1
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
С. М. Аралбай, С.А.Никифорова
ӘЛЕУМЕТТАНУ
Оқу құалы
Қарағанды 2012 жыл
2
УДК 301(02)
ББК 60.5 я 7
А 75
РЕЦЕНЗЕНТТЕР :
Қыздарбеков Б.Қ. – тарих ғылымдарының кандидаты, Қарағанды
мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының
профессоры.
Темирғалиев Қ.А. - философия ғылымдарының кандидаты, Қарағанды
мемлекеттік медицина университетіндегі Қазакстан тарихы және әлеуметтік-
саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі.
Сұлтанов А.К. – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды
мемлекеттік медицина университетіндегі әлеументтік-медицина және
денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі.
А 75 Аралбай С. М., Никифорова С.А. Әлеуметтану: Оқу құралы. –
Қарағанды. 2012 – 68 б.
УДК 301(02)
ББК 60.5 я 7
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
департаменті тағайындаған МЖМБС- 2006 бойынша типтік оқу
бағдарламасына сайкестендіріп жасаған Қарағанды мемлекеттік медицина
университетіндегі жұмыс бағдарламасына сай «5В130100- Жалпы медицина»
және «5В130100 – Стоматология » мамандықтарының студенттеріне өз
бетінше атқаратын жұмыс тақрыбына дайындалуға арналған.
1 – ші шығарылуы .
Оқу құралы ҚММУ «Жалпы медицина және Стоматология факультетінің
әдістемелік кеңесінде талқыланды және мақұлданды.
Хаттама № «9» 08. 05. 2012 ж
Оқу құралы ҚММУ оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды және мақұлданды.
Хаттама № «9» 10.05. 2012 ж
ҚММУ Ғылыми кеңесінде бекітіліп, басылымына ұсынылды.
Хаттама № «10» 31. 05. 2012 ж
© С.М. Аралбай,
С.А Никифорова, 2012 ж.
3
Қысқарулар тізімі
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ҒТП - ғылыми – техникалық прогресс
ҚММА - Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Т. б - тағы да басқалар
т.с.с - тағы да сол сияқты
КСРО - Кенестік Социалистік Республикалар Одағы
ГФР - Германия Федеративтік Республикасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және
мәденеит мәселелері жөніндегі ұйымы
СОКП - Социалистік Одағының Коммунистік Партия
4
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................5
Дәріс №1 Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы..........6
Дәріс №2 Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер........................15
Дәріс №3 Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратифкация-
ның бөлігі ретінде..................................................................................................20
Дәріс №4 Білім беру әлеуметтануы.....................................................................25
Дәріс №5 Саясат әлеуметтануы...........................................................................30
Дәріс №6 Отбасы әлеуметтануы.........................................................................35
Дәріс №7 Мәдениет әлеуметтануы......................................................................43
Дәріс №8 Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы..........................................49
Дәріс №9
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы..55
Қорытынды............................................................................................................60
Тест тапсырмалары..............................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65
Терминологиялық сөздік......................................................................................66
5
КІРІСПЕ
Әлеуметтану (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым
болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне
қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.Алайда,
социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық
құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше,
ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын.
Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы
қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы
пікірлер бой көрсете бастады.
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы
батыста француз философы О. Конттың есімімен байланысты (1798-1857).
Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияиың негізін салушы
болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философиянын
курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде
негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-
ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және
қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. Міне осы пікір
социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады.
Аталған оқу құралында біз әлеуметтану пәніне және оның қазіргі
кезеңдегі қоғамда орын алып отырған өзекті мәселелеріне қысқаша
тоқталдық, сондай ақ тәуелсіз еліміздегі әлеуметтік үдірістерге ат салысып
отырған институттардың мәніне көп көңіл бөлінді. Оқу құралының соңында
әлеуметтану пәнінде көп кездесетін терминдерге түсінік берілген. Оқу
құралында барлық тапсырмалар бойынша 30 тесттік тапсырмалар берілген.
Бұл тапсырмалар студенттерге дәрістен алған білімдерін ары қарай дамытуға
және өз бетімен жұмыс істеуге көп көмек береді.
6
№1 Дәріс: Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы.
Жоспары:
1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы және әлеуметтік үдірістер.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы).
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен
байланысы.
1. Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп,
негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт ( 1798—1857) еді. Бұған дейін
қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс
ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының кұрамдас бөлігі
іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік
ерекше, бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат. мораль,
ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек
философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және Жаңа заман
ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.
Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртутастығын, оны
дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен
шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын карастырады,
соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және
қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен
айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу
пәніне айналдырады.
Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары
жөніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық
әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан
саясаттану, құқықтану, саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше
ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан, яғни XIX ғасырдың ортасынан
бастап әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай,
біріншіден,өзінен белініп шыққан білім салаларына қатысты болса,
екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты
еді.
Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм
ретінде қарастыру, оның, объективті жене субъективті жақтарының өзара
әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалектикасы,
әлеуметтік прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам, гуманизм, әлеуметтік
әділеттілік проблемалары, сайып келгенде,осының бәрі әлеу-меттанудың
назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден-бір жол
болды. Соның нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу
жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы қалыптасты.
Сол көзкарастардан көпшіліктің мойындағаны Георг Вильгельм,
7
Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, кейіннен Эмиль
Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б. әлеуметтану шылардын
әлеуметтік теориялары болатын.
Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде
тусіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі тұжы-
рымдамалары өмірдің және ғылымнын алға қойған сауалдарына бірегей
және мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері
қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуде де өздерінің маңыздылығын
жоғалтқан жоқ.
Әлеуметтанушының осы саланы зерттеу кезінде басшылыққа алатын
дүниетанымы мен методологиясы — философия мен әлеуметтанудың
әрдайым органикалық, байланыста болатынын көрсету. Сонымен қатар, бұл
ғылым салалары өз дербестіктерін де сақтап келеді. Әлеуметтанудың
дербестігін кезінде француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм атап
көрсеткен еді. Ол өзінің «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде «Әлеуметтану
ерекше жене жеке-дара ғылым» екенін жазып, онын әлеуметтік фактілерді
обьективті зерттеуге бағытталғаның түсіндірді. Әлеуметтанудың ғылыми
сипаты мен мазмұны жөніндегі осындай байыпты пікірді қазіргі көптеген
белгілі әлеуметтанушылар ұстанып отыр, солардың арасында П.
Лазарсфельд, Р. Мертон, Т. Парсонс, т.б. бар. Олар әлеуметтануды
философиялық ғылым деп сыңаржакты пікір білдірген емес. Алайда, олар
көптеген
әлеуметтік
құбылыстарды
түсіндіруде
философиялық
дәлелдемелерге жүгінеді, соның ішінде позитивизм, прагматизм, интуитизм,
т.б. солар сияқты ағымдарға сілтеме жасайды. Ол орынды нәрсе. Өйткені
қайсыбір қоғамдық құбылысты әлеуметтік терең зерттеу логикасының өзі
сол талдау мен сараптаудан туындайтын корытындыларды философиялық ой
елегінен өткізуге әкеліп соқтырады.
Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жуйе күйіндегі,
қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементгері
туралы өз алдына дербес ғылым. Кез келген қоғамдық құбы-лыс қоғамның
әлеуметтік жүйесінің элементі болып саналады. Осы жуйенің шеңберінде
бүкіл әлеуметтік құбылыстар мен процестер, олар-дың өзара бір-бірімен
әрекеті ғылыми сараптаудан өтеді.
Қоғам жүйесі түзілім ретінде өзінің элементтерімен және сол
элементтердің кез келген жиынтығымен салыстырғанда ғана ерекше сапаға
ие болады. Ежелгі ойшылдардың пайымдауынша. Тұтастық өзі қамтитын
бөліктердің жиынтығынан әлдеқайда үлкен. Оның элементгері интегра-
тивтік тиімділікке жетіп, тұтастық жаңа сапаға ие болады. Бұл жаңа сапа-лар
қоғамның жүйесі ретінде белгіленеді.
Қоғам
осы
сапаларға
байланысты
өзін
қалыптастыратын
субьектілерден, әлеуметтік институттардан, қоғамдық өмір салаларынан, т.б.
сол сияқтылардан дербестігін сақтап қалады. Ең алдымен қоғамнын өмір
суру механизмдерін зерттейтін, түрлі субьектілердің өзара әрекетін
зерделейтін, ұйымдар мен әлеуметтік институттарды қарастыратын
8
әлеуметтану ғылымы баяндалған жағдайды ерекше белгілеп, делеллейді.
Әлеуметтану сондай-ақ, қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды
зерттейді.
Әлеуметтану - қоғамдық құбыластардың беймәлім жақтарын зерделеп,
социумда қалыптасқан алеуметтік қатынастарды адам факторымен
ұштастырып қарастыратын ғылым.
Бірақ қоғамды бұл ғылымнан басқа да бірнеше қоғамдық ғылымдар:
тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. өз ағымына сәйкес зерделеп,
зерттейді. Будан: сонда әлеуметтану қоғамның несін зерттейді? — деген
занды сауалдын тууы ықтимал. Бұған жауап беретін болсақ, оның пәнін, яғни
зерттеу такырыптарын анықтайтын дәлел ретінде әртурлі ой-пікірлерді
ұсынар едік.
Ғалымдардың өз ішінде осы мәселе жөнінде әлі күнге дейін тұрақтал-
ған пікір жоқ. Бұл мәселеде әркім өз көзқарасын жөн санайды. Дегенмен,
әлеуметтану пәні туралы негізгі ұстанымдарына сәйкес ғалымдарды екі топ
пен бағытқа бөліп қарастыруга болады:
1) әлеуметтанудың зерттеу тақырыбын өз зерттеу қорытындыларымен
байланыстырған оқымыстылар;
2) элеуметтану пәнінен осы ғылымның ең басты ұғымын тауып, сол пәнге
айналуы тиіс деп санайтын ғалымдар.
Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз — қоғам мен адамның
беймәлім қырлары. құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынас-тар,
байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік
институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары,
мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқа-луы
мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың
натижелері.
Әлеуметтанудың обьектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен
деңгейлерін анықтайды.
Объект дегеніміз — бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол
қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бір-ліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік
мекемелер, институт- тар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық
іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті
болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам
өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға
қойған мақсатына жету үшін пайдаланады
"Әлеуметтік" деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.
Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қо-ғамды, ондағы үдерістер мен
қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі — "қоғамдық", екіншісі
— "әлеу-меттік", Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы
туралы әңгіме еткенде "қоғамдық", "қоғамдық қатынастар" ұғымдарын, ал,
адамдардың бір-бірімен қаты-настарының табиғатын, мазмұны мен мәнін,
олардың қо-ғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін
меңзегенде "әлеуметтік" ұғымын кең қолданьп, осыған сәйкес "әлеуметтік
9
қатынастар" ұғымы туралы айтқан.
"Әлеуметтік" дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың
жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың
белгілі бір тобының белгілі бір іс,кеңістікте, уақытта іс-әрекеттерінде
атқарған қызметте-рінде байқалады.
Категориялардың негізінде әлеуметганудың заңдары қалыптасады.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бүған адам қоғамына
тән қасиеттердің бәрі кіреді: "әлеуметтік жүйе"; "әлеуметтік байланыс";
"әлеуметтік қатынас"; "әлеуметтік процесс", "әлеуметгік тұлға"; "әлеу-
метгік бірлік"; "әлеуметгік құрылым", "әлеуметтік ұйым", "әлеуметтік
институт"; "әлеуметтік бақылау"; "әлеуметтік басқару"; "әлеуметтік
ережелер" (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі);
"әлеуметтік стратификация", "әлеуметтік рөл", "статус", "әлеуметгік тәртіп",
"әлеуметтік сана", "әлеуметтік талап-тілек", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік
мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау",
"әлеуметтік белсенділік", т.б. категория-лардың көмегімен нақтьлы өмірдің
үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады.
"Әлеуметтік құрылым". Бұл өндірістегі қоғамдық ең-бектің бөлінуінің
реттелген жүйесі жене осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы
адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.
"Қоғамдық сана". Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы.
Қоғамдық сана руақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта
болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. "Әлеуметтік топ " —
адамдардың ортақ мүдде-талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ере
желеріне қарай бірлесуі; "әлеуметтік жіктеу" — бұл қоғамның
құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметгік теңсіздік; "тұлға" — бұл
адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап,
зерттегенде әр түрлі ұғымдар ды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар
қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын
тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі
басқарылуы арқылы белгіленеді.
"Әлеуметтік нормалар" (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп
отыратын ережелердің жиынтығы.
Тұлғалык, ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б — бұлар
адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштері (стимулдері);
"әлеуметтік рөл", яғни атқарылатын қызмет; "әлеуметтік статус" —
адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.
Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестер-дің бес негізгі
заңы тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер "А"
қүбылысы болса, ол әруақытта "Б" құбылысын қажет етеді. Әлеуметтік
құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.
Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың езгеруін талап
етеді.
10
2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды,
қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те
аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы
байланысын, қатынасын бейнелейді.
3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды
бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты — ол
қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу
мүмкіндігін білдіретін ықтималдылық заңы.
5.Әлеуметгік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы
байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеу-меттану жалпы теориялық
ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық
өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл — көпжақты әлеуметтік
байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам
болуы мүмкін немесе қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика,
әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді-кішілі
әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар
таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық, топтар, бұларға қоса
жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа
да ұжым-дар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар
болуы да мумкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны — жеке
тұлға, оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның
бас-тапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-пси-
хологиялық байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған муд-
десіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар, т.б.
болуы әбден мумкін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым
ретіндегі обьектісінің шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжакқты. Бұл
жағдай оның білімдік құрылымын анықтауга мейлінше көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |