Кубтық бояғыштар суда ерімейтін бояғыштар, сондықтан бояу процесі
жүру үшін оларды арнайы тотықсыздандырғыштардың көмегімен суда
еритін тұздарына айналдырады. Олар мақта - матала- рымен жақсы
сіңіріледі.
Соңынан ауадағы оттектің немесе басқа тотықсыздығыштардың әсер
етуінен матада қайтадан суда ерімейтін алғашқы түріне көшеді, кубтық
бояғыштардың түсі өте көп және матаны ашық түске басады. Кубтық
бояғыштармен боялған маталардың бояуы өте берік болады.
105
Күкіртті бояғыш заттарда суда ерімейді. Оларды кубтық бояғыштар
тәрізді тотықсыздандыру арқылы суда жақсы еритін тұздарына
айналдырып, матамен сіңдіруін қамтамасыз етеді. Талшықтың бойында
тотықтырғаннан кейін қайтадан бастапқы түріне көшеді. Бояуының түсі
күңгірттеу, ал беріктігі орташа бо- лады. Күкіртті бояғыштармен боялған
мақта матасын ұзақ уақыт сақтағанда бояғыштың ыдырауынан күкірт
қышқылы түзіліп, матаның мықтылығы төмендейді.
Дисперстік бояғыштар суда ерімейді. Олар бояғыш зат, диспер- гатор,
сіңдіргіштен тұратын ұнтақ және қойыртқы түрде шығарылады. Бояуды
дисперсиялармен жүргізеді. Бояғыштардың ұсақ бөлшектері талшықтардың
құрылымына диффузияланады, онда молекула аралық күштермен
әсерлеседі. Дисперстік бояғыш заттар полиамид, полиэфир және ацетаттық
талшықтарды бояйды. Бояуы сумен өңдеуге төзімді, бірақ күнге аса тұрақты
емес.
Азобояғыштар целлюлозалық талшықтарды бояуға арналған түстер
сулы өңдеулерге тұрақты. Бояу бояғыш заттың синтезімен орындалады.
Қара анилинмен бояу талшықтың өзінде катализатордың қатысуымен
анилиннің тотығу реакцисының нәтижесінде өтеді. Бояуы берік, бірақ
матаның беріктігі 10 - 12% төмендейді.
4.3. СУРЕТ БАСУ
Матаның бетіне белгілі бір бөліктеріне бояғыш заттармен өрнектер басу
және бекіту матаға сурет басу деп аталады. Сурет басу үшін жоғарыда
аталған бояғыш заттар қолданылады. Бояғыш зат ар- найы қойыртқыштар
қосу нәтижесінде тұтқырланған, қою түрде қолданылады.
Мақта маталарда өрнекті бояуды басу машиналарында машиналық
тәсілмен орындайды.
Сурет басу машинасының сурет бастыратын жұмыс органы ретінде басу
білігі болып саналады, біліктің бетінде өрнек гравирленген. Басу машинасы
бір білікті және көп білікті болады. Бір білікті машинада матаға бір ғана түсті
өрнек салынады, ал көп білікті машинада бірнеше түсті өрнектер басуға
болады. Өрнектегі түстің саны қанша болса біліктер саны сонша болады.
Өйткені әрбір білік суреттің белгілі бір бөлігінде тек қана бір түсті басады.
4.1-суретте басу машинасының сұлбасы келтірілген.
Машиналық сурет басу үш түрге бөлінеді: тікелей, үстінен, жидіте және
резервті басу.
Ағартылған матаға сурет басу тікелей басу деп аталады. Ашық түске
боялған матаға сурет басуды үстінен басу деп атайды.
106
Матаның сурет бастырылған ауданының мөлшеріне қарай матаны
келесідей түрлерге бөледі: егер өрнек матаның 40% ауданын алса - ақ жер
секілді, 40-60% - жартылай грунтты, 60% жоғары - грунтты.
Мақта маталарының сапасын жақсартуға және ассортиментін кеңейтуге
сәнді эффект беретін өрнек бастыру әдістері кең тарауда. Маталардың
көркем - колористік безендіру мақсатымен рельефті өрнек басу
қолданылады. Сонымен қатар металлды жіпті қолданған тәріздес көрінетін
күміс әсер беретін басу тәсілі болып табылады.
Сурет 4.1 - Төртбілікті сурет басу машинаға матаны салу сұлбасы
1-
жүктегіш, 2-басу біліктері, 3-серпімді жабылғы, 4-ракля,
5-баспа бояуы құйылған жәшік, 6-айналатын шөтке, 7-контр-ракля, 8-
мата, 9-чехол, 10- кирза.
Рельефті өрнек басу үшін бір, екі немесе үш құрамды қоспалар
қолданылады. 100
0
С температурада кептіру процесінде матада көлемді дөңес
өрнек пайда болады, оны 130 - 150
0
С температу- рада 1,5 - 5 минут уақыт
ішінде термотұрақтандырудан өткізіп бекітеді. Мұндай әдіспен басу үшін
гравюрасының тереңдігі 0,25
- 0,3 мм болатын арнайы білікті цилиндрлі баспа машиналары
қолданылады.
Жидете өрнек басу боялған матаның үстінен құрамында арнайы зат
қосылған қойыртқышпен баспа машинада басылады. Белгілі жерлерінде
матаның алғашқы бояуы химиялық жолмен жойыладыда, орнында ақ түсті
өрнек пайда болады. Ал, егер ол жерде түсті өрнек
107
басу үшін жидеткіш затпен бірге басқа бояғыш зат қосылады, ол жидеткіш
затқа міндетті түрде төзімді болуы қажет.
Резервті басудың мәні матаны бояу алдында арнайы зат - резерв- пен
басадыда, кейін жатық бояуға жіберіледі. Резерв матаның өрнек түсетін
жерлерін бояу кезінде бояғыш затты сіңдірмейді.
Жидете және резервті басу көбіне қою - қара түсті матаға ақ өрнек
басуға қолданылады.
Рельефті басу әдісімен пигментпен басуды бірге қолдану арқылы өте
тамаша эффект алуға болады. Пигментпен басу тез бекітіледі, ал рельефті
басу соңғы білік арқылы орындалады.
Пигменттер суда ерімейді. Олар арнайы байланыстырушы ролін
атқаратын синтетикалық шайыр заттардың көмегімен матаның бетінде
талшықтармен жабысу арқылы бекітіледі. Бекіту өрнек басылғаннан кейін
бірден кептіру және термобекітумен орындалады. Бұл әдістің басқа
әдістерден үстемділігі басылған маталарды жуу-шаю қажет еместігінде.
Сонымен қатар, пигменттер барлық тоқыма материалдарға қолданыла
береді.
4.4. СОҢҒЫ ӨҢДЕУ
Соңғы өңдеу маталарға әдемі сыртқы түр беру үшін, жайманың енін
бекітуге және қыртыстарын жазу арқылы біртегістеу үшін орын- далады.
Сонымен қатар кейбір маталарды арнайы өңдеуден өткізеді. Мысалы,
материалға қыртыстанбау, апшуын төмендету, суөткізбеу, отқа төзімді
қасиеттер беру үшін өткізеді.
Мақта маталары соңғы өңдеу кезеңінде аппреттеу, ені бойынша керу
және үтіктеуден өтеді.
Алдын-ала аппреттеу кезінде матаға арнайы аппрет сала- ды.
Аппреттердің құрамында жабыстанғыш зат (крахмал, негізм), жұмсартқыш
(май, сабын, глицерин), антисептиктер болады. Аппрет- теу нәтижесінде
мата біртегіс, тығыз болады және аппреттің құрамына қарай матаға
қаттылық немесе жұмсақтық қасиет беріледі.
Аппреттелгеннен кейін мата ені бойынша керілуге жіберіледі. Керу
арнайы тізбекті керу машинасында орындалады. Бұл машинада мата ені
бойынша керіліп, қиғаштанған жерлерін дұрысталады, майысқан арқау
жіптері түзетіледі. Матаны керу алдында су шашыратқыш маши- нада
ылғалдыландырады.
Матаны каландрлеу немесе үтіктеу каландрларда жүргізіледі. Өңдеу
каландры беттері серпімді ауыр болат темір және жиынтық біліктерден
тұрады. Болат темір білік қуыс және ішінен қыздырылады. Мата ка-
ландрленгенде бір біріне қысылған болат және жиынтық біліктердің
арасынан өтеді.
108
Біліктер бір біріне әлсіз қысылған түрде матаны жазу орындалады.
Біліктерді қысу дәрежесін жоғарлатса матаның беті жылтырайды, егер- де
болат білік қыздырылатын болса жылтырауы күшейеді.
Сәтен маталарды үтіктеп жазу күмістендіру каландрларында орын-
далады. Күмістендіру каландрының болат білігінің жәй каландрдың
білігінен айырмашылығы оның бетінде жіңішке сызықшалары болады.
Күмістендіру каландрында үтіктеу нәтижесінде мата жібек тәріздес жылтыр
болып шығады. Бірақ, жылтыры тұрақты болмайды және жуғанда кетіп
қалады.
Кейбір мақта маталарды арнайы өңдеуден өткізеді. Мысалы, тұрақты
аппреттеуді қамтамасыз ету үшін матаны шәйіліп кетпейтін аппрет- пен
өңдейді. Шәйіліп кетпейтін аппреттер матаның жақсы сырт түрін жуғаннан
кейін сақталуына және киімді пайдаланғанда тұтынушылық қасиеттеріне
себебін тигізеді. Егерде матаны каландрлау алдында ар- найы ертіндімен
сіңдірсе жылтыры жуғанға тұрақты болады.
Дайын мақта маталар ылғалдандырылғанда біршама апшиды. Аз
апшитын матаны апшуға қарсы өңдеуден өткізу арқылы алуға бо- лады. Ол
үшін мата арнайы апшыту машинасында өңделеді, оған мата ылғалданған
және сәл салбыратылған түрде түседі, сондықтан матаның апшуына жол
беріледі. Аз апшитын матаны арнайы заттар- мен өңдеу арқылы алуға
болады және олар талшықтардың ісінуін күрт төмендетіп, олардың
қысқаруына себеп болады.
Мақта маталарының апшуын оларды химиялық ертінділермен өңдеу
арқылы азайтуға болады. Сәл ғана ширатылған жіптен тоқылған тығыз емес
маталар үшін арнайы химиялық препараттармен үтіктеуді қажет етпейтін
өңдеу жүргізіледі. Өңделген маталар, киімдер аз қыртыстанады, жеңіл және
тез жазылып кетеді.
Мұндай
маталардың
қыртыстануы
тек
құрғақ
түрде
емес,
ылғалданғандада төмендейді.
Мақта маталарды соңғы өңдеу операциялары үздіксіз бір процес- ске
біріктірілген. Сондықтан үздіксіз жұмыс жасалынатын өңдеу - ап- претеу
негізсінде орындалады.
5-БӨЛІМ
ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
5.1. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Геометриялық қасиет деп материалдардың қалыңдығын, енін,
ұзындығын және салмағын сипаттайтын тоқыма материалдарының
қасиеттерін айтады. Геометриялық қасиет олар белгілі бұйымға арналған
материалды таңдауды, тігін өндірісінің кейбір үдерісінде материалдың
бағытын, сонымен қатар киімнің эксплуатациялы үдерісінде пайда болатын,
эксплаутациялық көрсеткіштердің қатарын анықтайтын болғандықтан тігін
өндірісі үшін маңызы зор.
Қалыңдық - қалыңдық өлшейтін құралда белгілі қысымда өлшенген,
тоқыма материалының өң бет жағы мен теріс жағының арақашықтығы.
Қалыңдықты анықтау үшін материал үлгісі 1 және 2 қос куыс бұрғылардың
арасына орналастырылады. Жоғарғы қуыс бұрғы қозғалмалы және
материалдың қалыңдығын 4 шкалада көрсететін, 3 тілшемен байланысқан.
Тоқыма материалының қалыңдығын анықтайтын құрал 5.1 суретте
көрсетілген.
Тоқыма материалының қалыңдығы тұрақты көлемде болмайды және
тігін өндірісінде материалды өңдеу мен әрлеу ерекшеліктерімен, киісте
релаксациялық үдерістің көрсетілуімен, сондай-ақ өлшенген кездегі
қысыммен байланысты. Тоқыма материалының қысымын өлшеген кезде
сыналушы материалға 10 гс/см
2
қысым беру қабылданған. Бұл қалыңдық
көрсеткіштері бойынша әртүрлі материал- дарды салыстыруға мүмкіндік
береді. Тоқыма материалдарың жеке аймақтарында қалыңдықтың әртүрлі
болатындығын ескеру қажет.
Осындай қалыңдық бойынша едәуір біркелкісіздікпен бейматалық
материалдар
ерекшеленді,
оның
себебін
талшықтық
жайғақты
қалыптастырудағы кемшілігімен түсіндіреді.
Материалдың қалыңдығы оның киімге сәйкес тағайындалуын
анықтайды: яғни, жұқалау материалдар ішкиімдік және көйлектік
бұйымдарда, орташа - костюмдік, ал қалыңырақ - пальтолық және басқа
сырт киімдерде қолданылады. Әртүрлі тоқыма материалдарының
қалыңдығының сипаттамасы 5.1 кестеде көрсетілген.
Тоқыма материалдарының қалыңдығы олардың күлтеленуі, қаттылығы,
ауа өткізгіштігі, тозуға төзімділігі, жылылықты өткізбеушілікті, сонымен
қатар, бұйымға арналған материалдарды таңдаумен және оның
эксплуатациялық сапасымен байланысты басқа да қасиеттерінен тәуелді.
Бұдан басқа, тоқыма материалдарының қалыңдығы киімді дайындаудың
технологиялық параметрлерінің
110
Сурет 5.1 - Қалыңдық өлшейтін құрал
қатарына әсер етеді: одан құрастыру кезіндегі қосымша мөлшері, со- нымен
бірге тігіс құрастырмасы және ені тәуелді болады.
Киім бөлшектерін пішу кезінде материал қалыңдығына байланы- сты
төсемнің көлемі 12-150 қабатқа дейін ауытқиды, ол өз кезегінде пішіп
алынған киім бөлшектерінің дәлдігіне мен пішу өндірісінің өнімділігіне
ықпалын тигізеді.
Тігін өндірісінде материалдың қалыңдығынан тігін машинасында
материалдың қозғалысына жұмасалатын күштің және жіптің шығыны
тәуелді. Тігін өндірісінде қолданылатын бейматалардың қалыңдығы
0,
1-5 мм.
Тоқыма
материалдарының
ені
кенерелерінің
арасындағы
арақашықтықты көрсетеді. Ол маталар, трикотаж және бейматалар
өндірілетін машиналар мен станоктардың сырт мөлшеріне байланыс- ты
болады.
111
Кесте 5.1 - Киімге арналған тоқыма материалдарының қалыңдығы
Материал түрі
Материалдың
тағайындалуы
Қалыңдығы, мм
Маталар
Көйлек, ішкиім
0,14-0,80
Костюмдер
0,40-1,10
Пальто
1,00-3,20
Трикотаждық жайма
Ішкиім
0,30-0,90
Сыртқы бұйымдар
2,20-3,90
Бейматалық материал-
Іштік (желімдік).
0,50-1,50
дар
(ине өткізілетін)
2,00-5,00
Көйлек, костюмдер
0,90-1,50
Сыртқы бұйымдар
1,50-4,00
Маталар 75-250 мм дейінгі енімен шығарылуы мүмкін, бір жағынан
әрбір мата түрі (талшықтық құрамы бойынша) үшін өзіндік ені тән: яғни,
мақта матасында ол орташа енімен 80-120 см дейін, зығырда - 80-140 см
дейін, жібекте - 90-110 см дейін, жүнде
- 70-160 см дейін ауытқиды. Кей жағдайда осы маталардың ені көп немесе
аз болуы мүмкін. Тігілген бейматалық материалдардың ені 150 см дейін
жетуі мүмкін, ал негізмдік бейматалық материалдар- да және трикотажды
жаймаларда ол 40-120 және 60-200 см шекке сәйкес ауытқиды.
Әрлеу үдерісінде оның азаюына байланысты сәйкес жайманы өңдеу
кезінде ен беріледі. Қарапайым маталарда өңдеуден кейін ен 15%,
басылғандарда (жүнде) - 30-35% азаяды. Ендеу және каландрлеу кезінде
трикотаж жаймалары керісінше ені бойынша созылады.
Маталар ені бойынша үш жерден 50 м дейінгі ұзындықты кесек- пен
және бес жерден одан жоғары ұзындықпен өлшенеді. Тігін фа-
брикаларында өлшеулерді әрбір 3 м сайын жүргізеді, сонымен қатар, тоқыма
материалдарының ені тігін өндірісі үшін өте маңызды және технологиялық
үдеріске әсерін тигізеді. Трикотажды жаймалардың ені тек әрбір 4-5 м сайын
жайманы тынықтырғаннан кейін тексеріледі. Сондай-ақ, тігін фабрикасына
түскен, бейматалық материалдардың ені тексеріледі.
Тоқыма
материалдарының
үлкен
әр
түрлі
енділігімен
ерекшеленгендіктен, мата шығынының есебі мен жобалауға арналған
әртүрлі бұйымдарға шартты ен қабылданған, яғни жүн маталары 133 см, ал
қалғандары үшін - 100 см тең.
МЕМСТ 29223-91 сәйкес химиялық талшықтардан жасалған плащтық
және плащтық-костюмдік маталар 75, 80, 85, 90, 95,
112
100, 105, 110, 130, 140, 150, 155, 160 см; костюмдік - 90, 95, 120, 130, 140,
145, 150, 160; плащтық және күртешелік маталар (МЕМСТ-284886-90) - 80,
85, 90, 95, 120, 140, 145, 150, 150 см енімен өндіріледі.
Тоқыма материалдарының ұзындыгы - бұл кесек қиықтарының немесе
екі соңының арасындағы арақашықтық. Әдетте тоқыма мате- риалдарды
тасымалдау үшін салмағы және өлшемі бойынша қолайлы, кесектерге
қалыптайды. Жүн матасының кесегінің ұзындығы 30 м, жібектікі - 40 м,
мақтанікі және зығырдікі - 40 м дейінгі шекте болуы тиіс. Трикотажды
жаймалар олардың созылымдылығының нәтижесінде ұзындығы бойынша
емес, тек салмағы бойынша кесекте жасалады.
Ақаулы столда ұзындықты өлшеу белгілі қиындықтармен байланы- сты,
материалдарды тарту арқылы өлшеуші станокқа орналастырғанда, созылып
кетеді. Дәл өлшемді алу үшін материал төсеніш столда созу- сыз бос
жағдайда жайылады.
Тоқыма материалдарының 1 м
2
салмағын граммен анықтайды және
талшықтың салыстырмалы салмағына және олардың аудан бірлігіндегі
санына байланысты. Тоқыма материалдарының салмағына кейбір тоқыма
материалдарына, олардың салмағын ұлғайтатын (табиғи жібекті ауырлату,
мақта-матасын және басқа материалдарды аппрет- теу, өңдеудің арнайы
түрлері), заттарды жағу кезіндегі әрлеу әсер етуі мүмкін.
Тоқыма материалдарының әрбір түрлері үшін материалда ұзақ сақталуға
қажетті, 1 м
2
салмағы стандарттар немесе техникалық шарт бойынша
орнатылған. Белгілі өлшемде материалдың салмағы олардың беріктігін, тозу
факторларына қарсыласуын сипаттайды.
Тоқыма өнеркәсібінің әртүрлі өндірісімен өндірілген тоқыма
материалдарының салмағы өте үлкен әр түрлілікпен сипатталады және
нақты бұйымға материал таңдауды анықтайды. Одан бұйымның гигиеналық
қасиеті (жылу өткізгіштігі, қаттылығы, күлтеленуі), сондай-ақ, материал
қалыңдығынан төсеген кездегі материал қабаты, жіптің шығыны тәуелді
болады.
Бұйымның әрбір түріне арналған белгілі салмақты тоқыма ма-
териалдары ұсынылады. Осыдан кейін оның тағайындалуына және белгілі
қасиетіне байланысты, материалдың салмағымен байланысқан бұйымның
ауырлығы ескеріледі. 5.2-кестеде киімге арналған тоқыма материалдарының
салмағы көрсетілген.
Маталар,
трикотаждар,
бейматалық
материалдардың
салмағы
стандартты әдіспен өлшеу және формуламен есептеу арқылы анықтайды.
113
8-6313
Кесте 5.2 - Киімге арналған тоқыма материалдарының салмағы
Материал түрі
Материалдың
тағайындалуы
1 м
2
салмақ, г
Маталар
Пальтолық ауыр
600-800
орташа
550-160
жеңіл
300-500
Костюмдік
Көйлектік:
200-350
жоғары салмақты
150-200
орташа салмақты
90-140
жеңіл
50-90
ерекше жеңіл
50 дейін
Трикотаждық жаймалар
Пальтолық
300-600
Көкірекшеге,
пуловерге,
жемпірге
арналған
костюмдік
300-360
Тігілген
бейматалық
материалдар
Көйлектік,ішкиімдік.
115-240
Негізмдік бейматалық
Пальтолық
400-600
материалдар
Костюмдік
240-320
Ішкиімдік
175-240
Іштік
Көйлектік, арнайы
80-180
Киімдік
100-250
1 м
2
салмақ келесі формула бойынша есептеледі:
т-1000000
М
= --------------------------------------------------
мұндағы, М - 1 м
2
материалдың салмағы, г/м
2
, т - үлгінің салмағы, г, Ь -
үлгінің үзындығы, мм, В - үлгінің ені, г.
1 м
2
тоқыма материалының салмағын анықтау кезінде оның жоғары
ылғал тартқыштық қасиетін ескеру қажет, соның арқасында материал- дар
ылғалды жақсы сіңіреді, ауырырақ болады және кейбір қасиеттерін
өзгертеді. Сондықтан өлшеу алдында тоқымалы материалдарды
24 сағаттан кем емес уақытта температурасы 20±2°С және ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы (65±2 %) жағдайында ұсталуы қажет.
114
5.2. МАТАЛАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Тоқыма жаймаларының негізгі механикалық қасиеттері жартылай
циклді, бірциклді және көпциклді сипатаммалар болып бөлінеді. Жіптердің
механикалық сипаттамаларына қарағанда матаның, трикотаждың аталған
сипаттамалары екі бағытта, яғни екі өсі бойынша анықталынады. Созу
деформациясын зерделеу матаның құрылымдық ерекшеліктерін ескере
отырып жүргізіледі, себебі матаның өрімі, тығыздығы жеке құрылымдық
сипатаммалары оның беріктігіне әсерін тигізеді.
5.2.1.
Тоқыма материалдардың бір циклды
үзілетін сипаттамалары
Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінен үзілетін толық бір
цикл бойынша «жүктеу - жүктен босату - демалдыру» сынағында
олардың созу деформациясына төзімділігін бір циклді сипаттамалар-
мен анықтайды. Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен
жіптердің бойындағы деформациялық өзгерістер релаксациондық про-
цестермен сипатталынады.
Киімге қолданатын маталарға жүктеме азырақ әсер етеді. Тігін
бұйымдарын дайындауда үзу күшіне 1-2% және киімді кию кезінде
5-
15% үзу жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және жүктен босату дема-
лыспен кезектесе отырып әсер еткенде материалдардың құрылымы
бұзылып, әлсірейді және тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін нашар-
латады. Тоқыма материалдарының бір циклді сипаттамалар ерекшелігі
жақсы сипатталған релаксационды процесс және деформация кезіндегі
көрінісі болып табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдың
өлшемдері мен пішіндерінің тұрақтылығы және тігін бұйымдарының
сапасын анықтайды.
Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану процестері, жүктеме
релаксациясының сипаттамаларына зор мағына береді. Бұл материал-
дың құрылысындағы өзгерістер тігін бұйымдарындағы деформация-
дан кейінгі бөлшектердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын анық-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: |