Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


шиналарында  орындалады.  Инетесімді  беймата  жаймалары  көрпе,  еденге



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата01.04.2020
өлшемі6,36 Mb.
#61231
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
9b05049b-3702-11e3-a987-f6d299da70eecgiirbis 64.exe


шиналарында  орындалады.  Инетесімді  беймата  жаймалары  көрпе,  еденге 
төсегіш,  техникалық материал ретінде қолданылады.  Өте берік  және форма 
тұрақтылық  жайма  жасау  үшін  инетесімді  жайманы  бай-  ланыстырушы 
сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. 
Инетесімді  бейматаның  қасиеттері  талшық  түрінде,  құрылымына 
байланысты  болғанымен  көбіне  процесстің  негізгі  параметрлеріне,  әсіресе 
тесудің тереңдігіне және жиілігіне бай- ланысты болады. 
97 
7-6313 

3.4.3.  Желімді беймата жайма өндіру 
Желімді  беймата  өндіру  үшін  әртүрлі  шикізат  қолданылады:  қысқа 
талшықтар  (мысалы,  линт  -  мақтадан  талшықты  бөліп  алғанда  қысқа 
талшықтар,  иіру  өндірісінің  иіруге  жарамсыз  қалдықтары,  тоқыма 
кәсіпорындарына  басқа  қалдықтары),  қалпына  келтірілген  талшықтар 
(тігін өндірісінің қалдықтарынын  тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу 
нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар. 
Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру ылғалды 
немесе құрғақ тәсілмен орындалады. 
Ылғалды  тәсілде  кеңінен  қолданылатындарға  СКН-40-1-ГН,  СКН-  40, 
БНК  латекстер,  термопластикалық  полимерлердің  судағы  эмуль-  сиялары, 
поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады. 
Байланыстырушыларды  жайғақтарды  сіңірумен,  жайғақтың  үстінде 
орналастырылған  шашыратқыштың  көмегімен  бүрку  немесе  шашыра- 
тумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады. 
Тұтас  сіңіру  соңынан  байланыстырғыштың  артығын  кетіру  үшін 
сығуды,  кептіруді  және  термоөндеуді  қажет  етеді.  Сығу  каландрлеу 
біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық 
айналып  тұратын  барабандардың  бетін  жабумен  кептіріледі,  қыртыстары 
жазылады,  машинадан  шығарылады.  Кептіру  үрдісінде  инфрақызыл 
сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын 
термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет. 
Сұйық  байланыстырғышты  шашыратқанда  немесе  бүркігенде  сығу 
қажет  емес.  Мұндайда  беймата  жайманың  құрылымы  тұтас  сіңдіруге 
қарағанда бостау, өткізгіштігі өте жақсы және қаттылығы төмен бола- ды. 
Одан  басқа  тағыда  ылғалды  тәсіл  -  қағаз  жасау  тәсілі  -  қолданылады. 
Оның  мәні  иіруге  жарамсы,  ұзындығы  2  мм  дейін  (әдетте  тез  балқитын) 
талшықтардың  немесе  фибридтартардың  және  байланыстырғыштың 
суспензиясы  қағаз  жасау  машинасының  торына  жіберіледі.  Тор-  да 
белгіленген 
қалыңдықпен 
жайма 
түрінде 
материалдың 
қабаты 
қалыптастырылады. Сорғытылғаннан және кептірілгеннен кейін ыстықпен 
өңдеуге  кейде  каландрлеумен  бірге  өңделетін  жайма  алынады.  Фибридтар 
негізгі  талшықты  материалға  қарағанда  тез  балқитын  болғандықтан  жібіп 
жайғақтың құрылымдық элементтерінің желімдерін жасайды. 3.27 а-суретте 
байланыстырғыш  сіңдірілген  жіптердің  жайғақ  престеумен  беймата 
жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы келтірілген. 
98 

 
д 
Сурет 3.27 - Сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата 
жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы (а) және 
жайманың көлденең қимасы (б). 
Жіптерді  2,5  сұйық  байланыстырғышпен  науаларда  3,4  сіңдіреді,  олар 
талшықты жайғақпен (1) қосылады. 
3.27  б  -  суретте  жайғақ  (1)  берік  байланыстармен  екі  жақтан  2  және  5 
бекітілген. Жіптер байланыстырғышпен сіңдірілгендіктен, байланыстырғыш 
келесі  өңдеу  процессінде  жайғақтың  тереңіне  өтіп  олардағы  талшықтарды 
желімдейді. 
Құрғақ  тәсілде  жайғаққа  салынатын  тез  балқитын  түрде  талшықтар, 
қабыршықтар,  ұнтақтар, 
жіптер 
жүйесі  қолданылады.  Құрылым 
элементтерін бекіту бәрінен  жиі  ыстық престеу тәсілімен орындалады, яғни 
талшықты  жайғақты  немесе  жіптер,  жүйесін  каландрлеу  біліктері  арқылы 
өткізу  қолданылады.  Біліктер  1-1,8  МПа  қысымда  120-150
0
С  температураға 
дейін қыздырылады. 
Ыстық престеуде тез балқитын байланыстырғыштар жібиді, жайғақтың 
талшықтарымен  немесе  жіптер  жүйесімен  жабысады  және  бір  тұтас  жайма 
жасап берік байланыстар түзеді. 
Желімделген беймата жаймаларының қасиеттері талшықтар түріне және 
олардың 
жайғақта 
орналасуына 
байланысты, 
сонымен 
қатар 
байланыстырғыштың  түріне,  оның  жайғақта  таратылуна,  пайыздық 
құрамына және желімдеу тәсіліне байланысты. 
Талшықтардың жайғақта хаосты түрінде орналасуы беймата жайманың 
бойлық және колденең бағыттарда бірдей қасиеттерін қамтамасыз етеді. 
Желімді  беймата  жаймалар  төсеу,  декоративті,  байлау,  фильтірлік, 
изоляциялық материалдар ретінде қолданылады. 
99 

4-БӨЛІМ 
ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ 
Тоқыма  станогынан  түсірілген  матаны  сұр  немесе  өңделмеген  мата  деп 
атайды. Оның құрамында әртүрлі табиғи серіктес заттар, кір және қосымша 
қоспалар  болады,  сырт  түрі  өңсіз  болып  келеді  және  тігін  бұйымдарын 
өндіруге жарамсыз болады. Сондықтан сұр матаны өңдеу қажет. Маталарды 
өңдеу  -  олардың  сапасын  жақсарту,  тауарлық  түр  беру,  тігін  өндірісінде 
пішуге дайындау, қыртыстанбағыш, суға төзімділік қасиеттерді қамтамасыз 
ету 
үшін 
жүргізілетін 
көптеген 
химиялық, 
физика-механикалық 
операциялардың жиынтығынан тұратын технологиялық процесс. 
Маталарды  өңдеу  процессі  төрт  кезеңнен  тұрады  матаны  тазарту  және 
дайындау, бояу, сурет басу, соңғы өндеу. 
Әрбір  кезең  өз  алдына  бірқатар  физика-механикалық  және  химиялық 
операциялардан тұрады. 
Ол  операциялардың  түрлері  және  олардың  орындалу  тәртібіне 
маталардың талшық құрамы  әсерін  тигізеді.  Әрбір операцияны  жүргізгенде 
қолданылатын  химиялық  заттардың  концентрациясын  және  өңдеу 
режимінің 
температурасын 
қатаң 
түрде 
қадағалайды. 
Ол 
мата 
талшықтарының  сапасын  жоғалтпау  үшін  өте  маңызды.  Маталардың 
талшық құрамына байланысты химиялық реагенттердің құрамы және өңдеу 
тәртібі тағайындалады. 
4.1.  БОЯУҒА ЖӘНЕ СУРЕТ БАСУҒА ДАЙЫНДАУ 
Мақта - маталарды өңдеу

Мақта - маталарды тазарту  және дайын- дау 
келесі  технологиялық  операциялар  орындалу  арқылы  орындалады:  сұр 
матаны  қабылдау  және  талдау;  отпен  шарпу;  шлихтасыздандыру;  қайнату; 
ағарту; мерсерлеу; түктеу. 
Барлық маталар үшін  тазарту  және дайындау  сұр матаны қабылдаудан 
және талдаудан басталады. Бұл кезеңде тоқымашылықтың түрлі ақауларын 
анықтау  және  оларды  жою,  өңдеудің  келесі  опера-  цияларын  жүргізуге 
өндірістік  партия  құрастыру  орындалады.  Өңдеу  операциялардың 
барлығынан  өткізу  үшін  мақта  маталары  бірнеше  жүздеген  бөліктерден 
тұратын  ұзын  үздіксіз  таспаға  біріктіріп  тігіледі.  Әрбір  бөлікті  алдын-ала 
жуғанда кетпейтін бояумен белгілейді. 
Мата  қабылдау  және  талдаудан  өткенен  кейін  отпен  шарпу  опе- 
рациясына  жіберіледі.  Отпен  шарпу  матаның  бетінде  шығып  тұрған  қысқа 
талшықтарды  күйдіріп  жою  үшін  жүргізіледі,  бұл  опера-  цияны 
конструкциясы әртүрлі күйдіру машиналарында өткізіледі. 
100 

Операцияның  мәні  матаны  2,5  -  3,0  м/сек  жылдамдықпен  қатты 
қыздырылған  беттен  өткізу  болып  саналады.  Нәтижесінде  матаның  бетінде 
шығып тұрған қысқа талшықтар күйіп кетеді, матаның беті тазарады. Түкті 
және түктелетін маталар, сонымен қатар дәке отпен шарпылмайды, осылай 
өңделген мата шлихтасыздандыру операция- сына жіберіледі. 
Шлихтасыздандыру  келесі  жүргізілетін  операциялардың  орандалу-  ын 
жеңілдетету  мақсатымен  шлихтадан  және  басқа  табиғи  қосымша  заттардан 
матаны ажырту үшін жүргізіледі. Матаны шлихтасыздан- дыру үшін оны 30-
40
0
С  температурада суға  салып арнайы  жәшіктерде матаның  тығыздығына 
қарай  4  -  24  сағатқа  жатқызылады.  Шлихтасыз-  дандыруды  тездету  үшін 
қышқыл  немесе  сілті  ертіндісінде  өңдейді.  Суланған  матадағы  крахмал 
гидролизденіп  сумен  жақсы  жуылып  шай-  ылады.  Сонымен  қатар  матаны 
ферменттермен  өңдеу  арқылы 
жедел 
шлихтасыздандыру  кеңінен 
қолданылады. 
Шлихтасыздандырылған  мата  жұмсарады  және  суды  сіңіру  қабілеті 
жоғарлайды. 
Ақ  түсті  мата  алу  үшін  ағарту  операциясы  жүргізіледі.  Ағарту  кезінде 
матаға сұр немесе сарғыш түс беретін табиғи бояғыш зат- тар бұзылады және 
түссізденеді. 
Ағартқыш 
заттар 
ретінде 
әртүрлі 
тотықтырғыштар 
қолданылады. Оларға сутек пероксиді, натрий хло- риты және гипохлориты 
жатады.  Ағартқыштармен  малып  сығылған  мата  біршама  уақыт  арнайы 
жатқызылады,  одан  кейін  жуылады,  сығылады  және  кептіріледі.  Сутек 
пероксидін 
қолданғанда 
ағарту 
процесі 
хлорлы 
ағартқыштарды 
қолданғанмен  салыстырғанда  тез  өтеді.  Ағарту  процесі  үздіксіз  тәсілмен 
арнайы агрегатта немесе ар- найы қазанда өткізіледі. 
Ағартылған  матаның  гигроскопиялық  қасиеттері  өте  жоғары  және 
ашық түске жеңіл боялады. 
Ағартудан  өткен  маталар  мерсерлеу  немесе  түктеу  операцияларының 
біріне жіберіледі. 
Мерсерлеу  деп  керілген  түрде  матаны  15-18
0
С  температурада  30  -  50 
секунд  уақытта  25  %  күйдіргіш  натр  ертіндісімен  өңдеуді  айтады. 
Операцияның  атауы  белгілі  Француз  химигі  Мерсердің  реакциясының 
атымен  аталады.  Сұр  өңделмеген  мата  2  -  3  минут  уақытта  өңделеді, 
мерсерленген  мата  жылтырланады,  жібек  тәріздес,  гигроскопиялығы  және 
беріктігі  жоғарлайды,  мерсерленген  маталар  бояуды  жақсы  сіңіреді  және 
бояуы берік, ашық түсті болады. 
Матаның  бетінде  талшықты  түк  жасау  үшін  түктеу  операциясын 
жүргізеді.  Түктеу  арнайы  инелі  түктеу  машинасында  орындалады. 
Машинаның  инелері  матаның  арқау  жіптерінен  талшықтарды  шығарып 
оларды  бір  бағыттан  екінші  бағытқа  тарайды.  Жақсы  түк  жасау  үшін 
матаны  түктеу  машинасынан  бірнеше  рет  өткізеді.  Түктеуге  мата  сұр  және 
ағартылған түрде жатады. 
101 

Зығыр маталарды өңдеу. Зығыр маталарды  тазарту  және  дай- ындауды 
мақта - мата өндірісінің сұлбасы бойынша жүргізеді. Бірақ. оларға қарағанда 
байқастап, 
технологиялық  операцияларды  бірнеше  рет  қайталап 
орындайды. Өйткені зығыр талшығында мақтаға қарағанда табиғи серіктес 
заттар, әсіресе лигнин, көп мөлшерде бо- лады. Олар әдетте қиын ыдырайды. 
Осының  салдарынан  зығыр  ма-  талар  қайнатудан,  ағартудан  және  басқа 
өңдеуден  қиындықпен  өтеді.  Сонымен  қатар,  талшықтарды  бұзып  алмау 
үшін,  матаның  қасиеттерін  жоғалтпау  үшін  технологиялық  процесстерді 
қатаң  қадағалау  қажет.  Зығыр  маталар  көбіне  біршама  ағартылған 
жіптерден  шығарылады.  Осылардың  бәрі  зығыр  маталарын  өңдеу 
технологиясын жасағанда ескеріледі. 
Зығыр маталарын тазарту және дайындау технологиялық процессі келесі 
сұлба  бойынша  орындалады:  отпен  шарпу;  шлихтасыздандыру;  қайнату; 
ағарту.  Шлихтасыздандыру  матаны  жылы  суға  салып,  одан  кейін  10  -  12 
сағатқа қалдыру арқылы орындалады. Қайнату әдетте екі рет қайталанады. 
Жүн  маталарды  өңдеу.  Шұғалық  маталарды  дайындау  мәуіті  ма- 
таларды дайындаудан біршама өзгешелеу болады.Сондықтан шұғалық және 
мәуіті  маталарды  дайындау  технологиялық  процесстердің  ерекшеліктерін 
білу қажет. 
Отпен  шарпу  тек  қана  мәуіті  маталарға  жүргізіледі.  Әдетте,  ол  газ 
жалынымен шарпыйтын машиналарда орындалады. 
Жуу.  Жуу  шұғалық  және  мәуіті  маталар  құрамынан  майлы  зат-  тарды, 
щлихтаны  және  түрлі  кір  заттарды  ажыратып  алу  мақсатында 
қолданылады.  Маталарды  құрамында  беттік-белсенді  заттар,  сода  бар 
ертінділермен жуып шаяды. 
Қайнату.  Қайнату  -  матаны  жазылған  түрде  20-30  мин  уақыт  қайнап 
тұрған  сумен  біртіндеп  суытумен  өңдеу.  Нәтижесінде  талшықтардан  иіру 
кезеңінде  пайда  болған  кернеу  түседі,  жіптегі  және  матаның  бетіндегі 
талшықтардың  орналасуы  бекітіледі.  Сонымен  қатар,  қайнату  матаның 
бойында  сынықтардың  (жазылмайтын  құрыстардың  немесе  жолақтардың) 
пайда  болдыруына  жол  бермейді.  Мұндай  өңдеу  негізінен  мәуіті  маталарға 
қолданылады. Олардың көбі бірінші қайнатуды жуу кезінде өтеді. 
Киіздендіру.  Киіздендіру  барлық  шұғалық  және  мәуіті  маталардың 
біразына негізсі және арқауы бойынша тығыздау (от- ыру) мақсатымен және 
матаның  бетінде  киіз  тәріздес  қаптау  жасау  үшін  жүргізіледі.  Матаны 
киіздендіру  басу  машинасында  38-42
0
С  температурада  орындалады. 
Шұғалық  маталарды  2-18  сағат  басты-  рады,  кейбір  костюмдік  мәуіті 
маталарды 20-40 мин бастырады, оны «фулеровка» депте атайды. 
102 

Карбондау.  Карбондау  барлық  таза  жүн  маталары  үшін  орын-  далады. 
Маталарды 4-5 
% күкірт қышқылының ертіндісімен 
сіңдірілгеннен  кейін  70-95
0
С  температурада  кептіреді,  105  -110
0
С 
температурада қыздырады. Карбондау кезінде матада қалған өсімдік аралас 
қалдықтар жойылады. Жүн маталары мұндай өңдеу әдістеріне төзімді келеді. 
Карбондау арнайы агрегаттарда жүргізіледі. Соңынан маталар жуу 
-  шаю операциясынан өтеді. 
Түктеу.  Драптар,  велюр  типті  маталар  бетінде  түкпен  өндіріледі. 
Түктелену  үшін  маталар  арнайы  түктеу  машинасы  нда  түктелінеді.  Бұл 
машинада  кардалық  таспаның  көмегімен  суландырылған  матададан 
талшықтар оның бетіне таралынады. 
Бояу. Жүн маталарын бояу қышқылдық, хромдық, қышқылдық 
антрахинондық бояғыш заттармен жүргізіледі. 
Сурет  басу.  Сурет  басу  кейбір  көйлектік  маталарға  жүргізіледі.  Матаға 
сурет  басу  арнайы  гравюраланған  білікті  немесе  торлы  басты-  ру 
машиналармен өрнек басу әдісімен орындалады. 
Табиғи  жібек  маталарды  өңдеу.  Таза  жібек  маталарды  соңғы  өңдеу 
матаның  қүрылымына  байланысты.  Табиғи  жібектен  тоқылған  креп 
маталарды соңғы өңдеуде сірке қышқылының 1% ерітіндісімен өңдейді және 
инелі керу - апшыту машинасында кептіреді. 
Нәтижесінде  матаның  жүмсақтық  және  эластикалық  қасиеттері 
жоғарлайды. 
Таза жібек иірімжіптен тоқылған маталарды қайтара отпен шар- пыйды, 
каландрда  жазады,  аппреттейді  және  түзетіп  жазады.  Содан  соң  арқауы 
бойынша түзету - жазу машинасында түзетіледі. 
Түкті маталарды соңғы өңдеуде келесі операцияларды жүргізеді: матаны 
теріс  жағынан  қағу  машинасында  түгін  көтеру,  түгінің  биіктігін  біртегістеу 
үшін  қырқу,  теріс  жағынан  аппреттеу.  Содан  кейін  матаны  инелі  -  керу  - 
кептіру машинасынан өткізеді. 
Химиялық талшықтардан тоқылған маталарды өңдеу. 
Синтетикалық  және  жасанды  талшықтардан  тоқылған  маталарда  табиғи 
қоспалар болмайды және негізінен тез шайылатын заттар бо- лады: шлихта, 
сабын, минералдық майлар. Дайындау және тазарту маталардың химиялық 
құрамына байланысты. 
Вискозалық 
жіптердің 
мақта 
жіптерімен 
немесе 
штапельдік 
иірімжіптерден  тұратын  маталарды  дайындау  кезінде  оларды  отпен 
шарпыйды, шлихтадан тазартады және майлағыш заттардан тазарты- лады. 
Құрама 
жасанды 
жіптерден 
тоқылған 
маталарда 
шлихта 
болмағандықтан оларды тек қана 30 - 40 минут уақыт әлсіз сабын 
-  сода ертіндісінде майлағыш заттардан тазарту үшін қайнатады. 
103 

Вискозалық  маталарды  80  -  90
0
С  температурада,  ацетаттық  -  70
0
С  аммиак 
ертіндісін қоса қайнатады. 
Синтетических  талшықтардан  тоқылған  маталарды  70-80
0
С  ыстық 
сабын  ертіндісінде  қайнатады,  тұрақтандыру  операциясынан  өткізеді. 
Тұрақтандыру процессінде мата керіліп жазылған түрде және ені бой- ынша 
бекітіліп бумен немесе температурасы 120 - 180
0
С ыстық ауамен қысқа уақыт 
ішінде  өңделеді.  Тұрақтандыру  материалдың  қасиеттерін  және  құрылымын 
қалыптастырады. 
Тұрақтандырудан 
өткен 
маталар 
технологилық 
өңдеуденде,  тігін  бұйымдарды  тұтынудада  қалпын  және  сызықтық 
өлшемдерін жақсы сақтайды. 
Жасанды  целлюлозалық  талшықтардан  тұратын  маталарды  бояу 
тікелей,  немесе  кубтық  бояғыштармен,  ацетаттық  және  синтетикалық 
маталарды дисперстік бояғыштармен бояйды. 
Вискоза  -  ацетаттық  жіптерден  маталарды  тікелей  бояғыштармен 
бояғанда  ацетаттық  талшықтар  боялмайды.  Сондықтан  мата-  да  шұбарала 
эффект пайда болады. Мұндай маталарды бояу үшін тікелей бояғыштармен 
ацетат талшықтарын бояйтын бояғыштар бірге қолданылады. 
Сурет басу креп маталар үшін торлы үлгілермен немесе графюраланған 
басу білікті цилиндрлі басу машиналарында орында- лады. Өрнектер матаға 
талшық  құрамына  қарай  әртүрлі  бояғыштармен  басылады.  Термокөшіру 
әдіспен  -  сублистатик  -  кеңінен  қолданылады.  Бұл  әдіс  бойынша  сурет 
дисперстік  бояғыштармен  қағаздың  бетіне  са-  лынады,  одан  каландрдың 
көмегімен 210
0
С ылғалды матаға көшіріледі. Өңдеу уақыты 30 секунд. 
Соңғы  өңдеу.  Химиялық  талшықтардан  жасалынған  маталарды  соңғы 
өңдеу  бірнеше  операциялардан  тұрады:  аппреттеу,  керу  және  кептіру, 
декатирлеу, каландрлеу, арқауды түзету. Өңдеу аппретеу - өңдеу негізлерінде 
орындалады.  Астарлық  маталарды  негізмдеу,  ал  басқаларын  жұмсартқыш 
заттармен  аппреттейді.  Кептіру  каландрлар-  да  немесе  кептіру  -  керу 
машиналарында қатты созбай жүргізіледі. 
Креп маталардың крептік эффектісін күшейту үшін декатирде ылғалды 
бумен декатирлейді. 
Астарлық  маталардың  тозуға  төзімділігін  жоғарлату  үшін  олар-  ды 
көбіктендірілген  полиэтиленнің  эмульсиясымен  өңдеп,  жууға  төзімділігін 
көтереді. 
Капрон маталарды аппретеуден кейін тағы тұрақтандырады. 
4.2.  МАТАНЫ БОЯУ 
Матаны бояу - бояғыштардың бояу науасынан матаның талшықтарына 
өздігінен өтуі. Бояу көмекші заттар қосылған бояғыш- 
104 

тардың  судағы  ертіндісінен  берілген  технолгиялық  тәртіппен  жүргізіледі. 
Бояу  нәтижесінде  мата  берілген  түске  біркелкі  боялады.  Матаны  бояу 
негізінен  күрделі  физика  -  химиялық  процесс  болып  саналады.  Бояу 
процесіне  бірнеше  факторлар  әсерін  тигізеді.  Оларға  материалдың 
құрылымы,  талшық  түрі,  бояғыштың  диффузиялық  қасиеті,  электролит 
қосу  және  бояу  науасының  температурасы  жата-  ды.  Тоқыма  маталар 
негізінен синтетикалық бояғыштармен боялады. Бұл бояғыштар ашық, берік 
бояу қамтамасыз ететін бояулар тобына жатады. 
Мақта маталарын  бояу үшін  тікелей, кубтық,  күкіртті, активті бояғыш 
заттар  қолданылады.  Сонымен  қатар,  суда  ерімейтін  азобояғыштар  және 
қара анилин қолданылады. 
Тікелей  бояғыштар  -  мақта,  полиамид  және  ақуызды  талшықтарды 
бояуға арналған. Олар қанық түстер гаммасын қамтамасыз етеді, бірақ сулы 
өңдеулерге  төзімсіз.  Түстің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін 
бекіткіштерді қосады (ДЦУ, ДЦМ). 
Қышқылдық  бояғыш  заттар  суда  жақсы  ериді.  Олар  ашық  түс 
қамтамасыз  ететін  болғанымен  күн  сәулесіне,  кір  жууға  және  бояуының 
беріктігі тұрақсыз болады. 
Қышқылдық  хромды  бояғыштарда  суда  жақсы  еритін  бояғыштар 
қатарына  жатады.  Бояуының  беріктігі  жәй  қышқылдық  бояғыштардың 
бояуының беріктігіне қарағанда жоғары болады, бірақ талшықтың беріктігі 
біршама төмендейді. 
Металлқұрамды боягыш заттар суда жақсы ериді, матаны біркелкі және 
тез, біртегіс бояйды. 
Қышқылды антрахинонды бояғыш заттар ашық, түсі таза және бояуының 
беріктігі жоғары болып келеді. 
Активті  бояғыштар  басқа  бояғыштармен  салыстырғанда  құрамында 
активті топтардың болуына байланысты өте берік бояуды қамтамасыз етеді. 
Мақта  талшығының  негізгі  заты  целлюлозамен  активті  бояғыштар 
химиялық  коваленттік  байланыс  түзеді,  сондықтан  матаның  бояуының 
беріктігі өте жоғары. Матаның бояуы қанық және үйкеліске, суға, жарыққа 
төзімді. 
Матаны  бояу  периодтық,  жартылай  үздіксіз  және  үздіксіз  тәсілдермен 
жүргізіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет