152
тығыз болатын кардты иірілген жіп қолданылады (кейбір бөз түрінде негізі
мен щүғасында иірілген жіп қалыңдығы бірдей болады). Бөз шытқа
қарағанда қалыңырақ және қаттырақ, бірақ ол да шыт сияқты тозуға төзімді
келеді. Олар бір-бірінен салмағымен, негізі мен шүғасындағы жіптердің
тығыздығымен және енімен ерекшеленеді, бөздің ені - 62, 78 және 250 см.
Бөз тегіс боялған және толтырылған болып шығарылады. Толтырылған
бөздің кейбірі екі жағынан қапталады. Кейбір бөз түрлері арнайы өңдеу
түрлерінен өтеді, мысалы, мата қатаңдығын арттырып, оларды
мыжылмайтын ету үшін өшпейтін аппрет өңдеуі қолданылады. Мүндай
аппрет маталарда көп ретті жуғанға дейін сақталып түрады.
Бөз, шытты қолданатын бүйымдар ассортиментінде пайдаланыла- ды.
Арнайы өңдеулер бөздің қолдану өрісін кеңейтеді.
Бөздің жеке топқа бөліну белгісіне олардың мақта маталардың (ша-
мамен 6 %) ассортиментіндегі алатын үлесті салмағын, материалдардың
спецификалылығын жатқызуға болады.
Сатин тобына сатин және атлас маталар жатады. Мақта матасының бүл
тобының ассортименті қалыптасқан негізгі белгісі болып табыла- ды. Мата
қүрылымында қолданылған иірілген жіп түріне қарай, сатин ассортименті
екі топшадан түрады.
Кардты сатиндер, негізінде және шүғасында кардалы иірілген жіптен,
түрлі тығыздықты кардалы иірілген жіпті қолдану салдарынан салмағы және
қалыңдығы бойынша әр түрлілігімен ерекшеленеді.
Кардты сатинді мерсерлейді, нәтижесінде оның беті тегіс, әрі жыл- тыр
болады. Түсіне қарай сатин қанық, тегіс боялған және ағартылған. Кейбір
сатиндер өшпейтін аппрет түрінде арнайы әрленеді, ол матаны тегіс,
қажалуға төзімді және мыжылмайтын етеді. Кардалы сатин - 1м
2
матада 120-
139 г салмақты айтарлықтай жеңіл мата. Сатиндердің аса кең тараған ені - 80
см, кейбірінің ені - 90-120 см.
Тарақты сатинді жүқа тарақты иірілген жіптен және тек сатин емес,
атлас түптеуінен жасалады. Атлас түптеуінен жасалған сатин сыртқы
бетінде негізгі жіптерден түратын қаптауы болады, ол ластик деп ата- лады.
Тарақты сатин міндетті түрде мерсеризациядан өтеді, сондықтан да олар
үстіңгі бетінің тегістігімен және жақсы жылтырлығымен сипат- талады.
Сатин үйкеліске және тозуға төзімділігі жоғары болғандықтан, оларды
астарлық материал ретінде қолданады. Өңдеу бойынша тарақты сатин
қанық, тегіс боялған және ағартылған болуы мүмкін.
Тарақты сатин - 1м
2
матада салмағы 80-130 г дейінгі өте жеңіл мата.
Сатин ені 70 см асады.
Сатин тобындағы маталар ассортиментін көйлек, жейде дайындауға,
үстіңгі киімге, көйлекке, халатқа, ішкиімге жастық тысына астарлық ретінде
қолдануға болады.
Жүмсақ сатин шашырап кетеді, қатты сатин жыртылады, сондықтан
жіңішке үшкір ине, матаның қалыңдығына, өңделуіне және
153
тығыздығына қарай ине мен жіп нөмірлерін мұқият таңдаған жөн. Са- тин
негізінен 1,5-2% отырады.
Ішкиім тобы. Барлық мақта-матаның шамамен 25% ішкиімдік ма- талар
еншісіне жатады, шамамен 150 артикулы шығарылады.
Тшкиім тобы киетін киімдер мен төсек жабдығы бұйымдарын
біріктіреді. Топтың атынан көрініп тұрғандай, бұл топтың ерекше
белгілеудің себебі маталардың арналуында. Тшкиімдік маталардың
ерекшелігі - олардың ақ түсте немесе ашық түстерде боялып өндірілуі болып
табылады. Соңғы жағдайда алынатын маталарға бояудың жууға, құрғақ
және ылғалды үйкелуге, қайнату мен терге тұрақтылығы бойынша қатаң
талаптар қойылады. Тшкиімдік мата- лар бір-бірінен құрылымы бойынша
өзгешеленеді, сондықтан үш топшаға бөлінеді.
Шытқа қарағанда бөз қалың әрі ауыр мата. Бөз кездемелік айқаспамен
шыттың жібіне қарағанда жуандау карда жібінен тоқылады. Типтік
бөздердің арқауындағы жібі 29 текс, негізі бойынша - 25 текс. Бөздің
сызықтық толысуы негіз бойынша шыттыкіндей, ал арқау бой- ынша
біршама жоғары. 1м
2
бөздің массасы 138-143г, ені 61-120см. Қолға бөз
шытқа қарағанда ірі сезіледі. Тегіс боялған бөз арнайы киімдер мен төсемдік
үшін қолданылады. Біржақты немесе екіжақты баспа суреті бар бөздерді
ерлер жейдесін, балалар костюмін, әйелдер көйлегін, перделер дайындау
үшін пайдаланылады. Жолақ түрінде ба- спа суреті бар бөздер матрац және
алаша, шығыс халатын тігуде пай- даланылады. Бөздердің өңделуі қатты,
жылтыр, күміс түстес болуы мүмкін. Бөздердің технологиялық қасиеттері
шыттардың қасиеттеріне ұқсас, бөз мықты, ептеп созылады, бөзді жаю,
пішу, кесу, ылғал жылу- мен өңдеудің еш қиындығы жоқ. Қатты әрі жылтыр
өңделген бөз тіккен кезде ойылуы мүмкін. Тігу үшін №100 ине мен № 40-50
тігін жібін пайдаланады. Жуғанда бөз арқау бойынша отырмайды, негізі
бойынша отыруы шытқа қарағанда біршама жоғары (4-6%).
Бұл топшадағы маталарды көбіне төсек жабдығын және киім дай- ындау
кезінде қолданылады.
Миткальдық шағын топқа өңделмеген кезде миткаль деп атала- тын
маталар кіреді. Бөзден айырмашылығы - қалыңдығы мен масса- сы азырақ
келеді. Тшкиімдік миткальдар 18,5-15,3 текс карда жібінен ағартылып
немесе ашық боялып шығарылады. Өңделуіне қарай мит- кальдар әртүрлі
аталады. Жұмсақ өңделген миткаль-муслин, жартылай қатты өңделгені -
ішкиімдік миткаль, дөрекі өңделгені -мадаполам деп аталады.
Сызықтық толуы негіз бойынша 60%, арқау бойынша 45%, 15,3-
11, 7 текс тарақтық жіптен тоқылған жұқа шифон матасы миткальдық
шағын топтарға жатады. Шифондар ағартылып немесе көкшіл, ақшыл көк,
қызғылт түске боялады. 1м
2
шифонның массасы 110-114гр, ені 73-90см.
154
Мадаполамды негізінен төсек орынға пайдаланады. Бұл топша
маталарының ені 75-140см. Муслин немесе шифонды әйелдердің және
балалардың түнгі жейделеріне пайдаланады.
Миткальдар тіккенге күрделі емес, шифон ептеп тарқатылады, төсегенде
қисайып кетуі мүмкін.
Арнайы шағын топша екі түрлі өрім жолымен өңделетін, қалың және
салмақты ақ маталардан тұрады, бұл топшаға бұрмаланған сар- жа
(гринсбон) және атлас (тик-ластик) жатады. Осы өрімдер матери- алдарды
үлкен тығыздықпен, салмақпен және тозуға төзімділікпен қамтамасыз етеді.
Төсегенде созылмайды, тігу кезінде тесілуі мүмкін. №100 үшкір тігін
инелерді және № 40-50 жіптерді қолдану ұсынылады. Негізі бойынша
отыруы 6 %.
Сүлгілер үшін вафельді және түкті өрім маталары шығарылады; бет
орамалдар үшін мата және аралас өрім арқылы кард және тарақты,
мерсеризделген, ағартылған, шұбарланған және сурет басылған мата- лар
шығарылады.
Көйлек тобы әйелдер мен балалар көйлегін, жейделігін, ер- лер жейдесін
және басқа да тігін бұйымдарын дайындауға арналған мақта-мата
материалдар ассортиментін біріктіреді. Сондай-ақ оның ерекшелігі -
маталардың арналуы болып табылады. Ассортимент- те тарақтық немесе
кардалық жіптерден полотнолық және әртүрлі құрама ұзын жолақты
айқаспалармен, жолақ және торкөз өрнектері бар алатоқылған маталар
басым.
Ассортименттің қолданылуына байланысты топ топшаларға бөлінеді,
оларға жылдың белгілі бір мезгілінде қолданылатын, бұйымдарға арналған
белгілі бір құрылымды және киімге қажетті қасиеттермен сипатталатын
маталар жатады.
Маусымдық топша әр жыл мезгілінде киюге лайық киім-кешекке
арналған көйлек, жейде маталарын біріктіреді. Бұл маталар жоғары
тығыздығымен, салмағымен және жылу қорғағыштық қасиеттермен
ерекшеленеді. Бұл топшаға әр түрлі өрімдегі маталар жатады: мата өрім -
гарус, зефир және зефирина, лионезы, поплины, саржалық өрім - шотландка,
көйлек маталарының кейбір артикулы, крептік өрім
- креп, мақта мата. Бұл шағын топтың мата ассортиментінің негізгі
бөлігінің қолданысына қарай атауы болатынын айта кету керек, мыса- лы,
жейделік мата, жұмыс киіміннің матасы, жейделік шұбар матасы, көйлек-
көншек матасы, шпатель талшығы бар көйлек матасы, мерсе- ризделген
көйлек-костюм матасы. Осылайша көп матаның атауы тек олардың
қолданысын ғана емес, сондай-ақ безендірілуін сипаттайды.
Маусымдық топшалардың маталарының безендірілуі әр түрлі. Олар тегіс
боялған, ақ, толтырылған, шұбарланған, меланжды болуы мүмкін. Бұл
маталарды қолдану мен безендіру ерекшелігі, кейбір матаға мер- серизация,
суөткізбейтін астарлық, өшпейтін аппрет тәрізді өңдеудің түрінен өтуін
қамтамасыз етеді.
155
Кейбір маусымдық маталарды жақсарту үшін олардың қүрылымына
вискозалы шпатель талшықтарын, кей жағдайда жасанды шпатель
талшықтарын, көбіне лавсандық талшықтарды ендіреді, олар матаға тозуға
үстамдылық және мыжылмайтын қасиет береді.
Маусымдық топ маталарының салмағында және енінде үлкен ауытқулар
бар: кейбір 1м
2
матаның салмағы 72-277 г шамасында, ал ені - 80-нен 150 см
дейін барады.
Маусымдық көйлек маталарының ассортиментінің әр түрлілігі, оны
кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Олардың сыртқы безендірілуін ескеру
қажет.
Жазғы топша жазғы киімдерді дайындауға арналған көйлек
маталарының ассортиментін ортақтастырады. Маталардың арналуы олардың
қажетті қасиеттерін анықтайды. Бүл маталар қалың емес, жіңішке, салмағы
аз және жақсы ауа- және буөткізгіш болады, яғни жазғы киімге сай барлық
қасиеттермен сипатталады.
Жазғы көйлек матасының негізгі бөлігі маталарға мықтылық және
мыжылмайтын қасиет беретін маталық өрімнен жасалады. Барлық ма- талар
тарақты иірілген жіптен (бәтес, вольта, майя, маркизет), ал ву- аль матасы
ерекше иірілген жіптен жасалады, бүл дайын материалға көз тартарлық
қүлпырмалылықты береді. Маталар түсіне қарай тегіс боялған және
толтырылған болады.
Жаздық маталар топшасы жеңілдікпен, салыстырмалы аз тығыздықпен
және қалыңдықпен ерекшеленеді. Олар көбіне жіңішке тарақты иірілген
жіптен, маталы өрім немесе аз оюлы өрімді қолдана отырып шығарылады.
Безендірілуі бойынша олар алуан түрлі - тегіс боялған, толтырылған, көбіне
ашық түстерге боялған, және ағартылған. Көп маталарды мерсериздеп
шығарады, кейбірін гофре, қысу, күміс жібек тәріздес етіп әрлейді.
Типтік маталар: бәтес, маркизет, вуали, майя, бүл топшадағы
маталардың көбінің аты - түрлі көйлек мата атаулары.
Бәтес - жеңіл, жүмсақ жібек мата, ол жіңішке, тарақты, бір жіпті
иірілген жіптен (5,9-10текс) және мерсеризация әрлеуі арқылы алы- нады.
Маталы өріммен өңделеді. Оларды тегісбоялған, толтырылған және
ағартылған түрде шығарады. Жүқалығына қарамастан, бәтес матасының
тозуға төзімділігі жоғары. Ол жазғы көйлектер, жейде- шелер, ішкиім және
басқа да бүйымдарды дайындауда пайдаланы- лады.
Маркизет - муар әсері бар, әсем креп мата. Маталы өріммен, жіңішке
тарақты, бүралған 5,9 текс х 2 иірілген жіпті қолдану арқылы жасалады.
Бүралған иірілген жіпті пайдаланғандықтан, мата мыжыл- майды, үстағанда
қатты, ал тығыздығы аз және жіңішке иірілген жіпті қолданғандықтан мата
мөлдір және жеңіл. Маркизетке жүмсақтық пен жібектілік беру үшін оны
мерсериздейді. Оны толтырылған түрде, кей- де тегісбоялған және
ағартылған түрде шығарады.
156
Вуаль маркезитке ұқсайды, бірақ бір айырмашылығы оған қалыңдығы
мен тығыздығы аз жіңішке бір жіпті иірілген жіпті қолданады.
Майя - негізі бойынша 15,4 текс, ал арқауы бойынша 11,8 текс бо- латын
тарақты иірілген жіптен маталық өрім арқылы алынған жіңішке. жеңіл және
жұқалау мата. Мерсеризделген, толтырылған, кейде тегісбоялған және
ағартылған түрде шығарылады.
Жаздық топшадағы көйлек маталарының көбін аз оюлы етіп, кей- де
маталық және жаккард өріммен жасайды, түрлі иірілім тәсілдері
қолданылады.
Жаздық мақта-матаға ажурлы өрім маталары жатады, ол матаға ерекше
әсер береді. Барлық жаздық маталар мерсеризациядан өтеді, олардың беті
тегіс және жылтыр болады. Ажур маталар тек тегіс боялған емес, ақ түсті де
бола алады. Кейбір маталар жаккардты өріммен, орта- ша өлшемдегі
суретпен жасалып шығарылады. Берліген ассортимент- ке шұбарланған
маталар енбейді (бірнеше артикул ғана бар).
Жаздық топшада 1м
2
матаның салмағы 60-110 г дейін барады, жеңіл
костюмдерге арналған кейбір маталардың салмағы - 1м
2
матада 180 гр.
Жаздық топша маталарынан әйелдер мен балалар көйлектері,
жейдешелер, жазғы костюмдер, ерлер жейдесі және басқа да тігін
бұйымдары дайындалады.
Қыстық топша бір немесе екі жақты таралған түгі бар мақта мата
ассортиментінен тұрады. Бұл маталар үлкен тығыздықтағы кардалы иірілген
жіптен, ал кейбір жағдайда аппараттық иірілген жіптен жаса- лады,
аппараттық иірілген жіп маталарға үлкен салмақ және қалыңдық, ал
таралған түкке жақсы жылу қорғағыштық қасиет береді.
1 м
2
матаның салмағы 170-428 гр дейінгі өте кең шекте тербеледі, бұл
қыстық мақтадан жасалған матаны жылы көйлектен, жейдеден, халаттан,
ерлер жейдесінен бастап, жоғарғы киімдерге дейінгі әртүрлі киімдерді,
соның ішінде спорттық киімдердің, өндірістік киімдердің кейбір түрлерін
дайындауға мүмкіндік береді.
Қыстық мақтадан жасалған матаның ассортименті матаның негізгі үш
түрімен көрсетіледі. Өте жұқа және жеңіл мата бомазея саржалы немесе
репсті өріммен жасалады және теріс жағымен бір жақты түкпен
сипатталады. Қалыңырақ және ауыр мата фланель сол өріммен жаса- лады,
бірақ ол екі жақты түкті болады. Матаның осы екі түрі өңделуі бойынша ақ,
тегіс боялған және бедерленген болуы мүмкін. Матаның үшінші түрі байка
алдыңғы маталардан жоғары қалыңдығымен және салмағымен (428 г дейін),
қою екі жақты түгімен және жоғары жылу сақтағыш қасиетімен
ерекшеленеді. Ол тегіс боялған болуы мүмкін. Маталардың барлық үш
түрінің ені болмашы көлемді 60-120 мм шама- сында. Өңделуі бойынша
олар тегісбоялған, сирек ағартылған болады. Типтік маталар болып бумазея,
фланелдер және байка табылады.
157
Бумазея - бір жақты қою емес түкті мата. Оларды жаймалардан не- месе
саржалық өрімнен, көбіне кардалы иірім жіптен, негізі бойын- ша 18,5-29
текс және арқауы бойынша 50-84 текс өріммен ұршықсыз тәсілмен алынған
иірімжіптен жасайды. Негіз бойынша вискозалы иірімжіптің кейбір
артикулын қолдану түкке жұмсақтық, жылтырлық, жібектік береді. Бұл
матаның ені 58-85 см, салмағы 160-255 г/м
2
, сирек ағартылған, тегіс боялған.
Фланелдер бомазиден екі жақты таралған түгімен ажыратыла- ды. Олар
көбіне негізі бойынша 25 текс және арқауы бойынша 42-84 текс өріммен
ұршықсыз тәсілмен алынған иірімжіптен және кардалы иірімжіптен
саржалық өрімнен жасалады. Кейбір маталарда вискозалы жоғары модульді
талшықтармен (33%) аралас иірімжіп қолданылады.
Байка - қалың, тығыз, ауыр (355-362 г/м
2
), екі жақты түкті бір жа- рым
қабатты өрімді мата. Оларды өңдіру үшін арқауында қалың (84- 200 текс),
көбіне аппаратты иірімжіпті, кейде визкозалы талшықтан жасалған
иірімжіпті (25 %) қолданады. Бұл маталар жоғары жылу сақтағыш
қасиеттерімен сипатталады.
Химиялық жіпті маталар негізінде химиялық жіппен және таза түрдегі
иірімжіппен (вискозалы) және мақтадан жасалған иірімжіппен үйлестіре,
әртүрлі әсер беретін жаккардты, ұсақ бедерлі өрімді пайда- лану арқасында
пайда болған әдемі сыртқы түрімен ерекшеленеді.
Филаментті жібекті мақта маталарының топшасы көйлектік және
жейделі маталар болып бөлінеді. Осы ассортименттің ерек- ше кескінін,
өңделуін жақсартудың мақсаты - мақта матасының құрылымына вискозалы
жібекті енгізу болып табылады. Бұл жағдайда мата жібек матасына арналған
сипат - қосымша жылтырмен ерекшеленеді. Ол вискозалы жібек матаның
құрылымына толығымен негіз немесе жеке негізлік жіп түрінде, мақта
иірімжібіне ширатылып, бір уақытта негізіне және негізсіне енгізіледі.
Осы топшаның маталары ені 60-90 см дейінгі аралас және крепті
жаймамен өндіріледі. Олар ағартылған, тегісбоялған және ала шұбар болуы
мүмкін. Осы 1 м
2
матаның салмағы 97-285 г дейін ауытқиды. Салмағының
әртүрлілігі жейделік және жеңіл көйлектен, костюмдік- көйлектік бұйымға
дейінгі матаның арналуын анықтайды.
Топшадағы маталардың ассортименті шұбар ала эпонж, шотланд- ка,
ерлер жейдесіне арналған зефир, белдемшелік маталар сияқты көйлектік
маталардың әртүрлі туындысын көрсетеді. Соңғысының ерекшелігі өңдеуге
арналған материалдың бедерлі бетін қамтамасыз ететін, эпонж фасонды
иірімжіпті қолданылуы болып табылады.
Киімдік топшаға жоғарғы киімді (костюмдік, шалбар, күртеше, пальто)
дайындауға арналған мақта матасы кіреді. Бұл ұстаным же- кеше топшаны,
жоғары тозуға төзімділік және жақсы жылылықты өткізбеушілік, үлкен
салмақ мен қалыңдық қасиеттерімен сипаттала- тын, маталардың бөліну
негізіне жатады. 1 м
2
матаның салмағы 177-
158
510 г шамасында ауытқиды, көптеген маталардың салмағы 300 г аралы-
ғында болады. Матаның үлкен қалыңдығы және салмағы аз сызықтық
тығыздықты кардты иірімжіпті қолданумен қамтамасыз етіледі, көптеген
материалдардың қүрылымында екі қабатты ширатылған иірімжіп
қолданылады. Осы топтың маталары саржалық, сатинды және аралас өрімді
қолдануымен туындайтын салыстырмалы жоғары тығыздықты жіппен,
сонымен қатар өңделуінің әртүрлілігімен сипат- талады. Олар жүмсақ және
таралған түкті бетті, тегіс боялған және ала шүбар, ақ және меланжды болуы
мүмкін.
Киімдік мақтадан жасалған матаның ассортименті белгіленуіне және
қүрылымының ерекшелігіне байланысты топшаларға бөлінеді.
Тегіс боялған топша олардың ерекшелгі болып табылатын, күңгірт түске
(қара, күңгірт-көк, қоңыр, сүр) боялған маталарды біріктіреді. Осы
маталардың (ағартылған, костюмдік және жадағайлық) көпшілігі
ширатылған иірімжіптен, ал қалғандары бір жіптен алынған. Маталар
жоғары тозуға төзімділік пен тығыздықты қамтамасыз ететін, сатинді
(адрия, молексин), диагональді (диагональ), маталық (жадағайтық және
шатырлы жаймалар, репстер) және саржалық өрімдермен (жадағайтық,
костюмдік саржа) өндіріледі. Олардың көпшілігі жадағайлық маталарға
арналған су жүқтырмайтын, СКН-26 латекстің сіңіруші жабыны бар, тозуға
төзімді, суға төзімді, шіруге қарсы сияқты, арнайы әрлеу түрлерімен
өңделеді.
Мата ассортиментінің кеңеюі және жаңартылуы лавсан, капрон,
полиозды - штапель талшықтарын қосу арқылы маталарды көбірек шығару
арқасында жасалады.
Тігін
өндірісінде
олар
қарапайым,
төселгенде
созылмайды,
қиғаштанбайды, бірақ кескенде үлкен қарсылыққа үшырайды. Сы- рып тігу
кезінде № 100-120 тігін инелері және № 40-50 жіптері қолданылады.
Тегіс боялған топшаға классикалық ассортименттің маталары жатады:
яғни, қүрамы бойынша диагональ, молексин, репс, сатин-трико, өңделуі
және әрлеуі бойынша костюмдік, плащтық және пальтолық маталар.
Диагональ - артикулы бойынша үлкен көлемде шығарылатын, саржалық
өрімді өте кең тараған мата. Жылулық кеудеше, әскери жей- де, арнайы
киімдер және жадағайды дайындауда қолданылады. Арнайы киімге арналған
диагоналдар 15-25% штапельді капронды қүрайды. Тігін өндірісінде
диагональ қүйылуы мен сетінегіштігімен сипаттала- ды және негізі бойынша
отыруы 6%.
Молексин - төмен сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен жасалған
күшейткіш сатинді өрімнен өндірілетін, тегіс жылтыр бетті мата. Тығыз
молексин тозаң өткізбейтін қасиетімен сипатталады. Жүмыс күртешесін,
шалбар, комбинезон дайындауда қолданылады. Жоғары тозуға төзімділікке
және сетінегіштікке ие, бірақ отыруы бол- машы (1-2 %) береді.
159
Репс - қалың негізден жасалған, көлденең кесілген тігісті маталық өрімді
мата.
Тегіс боялған матаның пайдалану аймағының кеңдігі олардың әртүрлі
масса мен өңделуін қамтамасыз етеді. Көбіне 1 м
2
матаның көпшілігі 250 г
салмақпен өндіріледі, ал кейбір арнайы киімдерге арналған 1 м
2
костюмді
матаның салмағы 480 граммға жетеді. Көптеген маталардың ені 90 см, 80-90
см тарлау және 150 см кеңдеу енді бола- ды.
Тегіс боялған топшаның маталары тұрмыстық мақта маталы киімдерді
және кейбір спорттық бұйымдардың түрлерін, өндірістік және арнайы
киімдерді, жадағайлық бұйымдарды дайындауда пайда- ланады.
Арнайы топша арнайы және өндірістік киімдерді жасауда
қолданылатын, маталар ассортиментін (диагональдар, арнайы- трико, жұмыс
киімдеріне арналған костюмдік және кительді маталар құрайды.
Арнайы топшаның маталар ассортименті 6180 см дейінгі енмен, 250 г/м
2
(тек кейбір 1 м
2
матаның массасы 480- 510 г шамасында) салмақпен
сипатталады.
Кейбір арнайы маталардың тозуға төзімділігін жоғарылату үшін, оларды
15 - 25 % штапельді капронды мақта қоспасымен өндейді, бұл өндірістік
киімдердің аз қыртыстануына және пішіннің өте жақсы сақталуына
мүмкіндік туғызады.
Меланжды және ала шұбар маталардың топшасы құрылымдық
белгілері бойынша бөлінеді және бұл топшаға осы маталардың басты
ерекшелігі болып саналатын, әртүрлі түспен боялған иірімжіптен, ме-
ланждан жасалған маталар кіреді. Олардың екінші ерекшелігіне негізіне
немесе арқауына екі ширатылған иірімжіптің кұрамасын қосу арқылы,
саржалық және аралас өрімді қолдануы жатады. Бұл маталардың
ассортименті жүн және жартылай жүн маталарына сыртқы түрі бойын- ша
ұқсайды. Сол үшін көрсетілген маталардың ассортименті костюмдік трико,
диагоналдар деп аталады. Осы маталардың көпшілігі жоғары жібектік пен
жұмсақтықты қамтамасыз ететін, вискозды штапельді талшықты мақта
қоспасынан өндіріледі. Меланжды және ала шұбар киімдік матаның негізгі
салмағы аз отыратын өңдеуге ұшырайды, бұл маталардан жасалған
бұйымдар кию кезінде өзінің пішінін жақсы сақтайды.
Көрсетілген топшаның маталарын дайындаудағы әртүрлілік, олар- ды
әртүрлі киімді модельдеу үшін қолдануға мүмкіндік туғызады. Осы- дан
кейін бұл маталардың костюмдік триконы дайындау элементтеріне тән,
тоқымалық өрімді немесе әртүрлі түспен боялған жіптерді қолдану
арқасында алынады, жолақты немесе торлы суреттерді қолдану сияқты
ерекшеліктерімен сипатталады. Бұдан басқа, олар костюмдік матаға
Достарыңызбен бөлісу: |