Бейорганикалық


  Калий  дихроматының  ерігіштігін  көлемдік  әдіспен



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ


3.  Калий  дихроматының  ерігіштігін  көлемдік  әдіспен 
анықтау.  
Жұмыстың  орындалуы:  Алдын  ала  алынған  калий 
дихроматының  1  мл  ерітіндісін  100  мл  өлшеуіш  құтыға 
құйыңдар.  Белгіге  дейін  құтыны  толтырыңдар  да,  оны 
араластырыңдар.  Алынған  ерітіндінің  5  мл  көлемін  50  мл 
конус  тәрізді  құтыға  құйып,  2  н  2-3  мл  күкірт 
қышқылының  және  1-2  мл  5%  калий  йодиді  ерітіндісін  
қосыңдар.  Бөлінген  йодты  0,001  н  натрий  тиосульфаты 
ерітіндісімен  титрлеңдер.  Ерітіндінің  түсі  бозғылт  түске 

 
135 
ауысқанда, титрлеу соңында крахмал ерітіндісін қосыңдар, 
ерітіндінің 
түсі 
өзгергенге 
дейін 
титрлеуді 
жалғастырыңдар.  Титрлеу  мәліметтері  негізінде  калий 
бихроматының  ерігіштігін  мына  формула  арқылы 
анықтауға болады:  
% K
2
Cr
2
O
7
= М
экв
 (K
2
Cr
2
O
7
) ( С ( V
1
 ( V
2
 ( 100/V
a
( а ( 
1000. 
Тұздың  еру  жылуының  мәні  үлкен  еместігі  белгілі.  (10 
ккал/моль 
шамасында). 
Теңдеуден 
температураны 
жоғарлатқанда  көптеген  тұздардың  ерігіштігі  не  себепті 
артатындығын түсіндіріңдер. 
 
 ғ 25 жұмыс. Сұйықтың сұйықтағы ерігіштігі 
 
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 
глицерин,  шыны  таяқша,  абсолютті  спирт,  өлшеуіш 
цилиндр немесе нақты белгілері бар сынауық. 
1. Сынауыққа 2 мл глицерин құйып, оның үстіне мұқият 2 
мл  су  қосыңдар.  Сонда  екі  қабаттың  пайда  болғанын 
байқайсыңдар.  Одан  кейін  жақсылап  араластырып  қойып 
қойыңдар. Не байқалады?  
2. Сынауыққа 4 мл су құйып, оған шыны таяқша салыңдар 
да, сұйықтықтың деңгейін белгілеңдер, одан кейін абайлап 
4  мл  абсолютті  спирт қосыңдар,  қоспаның  көлемін  өлшеп 
жақсылап  араластырыңдар.  Көлемін  қайтадан  өлшеңдер. 
Не байқалады?  
Глицерин  және  су,  сол  сияқты  спирт  және  су  кез-
келген 
қатынастарда 
араласады 
және 
араласу 
энтальпиясының (Н белгісі теріс болады.  
Араластырғанда  бөлшектердің  таралу  ретсіздігі 
арта ма, әлде азая ма, түсіндіріңдер? 
Мұнда  өздігінен  бөліну  ме  немесе  ерітіндінің 
түзілуі ме, қандай процесс жүретінін анықтаңдар.   
 

 
136 
 ғ 26 жұмыс. Ауаның суда ерігіштігі 
 
Қажетті  құрал  жабдықтар  мен  реактивтер:  қысқышты 
тұрғы,  200  мл-ге  сай  жалпақ  түпті  құты,  газ  шығаратын 
түтігі  бар  тығын,  өлшеуір,  термометр,  электр  плитасы, 
барометр, кристаллизатор. 
 
 
35-сурет. 
Ауаның 
ерігіштігін  анықтауға 
арналған қондырғы 
35-суретте  көрсетілген  құралды 
жинаңдар 
да, 
оның  
герметикалылығын 
тексеріңдер. 
Ол үшін құтыны (250-300 мл) және 
газ  шығаратын  түтікті  сумен 
толтырыңдар. Егер түтіктен 2-3 мл 
су шығып тоқтап қалса, онда құрал 
герметикалық 
дейміз. 
Осы 
тәжірибиені  жүргізу  үшін  ауамен 
қаныққан  су  дайындаңдар.  Бұл 
үшін  0,5-1  литрлік  құтының 
жартысына  дейін  дистилденген  су 
құйыңдар  және  суды  5-10  минут 
бойы  шайқау  арқылы  ауамен 
қанықтырыңдар. 
Дайындалған 
сумен құтыны және газ шығаратын 
түтікті    толтырыңдар.  Құтыда  да, 
түтікте де бір де бір ауа 
көпіршігі  қалмайтындай  етіп  құтыны  жабыңдар.  Сулы 
астаушаға  батырылған  газ  шығаратын  түтіктің  ұшына 
резиналы  сақинасы  бар  өлшеуірді  кигізіңдер.  Өлшеуірді 
суға  толтырып  тұрғыға  бекітіңдер.  Ауамен  қаныққан 
судың  температурасын  және  атмосфералық  қысымды 
өлшеп,  жазып  алыңдар.  Құтыдағы  суды  қайнағанға  дейін 
қыздырыңдар және газ толық шыққанға дейін қайнатыңдар 
(8-10  минут).  Газ  бөлінуі  аяқталған  кезде  түтікті  судан 

 
137 
алып,  өлшеуірді  жиналған  газымен  бірге  суды  ауамен 
қаныққандағы температураға дейін суытыңдар.  
Сынауықтағы  газдың  қысымын  атмосфералық 
қысымға  келтіріңдер  (ол  үшін  газы  бар  өлшеуірді 
толығымен  суығанға  дейін  судан  шығармау  керек), 
резиналы  сақинамен  судың  деңгейін  белгілеп,  бөлінген 
газдың  көлемін  өлшеңдер.  Барлық  қажетті  мәліметтерді 
кестеге  жазып,  құты  көлеміндегі  ауаның  ерігіштігін  және 
қалыпты жағдайда 1 литр судағы ауаның ерігіштігін мына 
формуламен есептеңдер: 


t
T
P
T
V
h
P
V



0
0
0
2
2
0
/
)
(
 
0
V
 - қалыпты жағдайдағы ауаның судағы ерігіштігі, мл; 
2
 - тәжірибе жағдайында бөлінген газдың көлемі, мл; 
2
 - атмосфералық қысым, мм сын. бағ. 
  -  берілген  температурадағы  су  буының  қысымы,  мм. 
сын. бағ.  (анықтамалық кестеден алынады); 
0
T
-273
0
С, 
0
P
 - 101,325 кПа, 
 - Цельсий шкаласы бойынша 
температура.  
Термодинамиканың 
негізгі 
теңдеуінен 
температураның  өсуімен  оттек  пен  азоттың  ерігіштігі 
қалай  төмендегендігін  түсіндіріңдер: 
S
T
H
G






(
H

- ерігіштігі тең ( 3 ккаль/моль). 
 
7.4 Тұздардың еруі кезіндегі жылу құбылысы. 
Тәжірибе үшін сыйымдылығы 400 мл стақан ішінде 
сыйымдылығы  200  мл  стақаннан  түратын  қарапайым 
калориметрді  (колориметрмен  шатастырмаңдар)  қолдану 
керек.  Стақандар  бір  бірінен  жылу  өткізбейтін  затпен, 
мысалға,  мақтамен  бөлектенуі  қажет.  Температураны 
өлшегіш  бірлігі  0,1  градус  термометрмен  өлшейді.  Ішкі 
стақан термометр, сынауық, шыны араластырғыштар үшін 
тесіктері бар қақпақпен жабылады.  

 
138 
Аммоний  нитраты,  сусыз  натрий  сульфаты,  натрий 
сульфатының  кристаллогидраты  (Na
2
SO
4
(10H
2
O),  сусыз 
мыс  сульфаты,  мыс  сульфатының  кристалогидраты 
(CuSO
4
(5H
2
O)  тұздарынан  0,2  моль  өлшеп  алыңдар. 
Стақанға 100 мл су құйып оның температурасын өлшеңдер 
және  оған  тұздардың  сәйкес  мөлшерін  салып,  ерітіндіні 
шыны 
араластырғышпен 
жақсылап 
араластырып, 
температураны  тағы  да  өлшеңдер.  Температураның 
өзгерісі  тоқтаған  кезде  температура  көрсеткішін  жазып 
алыңдар.  
 
Сусыз  тұздың  еру  жылуын  есептеңдер.  Заттың  еру 
жылуы  мынаған  тең:  q  (сусыз)=m(C(t,  мұндағы  m  - 
ерітінді массасы, c ‡ ерітіндінің жылу сыйымдылығы (оны 
бірге тең деп алуға болады), (t- температура өзгерісі.  
 
1  моль  заттың  еру  кезінде  бөлінетін  жылуды 
Q(сусыз)  есептеу  үшін  q(сусыз)-дың  мәнін  n  есе  көбейту 
керек.  Мұндағы  n  -  1  моль  зат  массасының  алынған  тұз 
массасына қатынасы:  
Q(сусыз)( q(сусыз) (
 
Осы  жолмен  кристаллогидраттың  еру  жылуын 
анықтап q(крист) және оны 1 мольға есептеңдер:  
Q (крист)( q(крист) (
q(сусыз) анықтау кезінде де өлшеу жүргізу керек, бірақ бұл 
жағдайда  калориметрге  100  мл  емес  99,1  г  су  құю  керек, 
себебі су кристаллогидраттың құрамына кіреді. 
 
Алынған  нәтижелер  негізінде  алынған  тұздардың 
гидратация жылуын есептеңдер: 
Q(гидр)( Q(сусыз)- Q(крист) 
Не  себепті  мыс  сульфатының  кристаллогидраты  еріген 
кезде  жылу  сіңіріледі,  ал  сусыз  мыс  сульфаты  ерігенде 
жылу бөлінеді( 
 
ғ 27 жұмыс. Еру процесі кезіндегі құбылыс. Еріген 
кезде көлемнің өзгеруі 

 
139 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  қарапайым 
калориметр  (200  мл,  400  мл  стақандар  және  мақта), 
термометр,  шыны  таяқша,  сынауық,  кристалдар:  NH
4
NO
3

Na
2
SO
4
, Na
2
SO
4
(10H
2
O, CuSO
4
, CuSO
4
(5H
2
O 
 1.Натрий хлоридінің суда еруі. 
Натрий  хлоридінің  10,5  г  өлшеп  алып,  заттардың 
тығыздығы  кестесін  пайдаланып,  осы  тұздың  массасы 
қандай  көлем  алатынын  есептеңдер.  50  мл  өлшегіш 
цилиндрге  45  мл  су  құйыңдар,  оған  араластырғаш  шыны 
таяқша және термометр салыңдар. Цилиндрдегі су көлемін 
және  температураны  белгілеңдер.  Құрғақ  құйғы  қолдану 
арқылы ыдыс қабырғаларына тигізбей тұзды салыңдар да, 
таяқшамен 
араластыру 
арқылы 
толық 
ерітіңдер. 
Ерітінділер  бөлме  температурасына  сәйкес  келген  кезде 
олардың көлемін белгілеңдер. 
2.Аммоний хлоридінің суда еруі. 
10,5  г  аммоний  хлоридін  өлшеп  алып,  оның  көлемін 
есептеп және 75 мл суда алдыңғы жұмыстағыдай ерітіңдер. 
Алынған ерітінділердің көлемін өлшеңдер. 
3.Қанттың суда еруі. 
25  г  қант  өлшеп  алып,  оны  100  мл  суда  ерітіңдер, 
ерітіндінің көлемін өлшеңдер. 
4.Спирттің суда еруі. 
Сыйымдылығы  10  мл  өлшегіш  цилиндрге  жіңішке 
шыны  таяқша  салыңдар  және  4  мл  су  құйыңдар, 
цилиндрдегі  сұйықтық  деңгейін  өлшеп  алыңдар.  Үстіне 
тағы  4  мл  су  құйып,  қайтадан  су  деңгейін  өлшеңдер  де, 
оны  төгіп  тастаңдар.  Цилиндрге  қайтадан  4  мл  су  құйып, 
шыны  таяқша  бойымен  4  мл  абсалюттік  спирт  қосыңдар, 
көлемін  өлшеңдер.  Қоспаны  таяқшамен  жақсылап 
араластырып,  көлемін  қайтадан  өлшеңдер.  Не  байқалады? 
Барлық 4 жұмыстың мәліметтерін кестеге жазыңдар. 
 
 Ерітінділердің коллигативті қасиеттері 

 
140 
ғ  28 жұмыс. Осмос құбылысы 
 
Қажетті  құрал  -  жабдықтар  мен  реактивтер:  құйғы 
немесе түбі ашық ыдыс, шыны түтікше, сұйықтың деңгейін 
белгілеу үшін екі резиналы сақина, 50% қант ерітіндісі, кең 
стақан, сағат. 
 
 
36-суреттегҢ 
‡Ғралды 
жинастыру 
керек.  ‡Ғй‡ыны‡  беткҢ  жа‡ын 
целлофанмен 
тартып 
жабы‡дар. 
‡Ғй‡ыны  50%  ‡ант  ерҢтҢндҢсҢмен 
толтырып, 
резиналы 
са‡иналы 
т‡тҢктегҢ  ерҢтҢндҢнҢ‡  де‡гейҢн 
белгҢлеп 
алы‡дар 
да, 
оны 
дистилденген  суы  бар  ке‡  ста‡ан‡а 
салып,  сҒйы‡ты‡ты‡  кҰтерҢлуҢн 
ба‡ыла‡дар. 
СҒйы‡ты‡ты‡ 
кҰтерҢлуҢнҢ‡ 
себебҢн 
т‡сҢндҢрҢ‡дер. 
‡ант 
концентрациясын  бҢле  отырып  Вант-
Гофф  те‡деуҢ  бойынша  осмосты‡ 
‡ысымны‡ мқнҢн есепте‡дер. 
 
 
36-сурет. Осмос 
құбылысын  
бақылауға 
арналған құрал 
ғ 29 жұмыс. Ерітіндінің қатуы кезінде температураның 
төмендеуін анықтау 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  500  мл 
стақан,  термометр,  араластырғыш  және  тығыны  бар 
сынауықтар  үшін  тесігі  бар  фторпластан  немесе  басқа  да 
полимерден  жасалған  қақпақша,  бөлігі  0,01
0
С  термометр, 
секундомер,  түтікшелі  сынауық,  технохимиялық  таразы, 
электр плитасы, спирт шамы, салқындатқыш қоспа. 
 

 
141 
37-суреттегідей  құрал  жинаңдар.  Сынауық  (1)  пен 
араластырғышты (2) жақсылап жуу керек. Термометрді (3) 
стақанның 
түбіне 
1-2 
см 
жетпейтіндей 
етіп 
орналастырыңдар.  (Термометрдің  бөлігі  0,01
0
С  болу 
керек).  Сынауыққа  деңгейі  термометрдегі  сынаптың 
биіктігінен 2-8 см биіктікте болатындай етіп дистилденген 
су  құйыңдар.  Сынауықты  (1)  салқындатқыш  қоспасы  бар 
стақанға  (мұз+тұз)  орналастырыңдар.  Араластырғышпен 
(2)  үздіксіз  араластыра  отырып  температураның  өзгеруін 
бақылаңдар.  
 
37-сурет. 
Ерітіндінің  қатуы 
кезінде 
температураның 
төмендеуін 
анықтайтын құрал 
Әрбір 
10 
секунд 
сайын 
термометрдің  көрсетуін  белгілеңдер. 
Су  температурасының  төмендеп, 
одан  соң  қайта  көтерілуін  қалай 
түсіндіруге  болады?  “Температура  - 
уақыт”  координаталарында  график 
тұрғызыңдар. 
Өздеріңнің 
термометрлеріңде 
судың 
қату 
температурасын белгілеңдер.  
100  мл  1  моль  қанттың  ерітіндісін 
дайындаңдар  (2  студент  үшін). 
Құрғақ сынауықты өлшеп  алып, оған 
қанттың  ерітіндісін  құйып,  тағы  да 
өлшеңдер. 
Ерітіндінің 
қату 
температурасын  жоғарыда  жазылған 
әдіс  бойынша  анықтаңдар.  Қату 
температурасының  өзгеруін  бір  ғана 
термометрмен өлшеңдер.  
Қатқан ерітіндісі бар сынауықты ерігенге дейін қыздырып, 
тәжірибені  қайтадан  қайталаңдар.  Қату  температурсын 
теориялық  есептеп  және  оны  тәжірибелік  нәтижелермен 
салыстырыңдар.  Судың  қату  температурасынан  қант 
ерітіндісінен қату температурасы неліктен төмен екендігін 
түсіндіріңдер. 

 
142 
 
8.  ЭЛЕКТРОЛИТ ЕРІТІНДІЛЕРІ 
 
 ғ 30 жұмыс. Электролит ерітінділерінің жалпы 
қасиеттері 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар  мен  реактивтер:  электр 
өткізгіштікті  өлшеуге  арналған  құрал,  100  мл  3  стақан, 
күкірт,  тұз  және  сірке  қышқылдарының  0,1н  ерітінділері, 
NaOH,  KOH  және  NH
4
OH  0,1  н  ерітінділері,  мырыш 
түйіршіктері,  1  н  HCl,  CH
3
COONa  конц.  ерітіндісі, 
CH
3
COONa құрғақ тұзы, магний лентасы, MgCl
2
 ерітіндісі, 
1н    NaOH  және  HCl    ерітінділері,  қарапайым  калориметр, 
50  мл  өлшеуір,  100  мм  құрғақ  стақан,  дәлділігі  0,1
0
С 
термометр. 
 
1.  Қышқыл  және  негіз  ерітінділерінің  электр 
өткізкіштігі. 
38-суреттегідей  құрал  жинаңдар.  Мұндай  құралды 
жинаудың  түрлі  варианттарын  әдебиеттен  табуға  болады. 
Сыйымдылығы  100  мл  3  стақанға  0,1  н  тұз,  күкірт  және  
сірке  қышқылдарынан  25  мл-ден  құйыңдар  және  олардың 
электр тоғын өткізгіштігін тексеріңдер.  
 
БҒл 
‡шҢн 
кҰмҢр 
электродтарын 
ерҢтҢндҢсҢ 
бар 
ста‡ан‡а 
батырып, 
амперметрдҢ‡ 
кҰрсетуҢн 
ба‡ыла‡дар.  Барлы‡  кезде 
электродтар 
бҢрдей 
тере‡дҢкте  батырылуы  керек 
(нелҢктен?).    Электродтарды 
бҢр 
ерҢтҢндҢден 

 
143 
38-сурет. 
Ерітіндінің 
электр 
өткізгіштігін 
анықтауға 
арналған 
құрал 
екҢншҢсҢне 
ауыстыр‡анда 
дистилденген сумен шаю ‡ажет 
(нелҢктен?). 
АмперметрдҢ‡ 
кҰрсетуҢ 
бойынша 
‡ыш‡ылдарды 
оларды‡ 
электр  то‡ын  ҰткҢзгҢштҢгҢ 
ретҢмен 
‡атар‡а 
орналастыры‡-дар. 0,1 н NaOH, 
KOH 
жқне 
NH
4
OH 
ертҢндҢлерҢ электр то‡ын 
қалай  өткізетіндігін  тексеріңдер,  амперметрдің  көрсетуі 
бойынша  гидроксид  ертінділерін  олардың  электр  тоғы 
өткізгіштігі  ретімен  қатарға  орналастырыңдар.  Жоғарыда 
аталған  қышқылдардың,  негіздердің  диссоциациялану 
реакциясының  теңдеулерін  жазыңдар.  Қышқылдар  және 
негіздер  ертінділерінің  әртүрлі  электр  өткізгіштігі  немен 
түсіндіріледі(  Электролиттік  диссоциациалану  дәрежесі 
деген не? 
 
2. Қышқылдардың күштерін салыстыру 
 
Үш  сынауыққа  2-3  мл  1  н  тұз,  күкірт  және  сірке 
қышқылдарын 
құйыңдар. 
Бірдей 
шамадағы 
мыс 
түйіршіктерін алып (шамамен 0,2-0,3 г), оларды қышқылы 
бар сынауықтарға салыңдар. Сутектің бөлінгенін және қай 
сынауықта  сутек  жылдам  бөлінетіндігін  бақылаңдар. 
Реакция  теңдеулерін  жазыңдар  және  бұл  құбылысты 
түсіндіріңдер.  Қышқылдардың  күші  қандай  қасиетпен 
анықталады? 
 
3. Сәйкес біртекті иондарды қосқан кезде сутекті және 
гидроксильді иондар концентрациясының өзгеруі 
а)  Екі  сынауыққа  мырыш  түйіршіктерін  бір-бірден 
салыңдар  да,  1  н  тұз  қышқылының  ерітіндісінен  3  мл 
құйыңдар.  Сутектің  бөлінуі  бірдей  болған  кезде  бір 

 
144 
сынауыққа  шамамен  3  мл  сірке  қышқылды  натрийдің 
концентрлі  ерітіндісін  құйыңдар,  ал  екіншісіне  сондай 
мөлшерде дистилденген су құйыңдар. Енді сутектің бөліну 
жылдамдығын 
салыстырыңдар. 
Бақылап 
отырған 
құбылысты  түсіндіріңдер,  Тұз  қышқылының  мырышпен 
және  сірке  қышқылды  натриймен  әрекеттесуінің  реакция 
теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
б)  Екі  сынауыққа  0,1  н  сірке  қышқылының  ертіндісінен  3 
мл-ден  құйыңдар.  Бірінші  сынауыққа  ерітінді  қаныққанға 
дейін құрғақ натрий ацетатын салыңдар. Екі сынауыққа да 
бірдей  уақытта,  бірдей  мөлшерде  магний  лентасын 
салыңдар.  Сутектің  әртүрлі  жылдамдықта  бөлінуі  немен 
түсіндіріледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
в)  Екі  сынауыққа  0,1  н  аммиак  ерітіндісінен  3  мл-ден 
құйыңдар.  Біреуіне  ерітінді  қаныққанға  дейін  құрғақ 
аммоний  хлоридін  салыңдар.  Екі  сынауыққа  да  магний 
хлориді  ерітіндісінен  2-3  мл-ден  құйыңдар.  Неге  бір 
жағдайда  тұнба  түзілмейді?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар 
және    әрекеттесуші  массалар  заңын  пайдалана  отырып, 
байқаған құбылысты түсіндіріңдер. 
4. Нейтралдану жылуы.  Құрғақ  стақанға  тамшуырмен 
50 мл 1 н тұз қышқылын құйыңдар. Келесі стақанға басқа 
тамшуырдан  сондай  мөлшерде  1  н    NaOH  ерітіндісін 
құйыңдар.  Ерітіндінің  температурасын  0,1
0
  дәлдікпен 
өлшеңдер. 
Ерітінділерді 
қарапайым 
калориметрдің 
стақанына  құйыңдар  да  (23-сурет),  абайлап  араластырып, 
нейтралданғаннан  кейінгі  температураның  өзгеруін  0,1
0
 
дәлдікпен  өлшеп  алыңдар.  Ерітіндінің  жалпы  көлемін 
ескере  отырып  алынған  мәліметтер  бойынша  нейтралдану 
реакциясы 
кезінде 
бөлінген 
жылудың 
мөлшерін 
калориямен есептеңдер. (Ерітіндінің тығыздығын бірге тең 
және 
ерітіндінің 
жылу 
сыйымдылығы 
судың 
сыйымдылығына  тең  деп  алыңдар,  ал  тәжірибенің 
температурасы  кезіндегі  судың  жылу  сыйымдылық  мәнін 

 
145 
анықтамалық 
кітаптан 
қараңдар). 
Нейтралдану 
реакцияларының  молекулалық  және  иондық  теңдеулерін 
құрастырыңдар  және  1  моль  қышқыл  эквивалентінің 
нейтралдануының жылу эффектісін есептеңдер.  
Судың 
диссоциациялану 
процесінің 
термодинамикалық  сипаттамалары  (энтальпия  ((
0
  және 
энтропия  (S
0
)  қандай?  Су  диссоциациясы  кезінде 
энтропияның төмендеуі немен түсіндіріледі( 
 
ғ 31 жұмыс. Қышқылдық-негізік индикаторлардың 
көмегімен рН-ты анықтау 
 
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: қышқылдық-
негіздік 
индикаторлар 
жиынтығы 
(метилвиолет, 
метилоранж, 
паранитрофенол, 
фенолфталеин, 
сары 
ализарин,  индигокармин),  CH
3
COOH,  CH
3
COONa,  NH
4
OH 
2  н  ерітінділері,  CH
3
COONH
4
 
кристалдары,  HCl, 
CH
3
COOH, NaOH, NH
4
OH 0,1 н ертінділері. 
Кейбір  заттар  ортаның  pН-на  байланысты  өз  түсін 
өзгертеді,  сондықтан  олардың  көмегімен  ерітіндінің  жуық 
мәнін  анықтауға  болады.  Мұндай  реагенттердің  аты 
қышқылдық-негіздік индикаторлар деп аталады және олар 
әлсіз  органикалық  қышқылдар  немесе  негіздер  болып 
келеді,  олардың  түсі  диссоциацияланбаған  күйдегі 
ионының түсінен өзгеше болады.  
Ерітіндінің рН-ы өзгергенде әрбір индикатор өзінің 
түсін  рН  мәнінің  сәйкес  интервалында  белгілі  бір  түске 
өзгертеді,  бұл  осы  индикатордың  ауысу  ауданы  деп 
аталады.  Төменде  берілген  кестеде  осы  жұмыста 
қолданылатын  индикаторлардың  ауысу  ауданы  берілген. 
(Аналитикалық  химияда  қолданылатын  индикаторлардың 
барлық 
типтері 
туралы 
толық 
мәліметтерді 
анықтамалық 
оқулықтан 
табуға 
болады. 

 
146 
(Индикаторлар/Э.Бишоптың  редакциялауымен  2  том-
М:мир, 1976(.  
Кесте  
Индикаторды‡ 
аталуы 
рН-
ты‡ 
ауысу 
аудан
ы 
Индикатордың түсі 
Қышқылды
қ формада 
Ауысу 
ауданын
да 
Негіздік 
формада 
Метилвиолет 
1-3 
көгілдір 
күлгін 
қызыл- 
күлгін  
Метилоранж 
3-4,4 
алқызыл 
қызыл-
сары 
сары 
Паранитрофенол  5-7 
түссіз 
ашық-
сары 
сары 
Фенолфталиен 
8-10 
түссіз 
алқызыл  таңқура
й 
Сары ализарин 
10-12 
сары 
қою 
сары 
қызыл-
сары 
Индигокармин 
12-14 
көгілдір 
жасыл 
сары 
Қышқылдық  немесе  негіздік  ортада  болғанына 
байланыссыз  рН  ауысу  ауданынан  төменгі  шектегі 
ертінділердегі индикатор формасының ауысу ауданы оның 
қышқылдық  формасы  деп  аталады,  ал  рН-мәні  ауысу 
ауданынан жоғары шекте болса, онда сілтілік формасы деп 
аталады.  Ауысу  ауданының  ішінде  жатқан  рН-мәндерінде 
ертіндінің  түсі  аралас  болады,  рН  ортаға  байланысты 
қышқылдық немесе сілтілік формаға жақын.  
1.  Қышқылдық-негіздік  индикаторлар  жиынтығын 
пайдаланып  белгісіз  ертіндінің  рН-ын  анықтау. 
Ерітіндінің рН-ын индикаторлар жиынтығының көмегімен 
анықтау,  зерттейтін  ерітіндіге  әртүрлі  индикаторлар 
қосқанда  олардың  түстерінің  өзгеруіне  негізделген.  Әрбір 
индикатор  ерітіндінің  белгілі  бір  мөлшеріне  қосылады 
және бірнеше рет бақылау негізінде рН анықтауға болады. 

 
147 
Индикатор  жиынтығы  рН  ортаны 

0,5  рН  дәлдікпен 
анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуді ауысу ауданы рН


индикатордан  бастаған  дұрыс.  Ерітіндінің  азғана  бөлігін 
сынауыққа құйып, ортада жатқан ауысу интервалдарының 
арасындағы  қажетті  индикаторды  мысалы,  фенолфталеин 
қосыңдар.  Егер  ерітінді  алқызыл  түске  өзгерсе,  онда  орта 
сілтілік  (рН

10-14)  және  кейінгі  рН-анықтау  үшін 
бақылауларды  ауысу  интервалы  сілтілік  ауданда  жататын 
индикаторлардың, яғни сары ализарин және индигокармин 
көмегімен  жүргізу  керек,  Егер  фенолфталиен  бірінші 
үлгіде түссіз болса, онда рН<8 болғаны. Мұндай жағдайда 
алдағы  бақылауларда  рН-ты  анықтау  үшін  қышқылдық 
ауданда 
жататын 
индикаторлардың 
көмегін 
пайдаланыңдар,  олар  паранитрофенол,  метилоранж  және 
метилвиолет.  Әрі  қарай    метилоранжды  қосқан  дұрыс  (не 
себепті?). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет