С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


5. Молдабекова анасы қайтыс болғаннан кейiн мұрагерлiк бойынша тұрғын үйге ие болады. Оның 
тұрып  жатқан  үйi  бар  болғандықтан  ол  мұра  бойынша  ие  болған  үйiн  сатпақшы  болады.  Күйеуi 
əйелiнiң  тəжiрибесi  жеткiлiксiз  деп  санап,  одан  үйдi  тек  күйеуiнiң  келiсiмi  бойынша  ғана  сатуға 
мiндеттi  қыла-тын  қолхатты  талап  етедi.  Аталған  қолхат  берiледi,  ал  бiраз  уақыттан  соң  күйеуi 
жұмыс  бабымен  басқа  қалаға  кетедi.  Оның  жоқ  кезiнде  Молдабекова  Тайыровқа  үйiн  сатып 
жiбередi.  Са-пардан  оралған  Молдабеков  үйдiң  сатылғанын  бiле  салып,  оның  рұқсатынсыз 
сатылған үй бағасының 30% мөлшерiнде қосымша төлем жасауды Тайыровтан талап етедi. 
Тайыров  қосымша  төлемнен  де,  үйдi  қайтарудан  да  бас  тар-тып,  үйдiң  бағасын  меншiктiң  иесi 
Молдабекова  анықтағанын  түсiндiредi.  Сотта  Молдабеков  Тайыров  пен  Молдабекова  жаса-ған 
келiсiмдi жарамсыз деп мойындау жайлы талап арызын ұсы-нады. Талап арызында əйелiнiң өзiне 
алған жазбаша мiндетте-месiн бұзып келiсiм жасағанына сiлтейдi. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
6. 17 жасар  Сəкен  Берiкұлы  мектеп  бiтiруiне  байланысты  əжесiнен  сыйлық  ретiнде  магнитофон 
алады.  Бiраз  уақыт  өткен  соң  ол  магнитофонды  өзiнiң  танысы  Иманбаевтың  видеокамера-сына 
ауыстырып  алуға  əжесiнен  рұқсат  сұрайды.  Əжесi  қарсы-лық  бiлдiрмейдi  жəне  жазбаша  түрде 
өзiнiң  келiсiмiн  бередi.  Ал-масу  жүзеге  асады.  Сəкеннiң  əкесi,  болған  алмасу  жайлы  бiлген-де, 
Иманбаевтан  магнитофонды  қайтарып,  ал  видеокамераны  алып  кетудi  талап  етедi,  өйткенi 
алмасуға  ол өзiнiң келiсiмiн бер-ген  емес  болатын. Иманбаев  магнитофонды Сəкенге  əкесi  емес, 
магнитофонды алмастыруға жазбаша рұқсат берген əжесi сый-лағанын айтып, қарсылықпен жауап 
бередi.  Иманбаевтың  ойын-ша,  бұл  жағдайда  келiсiмдi  жүзеге  асыру  үшiн  Сəкенге  əкесiнiң 
рұқсаты керек емес. 
Бұл дауда кiмдiкi  дұрыс? Егер əжесiнiң сұрауы бойынша Сəкеннiң анасы алмастыруға рұқсатын 
берсе, шешiмде өзгерiс туа ма? 
7. Училищенi бiтiрген соң өндiрiстiк бiрлестiкте жұмыс iс-теп жүрген 17 жасар Ерментаев, 10 000 
АҚШ долларына тең со-маға қарыз шартын жасасады. Оны бiлiп қойған Ерментаевтың ата-анасы, 
олардың рұқсатынсыз жасасқан шартты бұзуды талап етедi. Қарыз берушi Халелов, Ерментаевтың 
дербес  табысы  ба-рын,  еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  iстеп  жүргенiн  жəне  толы-ғымен  əрекетке 
қабiлеттi  болып  саналу  керектiгiн  айта  отырып,  шартты  бұзудан  бас  тартады.  Дауға  қамқорлық 

органы арала-сады. Оның ойынша, Ерментаевтың ата-анасы эмансипацияға келiскенi жөн. Егер де 
олар  келiсiмiн  бермесе,  Халеловқа  Ермен-таевты  əрекетке  толық  қабiлеттi  деп  жариялау  туралы 
арызбен сотқа бару ұсынылады.  
Келiсiмге келе алмаған тараптар түсiнiктеме алу үшiн заң қызметкерiне барады. 
Оларға қандай түсiнiктеме беру қажет? 
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде эманси-пация көзделген бе? 
8. 17 жасар  Қайрат  Қараев  орта  мектептi  бiтiрген  соң  жауап-кершiлiгi  шектеулi  серiктестiкке 
жұмысқа тұрады. Бiрнеше айдан соң Серiктестiк бастығына Қараевтың əкесi келедi де баласының 
бүкiл еңбек ақыны өте қымбат заттарды сатып алуға, ресторан-дарға барып қыдыруға жəне т.с.с. 
нəрселерге  орынсыз  жұмсай-тынын  айтып  бередi.  Ал  одан  басқа  жасы  толмаған  екi  бала  бар 
болғандықтан,  жанұясы  ақша  жағынан  үнемi  тапшылық  көредi.  Оның  үстiне  Қайраттың  анасы 
мүгедек  болу  себебiнен  жұмыс-сыз  отыр.  Бастық  жанұяның  тапшылығын  түсiнедi  де  Қайраттың 
қолына еңбек ақының тек жартысын, ал қалғанын оның ата-анасына беруге бұйрық бередi.  
Серiктестiк бастығының iстеген əрекетi дұрыс па? 
9. 16 жасар Қайсар Султанов колледжде оқып жүрдi. Сти-пендия алу кезiнде кассир оған ақшалай-
заттық лотерея билетiн алуды ұсынады. Ақырында ол билетке ұтыс — бағасы 50 000 теңгеге тең 
мұздатқыш  шығады.  Ата-анасымен  ақылдаспай,  Сул-танов  билеттiң  ақшалай  сомасын  алып, 
ұтыстың  барлық  сома-сына  инвестициялық  компанияның  акцияларын  сатып  алады. 3 ай  өткен 
соң, акциялар бойынша ақы алу кезеңi келгенде, акциялардың өтiмi түсiп, Қайсардың сатып алған 
акцияларының тұтасы дерлiк 5 000 теңгеге тең болады. Бұл жағдайды бiлген Қайсардың ата-анасы 
қорғаушыға барады, ол болса Қайраттың жасасқан келiсiмдерiн жарамсыз деп тану туралы талап 
арызды сотқа беру керек деп кеңес бередi.  
Қорғаушының берген кеңесi дұрыс па? Iстi шешiңдер. 
10.  6  жасар  Болат  Орманов  атасынан  мұра  бойынша  саяжай  мен  автокөлiкке  ие  болады.  Жақын 
арада  басқа  қалаға  көшуне  байланысты  Болаттың  ата-анасы  саяжайды  əкесiнiң  қызмет-тесiне 
сатуды,  ал  автокөлiктi  қалада  өз  əулетiмен  тұрып  жатқан  жəне  сол  қалада  қалатын  Болаттың
жиырма  жасар  ағасына  сый-лауды  шешедi.  Бұл  тектес  келiсiмдер  нотариалды  түрде  куəлан-
дыруды  қажет  ететiндiктен,  Болаттың  əке-шешесi  автокөлiктi  сыйға  тарту  жəне  саяжайды  сату 
шарттарын куəландыруды сұрап нотариусқа барады. 
Нотариус қандай əрекет iстеуi қажет? 
11. 12 жасар Дəулет Қашқынбаев көркем фильмдi түсiруге қатысқан болатын, ол үшiн 5 мың теңге 
сомасында  сый  ақы  төленедi.  Сол  ақшаға  ол  кеңсе  заттарын:  автоқалам,  қаламсауыт  жəне  жазу 
кiтапшасын  сатып  алады.  Дəулеттiң  əке-шешесi  оны  ақшаны  қалай-болса  солай  жұмсады  деп 
санап,  сатып  алынған  заттарды  қайтадан  дүкенге  апарады  да  меңгерушiден  оларды  қайта 
қабылдап алуды жəне ақшасын қайтаруды талап етедi. Дүкен меңгерушiсi Болаттың өз еңбегiмен 
тапқан ақшаға заттар сатып алғанын, ал кəмелетке толмағандардың өз табысын ерiк-терi бойынша 
жұмсауға болатынын айта отырып, ата-ананың та-лабын орындаудан бас тартады.  
Дүкен меңгерушiсi дұрыс iстедi ме? 
12. 10 жасар  Олжас  Досбаев  коммерциялық  банкке  келедi  де  оның  атына 1 000 теңгеге  салым 
ашуды  сұрайды.  Банк  қызмет-керi  оған  салым  ашуға  ата-анасының  жазбаша  рұқсаты  керек  деп 
айтады. Келесi күнi Олжас ол рұқсатты алып келген соң салым шарты жасалады.  
Кейiннен де Болат ата-анасының ұсақ-түйек заттарға берген ақшасын үнемдеп, салымды кiшiгiрiм 

сомалармен  толықтырып  отырады.  Шотта 10 000 теңге  жиналғанда,  ол  ақшаны  алып, 
компьютерлiк  ойындар  қосымшасын  сатып  алуды  ұйғарды.  Бiрақ  банк  қызметкерi  көрсетiлген 
соманы беруден бас тартады да Болат өз салымынан ақшаны тек кəмелетке толғанында ғана ала
алатынын  мəлiмдейдi.  Болаттың  атына  ашылған  салымнан  оның  ата-анасына  да  ақша  беруге
болмайды. 
Банк  қызметкерiнiң  мəлiмдемесi  дұрыс  па?  Банктерге  са-лымдар  салуға  қатысты  кəмелетке 
толмағандардың қандай құ-қықтары бар? 
13. Төлегенов музыкалық аспаптар дүкенiнен қарызға кон-церттiк рояль сатып алады. Келесi күнi 
дүкен  меңгерушiсi  Тө-легеновтың  əйелi  жолығып,  рояльдi  қайта  қабылдап  алуды  жəне  дүкенге 
төленген  аванс  сомасын  қайтарып  берудi  талап  етедi.  Сонымен  бiрге  Төлегеновтiң  жүйке 
ауыруымен  ауырып,  психо-неврологиялық  диспансердiң  бақылауында  екенiн,  жəне  жақын  арада 
сотқа барып оның əрекетке қабiлетсiздiгiн мойындау ары-зын беретiнiн мəлiмдейдi. Меңгерушiнiң 
шақыруымен  сауда  жа-саған  сатушы  келiп,  Төлегеновтiң  мiнез-құлығында  қандай  да  бiр 
психикалық  ауытқулар  байқалмағанын  айтады.  Оның  үстiне  Төлегенов  аспапты  сынау  кезiнде 
айтарлықтай  жоғары  деңгейде  Бетховен,  Лист  жəне  Дебюссидiң  туындыларының  қиын  үзiн-
дiлерiн орындап берген болатын. 
Төлегеновтiң  əйелi  медициналық  анықтама  қағазын  ұсына-ды,  онда  Төлегенов  бiрнеше  жылдар 
бойы  жүйке  ауыруының  ас-қынуына  мезгiл-мезгiл  шалдыққаны,  ал  соңғы  кезде  олардың  жиiлеп 
кеткенi,  бiрақ  олардың  арасындағы  уақытта  өз  əрекетiне  есеп  берiп,  өзiн  ұстай  алатыны 
көрсетiлген. 
Осы келiсiмдi Төлегенов жасай алар ма едi? 
14.  Кеңсе  тауарлары  дүкенiнiң  меңгерушiсiне  Шортанова  өте  көп  автоқалам  алып  келедi.  Оның 
түсiндiруi бойынша бұл қа-ламдарды оның күйеуi бiрнеше ай бойы күн сайын бiр қаламнан сатып 
алып тұрған. Шортанованың күйеуi екi жыл бұрын пси-хикалық ауру салдарынан сот шешiмiмен 
əрекетке қабiлетсiз деп танылған жəне əйелi оның қамқоршысы боп тағайындалған. Қа-зiргi кезде 
Шортанов  аурудың  асқынуына  байланысты  ауру-ханада  жатыр.  Шортанова  күйеуiнiң  əрекетке 
қабiлетсiздiгiне байланысты мұндай мəмiлелердi өзi iстей  алмайтынын айтып, қаламдарды  қайта 
қабылдап алуды жəне оларға төленген ақша-ны қайтаруды сұрайды.  
Дүкен  меңгерушiсi  Шортановтың  кез-келген  азаматтың  жа-сауға  құқығы  бар  ұсақ  тұрмыстық 
мəмiле жасағанына сiлтеп, талапты орындаудан бас тартады. Онымен қоса, сатып алу кез-дерiнде 
қаламдардың  бағасы  бiрнеше  рет  өзгергенiн  жəне  есеп-шiнiң  Шортановаға  тиiстi  сомасын 
кассалық чектерсiз бере алмайтынын айтады.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
15. Прокурор Сексеновты əрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп тануды ұсынып сотқа арызданады. 
Арызда жалғыз өзi ком-муналдық пəтердiң бөлмесiнде тұрып жатқан Сексенов, арақ-шарап iшiп, 
Сексеновқа  қатысты  қажеттi  шаралар  қолдану  тура-лы  өтiнiшпен  прокуратураға  барған 
көршiлерiнiң  мазасын  ала-тыны  көрсетiлген.  Прокурордың  арызына  қосымша  ретiнде  Сек-
сеновтың  созылмалы  маскүнемдiкпен  ауыратыны  жəне  əрекет  қабiлеттiлiгiн  шектеу  керектiгi 
жайындағы  психоневрологиялық  диспансердiң  анықтама  қағазды  қоса  тапсырылады.  Сот  Сек-
сеновты əрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану жөнiнде шешiм шығарады. 
Соттың шешiмi дұрыс па? Егер Сексенов қартайған анасын асырап отырса, шешiм өзгерер ме едi? 
16. Өткелова өзiнiң бұрынғы күйеуiн өлдi деп жариялау жөнiндегi арызбен сотқа барады. Арызда 
Өткеловтың қайда жүр-генi туралы 5 жылдан астам уақыт хабарсыз екенiн, оған дейiн Өткеловтың 
алимент төлеуден қашып, соған байланысты iздестi-рiлгенiн көрсетедi. 

Сот  Өткелованың  арызы  мен  Өткеловтың  соңғы  тұрған  же-рiнiң  тұрғын  үй  кеңсесi  берген 
анықтама қағазы негiзiнде оны хабар-ошарсыз кеткенiн мойындау жайлы шешiм шығарады жə-не 
Өткеловтың  хабар-ошарсыз  кеткенi  жайлы  шешiмнiң  күшке  енгенiнен  төрт  жыл  өткен  соң 
арызданушыға оны өлдi деп жа-риялау жөнiндегi арызбен сотқа баруға болатынын түсiндiрiп бе-
редi. 
Соттың шығарған шешiмi дұрыс па? 
17. Есенова күйеуiн өлдi деп жария ету туралы арызбен сотқа барады. Арызда Есеновтың балық 
аулау  кооперативiнiң  мүшесi  болғанын  жəне  сейнерде  балық  өңдеу  шеберi  болып  iсте-генiн 
көрсетедi.  Тоғыз  ай  бұрын  ол  мас  күйiнде  қайықтан  құлап  түсiп,  суға  кетедi.  Арызға  қосымша 
ретiнде жазатайым жағдай туралы акт пен Есеновтың өлiмi бойынша қылмысты iс қоз-ғаудан бас 
тартқаны  туралы  тергеушiнiң  қаулысын  тапсырады.  Арызданушы  өтiнiшiнiң  себебiн  күйеуiнiң 
өлiмi АХАЖ орга-нында тiркелмегендiгiмен негiздейдi. 
Сот қалай шешуi тиiс? 
18.  Геологиялық  экспедиция  мүшесi  Дарынов  Находкадан  Сахалинге  қарай  теплоходпен  жүрiп 
келе жатты. Жапон теңi-зiнде теплоход он екi баллдық штормға ұшырайды да суға кетедi. Экипаж 
мүшелерiнiң жəне жолаушылардың көбiн жақын маңда-ғы кемелер мiнгiзiп алады, бiрақ бiрнеше 
адам,  олардың  iшiнде  Дарынов  та,  табылмады.  Дарыновтың  əйелiне  күйеуiнiң  шторм-дық  ауа-
райы жағдайында кеме апатында хабар-ошарсыз кеткенi туралы радиограмма жiберiледi. Əйелiнiң 
арызы  бойынша,  Дары-нов  сот  шешiмiмен  өлдi  деп  жарияланады.  Əйелiне  мұрагерлiк  бойынша 
оның бүкiл мүлкi өтедi: саяжай, мотоцикл, велосипед жəне т.б. Ата-анасына Алматыға көшуге бел 
байлаған əйелi сая-жай мен мотоциклдi сатады, ал велосипедтi өзiнiң жиенiне сыйға тартады.  
Көп  ұзамай  Дарынов  оралады.  Ол  экипаждың  екi  мүшесiмен  бiрге  оларды  адам  аяғы  баспаған 
аралға  апарып  тастаған  құтқару  салына  өтiп  үлгерген  екен.  Аралдың  маңында  ұшып  жүрген 
тiкұшақтың  экипажы  оларды  байқап  қалғанға  дейiн  сол  аралды  мекендеп  қалған  екен. 
Дарыновтың  əйелi  оның  заңды  тəртiпте  өлдi  деп  жарияланғандығынан  олардың  арасында  неке
бұзыл-ғанын мəлiмдейдi. Дарынов өз заттарының қазiргi иелерiнен оларды қайтарып берудi талап 
етедi.  Онымен  қоймай,  ол  əйелi-нен  оралу  кезiне  дейiн  сақталмаған  заттардың  құнын  қайтарып 
берудi талап етедi. 
Дарынов талаптарының заңды негiзi бар ма? 
19.  Аңшылықты  кəсiп  еткен  Бiржанов  аңға  қойған  қақпан-дарын  тексеруге  орманға  кетедi  де 
қайтып  оралмайды.  Алты  жылдан  соң  ұлының  арызы  бойынша,  сот  тəртiбiмен  ол  өлдi  деп 
жарияланады. Бiржановтың жалғыз мұрагерi саналатын баласы əкесiнiң меншiгiндегi тұрғын үйге 
жəне  басқа  мүлiкке  ие  болуы  керек  едi.  Аталып  кеткен  шешiмнiң  шығуына  дейiн  бiрнеше  күн 
бұрын  Бiржановтың  ұлы  автокөлiк  апатында  қайтыс  болады.  Бiржановтың  басқа  мұрагерi  жоқ 
болғандықтан оның барлық мүлкi мемлекетке өтедi. Үйi аудандық əкiмшiлiк балансына бе-рiледi 
де  оған  тұрғындар  кiргiзiледi.  Ал  қалған  мүлiгi  бағасын  арзандатып  сататын  дүкен  арқылы 
сатылып кетедi. 
7  айдан  соң  аңшы-кəсiпкер  Бiржанов  қайтып  оралады.  Ор-манда  үстiне  құлаған  ағаштан  бас
сүйегiнiң  ауыр  жарақатын  алып,  ес-түссiз  күйде  жақын  арадағы  елдi  мекенге  оташылардың 
арқасында жеткiзiледi. Бiржановтың ешбiр құжаты жоқ болады, ал жарақат салдарынан ол есiнен 
айырылып, өз мекен-жайын ұмытып қалады. 
Бiрнеше жыл бойы ол əртүрлi медициналық мекемелерде ем алады, ал ендi емделiп үйiне оралады. 
өзiнiң бүкiл мүлкi мемле-кетке өткенiн бiлген Бiржанов, əкiмшiлiктен үйiн жəне басқа да заттарын
қайтаруды  талап  етедi.  Əкiмшiлiк  оған  заңға  сəйкес  не  үйiн,  не  басқа  мүлкiн  заттай  болмыста 
қайтарып  бере  алмай-тынын  жəне  оның  тек  ақшалай  орнын  толықтыруға  үмiттенуге  құқықты 
екенiн түсiндiрiп бередi. 

Осындай түсiнiктеменiң жөнi бар ма? 

3-тақырып.
 
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Заңды тұлға ұғымы: 
1.1. Заңды тұлға белгiлерi; 
1.2. Заңды тұлға туралы теориялар. 
2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен əрекет қабiлет-тiлiгi. 
3. Заңды тұлға органдары. 
4. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi. 
5. Заңды тұлғаларды дараландырудың тəсiлдерi (тұрған жерi, атауы, өндiрiстiк маркасы, тауарлық 
белгiсi, тауардың шыққан орнының аталуы). 
6. Заңды тұлғалардың пайда болуы мен тоқтатылу негiздерi: 
6.1. Заңды тұлғаларды құрудың тəсiлдерi; 
6.2. Құрылтай құжаттарының түрлерi мен мазмұны; 
6.3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу; 
6.4. Заңды тұлғаларды қайта құру тəсiлдерi; 
6.5. Заңды тұлғаларды таратудың тəртiбi. 
7. Коммерциялық ұйымдардың құқықтық жағдайы: 
7.1.  Шаруашылық  серiктестiктерi:  толық  серiктестiк,  сенiм  серiктестiгi,  жауапкершiлiгi  шектеулi 
серiктестiк, қосымша жауап-кершiлiгi бар серiктестiк. 
7.2. Акционерлiк қоғам; 
7.3. Өндiрiстiк кооперативтер; 
7.4. Мемлекеттiк кəсiпорындар; 
8. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы: 
8.1. Тұтыну кооперативтерi; 
8.2. Қоғамдық бiрлестiктер; 
8.3. Қорлар; 
8.4. Дiни ұйымдар; 

8.5. Мекемелер; 
8.6. Заңды тұлғалардың бiрлестiктерi. 
8.7. Коммерциялық емес ұйымдардың жеке заңдармен көз-делген өзге де нысандары. 
Есептер 
1.  Заңды  тұлға  құру  арқылы  кəсiпкерлiкпен  айналысудың  əлде  қандай  тиiмдi  екенiне  көздерi 
жеткен кəсiпкерлердiң бiр тобы бiрлесiп заңды тұлға құру туралы ортақ шешiмге келедi. Алайда 
олар заңды тұлға құрудың тəртiбi мен жолдарын бiл-мегендiктен осы мəселе бойынша кеңес алуға 
заңгерге келiп оған төмендегiдей сұрақтарды қояды: 
1) Заңды тұлға құру неден басталады жəне оның құрылтай-шылары кiмдер бола алады? 
2) Заңды тұлға құру үшiн олар қандайда бiр мемлекеттiк не-месе атқарушы органдардың келiсiмiн 
алуға тиiс пе?  
3) Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары деген не жəне оның қандай түрлерi болады, олар не үшiн 
керек?  
4) Құрылтай шарты мен Жарғының бiр-бiрiнен қандай айыр-машылығы бар?  
5) Жарғылық капитал деген не жəне оған салым ретiнде қандай заттарды салуға болады?  
6)  Жарғылық  капиталға  құрылтайшылардың  салған  салым-дары  осы  құрылтайшылардың  ортақ 
үлестiк меншiгi болып та-былатындығы рас па?  
7) Заңды тұлғаның атынан құрылтайшылардың əрекет жа-сауға құқысы бар ма?  
8) Заңды тұлғаның мiндеттемелерi үшiн олар құрылтайшы-лар ретiнде жауап беруге тиiс пе? 
9) Құқық субъектiсi ретiнде заңды тұлға құқықтқ қатынас-тарға қалай түседi? 
10)  Заңды  тұлғаның  филиалы  мен  өкiлдiктерi  не  үшiн  құры-лады  жəне  филиалдың  өкiлдiктен 
қандай-қандай айырмашы-лығы бар? 
11) Заңды тұлғаның жалпы жəне арнайы құқық қаблеттi-гiнiң айырмашылығы неде? 
12)  Коммерциялық  мақсатта  қандай  заңды  тұлғалар  құруға  болады  жəне  АК-те  көрсетiлмеген 
басқа ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық заңды тұлға құруға бола ма?  
13) Заңды тұлға құруға қандай жағдайларда жол берiлмейдi жəне ондай негiздер заңда көзделген 
бе? 
14) Жалпы заңды тұлға құрудың қандай тəсiлдерi болады? 
Заңды  тұлға  құрмақ  болған  осы  кəсiпкерлерлердiң  сұрақ-тарына  Қазақстан  Республикасының 
азаматтық заңдардың нақ-ты баптарына сүйене отырып жауап дайындаңыздар? 
Егер  осы  құрылтайшылардың  екеуi  Қазақстанға  кəсiпкер-лiкпен  айналысу  үшiн  уақытша  келген 
Түрiк азаматтары болса Сiздердiң заңгер ретiнде берген кеңестерiңiздiң мазмұны өзгерер ме едi?  
Азаматтар  үшiн  заңды  тұлға  құру  арқылы  кəсiпкерлiкпен  айналысудың  тиiмдiлiгiн  неде  деп 

ойлайсыздар? 
Заңды  тұлғалардың  жеке  ұйымдық-құқықтық  нысандары-ның  құқықтық  жағдайын  реттейтiн 
заңдарды атап шығыңздар? 
2.  Кəсiпкер  Ботаев  “Жұлдызң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiк-тестiгiне  өзге  қатысушылырдың 
келiсiмiмен  осы  серiктестiктiң  жарғылық  капиталына  қаржылай  салым  салып  серiктестiкке  құ-
рылтайшы болып кiредi. 
Арада  бiрер  уақыт  өткеннен  соң  “Жұлдызң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiгiнiң 
құрылтайшыларының  бiрi — “Тұмарң  акционерлiк  қоғамы  өзiнiң  үлесiн  сатып,  серiктестiктен 
шығу  туралы  шешiм  қабылдап,  өз  үлесiнiң  сатылу  бағасын  көрсетiп  серiктестiктiң  атқару 
органына бұл туралы жазбаша хабарлама жiбередi.  
“Тұмарң акционерлiк қоғамының үлесiн сатып алуға серiк-тестiктiң тек екi қатысушысы ғана тiлек 
бiлдiредi, олардың бiрi кəсiпкер- Ботаев, ал екiншiсi кəсiпкер-Мамытқанов болатын. 
Алайда,  олар  сатылатын  үлестiң  бағасын  қымбат  деп  тауып  сатушы  ұсынған  баға  бойынша
үлестiң тек жартсын ғана сатып алуға даяр екендiктерiн айтады.  
Өз  үлесiн  неғұрлым  жылдам  əрi  тұтастай  сатуға  мүдделi  болған  “Тұмарң  акционерлiк  қоғамы 
тiлек  бiлдiрушiлерге  өзiнiң  үлесiн  жартылай  емес  толық  сатқысы  келетiндiгiне  сiлтеп  үлестi 
оларға сатудан бас тартады. 
Көп уақыт өтпей “Тұмарң акционерлiк қоғамы өзiнiң үле-сiн тұтастай сатып алуға ниет бiлдiрген 
“Мұзартң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiгiне  бастапқы  баға  бойынша  өз  үлесiн  то-лығымен 
сатып жiбередi. 
Бұл  жайды  естiп  бiлген  Ботаев  пен  Мамытқанов  “Тұмарң  акционерлiк  қоғамы  олардың  үлестi 
сатып алу басымдылық құ-қығын бұзды деп санап, үлестi сатып алу шартын жарамсыз деп тану 
туралы сотқа талап арыз бередi?  
Ботаев пен Мамытқановтың талабы қанағаттандыруға жата ма? 
Егер  “Тұмарң  акционерлiк  қоғамы  өзiнiң  үлесiн  бастапқыда  белгiленген  бағадан  едəуiр  арзан 
бағаға сатып жiберсе Сiздердiң шешiмдерiңiз өзгерер ме едi? 
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша қалай жауап бередi? 
Жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiктiң  жарғылық  капита-лын  азайтудың  тəртiбi  жайлы  баяндап 
берiңiздер? 
Қандай жағдайларда жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк мемлекеттiк тiркеуге алынбайды? 
3.  Минералды  жəне  эколологиялық  таза  табиғи  су  өндi-румен  айналыспақшы  болған  “Бастауң 
қосымша  жауапкершiлiгi  бар  серiктестiгi 2002 жылдың  қазан  айында  коммерциялық  жо-баны 
жүзеге  асыру  мақсатында  банктен  қысқа  мерзiмге  iрi  кө-лемде  несие  алады.  Алайда,  табиғи  су 
қорының  кеннеттен  тар-тылып  скважиналардың  жабылуы  салдарынан  “Бастауң  қосымша 
жауапкершiлiгi  бар  серiктестiгi  бiршама  шығынға  ұшырап,  ақы-ры  жоспарланған  коммерциялы 
жобаны  тоқтатуына  тура  келедi.  Несиенi  қайтарып  беру  мерзiмi  жеткенде  серiктестiктiң  банкке 
төлеуге  тиiс  ақша  соммасы  мен  мүлкi  жетпейтiн  болып  шығады  жəне  сонымен  брге  “Бастауң 
қосымша  жауакершiлiгi  бар  серiк-тестiгiнiң  төрт  қатысушысының  бiрi  болып  табылатын 
“Юмпексң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң банкроттыққа ұшыраға-ны анықталады.  
Осы жағдайда “Бастауң қосымша жауапкершiлiгi бар серiк-тестiгiнiң мiндеттемесi бойынша оның 

қатысушылары қалай жауап беруi тиiс?  
Мысалы, қосымша жауакершiлiгi бар серiктестiктiң жарғы-лық капиталының жалпы мөлшерi 800 
000 мың тенгенi құраса, оның iшiнде: 1-шi қатысушының үлесi 10%; 
2-шi қатысушының үлесi 15%; 
3-шi қатысушының үлесi 35%; 
4-шi  қатысушы,  яғни  “Юмпексң  ЖШС-нiң  үлесi 40% құ-раса,  қатысушылрдың  жауапкершiлiк 
мөлшерi  қандай  мөлшерде  болмақ?  Заң  нормаларына  негiздеп  осы  мəселе  бойынша  шешiм 
қабылдаңыздар. 
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қызметiн реттей-тiн Қазақстанда қандай заң бар?  
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң жарғылық капи-талының ең төменгi мөлшерi заңмен 
белгiленген бе? 
4. “Джон  Вуд,  Лтдң  фирмасының  жалғыз  құрылтайшысы  болып  табылатын  американдық  iскер 
Қазақстанда  кəсiпкерлiк-пен  айналысудың  ең  тиiмдi  жолдары  жайлы  ақпарат  алу  мақ-сатымен 
заңгерге  кеңес  алу  үшiн  келедi.  Кəсiпкер  ұйымдастыр-мақшы  болған  фирма  келесi  талаптарды 
қанағаттандыруы  тиiс:  ешқандай  кедергiсiз  кез-келген  коммерциялық  жəне  қайырым-дылық  iс-
əрекетпен айналысуға мүмкiндiк беретiн болуы шарт; 
2) фирма басшылығының əрекетiн толық бақылауды қам-тамасыз ету керек; 
3) фирманың iс-əрекетi жайында негiзгi қаржылық ақпарат (бухгалтерлiк есеп беру‚ баланс жəне т. 
с. с.) құпиясының сақта-луына жағдай қарастырлуы керек; 
4)  сондай  фирманың  мiндеттемелерi  бойынша  жауапкершi-лiгiн  оның  капиталына  салынған 
сомамен шектелуi тиiс. 
Сонымен бiрге кəсiпкер заңгерге келесi сұрақтар қойылады: 
z
фирманың заңды тұлға болуы мiндеттi түрде қажет пе?  
z
Қазақстандық құқықта “заңды тұлғаң терминi қалай тү-сiндiрiледi?  
z
фирмаға қосалқы құрылтайшылар ретiнде Қазақстандық азаматтарды‚ сонымен бiрге 
мемлекеттiк жəне жергiлiктi орган-дарды тартуға бола ма?  
Заңгердiң атынан кəсiпкерге кеңес берiңiз. Сiз қандай заңды тұлғаны құруға кеңес берер едiңiз? 
5. “Эллисң  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiктiң  қатысу-шылары  осы  серiктестiкке  қатысушы 
“Өркенң  акционерлiк  қоғамын  серiктестiктiң  қатысушылар  қатарынан  шығару  туралы  шешiм 
қабылдайды.  Себебi  АҚ-ның  бухгалтерi  ЖШС-тiң  коммерциялық  құпия  болып  табылатын 
қаржылық  ақпараттын  рұқсатсыз  жария  етiп  жiберген.  ЖШС  қатысушыларының  жалпы 
жиналысына қатысқан АҚ-ның өкiлi қателiк iстеген АҚ бух-галтерi қазiр жұмыстан босатылғанын 
жəне  оның  заңды  тұлға  ретiнде  АҚ  органы  болып  табылмайтынын‚  демек‚ “Өркенң  АҚ  оның 
заңсыз əрекетi үшiн жауапты еместiгiн мəлiмдейдi.  
Тiркеу органы келесi негiздемелер бойынша “Өркенң АҚ-ын қатысушылар қатарынан шығаруды 
рəсiмдейтiн ЖШС-тiң құ-рылтай  құжаттарына  өзгерiстердi  енгiзуден  бас  тартады:  ша-руашылық 
серiктестiгiнен  мүшелердi  шығару  тек  сот  шешiмiмен  жүзеге  асырылады‚  өйткенi  ЖШС 
жарғысында қатысушылардың жалпы жиналысының сəйкес құқығы қарастырылмаған. 
Осы жағдайға талдау жасап жəне тараптар дəйектерiнiң заң-ға сəйкестiгiн бағалаңыз. 

Заңды тұлғаның қайта құру деген не? Ол қандай түрде жа-салуы мүмкiн?  
Шаруашылық серiктестiктен мүшелiктен шығарудың қандай негiздерi мен тəртiптерiн бiлесiздер? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет