№6 Дәріс: Отбасы әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.
2. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
3. Мұсылмандық түсініктегі әйел теңдігі
4. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.
1. Отбасы және неке әлеуметтануның адамның тіршілік әрекетінің
формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және
сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және
қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды. Отбасы және
неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретінде неке және осы
қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан
ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір
айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектін
арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы
ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген
шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт
ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең
алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұдайы өңдіру
мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы көшбасшылық, оны анықтаудың
өлшем-бірліктері, отбасының қоғам алдында атқаратын міндеттері, некеге
отыру мен ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан
мәселелердің қатарына жатады.
Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде
зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері
отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың
өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін
тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті
бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының
бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын
нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне
қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір
ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты
Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат
36
тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами
алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің
қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу
адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы
тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің
бес
түрі
қалыптасты:
интеракционистік,
құрылымдық
-
функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық.
Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып,
төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен,
экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік
топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық
қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ
тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".
Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының
басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы
нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және
бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы
үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну,
яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда
кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге
жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке
ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін
бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.
Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін
орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы
мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына
қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты
қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін
әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге
болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен
отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты.
Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-
экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе
қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі
қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті,
тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы
әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс
және т.б.
"Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты.
Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық
бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің,
арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары
мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.
37
Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір
әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі
бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің
арасындағы неке).
ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау
кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың
хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе
көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.
Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың
ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар
арасында болады).
Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық
табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық
доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр:
неке-келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.
Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған
тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның
әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды
заңда
отыратын
шарттарға,
яғни
келісімшартты
заңдылықтармен
қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің
келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады.
Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы
мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен
міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды
дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру
жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел
бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және
тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері
орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні
үйленген адамдар санатына жатқызады.
Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен
тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс
тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі
жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.
Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып
саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге
тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе
оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп те атайды, яғни адамдар қай кезде
бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер
сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр,
яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да,
үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай:
қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде
қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін
38
қолдамайды.
2. Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге
қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.
Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы,
басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып,
өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен,
мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады. Отбасында пайда
болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-
мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың
ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын
функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса
маңызды талаптары. Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар,
мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-
зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды
реттеушілікпен сипатталатын әлгеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал
оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзщара жауапкершілікпен және
өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы
қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды
принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік,
өзара сыйластық, т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына,
отбасының
тұрақтылығына
мүдделі.
Отбасы
көптеген
қоғамдық
ғылымдардың:
әлеуметтанудың,
экономиканың,
құқықтанудың,
этнографияның, психологиялық, педагогиканың, саясаттанудың және
демонрафияның зерттеу обьектісім болып саналады. Олардың әрқайсысы өз
пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының
ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына
талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі
бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде
қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін
және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан
келіп әлеуметтік институт пен әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне
жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы
заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы
әлеуметтануы қалыптасты. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді.
Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның
шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік
институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) мқазіргі
отбасының қалпын және шағын әлеуметтік тооп ретіндегі (отбасы ішіндегі
қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.
Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке-отбасы
қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі
жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне
жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру
39
тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз
құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге
бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғызбастылардың санының өсуі,
т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда
отбасы белгілі бір локадық құрылымы және атқаратын әлеуметтік
қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен
шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды,
сондықтан олардың тұмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы
мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады.
Бұл тұрғыдан алғанда отбаксын қоғамның экономикалық ұясы ретінде
қарастыруға болады.
Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын
қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі,
өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-
қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас. Отбасының
ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып
қолданылуы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй
шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің
денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микроахуал жасауды қамтиды. Бұл
қызметтердің барлығы отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи
сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен
тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.Сондықтан да
отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз
қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай
қызмет түрлері де модификациаланады, шеңберін тарылтады немесе
кеңейтеді. Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі
мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта – отбасы. Ол дұрыс
қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емесш. Оның
үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра
алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей
ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық
пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар
баланың
бойындағы
көптеген
мәні
зор
әлеуметтік
сапаларды
қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететін
тәрбирелік күш болып табылады. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі
ережеден, яғни шаңырақ иесі – ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-
зайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қою да ер адамның
тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету
40
дәрежесін төмендетті.
Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің
қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі,
прпофессионализмі, прагматизмі. Отбасының статустық функциясы да бар.
Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын
кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынадай аса
маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және
т.б. жағдайларды қамтиды.
Қоғам функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз
мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық
тұрғыдан қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың
арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді.
Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін
одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны
әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік
рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез-
құлық дағдыларын қабылдайды.
Отбасылық өмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары,
салт-дәстүрлері әр қоғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Өз
қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрлері мен
бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық
өмір көбіне-көп этноцентризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның
маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы
үлгісін жасамайды? – деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы
институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.
Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір дара
тұрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып есептеледі.
Қоғамның өзге де институттары сияқты отбасы да қоғам үшін маңызды
белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен
процедуралардың жүйесін құрайды.
3. Қазіргі кезде исламның әйелді төмен ұстайтынын, кем санайтынан
мойындау керек дейді біреулер. Олар мысал ретінде көп некелік, әйелді
қамап ұстау, отбасы - ошақ қасында күңнің есебінде жүру, еріне басыбайлы
бағынышты болу, қожасының күтуші күңдермен заңды түрде қатынасқа
түсуі, мұра бөліскен кезде еркекке екі үлестің берілетіндігін келтіреді.
Осыларға кеңінен тоқталып өтсек: исламның араб қоғамы мәдениетінің артқа
кеткен заманында туғанын білеміз. Ол заманда жаңа туған қыз баланы
тірідей жерге көметін болған, еркектер он немесе одан да көп әйел ала
беретін болған, қожайын өзінің күңдерін жезөкшелік кәсіпке салып,
одан мол пайда түсіретін болған. Ал Исламда еркектің төрт әйел алуға
деген хақысы - міндет емес - рұқсат. Және де бұл жолдың өзінде, шариғат ер
адамға қатал тәртіп пен міндет жүктейді. Оның үстіне, осылайша әйел заты
масқара мен абыройсыздықтан, жоқшылық пен құлдықтан құтылатын
болған. Әр замандағы түрлі себеп, негізгісі соғысқа байланысты еркектердің
41
үлес саны әйелдерге қарағанда неғұрлым төмен болып отырды. Осыған орай,
әйелдердің қамын ескере отырып осындай рұқсат берілген.
Құранның көптеген аяттарынан әйел мен еркектің рухани тұрғыдан тең
бағаланатынын кездестіруге болады: «Аллаһ өзіне сенген әйелдер мен
еркектерге мәңгі мекен етуге бұлағы ағып жатқан бақты уәде етті» [1].
Келесі ат – Термизи жинағында кездесетін мына бір аятта: «Пайғамбар
айтады: «Егер де маған адамдардың арасында біреуге біреудің алдында
тағзым етуді бұйырар болсам, онда міндетті түрде әйелге өзінің ерінің
алдында тағзым етуді бұйырар едім» дейді». Бұл жерде ер адам
басқарушылық, биіктік деңгейде көрінеді. Алайда, таза жүрекпен тағзым
еткен адамның бойында мейірім, иман үйірілетінін ескерсек, бұл әйелдің өзі
үшін пайдалы емес пе?
Енді мынаған назар аударайық: «Бірде бір адам Пайғамбарға келіп, ең
адал дос ретінде кімді таңдау керектігін сұрағанда, ол оған ең бірінші
анаңды, одан кейін тағы да анаңды, тек одан кейін ғана әкеңді деп жауап
берген екен» дейді аль – Бухари және Мүслімде. Бұл жерде бала алдындағы
ананың, яғни әйелдің ролі басымырақ.
Бұл екі хадисті салыстырып қарасақ, бір – бірінің арасындағы
қайшылықты байқаймыз. Көптеген еркектер әйелден өзін жоғары санап,
оларға билік жүргізіп, басқару дұрыс дегенмен де өз аналары жөнінде сөз
болғанда, бұндай көзқарас ұстанбайды.
Отбасының құрылуындағы негізгі орын әйелдердікі. Ол дүниеге бала
әкеліп, тәрбие беріп, ол үшін Аллаһтың алдында жауапқа алынады. Ал
еркектің бұл жердегі негізгі және басты функциясы отбасының материалды
жағдайы [2].
Бұл мәселелер терең таным, көптеген ізденістер мен мәселені
байыптаудағы ыждағаттылықты қажет етеді. Осы және басқа да көптеген
ерекшеліктерді
түсінбеушілік
бірқатар
зерттеушілердің
Шығыс
мұсылмандығындағы әйелдің жағымсыз жағдайы жөніндегі көзқарасты
ұстануға әкелді. Тіпті, кейбіреулері бұған Ислам дінін кінәлап, жазғырды:
«Құран әйелдерге еш аяушылық көрсетпейді», «...әйел тұлғасына Ислам
діні қызғаншақ еркек тұрғысынан қарайды». Егер қоғамда әйелді
төмендетіп, мұқатып жатса, бұған ең алдымен сол әлеуметтік қоғамды
кінәләу жөн тәрізді.
Бұдан ислам мен тарихи жағдайлардың әйел жағдайын анықтауда
әртүрлі әсер еткендіктерін байқаймыз. Алайда, ислам әйелдерге олардың
міндеттерін жүктей отырып, көптеген құқықтар мен артықшылықтар
да танытады. Мысал келтірер болсақ, кәмелеттік жасқа жеткен бойжеткен өз
ісінде еркін құқыққа ие болды. Иесі, не әкесі, ағасы, кім болса да оның
жеке мүлкіне қол тигізуіне тыйым салынды. Бұған дәлел ретінде Құранның
мына бір сүресін келтіре кетейік: «Еркектерге ата – анасы мен
туыстарынан қалған мұра қаншалықты тиесілі болса, әйелдерге де солай
тиесілі. Ол мұра аз не көп болсын мейлі, ол үлес қатаң түрде санаулы».
Сонымен қатар ислам, көп некелікке қиын шарттар қойып, яғни,
42
әйелдердің тең хұқықты болуын талап етеді. Құранда бұл жайында былай
делінген: « Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасында әсте әділдік
істей алмайсыңдар. Ендеше, мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай
етіп қоймаңдар. Егер түзеліп сақсынсаңдар Аллаһ тағала тым
жарылқаушы, Ерекше мейірімді» [3].
Адам тіпті әділетті болуға мүдделі болғанда да әділетті бола
алмайды. Пайғамбардың айтуы бойынша әйел - жүріс – тұрысында мін
жоқ, кіршіксіз таза, үлгілі әйел болуы керек. «Үйлеріңде отырыңдар -
бұл әйелдің ең құрметті орны». Өзінің үйі, міндеті, мұраты - ошағының
сақшысы болу, бар өмірін бала тәрбиесіне арнау керек дегенді білдіреді.
Қайсысы дұрыс: әйелдің жұмысбасты болып, балаларын бағушы, немесе
балалар бақшасына бақтырғаны ма, немесе әйелдің үнемі баланың жанында
болып, бар күшін, бар ойын соның тәрбиесіне жұмсағаны ма? Жауабы
айдан анық: өз анасының бауырында, оның мейіріміне шомылып өскен
балалар, өзінің бар күшін, ақыл - ойын қоғамдық жұмысқа сарп еткен
әйелдің балаларына қарағанда анағұрлым денсаулығы мықты және
тәртіпті болады. Бұл ислам әйелдің мемлекет және қоғам ісіне араласуына
қарсы деген сөз емес, бала тәрбиесінің дұрыс жолын анықтағаны. Мұсылман
әйелдің ел басқарғаны қаншама, өлең – жыр жазып ақын болғаны, білім қуып
ғалым болғаны, батыр болып соғысқа қатысқаны, небір білімді, асқан
дарынды, өкіметте еркек адамдармен қатар отырып, билікке қатысқаны
қаншама?
Ислам мәдениетіне сай қоғамға пайдалы болу үшін барлық дінге
сенушілер оқу, білімге құмарту керек, әйел де, еркек те. Бұл
мұсылмандардың қасиетті міндеттері. Сонымен қоса ислам әйелдерге
еңбекпен айналысуға да тыйым салмайды. Керісінше, Құран әйелге өз
тұлғасына сай пайдалы іспен айналысуға рұқсат етеді. Тек, атқарылар іс
ауыр, қиын болмауы тиіс дейді. Бұл жерде әйелдің нәзіктігі назарға алына
отырып, әйелге деген жанашырлық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |