болады. Жібек маталар талшықтық қүрамының табиғатына байланысты
сегіз топқа бөлінеді, оның әрқайсысы сәйкес топшалардан түрады. Жібек
матасының ассортименті барлық мата ассортиментінің 11% қүрайды,
артикулдардың саны өте көп, тәртіпке сәйкес олар төрт санды санмен
белгіленеді, бірінші сан матаның то- бын, екіншісі - топшасын білдіреді.
Жібек матасының жіктелуін және топтың немесе топшаның сипаттамасын
біле отырып, матаның арти- кулы бойынша оның қүрылымы, дайындалуы
және кейбір қасиеттері туралы белгілі көрсетілімдерді қүрауға болады.
Жібек матасының ассортименті басқалардан әр түрлілігімен, әсіресе
шикізаттың қүрамымен, жіптің, матаның және өңделуінің қүрылымымен
ажыратылады, алдымен түтынушылық қасиетінің әр түрлілігімен
байқалады. Жібек матасын өңдеуде табиғи жібек, жа- санды және
синтетикалық талшық, жіптер, басқа табиғи талшықтар қолданылады.
Мата ассортиментінің әртүрлілігіне түрлі қүрылымды жайпақ, фасонды,
моно,
кешенді,
крепті,
москрепті
ширатпалы,
модифицияланған
(кескінделген, биокешенді) жіптерді қолданылады. Барлық кластағы әртүрлі
өрімдер қолданылады: яғни басты, үсақ-ірі өрнекті, баспа суретті, ала шүбар
және күрделі. Жібек маталарын баспа суретті, тегіс боялған ағартылған,
гофре сығыстырылған, лак әсерлі, түкті түрінде өндіреді.
Прейскурантқа сәйкес жібек матасы сегіз топқа бөлінеді: 1-табиғи
жібекті, 2-басқа талшықпен қоспалы табиғи жібекті, 3-жасанды жіпті,
4-
басқа талышықпен қоспалы жасанды жіпті, 5-синтетикалық жіпті,
6-
басқа талшықпен қоспалы синтетикалық талшықты, 7-жасан- ды
талшықты және басқа талшықпен қоспалы жасанды талшықты, 8-
синтетикалық талшықты және басқа талшықпен қоспалы синтетикалық
талшықты.
Мата ассортиментінің әрбір тобы топшаға бөлінеді:
1-крепті, 2-тегістелген, 3-жаккардты, 4-түкті, 5-арнайы.
Жібек маталары жеңіл, салмақсыз мөлдірден ауыр көп қабаттыға дейін
шығарылады. Барлық класта тоқымалық өрім қолданылады. Ма-
168
талар сиретілген, жолақты, рельефті құрылымды және әртүрлі түстік
дайындауларда - ағартылған, тегісбоялған, ала шұбарлы, меланжды, баспа
суретті, металдық жіппен жылтырланған болады. Астарлық және плащтық
маталар «шанжан» әсерлі құбылысты, құлпырмалы бо- яуымен
ерекшеленеді, олардың негіздік және арқаулық жүйесі әртүрлі түсті болады.
Жаңа модифициялы химиялық талшықтар мен жіптерді бірінші кезекте
текстурленген, кескінделген, толық, аралас және фасонды жіптерді кеңінен
қолдану арқасында ассортимент кеңейеді, матаның сыртқы түрі және
тұтынушылық қасиеті жақсарады және жібек матасының сапасын
жоғарылатады.
Ассортименттің даму бағытының негізі-сыртқы түрі және қасиеті
бойынша табиғи шикізатқа өте жақын химиялық талшықтан жасалған
матаны шығару. Мақтаға ұқсас, жібекке ұқсас және жүн матасын
боямалайтын
маталар
көптеп
шығарылады.
Кескінделген
және
модифицияланған жіптен жасалған, тағайындалуы бойынша көйлектік және
жейделік жібекке ұқсас маталардың гигиеналық және эстетикалық қасиетті
жоғары, жұмсақтығымен және жақсы драпта- луымен ерекшеленеді.
Қарапайым жіптердің гантель түрді кескінімен модификацияланған
полиамидті жіптер жинағы, яғни жаңа құрылымды маталар қатты
жылтырлығымен, каркастығымен, тозуға төзімділігімен сипатталады.
Тағайындалуы бойынша көйлектік және жейделік мақта матаға ұқсас
маталар сиретілген құрылымды болады, жеңілдігімен ерекшеленеді. Жүнді
боямалайтын маталар крепті, ұсақ өрнекті және ірі өрнекті өріммен,
текстурленген, аралас және фасонды жіптен өндіріледі.
Жақсартылған эксплуатациялық қасиеттерімен ерлерге арналған жаңа
құрылымды маталар лавсанвисозалы иірімжіптен және по- лиамидті
кешенді жіптен құралатын, жаңа кешенді жіпті қолдану арқылы
жасалынады.
Жаңа ассортименттің сәнді матасын шығару үшін металдық және
металданған жіптер - метанит, алюнит, пластилекс қолданылады.
Көлемдіжіптержалтыркескінмен,тегісжылтыржіптер-күңгірттілікпен үйлесуі
мүмкін. Астарлық матераиалдар ассортименті ұсақ және ірі өрімді отыруы аз
синтетикалық астарлық матамен толықтырылады.
Плащтық мата ассортиментінде лакта өңделген және су өткізбес матаны,
су сіңірмейтін қабыршықты жабынды күртешелік матаны шығару
жоғарылатылды.
Штапельді матаны өндіру кезінде үшацетатты-вискозды-капронды үш
компанентті талшықтар қоспасынан жасалған иірімжіпті қол- данады.
Пигментті бояғыштармен баспалы және термобаспалы аудармалы
үдемелі әдіспен, жаңа текстильді-қосымша заттарды кеңінен қолдану,
әрлеудің көркемдік-бояулық мүмкіндігін кеңейтеді, матада жаңа әсерді
169
алуды қамтамасыз етеді, таза түсті және жоғары нақты суретті алуға
мүмкіндік береді.
Жібек жібінен жасалған маталар 1,56-2,33 текс сызықтық тығыздықты
шикізат-жібек, негізі-жібек, арқауы-жібек және креп- жібек жүқа жіптен
өндіріледі. Ассортиментте тығыздығы төмен толықтырмалы жаймалық
өрімді маталар басым. Баспа суретті және ағартылған, тегіс боялған,
сүрыпты табиғи маталар шығарылды, олардың ені - 80-150 см, жеңіл
матаның беттік тығыздығы - 14-22 г/м
2
, орташа матаның беттік тығыздығы -
55-60 г/м
2
, ауыр матаның беттік тығыздығы - 190 г/м
2
дейін жетеді.
Шығарылған өнімнің негізгі бөлігін крептік топшаның классикалық
ассортиментінің маталары қүрайды: яғни крепдешин, креп-шифон, креп-
жоржет және креп-сатин.
Табиғи жібектен жасалған маталар тобы матаның қүрылымына
байланысты топшаларға бөлінеді.
Крептік топша үсақ түйіршікті немесе крепті мата беттігін қамтамасыз
ететін, негізінде және арқауында немесе тек арқауында крепті ширатпалы
жіпті болып келетін ерекшелігімен ажыратылатын маталар ассортиментін
біріктіреді. Матаның негізгі массасы креп- шифонды, негізінде және
арқауында крептік жіпті креп-жоржетті, негізінде және арқауында крепті
жіпті крепдешинді жаймалық өріммен өндіріледі, 1 м
2
мата 25-67 г дейінгі өте
аз салмақты болып келеді. Креп- фай, креп Экстра, креп Флокс сияқты өте
ауыр маталар үсақ өрнекті өріммен өндіріледі және 1 м
2
матада 150 г дейін
салмақ болады, осы топшаның барлық маталары тегісбоялған, баспа суретті
және ақ бола- ды, матаның ені -90-120 см.
Креп-шифон - жеңіл, жартылай мөлдір, жаймалық өрімді таза крепті
мата, ол негізінде және арқауында екі жіпті крептен жасалады, крептік әсері
нақты айқындалған үсақ түйіршікті, күңгірт беттікті си- паттайды. Оның
беттік тығыздығы - 25-35 г/м
2
, матаның ені - 90-110 см.
Креп-жоржет - креп-шифонға үқсас, бірақ әлденеше тығызырақ,
қаттырақ және мөлдірлігі аз, екі, төрт жіпті крептен өндіріледі. Матаның ені
95-120 см, беттік тығыздығы - 35-65 г/м
2
.
Крепдешин - жаймалық өрімді жартылай крепті мата, арқауында крепті
жіптен және негізінде жібек-шикізатты жіптен өндіріледі, жеңіл түйіршікті
беттікпен, жүмсақ жылтырлықпен сипатталады, матаның ені - 90-150 см,
беттік тығыздығы - 55-75 г/м
2
.
Креп-сатин - жібек-шикізаттан жасалған атласты өріммен шығарылатын
матағ, матаның бір жағы тегіс, жылтыр, ал екінші жағы
- күңгірт крепті. Креп-сатин тегіс боялған және баспа суретті болып
шығарылады.
Крептік топшадағы маталар ассортименті әйелдер көйлегін, жейдесін,
блузкасын дайындауда қолданылады және сәнді сыртқы
170
түрімен, аз мыжылуымен, жақсы гигиеналық қасиетімен сипатталады,
сонымен қатар жоғары температураға және күн сәулесіне өте сезімтал келеді,
бүл қасиеттер мата таңдау кезінде, бүйымның қүрастырмасын жасау және
тігу технологиялық тәртібін жетілдіру кезінде ескерілуі қажет.
Тегіс топшаға матаның қүрылымында аз ширатпалы иірімжіпті не- месе
жіпті қолдану нәтижесінде алынған, тегіс беттікті маталар жата- ды. Осы
маталар негізінде және арқауында табиғи жібектен жасалған иірімжібі бар.
Олар әлсіз жылтырлы, жоғары жүмсақтықты және бол- машы
мыжылуымен
сипатталады.
Жаймадан
басқа,
тегіс
маталардың
ассортиментіне негізінде жібек-шикізатты, ал арқауында аз ширатпа- лы жібі
бар, фулярлар, туалар және басқа маталар жатады. Олардың бәрі үлкен
жүмсақтығымен ерекшеленеді, 1 м
2
матаның салмағы 33- 70 г дейін
ауытқиды, ал ені - 100 см шекте болады. Маталар өңделуі бойынша
тегісбоялған, баспа суретті және ала шүбарлы болуы мүмкін, олар әйелдер
көйлегін, костюмін, жейдесін, блузкасын, ерлер жейдесін дайындау үшін
қолданылады.
Жаккардты топша ширатпалы жібектен және жібек иірімжібінен
жасалған жаккардты өрімді мата ассортиментінен түрады. Бүл тегісбоялған
маталар моңғолдық мата белбеуі мен штофтардың ерекше белгісі, бірінші
жағдайда ені 60 см, екінші жағдайда 110 см. Штофтар кейде астарлық және
көйлектік маталар ретінде қолданылады.
Түктік топшалар материалдың бір түрі - барқытпен көрсетілген
(грунттық жіптер және түктік жүйе - табиғи жібектен). Маталар тегісбоялған,
бір қүрылымнан жасалады, әртүрлі артикулды маталар
- 90-140 см енімен ажыратылады, 1 м
2
матаның салмағы - 190 г, бүл ерекше
терең түспен сипатталатын жоғары сапалы маталар. Мыса- лы, қара барқыт
түсті көп жүтуының арқасында, барлық маталардың ішінде ең қара мата
болып табылады, матаның түктік беттігі бүйымды әртүрлі фасонда
модельдеуге мүмкіндік береді және барқыт әрлеуші материал ретінде
қолданылады.
Табиғи жібектен жасалған маталар тігін өндірісінде жеңіл со- зылады,
боялады, сетінейді, тегіс маталар төсеген кезде жылжиды. Бөлшектерді
біріктіру үшін № 65 жібек жіптері, № 80-100 мақтадан жасалған жіптер, ал
өңдеу тігіміне жібек жіптері қолданылады, инелер жүқа және өткір (№ 75-85)
болуы тиіс. Барқытты ылғалды-жылумен өңдеуді кардалы таспадан өткізу
қажет.
Басқа талшықты табиги жібектен жасалған маталар тобына табиғи
жібектің вискозамен немесе ацетатпен және жартылай жібекпен
үйлесімділікте пайдаланылу арқасында, табиғи жібектің мақта иірімжібімен
үйлесімділікте қолданылу пайда болған жібекті маталар жатады. Екінші
жағдайда маталар беттік жағына жібек жібі енгізілген өріммен өндіріледі.
Осы топтың маталары астарлық мата ретінде қолданылады. Тиісті әсерді
матаға беру үшін олардың қүрылымына
171
металдық жіпті, фасонды ширатпалы жіпті енгізеді, кейбір маталар үш жіп
жүйесінен өндіріледі. Осы маталарды өндіру кезінде біртегіс бояу, түстік
жіптер және сирек баспа сурет сияқты әртүрлі дайындау- лар қолданылады.
Крептік топша негізінде немесе арқауында крепті жіп, не болмаса
капронды, вискозды жібекті жібі бар маталардан тұрады.
Тегіс маталар топшасы негізі жібек-шикізаттан, ал арқауы ви- скозалы
штапельді талшықтан жасалған иірімжіптен немесе мақта иірімжіптен
тұратын, астарлық материал - атластың ассортиментін біріктіреді. Осы
топшаның көйлектік маталары негізі табиғи жібектен жасалған иірімжіптен
және арқауы вискозды штапельді талшықтан немесе ацетатты жібектен
жасалған визкоздық жібек иірімжібінен тұрады. Кейбір костюмдік-көйлектік
маталар негізі және арқауы ви- скозды жібекті табиғи жібектен жасалған
иірімжіппен қабатталған төрт жіп жүйесінің екі қабатынан өндіріледі. Егер 1
м
2
астарлық мата- лар 135 г дейінгі салмақты болса, онда 1 м
2
көйлектік
маталарда салмақ 240 г дейін жетеді, олар ауырлау болады, матаның ені -
100-110 см. Өңделуі бойынша негізінен тегіс боялған, олардың кейбірі ала
шұбар болып шығарылады. Көйлектікке Кештік, Земфира, Метелица
сияқты маталар жатады.
Жаккардты топша ірі тоқымалық өрнекті көйлектік маталардың
ассортиментінен тұрады. Олар өңделуі бойынша тегісбоялған, 1 м
2
маталардың салмағы 117-200 г, ені 100-110 см.
Түкті топшаға түктік айқаспамен тоқылған үш түрі жатады (барқыт,
қыжым және мақпал). Грунт ретінде пүліште мақта жіптері қолданылады, ал
түк табиғи жібектен өндіріледі және үлкен ұзындықты болып келеді.
Матаның үшінші түрі - мақпал вискозды жібекпен бұзатын, әлсіз
қышқылмен түкті жоюға қажетті, мата аймағын өңдеу жолымен сурет
салынған, түктері жидітілген барқыт болып есептеледі. Пүліш маталардан 1
м
2
матада 270 г дейінгі үлкен салмақпен ажыраты- лады, барқытта 1 м
2
155 г
салмақты құрайды.
Пүліш мақталық грунттық жүйені және табиғи жібектен жасалған 2,2 мм
биік түгі бар. Матаның ені - 70 - 135 см, беттік тығыздығы - 270 г/м
2
.
Көйлектік барқыт екі түрде шығарылады: мақта иірімжібінен жасалған
грунтты және табиғи жібектен жасалған түкті, табиғи креп- тен жасалған
крепті және вискозалы жібекті түкті. Матаның ені - 70- 100 см, беттік
тығыздығы - 150-330 г/м
2
, түктің биіктігі - 1,7 мм.
Жидітілген мақпал-барқыт - вискозды түктің бөлігін жидіту жо- лымен
алынады және бір түсті түкті суретті креп-жоржет түрінде бо- лады.
Сәнді көйлектік мата - металдық жіп қосылған және ойық әсерлі креп-
жоржет түрі бойынша мөлдір мата. Негізі 2,33 текс
х
4 сызықтық тығыздықты
табиғи крептен, арқауы 2,33 текс
х
4 табиғи креп пен 31,3 текс метаниттен
құралады.
172
Жасанды жібектен жасалған маталар тобы вискоза мен ацетат
талшықтарынан, олардың араласуынан жасалған жібек матасының
ассортиментінен қүралады. Осы топтың маталары қатысқан талшықтардың
қасиетімен сипатталады. Оларды өндіру үшін жаймалықтан жаккардтыға
дейінгі әртүрлі өрімдер қолданылады, осы маталардың негізгі көп бөлігі
біртегіс боялған. Қүрылымына байланы- сты мата ассортиментінің үш
топшаға бөлінеді.
Жасанды жіптен жасалған маталар (3-ші топ) муслинді, крепті және
мооскрепті жіптердің араласуымен, 8,33 текс, 11,11 текс және 16,67 текс
сызықтық тығыздықты визкозды және ацетатты кешенді жіптерден
жасалынады. Маталар өрімдері және түстік дайындалуы бойынша әртүрлі.
Жасанды матаның ені - 70-140 см, олардың беттік тығыздығы - 73-302 г/м
2
.
Қүрылымы мен беттік тығыздығына байланысты маталар жейдеге,
көйлекке, пальтоға, плащқа астарлық маталар шығарылады.
Ине нөмірін және тігін жібі матаның қалыңдығына және тығыздығына
сәйкес таңдалады. Ылғалды-жылумен өңдеу үдерісін өткізу кезінде матаның
талшықтық қүрамын ескеру қажет.
Крептік топшаға крептік ширатпадан, мооскрептен немесе креп-
граниттен (стержендік жіп - вискозалы креп, ораушы - көлбеу ши- ратпалы
екі ацетатты, үш ацетатты жіп) өңделген маталар қатысады. Бүл топшаны
әртүрлі атаумен шығарылған креп-жоржеттер, креп- марокендер, көйлектік
крептер қүрайды.
Тегіс маталар топшасына негізінен жаймалық, саржалық, атласты
немесе үсақ өрнекті өрімді, фасонды жоғары көлемді жіптен, муслинді немесе
көлбеу ширатпалы жіптен жасалады.
Бүл топшаға әртүрлі атаулы жейделік атластар, астарлық маталар,
көйлектік маталар мен жаймалар кіреді.
Плащтық маталар сызықтық толықтырулар және су өткізбейтін қасиеті
зор.
Астарлық маталар вискоздық және ацетатты кешенді жіптен жасалған
ірі өрнекті, майда өрнекті, атласты және саржалық өрімнен өндіріледі.
Шанжан әсерлі, жолақты және торлы ала шүбар, тегісбоялған астарлар
шығарылды.
Классикалық астарлық маталар альпак, дудун, дамаска - өсімдік текті
суретті ірі өрнекті тегісбоялған өрім, онда тегіс жылтырлы күңгірт немесе
фактуралы беттіктің контрасты қолданылады. Сонымен қатар, вискозалық
жіптен жасалған маталар өндіріледі, альпак ацетатты негіз жіппен
сипатталады.
Астарлық маталар тігін өндірісінде күрделі, яғни төсеу және сырып тігу
кезінде жылжымалы және араласады, қатты сетінегіш, тіккенде жіпті
жылжытады және жуғанда күңгірт дақ қалады.
Жаккардты топшаға классикалық астарлық маталар және сәнді маталар
- толқынды сызықты түрдегі жаккардты өрнекті муар, негізлік жүйесі
металдық жіптен түратын дүрия, қамқа кіреді.
173
Тегіс топшаға вискозды, ацетатты жібектен және олардың араласу- ынан
жасалған ассортимент кіреді. Бүл ішкиімдер, тегіс боялған және ала шүбар
жейделік маталар, ала шүбар шотландкалар, блузкалық ма- талар және
көйлектік матаның әртүрлі артикулдары - дүрия, Агат, Зар- ница,
Северянка, Фантазия. Сонымен қатар, осы топшаға астарлық ма- талар -
атластар, сатиндер, саржалар жатады. Топша маталарының ені
- 60-150 см дейін, 1 м
2
матаның салмағы - 60-225 дейін. Маталар тегіс
беттігімен, қолданылатын өңдеулер мен өрімдердің әртүрлілігімен
сипатталады, олардың ассортименті 150 аса әртүрлі артикулдардан түрады.
Жаккардты топшасындагы маталар алдыңғы топшалардағы ма-
талардан тек өрім түрімен ажыратылады. Маталардың ассортиментіне
көйлектік маталар - альпак, дудун, дамассе, дүрия, Весна, Гавана, Кипр,
Марина, Соната енеді. Көйлектік маталардың көпшілігі үш жіпті жүйелі
болып келеді және жоғары тығыздығымен, салмағымен сипат- талады.
Жартылай талшықты жасанды жібектен жасалган маталар тобына
ерлер жейдесіне, көйлекке, әйелдер көйлегіне және астарға арналған
капронды жібекпен және штапельді лавсанмен, вискозды штапельді
талшықтан жасалған иірімжіптен, мақталы иірімжіппен араласқан вискозды
талшықтан қүралған маталар жатады.
Тегіс топша негізі вискозды жібектен және арқауы штапельді
иірімжіптен жасалған жейделік маталардан, поплиннен, репстен, көйлектік
маталар - Берег, Льдинка, Лададан, астарлық саржадан, дубли-сатиндерден,
атластардан түратын 100 аса артикулдары қүрайды. Астарлық мата негізінде
вискозды жібек, ал негізсінде - не болмаса мақта иірімжібі, не болмаса
вискозды штапельді талшықтан жасалған иірімжіп қолданылады.
Арқауында вискозалы штапельді талшықтан жасалған иірімжібі бар
астарлық маталар, мақта жіпті негізлі матаға қарағанда, үйкелуге 2-3 есе
төзімді. 1 м
2
астарлық матаның салмағы 125- 190 г. Бір жағынан астарлық
матаның киімде желден сақтағыш қасиетті орындауын ескере отырып,
жоғары немесе орташа тығыздықпен си- патталатын жоғарғы матаға тығыз
астарды пайдалану керек.
Жаккардты топшаға ірі тоқымалы өрнекті маталар ассортименті кіреді,
оның кейбірі үш жіп жүйесінен өндіріледі және едәуір салмақпен және
қалыңдықпен сипатталады. Осы топтағы вискоздық жібектен басқа,
матаның қүрылымында ацетатты жібек, штапельді лавсаннан жасалған
иірімжіп бар.
Осы топшадағы маталар ассортименті сәнді көйлектер дайындауға
арналған Светлячок, Эра, Театральная, Серебристая, Симфония, Ро- машка
сияқты маталармен көрсетілген.
Түктік топша мақта жіпті грунтты және вискозды және ацетатты жібекті
түктік маталардан түрады. Бүл киімдік пүліштік және ойыншық жасауға
арналған пүліштің әртүрлі артикулдары.
174
Синтетикалық жібектен жасалган маталар тобы капронды талшықтан
жасалған, бір тегіс маталар топшасын құрайды. Мата- да капронды жібек,
жалғыз талшық және муслинді ширатпалы ка- пронды жібек қолданылады.
Маталар әртүрлі тығыздықпен, 15-90 г/ м
2
салмақпен және 95-150 см енімен
сипатталады. Тағайындалуына байланысты маталар, оларды көп немесе аз
ауа алмасуымен және бу сіңіргіштікпен қамтамасыз ететін, әртүрлі
Достарыңызбен бөлісу: |