12. Кемелов теңдеме жүгiнiң құндылығын жариялап‚ оны темiр жолмен жөнелтедi. Белгiленген
стансаға жеткен теңдеме жүгiн алу кезiнде‚ Кемеловтың жiберген қаптамасындағы заттар-дың
орнында ешкiмге керексiз заттар жатқаны анықталады. Бұл жай аталған стансаның жасаған
коммерциялық актiсiмен куə-ландырылады. Кемелов темiр жолға өз теңдеме жүгiнiң шынайы
бағасынан екi есе артық бағаға сəйкес тауарлық чектi ұсына отырып‚ жоғалған теңдеме жүгiнiң
нақты құнының орнын то-лықтыру жөнiнде талап арызын бередi.
Темiр жол жүктiң жоғалғанына қандай мөлшерде жауап бе-редi? Кемелов теңдеме жүгiнiң
құндылығын жарияламай өткiз-ген болса‚ шешiм өзгере ме? Жоғалған жүктiң бағасының орнын
толтыру жөнiндегi талап қай тарапқа қойылуы тиiс?
7-тақырып.
САҚТАНДЫРУ
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер:
1.1. Сақтандырудың ұғымы мен мəнi.
1.2. Сақтандырудың тарихы.
1.3. Сақтандыру туралы заңдар.
1.4. Сақтандыру құқығының негiзгi ережелерi: сақтандыру тəуекелi‚ сақтандыру оқиғасы‚
сақтандыру сыйлығы жəне сақ-тандыру жарна төлемi‚ сақтандыру өтемi‚ сақтандырумен қамта-
масыз ету жəне т.б.
2. Сақтандыру құқықтық қатынастары:
2.1. Сақтандыру құқықтық қатынастарға қатысушылар: сақ-тандырушылар‚ сақтанушылар,
сақтандырылғандар‚ пайда көру-шiлер;
2.2. Сақтандырудың ұғымы жəне объектiсi. Сақтандыру мүд-десi. Сақтандыру тəуекелi;
2.3. Сақтандыру шарты. Оның нысаны мен мазмұны. Сақ-тандыру шартының мəндi жағдайлары.
2.4. Сақтандыру шартын жасасу. Сақтандыру шартының кү-шiне енуiнiң басталуы. Сақтандыру
ережелерi. Сақтандыру по-лисi.
2.5. Сақтандыру шарты бойынша орындау мен жауапкершi-лiк. Сақтандыру шарты бойынша
тəуекелдiң артуы. Сақтанды-рушының шығындарды азайтуы. Сақтандырушыны төлем беру-ден
босату. Суброгация;
2.6. Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату. Сақ-тандыру шартының жарамсыздығы.
3. Сақтандырудың өзге түрлерi:
3.1. Ерiктi жəне мiндеттi түрдегi сақтандыру.
3.2. Мүлiктi жəне жеке басты сақтандыру.
3.3. Қоса сақтандыру жəне өзара сақтандыру.
3.4. Қайта сақтандыру.
Есептер
1. Сақтандыру компаниясы банкiге ақша салушылардың са-лым сомасының төленбеу қауiп-
қатерiн сақтандыруға алады. Банк пен ақша салушы арасында жасасқан шарт бойынша са-лымды
қайтаруды мерзiмiнен кешiктiргенi үшiн əрбiр күнге салым сомасының 2%-i мөлшерiнде‚ бiрақ
салым сомасының екi есесiнен аспайтындай айып төлеу белгiленген. Кейбiр салымдар мерзiмiнде
қайтарылмай‚ ақша салушылар сақтандыру компа-ниясынан салым сомасымен қоса‚ жоғарыда
айтылған айып пен процентiн де төлеудi талап етедi. Ондай төлем беру сақтандыру шартында
қарастырылмағанына сiлтеп‚ сақтандыру компаниясы процент пен айыпты төлеуден бас тартады.
Сақтандырушыдан процент пен айыпты төлеудi талап етiп‚ бiрқатар ақша салу-шылар талап
арызбен сотқа барады. Өз талаптарын негiздеу үшiн олар “банктiң ақша салымдарын қайтару жəне
процент төлеуi бойынша мiндеттемелерiн орындауды сақтандыру компаниясы кепiлдейдi деп
айтылған газеттердегi жарнамалық хабарлама-ларды ұсынады.
Iстi шешiңiздер. Егер сотта iстiң қаралуы барысында сақтан-дыру шарттарын банк ақша
салушылар — сақтандырылғандар пайдасына жасасқаны анықталса‚ сiздiң шешiмiңiз өзгерер ме
едi?
2. “Тұмарң сақтандыру қоғамы автомобильдердi‚ жолаушы-лардың денсаулығы мен өмiрiн жəне
жүргiзушi — Саметовтың азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыратын аралас шартын жаса-сады.
Шарттың күшi бар кезеңiнде Саметовтың досы Əмiреев автомобильдi жүргiзiп келе жатып
Есiмовты қағып кетедi де‚ оған дене жарақаттарын келтiредi‚ соның нəтижесiнде Есiмов тұрақты
зейнетақы алатын II топ мүгедегi болып қалады. Оны-мен қоса‚ автомобиль толығымен
зақымдалып‚ жарамсыз болып қалады. Сақтандыру қоғамы Саметовқа автомобиль құнын тө-леп‚
Есiмовке келтiрген шығындар орнын толтыра бастайды. Со-дан соң сотқа Əмiреевтен
автомобильдiң төленген сомасын жəне төленген шығындарды қайтаруды талап етiп, регрестiк
талап арызын бередi.
Осы дауды шешiңiздер.
3. Арынов өзiнiң меншiк құқығындағы үйiн 100 000 теңге сомасына сақтандырып қояды. Белгiсiз
қаскүнемнiң үйдi өртеп жiберуi нəтижесiнде үйге 80 000 теңге мөлшерiнде зақым келтiрi-ледi.
Сонымен бiрге‚ жобалық-инвентаризациялық кеңсе дерек-терi бойынша үйдiң құрылысы аяқталу
сəтiне қарай оның құны 200 000 теңге болды‚ ол сақтандыру полисiнде көрсетiледi.
Сақтандырудың өтеу сомасын есептеңiз. Егер полисте “сақ-тандыру сомасы шегiндегi кез-келген
зақымның орны толыры-луы тиiсң делiнсе‚ сiздiң шешiмiңiз өзгере ме?
4. Сақтандыру шартында сақтандырушы бес күннен кешiк-тiрмей сақтандырушыға сақтандыру
оқиғасы туралы (машинаны айдап кету) хабарлауға мiндеттi жəне осы мерзiм өткен кезде
сақтандыру төлемi төленбейтiнi туралы көрсетiледi. Сақтанды-рушы сақтандырушыға автокөлiгiн
айдап кеткеннен кейiн 10 күн өткенде барады‚ бес күндi ол себепсiз өткiзiп алады. Сақтандыру
оқиғасының болғаны жөнiнде арыз беру мерзiмiн өткiзiп алған-дығы үшiн оған сақтандыру төлемi
төленбейтiн болады. Сақтан-дырушы автокөлiктi айдап кету фактiсi қылмыстық iс қозғау
жөнiндегi қаулымен расталатынына сiлтеп‚ сотқа талап арыз бередi.
Iстi шешiңiз. Сақтандыру оқиғасының басталуы жөнiндегi арыздың берiлу мерзiмiнiң құқықтық
мəнi қандай?
5. “Алпамысң акционерлiк қоғамы өз атынан “Қамалң сақ-тандыру компаниясының
тапсырысымен əр түрлi сақтандыру-шылармен‚ оның iшiнде “Мергенң АҚ-мен сақтандыру
шартта-рын жасайды. Болған сақтандыру оқиғасы бойынша “Қамалң сақтандыру төлемiнiң
сомасын мерзiмiнде төлейдi‚ алайда “Мер-генң бұл ақша айтарлықтай кешiктiрiлiп берiледi.
Сақтандырушы осы жағдайда сақтандыру төлемiн кешiктiрiп бергенi үшiн сақ-тандырушыға
қандай салдар туғызатыны жайлы сұрап‚ заңгерге кеңес алуға барады.
Қандай түсiнiктемелер берер едiңiз? Сақтандыру брокерi бо-лудың тəртiбi қандай?
6. Автомобиль иесi‚ азамат Төкенов‚ сақтандыру шартын жасасады‚ онда сақтандырушы қандай
да болмасын жағдайда‚ сонымен бiрге сақтандыру оқиғасының тууына сақтандырушы-ның кiнəсi
бар болса да‚ сақтандырушы сақтандыру төлемiн тө-леуге мiндеттi делiнген. Мұндай сақтандыру
шартын жарамсыз деп санап‚ прокурор сотқа талап арыз жiбередi.
Өз көзқарасын негiздеу үшiн прокурор қандай дəлелдеме келтiруi керек? Сақтандыру шартын
жарамсыз деп танудан қан-дай салдар туады? Егер сақтандыру оқиғасына сақтандыру-шының
абайсыздығы себеп болса оған сақтандыру төлемiн төлеу сақтандыру шартында қарастырылған
болса‚ сiздiң шешiмiңiз өзгерер ме едi?
7. Алматы—Ақтөбе поезы жол жүрiп келе жатқанда белгiсiз бiреулер вагонның бiрнеше əйнегiн
сындырады. Оның нəти-жесiнде бiрқатар жолаушылар жеңiл жарақат алады‚ ал жолаушы
Қирабаевтың əйнек сынығынан көзi зақымданады. Жолаушы-лардың бiрi‚ Аманов‚ бұзақыларды
ұстамақшы болып‚ стоп-кранды iске қосады. Поездың кенет тоқтауынан жарақат алған-дар: ми
шайқалысын алған жолаушы Дəрменов‚ саусақтарын есiкпен қиып кеткен жол серiк —
Сарманова‚ қолын сындырып алған кiшкентай Дархан Сейiтов, жол жүру билетi болмаған Шораев
қайтыс болады. Барлық жəбiрленушiлер жəне сонымен бiрге қайтыс болған Шораевтың
мұрагерлерi сақтандыру қо-ғамына шығындар орнын толықтыру жөнiнде талап қояды. Бұл
талаптар қанағаттандырыла ма?
8-тақырып.
ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖƏНЕ НЕСИЕЛIК ҚАТЫНАСТАР
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Есеп айырысу мен несиелiк қатынастар ұғымы.
2. Қарыз шарты.
3. Несие шарты.
4. Ақша талабын ауыстыра отырып қаржыландыру шарты.
5. Банктегi ақша салымы шарты.
6. Банктегi шот шарты.
7. Халық шаруашылығындағы есеп айырысудың негiзгi түр-лерi.
8. Азаматтармен есеп айырысудың ерекшелiктерi.
9. Азаматтарға банктердiң жəне басқа да несие беру мекеме-лерiнiң несие беру тəртiбi.
Есептер
1. “Қуат жəне компанияң атты сенiмдегi серiктестiк “Агре-гатң ақционерлiк қоғамының сұрауы
бойынша ас үйдiң жабды-ғын сатып алуы үшiн оған бiр млн. теңге аударады. Ақша аудару
“Агрегатң АҚ-ның хаты негiзiнде жүзеге асырылады. Ол хаттың мазмұнында “Агрегатң ақшаны
60 күннен кейiн қайтаруға мiн-деттеме алады. Көрсетiлген мерзiм өткен соң “Агрегатң АҚ ақ-
шаны қайтарған жоқ‚ осыған байланысты Серiктестiк сотқа та-лап арызын бередi. Сотта АҚ өкiлi
тараптар арасында несиелiк мiндеттеме туғанын‚ ал ұйымдарды несиелендiру — Ұлттық банк
лицензиясы бойынша жүзеге асырылатын банк iс-əрекетiнiң көп түрiнiң бiрi екенiн мəлiмдейдi. Ал
Серiктестiк болса‚ лицензия алмай жатып‚ несие шартын жасасады. Серiктестiк мүддесiн
жақтайтын қорғаушы тараптар арасында несие шарты емес‚ қа-рыз шарты жасалғанын айтады.
Қарыз шартын жасасу үшiн ли-цензияның қажетi жоқ. Сонымен қатар‚ ол сотқа қарыз шарты‚
несие шарты мен банктiң ссуда шарты арасындағы айырмашы-лықты ажырата бiлудi ұсынады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Қарыз шартына‚ несие шартына жəне ссудалық шартқа сипаттама
берiңiз.
2. Акционерлiк банкке шот ашу жөнiнде төрт арыз түседi:
а) толық серiктестiк қатысушылары өкiлет берген коммунал-дық кəсiпорынның бас директорынан
толық серiктестiкке есеп шотын ашу жөнiнде;
ə) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк кəсiпорынның орна-ласқан жерiнен тыс екiншi есеп шотын
жəне немiс маркасының валюталық шотын ашу жөнiнде;
б) кəсiпкер ретiнде тiркелген азамат Сырымов клиенттерi-мен есептесу үшiн банк шоты шартын
жасасуды сұрап;
в) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрмақшы болған бiр топ азаматтардың жарғылық
капиталдың 50%-iн төлеу үшiн шот ашуды сұрап.
Банктiң заң қызметi əрбiр жағдай бойынша қандай жауап беруi тиiс? Коммерциялық банктерде
шот ашудың жалпы тəртiбi қандай‚ оларды ашу үшiн қандай құжаттар қажет? Банктегi шот пен
банкке ақша салу шарттарының айырмашылығы неде?
3. Мемлекеттiк кəсiпорын “Найзағайң кооперативiне тiгiн жабдығын жөндеу қызметi үшiн 36 млн.
теңге төлеуi қажет едi. Кəсiпорынның бас директоры есептесу чегiне қол қойды‚ бiрақ төлеуге
тиiстi ақырғы соманы көрсетпейдi‚ оны бас бухгалтерге келесi күнi iстеуге ұсынады. Белгiсiз
себептермен чек бас дирек-тор сейфiнен жоқ болып кетедi жəне жоғалған чекте көрсетiлген
лимиттiң барлық сомасы шегiнде “Кентаврң серiктестiгiнiң 257 млн. теңге алғаны белгiлi болады.
“Кентаврң серiктестiгiнiң шо-тынан ақшаны қайтарып алуға тырысқанмен нəтиже болмайды‚
өйткенi барлық қаржы оның есеп шотынан алынған‚ ал серiк-тестiк басшылары зым-зия жоқ
болып кеткен екен. Кəсiпорын чектiң жоғалуында кiнəсi жоқтығын айтып‚ ал банктiң чектi
тексеруi үшiн‚ əсiресе чекте көрсетiлген соманың бөлек шотта депозитке берiлген чек берушiнiң
барлық қаржысына тең екенiн ескере отырып‚ барлық шараларды қолдану керектiгiн айтып‚
наразылығын бiлдiредi.
Чек берушi көзқарасының негiзi бар ма? Чектердiң қандай түрлерi сiзге белгiлi?
4. “Қыранң машина жасау зауытынан металл кесетiн станок-тарын сатып алған “Құрылысң
акционерлiк қоғамы “Қыранң МЖЗ-нан сатып алынған өнiм үшiн төлем ретiнде аударма векселiн
бередi. Аударма векселiнде “Құрылысң АҚ-ның “За-манң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне
вексельде көрсетiл-ген соманы “Қыранң зауытына немесе оның бұйрығына төлеу жөнiнде
бұйрығы көрсетiлген. Вексель “Заманң ЖШС-мен ак-цептелген болатын. “Қыранң зауыты
вексельдiң келесi бетiне ин-доссамент жасап‚ оны өз несие берушiсi — “Сапарң акционерлiк
қоғамына бередi. “Сапарң АҚ үш айдан соң вексельдi төлеушiге — “Заманң ЖШС-не ұсынғанда‚
соңғысы жасалған акцепт бас-тапқы вексель ұстаушы “Қыранң зауытына ғана қатысты екенiн
келтiрiп, оны қабылдаудан бас тартады. “Сапарң акционерлiк қоғамы вексель бойынша наразылық
жасап‚ “Қыранң зауытына талап арызын бередi.
Аударма векселi‚ индоссамент‚ акцепт жəне авальдiң шығу тегi қандай? ЖШС “Заманныңң көзқарасы негiзделген бе?
Егер вексель жасалу сəтiнен 7 ай өткен соң төлеуге ұсынылған болса‚ шешiм өзгерер ме едi?
9-тақырып.
ТАПСЫРМА ШАРТЫ. КОМИССИЯ. САҚТАУ ШАРТТАРЫ.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Қызмет көрсету бойынша мiндеттеменiң пəнi. Қызмет көрсету экономикалық жəне
құқықтық категория.
2. Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер жүйесiндегi қызмет көрсету бойынша мiндеттеме.
3. Қызмет көрсету бойынша мiндеттеменiң ұғымы мен құ-рам бөлшектерi.
4. Қызмет көрсету бойынша мiндеттеменiң жеке түрлерi.
5. Тапсырма‚ комиссия‚ агенттiк шарт жəне делдалдық қыз-мет көрсету шарттарының басқа да
түрлерi.
6. Тапсыру‚ комиссия жəне агенттеу шарттарының айырма-шылықтары.
7. Комиссионердiң‚ сенiм алушының жəне агенттiң жауап-кершiлiктерiнiң ерекшелiктерi.
8. Сақтау.
9. Сақтау шарттарының түрлерi. Заң негiзiнде сақтау.
10. Тауар қоймасында сақтау.
11. Сақтаушының жауапкершiлiгi.
Есептер
1. Сырымов Науқанбаевпен шарт жасасып‚ Науқанбаев үшiн құрылыс материалдарын сатып
алуды өзiне мiндет етiп алады. Құ-рылыс материалдары алынған соң‚ Науқанбаев материалдардың
өте жоғарғы бағамен алынғанын сiлтеп‚ оларды қабылдаудан жəне Сырымовқа олардың құнын
төлеуден бас тартады. Сыры-мов өзiне берiлген жəне нотариалды түрде куəландырылған се-
нiмхатта құрылыс материалдарын сатып алуға қажеттi бағалар-дың көрсетiлмегенiн‚ тек
Сырымовқа “қазiргi бағалармен құ-рылыс материалдарын сатып алу тапсырыладың делiнгенiне
сүйене отырып‚ материалдардың құнын төлеудi талап етедi. Сонымен қатар‚ құрылыс
материалдарын қабылдауды кешiктi-рiлуiне байланысты оларды сақтау үшiн қосымша
шығындалған Сырымов‚ сол шығындардың да орнын толықтыруды талап етедi. Науқанбаев
болса‚ сенiмхат беру кезiнде Сырымовқа нақ-ты сома көлемiнде сауда жасауын атағанын айтып өз
дегенiнен қайтпайды. Келiсiмге келе алмай‚ тараптар заң кеңесшiсiне ба-рады.
Оларға қандай түсiнiктеме берген жөн?
2. Иманов өзiне берiлген тапсырманы орындап болған соң‚ Бiржановтан тұрғын үйдi жалға алу
мəмiлесiн iске асырғаны үшiн 2 000 теңге мөлшерiнде сыйақы төлеудi талап етедi. Бiр-жанов
ондай мөлшерде сыйақы төлеуден бас тартады‚ өйткенi шарт жасасқанда сыйақының нақты
сомасы көрсетiлмеген бо-латын‚ бiрақ ол Имановтың жасаған мəмiлесiне өте риза екенiн бiлдiрiп‚
500 теңге сыйақы төлеуге дайын екенiн айтады. Има-новтың ойынша ол өзiне тиiстi сыйақы
мөлшерiн өзi тағайын-дауға құқықты. Оның үстiне‚ оның бiлуiнше‚ тұрғын үйдi жалға беру
агенттiктерi ондай қызмет көрсету үшiн 5 000-нан 7 000 теңгеге дейiн мөлшерде сыйақы
алатынын‚ ал оның өте төмен соманы сұрағанын айтады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Егер Иманов жеке кəсiпкер — тұрғын үйдi жалға алып беру агентi
болатын болса‚ шешiм өзгере ме?
3. “Сəулең фирмасы азамат Əшекеевпен келiсiм жасасып‚ қолына сəйкес сенiмхат бередi. Əшекеев
“Сəулең фирмасы аты-нан өзi өкiлi болып табылатын “Гауһарң акционерлiк қоғамымен шарт
жасасады. Шарт фирма үшiн де‚ акционерлiк қоғам үшiн де олжалы едi‚ алайда фирма басшылығы
Əшекеевтiң қоғамның да агентi болып табылатынын бiле салысымен‚ жасасқан шарт-тың
жарамсыздығы жайлы жариялайды, өйткенi ол өкiлеттiк туралы заңға қайшы келедi деп тапты.
Əшекеевтiң ойынша‚ фирма басшылары сенiмхатты заңсыз қайтарып алған‚ агенттiк келiсiм
фирманың да мүддесiн‚ заңды да бұзған жоқ.
Тараптар заң кеңесшiсiне кеңес сұрап барады.
Iстi шешiңiздер.
4. Комиссиялық дүкенде стереомагнитофон қарап жүрген бiр адам абайсызда оған зақым
келтiредi. Комиссионер зақымды тек бiрнеше күн өткен соң байқайды. Магнитофонды‚ оның
сынып қалуынан‚ комитентпен келiстiрiлген бағамен сата алма-ғандықтан‚ дүкен оның бағасын
төмендетiп‚ шартта қарасты-рылғаннан 2 есе арзан бағамен сатып жiбередi. Комитент магни-
тофонның шартта айтылған бағасының толық сомасын төлеудi талап етедi‚ сонымен қатар
комиссионер өз мiндеттерiн дұрыс орындамағандықтан‚ комиссиялық сый ақы алуға үмiт
артпасын деп мəлiмдейдi. Комиссиялық дүкен комитентке магнитофон-ның iс жүзiнде сатылған
бағасы бойынша төлемiн бередi жəне комиссиялық сыйақы ұстап қалады.
Комитент сотқа барады.
Iстi шешiңiздер.
5. “Рауанң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк “Лəззатң сау-да кəсiпорнына комиссиялық жолмен
бiреуi 8 000 теңге тұратын ерлер костюмiнiң партиясын сатуды тапсырады.
“Лəззатң сауда кəсiпорны костюмдердi бiреуi үшiн 15 000 теңден сатады да‚ сатылу бағасы мен
“Рауанң серiктестiгiмен ке-лiстiрiлген баға арасындағы бүкiл айырмасын өзiне комиссиялық
сыйақы ретiнде алып қалады.
“Рауанң серiктестiгi онымен келiспейдi. Өйткенi шартта олар комиссиялық сыйақының мөлшерi
сатылған костюм партиясы бағасының
5%-iндей белгiленген болатын. Айырмасын‚ ендеше‚ комис-сионер комитентке қайтаруға
мiндеттi.
Сауда кəсiпорны онымен келiспей‚ шартта қарастырылған 5%-тiк сыйақы костюмдердi жоғары
бағамен сата алмаған жағ-дайда ғана алынатынын айтады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?
6. Сансызбаев пен Ризабаев шарт жасасады‚ ол бойынша Сансызбаев ұзақ қызмет сапарына
кетерде Ризабаевқа аккор-деонын сақтауға берiп‚ оны пайдалануға рұқсат етедi. Тараптар сақтау
төлемi пайдалану төлемiне сəйкес келедi деп келiседi‚ сондықтан да өзара есеп айырысу
қарастырылмайды. Сансыз-баев жұмыс сапарынан оралған соң Ризабаев қолын сындырып алып‚
аккордеонды пайдалана алмағанын айтады. Сондықтан Ризабаевтың ойынша Сансызбаев оған
аккордеон сақтағаны үшiн сыйақы төлеуге мiндеттi. Келiсiмге келе алмай‚ тараптар заң
кеңесшiсiне барады.
Оларға қандай түсiнiктеме қажет?
7. Боранбаев 150 мың теңгеге жиһаз гарнитурын сатып алып‚ танысы Əмiреевамен өзi жаңа
пəтерге ордер алғанша оның үйiне гарнитурын қойып‚ сақтауы үшiн оған сый ақы төлейтiнiн
айтып келiседi. Ордердi алып‚ Боранбаев гарнитурды алуға кел-генде‚ гарнитур құрамындағы екi
кресло мен журнал үстелшесi жоқ екенi анықталады. Əмiрееваның айтуынша‚ Боранбаев ол
заттарды оның пəтерiне əкелмеген. Боранбаев болса‚ бүкiл гар-нитурды тура дүкеннен оның үйiне
алып келгенiн айтып‚ оның дəлелi ретiнде оған жиһазды тасымалдауға жəне Əмiрееваның үйiне
оны түсiруге көмек көрсеткен үш куəгердi шақырады. Дау соттың қарастыруына берiледi.
Iстi шешiңiздер. Егер де Əмiреева түсi мен сапасы жағынан əкелiнген жиһаздан өзгеше креслолар
мен үстел ұсынса‚ шешiм өзгере ме?
8. Жүзу бассейнiне сабаққа келген азамат Нұрымов‚ бас-сейндегi гардеробтың iстемейтiнiн көредi.
Киiм шешетiн жерге сыртқы киiммен өткiзбегендiктен‚ Нұрымов өз пальтосы мен бас киiмiн
басқалар сияқты жұмыс iстемейтiн гардеробтың киiм iлгiшiне iлiп кетедi.
Сабақтан шығып‚ Нұрымов пальтосы мен бас киiмiнiң жо-ғалғанын көредi. Нұрымов бассейн
директорынан ұрланған мү-лiктiң құнын өтеудi талап етедi. Директордың пайымдауы бойынша
Нұрымов болған оқиғаға өзi кiнəлi‚ өйткенi өте қым-бат пальтомен келiп‚ заттарын қараусыз
тастап кеткен. Ал iсте-мейтiн гардероб үшiн бассейннiң əкiмшiлiгi жауап бермейдi‚ өйткенi онда
қалалық тұрмыс комбинатының қызметкерлерi iстейдi‚ ал ұрлық жасалған күнi гардероб
қызметкерi ауырып‚ жұмысқа шықпай қалады. Өз сөзiне растау ретiнде директор қа-лалық тұрмыс
комбинатының гардероб қызметкерiнiң ауруы туралы телефонограммасын жəне актiнi көрсетедi.
Нұрымов сотта бассейннен жəне қалалық тұрмыс комби-натынан жоғалған мүлiктiң құнын бiрге
өтеудi талап етедi.
Iстi шешiңiз.
9. Саяжайды жалға алушы Қапалов‚ қыста үйдiң кейбiр зат-тарын қалаға тасып жүрмеу үшiн
поселкеде тұрақты тұратын саяжайдағы көршiсi Салқынбековпен заттарын сақтауға қалдыру
жайлы келiседi.
Заттардың көп болғанын ескере отырып‚ Салқынбеков са-райын тақтайлармен жауып‚ жылытып‚
онымен қоймай қыста оны анда-санда от жағып жылытып тұрады.
Көктемде‚ Салқынбеков бiрнеше күнге қалаға кеткенде‚ оның үйiне ұрылар енiп‚
Салқынбековтың мүлiгiнiң жартысын жəне сарайда сақтаулы тұрған Қапаловтың мүлкiн ұрлайды.
Болған жайтты естiген Қапалов Салқынбековтан ұрланған мүлiктiң құнын өтеудi талап етедi.
Салқынбеков‚ өз алдына‚ одан сарайды жылылағаны үшiн жəне от жағып тұруға кеткен
шығындарының орнын толтыруды талап етедi.
Қапалов өз талаптарынан қайтпайды. Онымен қоса‚ сақтау үшiн ақы төлеу туралы келiсiм
араларында жоқ‚ сондықтан да ол Салқынбековтың қандай да болмасын шығындарын өтеуге
мiндеттi емес екендiгiн‚ оның үстiне заттардың ұрланғанын айтады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?
10. Вокзалдағы автоматтандырылған сақтау камерасының ұяшығына чемоданды қою кезiнде
Пернебаев шифр ретiнде өзi-нiң туған жылын алады. Ұяшықты ашу кезiнде оның чемоданы
ұрланғаны анықталады. Пернебаев вокзал əкiмшiлiгiне сақтау камерасынан өз чемоданының
ұрланғаны жөнiнде шағым бiл-дiредi. Вокзал басшысы Көлiк Министрлiгiнiң қазiргi нұсқауына
сəйкес вокзал əкiмшiлiгi автоматтық сақтау камерасынан ұр-ланған заттардың құнын өтеуге
мiндеттi емес екенiн айтады. Со-нымен қатар‚ Пернебаев шифр ретiнде өз туған жылын алып‚
ұяшықты шифр таңдаумен ашу үшiн қолайлы жағдай тудыр-ғанын əрi автоматтық сақтау
камерасын пайдалану ережелерiн бұзғанын айтады.
Вокзал бастығы берген түсiнiктеме дұрыс па? Егер де жоқ болса‚ сотқа дəлелдi арыз дайындаңыз.
11. Қонақ үйде азамат Төлешевтiң бөлмесiнен электр ұс-тарасы мен джинсасы ұрланады. Қонақ үй
əкiмшiлiгi ұрланған мүлiк құнын өтеуден бас тартады‚ өйткенi азамат Төлешев қо-нақ үймен
сақтау шартын жасаспаған болатын. Iстi қарастыру барысында Төлешевтiң бөлмесi орналасқан
қабаттың кезекшiсi сол заттарды оның бөлмесiнен көргенiн растайды‚ алайда Тө-лешев бөлме
кiлтiн үнемi өзiмен бiрге алып‚ əкiмшiлiкке тап-сырмай жүргендiгiнен мүлiктiң жоғалуында қонақ
үй қызмет-керлерiнiң кiнəсi жоғын айтады.
Iстi шешiңiздер.
|