген  суспензияны  бір  сүзгіштен 
бірнеше  рет  сүзінді  мөлдір  болғанша  сүзіңдер.  Тұнбаны 
сумен  ванадат  ионы  жойылғанша  шайыңдар.  (сутек 
пероксидімен  сынаңдар).  Шайынды  суды  (150  мл)  және 
негізгі  сүзіндіні  (125  мл)  біріктіріп  60
0
С  дейін 
қыздырыңдар  да,  оған  125  мл  суда  еріген  75  г  NH
4
CІ 
ерітіндісін  қосыңдар.  Бірнеше  сағаттан  кейін  түзілген 
кристалдарды 
Бюхнер 
құйғысында 
сүзіп, 
суық 
дистилденген  сумен  хлор  ионы  жойылып  кеткенше 
жуыңдар.  
 
3.Натрий декаванатын (Na
6
V
10 
O
28
 (nH
2
O) алу 
 
Қажетті жабдықтар және реактивтер: химиялық стакан, 
натрий  ванадаты,  азот  қышқылы,  технохимиялық  таразы, 
микроскоп, электр плитасы. 
 
Көлемі  100-150  мл  стаканда  20  мл  суда  15,6  г  натрий 
ванадатын  ерітіңдер.  Ертіндіге  рН=5,5-6,0    болғанша  азот 
қышқылын  қосып  қыздырыңдар  да,  кристалдануға  қойып 
қойыңдар. Бірнеше сағаттан кейін сары-қызыл кристалдар 
түзіледі.  Алынған  кристалдарды  өлшеп,  шығымының 
пайызын  есептеңдер.  Кристалдарды  микроскоппен  қарап 
суретін  салып  алыңдар.  Кристалдық  судың  мөлшерін 
анықтаңдар.  
4.Ванадил сульфаты VОSO
4
 (3Н
2
О 

 
290 
Қажетті    жабдықтар  мен  реактивтер:  ыстыққа  төзімді 
стақан,  аммоний  ванадаты,  концентрлі  күкірт  қышқылы, 
сүзуге  арналған  қондырғы,  Бюхнер  құйғысы,  күкіртті  газ 
ағыны,  ғ1  және  ғ4  шыны  сүзгіштер,  вакуумда  сүзуге 
арналған  қондырғы,  су  жылытқышы,  құм  жылытқышы, 
этил  спирті,  диэтил  эфирі,  күкірт  қышқылы  құйылған 
ылғалсорғыш. 
Көлемі 0,5 мл ыстыққа төзімді стаканда 10 г NH
4
VO

 250 
мл  дистилденген  суда  қыздыра  отырып  ерітіңдер. 
Ерітіндіні  суытып,  оған  13,5  мл  су  және  13,5  мл  H
2
SO

((=1,84  г/см
3
)
 
қосыңдар.  Түзілген  тұнбаның  шөгуіне 
мүмкіндік  туғызып,    Бюхнер  құйғысында  сүзіңдер  де, 
күкірт  қышқылымен  қышқылданған  сумен  3-4  рет 
жуыңдар.  Тұнбаны  стаканға  ауыстырып,  оған  1,5  мл  
H
2
SO

((=1,84 г/см
3
)  және 170 мл су қосып қыздырыңдар. 
Ыстық  суспензия  арқылы  мөлдір  көк  түсті  ерітінді 
түзілгенше күкіртті газ жіберіңдер. Ерітіндіні вакуумда  ғ4 
шыны  сүзгіші  арқылы  сүзіңдер  де,  сүзінді  кристалдана 
бастағанша алдымен құмды жылытқышта, сонан соң 60 мл 
көлемге  дейін  сулы  жылытқышта  буландырыңдар. 
Ерітіндіні  суытып,  кристалдарды  ғ1  шыны  сүзгіш арқылы 
сүзіп  алыңдар  да,    3-4  рет  этил  спиртімен  және  2-3  рет 
диэтил  эфирімен  жуыңдар.  Тұзды  күкірт  қышқылы 
құйылған ылғалсорғышта кептіріңдер.  
 
5.Ванадил хлориді 
Қажетті  жабдықтар  және  реактивтер:  VOCІ
2
  ерітіндісі, 
аммоний  ванадаты,  тығыздығы  1,05  г/мл  тұз  қышқылы, 
электр плитасы, сынап, сүзуге арналған қондырғы.  
Таза    VOCІ
2
  ерітіндісін  ванадий  (V)  оксидін  тұз 
қышқылды  ортада  сынаппен  тотықсыздандыру  арқылы 
алуға болады.  
V
2
O

+2Hg+6HCІ=2VOCІ
2
+Hg
2

2
+3H
2


 
291 
90  мл  суда  5  г  NН
4
VO
3
  еріген  ыстық  ерітіндіге  10  мл 
НСІ  ((=1,05  г/см
3
)  қосыңдар.  Түзілген  тұнбаны  сүзіп,  тұз 
қышқылымен  қышқылданған  ыстық  сумен  жуыңдар.  100 
мл  НСІ  ((=1,02  г/см
3
)  құйылған  құтыға  алынған  ванадий 
(V) оксидін  салып, 0,5 мл  сынап  қосыңдар. Барлық  сынап 
толығымен  ақ  тұнбаға  (Hg
2

2
)  айналғанша  сілкілеп, 
араластырыңдар  да,  тұнбаны  сүзіп  алыңдар.  Түзілген  
VОСІ
2
 ертіндісінде басқа иондар болмауы керек.  
28. ХРОМ, МОЛИБДЕН, ВОЛЬФРАМ 
 
ғ 104 жұмыс. Хром (ІІ) қосылыстарын алу және 
оның қасиеттері 
Қажетті құралдар және реактивтер: көлемі 200 мл құты, 
хром  (ІІІ)  хлориді,  10%  хлорсутек  қышқылы,  бензин, 
мырыш,  натрий  ацетатының  кристалдары,  10%  натрий 
гидроксиді. 
1.  Хром  (ІІІ) хлоридін  сутек бөлінген  кезде тотықтыру 
арқылы хром (ІІ) хлоридін алу. 
Көлемі  100-200  мл  құтыға  0,1-0,3  г  хром  (ІІІ)  хлоридін 
салыңдар  да,  10-15  мл  10%  хлорсутек  қышқылын,  0,5  мл 
бензин  (бензинді  неліктен  құяды?)  құйыңдар  және  оған 
мырыш  түйірін  салыңдар.  Құтыны  ұшы  суға  батырылған 
түтігі  бар  тығынмен  жабыңдар.  Құтыны  шайқап  тұрып 
көгілдір  түс  пайда  болғанша  реакцияны  жүргізіңдер. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
2. Хром (ІІ) хлоридінің қасиеті. 
а)  Алынған  хром  (ІІ)  хлоридінің  бірнеше  тамшысын 
сынауыққа  құйып,  ауада  қалдырыңдар.  Ауадағы  оттекпен 
хром (ІІ)-нің хром (ІІІ)-ке тотығуының салдарынан ерітінді 
түсінің боялуын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)  Сынауыққа  натрий  ацетатының  бірнеше  кристалын 
салып,  оған  хром  (ІІ)  хлоридінің  ерітіндісін  құйыңдар. 
Ерітіндінің қою-қызыл түске өзгеруін байқаңдар. Хром (ІІ) 
ацетатын алу  реакциясының теңдеуін жазыңдар. 

 
292 
в)  Хром  (ІІ)  хлориді  ерітіндісіне  бастапқыда  бірнеше 
тамшы  10%  натрий  гидроксидін  құйыңдар  да,  одан  соң 
оның  артық  мөлшерін  құйыңдар.  Не  байқалады?  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет