С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


22. Мектеп оқушылры Сарайының директоры заңгерлерден төмендегi мəселелер бойынша кеңес 
беруiн өтiнедi, коммер-циялық емес ұйым болып табылатын мекеме нысанында құ-рылған мектеп 
оқушылары  Сарайы  пайда  келтiру  мақсатында  қандайда  бiр  кəсiпкерлiк  түрiмен  айналысуына 
құқысы  бар  ма  деп  сұрайды, (мысалы  қазақ  жəне  ағылшын  тiлдерiн  үйрететiн  ақылы  курстар 
ашуға жəне осы мекеменiң автокөлiгiн пайда-ланып қала iшнде экскурсия ұйымдастыруына жəне 
оқушылар Сарайының бос ғимараттарын тауар қоймасы үшiн пайдалануға жалға беруге, тұтыну 
тауарларын сатып алып оларды қайта са-туына, түрлi лоторея ойындарын өткiзуге жəне сондай-ақ 
қозға-ламайтын мүлiктермен жасалатын өзге де мəмлелердi жасасуға т.б.) директордың пiкiрiнше 
осы  əрекеттердi  жүзеге  асыру  нəти-жесiнде  түсетiн  қаржы  мекетеп  оқушылары  Сарайы  қызмет-
керлерiнiң жалақысын көтеруге жұмсауға жоспарланбақ едi.  
Мектеп оқушылары Сарайының директорына осы мəселе бойынша қандай кеңес берер едiңiздер? 
Мекемелердiң өзге де коммерциялық емес ұйымдардан бас-ты ерекшелiктерi неде?  
Мекемелердiң қандай түрлерiн бiлесiздер жəне олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы неде? 
23.  Қазақстан  Республикасы  Армиясының  офицерлерi  капи-тан  Абдулов,  аға  лейтенант  Маратов 
жəне  лейтенант  Васьильев  “Бiздiң  жолң  атты  саяси  партияның  бағдарламасымен  танысып  оның
мүшесi болуға ниетттенiп саяси партияның органына арыз бередi. 
Көп уақыт өтпей өтiнiш бiлдiрген офицерлердiң бəрi саяси партияға мүшелiкке қабылданды.  
Офицерлердiң  бұл  əректiнен  хабардар  болған  əскери  бөлiм-шенiң  бастығы  офицерлердiң  саяси 
партиядан дереу мүшелiктен шығуын талап етедi. Əскери бөлiмше бастығының пiкiрi бойын-ша, 
Қазақстан Республикасы Армиясының офицерлерi қандай да бiр саяси партияның мүшесi болуға 
құқысы жоқ жəне бұл жағ-дайдың заң талаптарына қайшы келетiндiгiн айтады. 

Əскери  бөлiмшенiң  бастығы  сонымен  бiрге  егер  офицер-лерге  саяси  партиядан  мүшелiктен  өз 
ерiктерiмен шықпаса олар-дың бəрi əскери қызметтен ерiксiз босатылатындығын ескертедi. 
Офицерлер  сотқа  талап  арыз  берiп  онда  өздерiнiң  саяси  бос-тандықтарына  əскери  бөлiмше 
бастығының шек қойып жатқа-нын жəне осы құқық бұзушылықты болдырмауды тал
а
п етедi.
 
Өздерiнiң  талап  арызын  офицерлер  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 23-бабына 
жүгiнiп  онда  Қазақстан  Респуб-ликасының  кез-келген  азаматы  ерiктi  одақтарға  бiрiгуге  құқылы 
екендiгi көрсетiлгенiн жəне Қазақстан Республикасының “Саяси партиялар туралың Заңының 3-шi 
бабының 3-шi тармағында азаматтардың саяси партияларға мүше болуы олардың құқық-тары мен 
еркiндiктерiн  шектеуге  негiз  болып  табылмайтындығы  жайлы  баяндалғандығына  сiлтеме 
жасайды. 
Офицерлердiң талап арызы бойынша сот қандай шешiм шы-ғаруы тиiс? 
Саяси партиялар коммерциялық емес заңды ұйымдардың қандай түрiне жатады? 
Қазақстан  Республикасының  азматтары  бiр  мезгiлде  екi  немесе  оданда  көп  саяси  партияларға 
мүше бола ала ма? 
Саяси партияларды тiркеу үшiн оның мүшелерiнiң саны ең аз дегенде қанша болуы тиiс?  
Қандай саяси партияларды құруға Қазақстанда заңдармен тиым салынған? 
Саяси партиялардың жарғысын қабылдау мен өзгерту қан-дай тəртiппен жүргiзiледi? 
Қанша жастан бастап саяси партияларға мүше болуға рұқсат етiлген?  
Саяси партиялардың тоқтатылу негiздерiн атап шығыңыз-дар? 
24.  Ауылшаруашылығы  тұтыну  кооперативiн  құруды  мақсат  тұтқан  жеке  кəсiпкер  Қайрат 
Өмiрбеков өзiнiң жақын туысы университеттiң заң факультетiнiң студентi Мұхтарға өзiн қызық-
тыратын мына сұрақтарға жауап беруiн өтiнедi: 
z
Ауылшаруашылығы тұтыну кооперативiн қалай құруға болады жəне оның құқықтық 
жағдайын реттейтiн Қазақстанда қандайда бiр арнайы заң бар ма?  
z
Ауылшаруашылығы тұтыну кооперативiн тек ауылдың тұрғындары ғана құруға 
болатындығы рас па?  
z
Азаматтар ауылшаруашылығы тұтыну кооперативiне қан-ша жастан бастап мүше бола 
алады жəне заңды тұлғалар коопе-ративтiң құрылтайшысы бола ала ма

 
z
Тек бiр ғана тұлғаның ауылшаруашылығы тұтыну коопе-ративiнiң құрылтайшысы болуы 
мүмкiн бе жəне мұндай коопе-ративтiң мүшелерiнiң саны заңмен шектелiнген бе?  
z
Мүлiктiк салым (пай) ретiнде өзiнiң жалға алған “MANң автокөлiгiн пайдалану құқығын 
кооперативке салым ретiнде бе-руiне бола ма?  
z
Егер салымшылардың бiрi өз еркiмен кооперативтен мү-шелiктен шыққан жағдайда ол 
ауылшаруашылығы тұтыну коо-перативiнiң мүлкiнен өзiнiң үлесiн бөлiп алуға құқылы ма?  
z
Ауылшаруашылығы тұтыну кооперативiнде қандай органдар болады?  
Осы қойылған сұрақтарға Сiздер қалай жауап берер едiңiз-дер? 
Сiздердiң жауаптарыңыз тиiстi заң нормаларымен негiзделуi қажет. 
25.  Құрылтайшысы  жеке  кəсiпкер  Зейнолла  Задаеев  болып  табылатын  “Зейiнң  акционерлiк 
қоғамы  өзiнiң  қаражаттары  есе-бiнен  Астана  қаласындағы  жаңа  салынып  жатқан  шет  ықшам

аудандардың  бiрiнде  орналасқан  бiрнеше  дүкендердi  сатып  ала-ды.  Алайда  бiрнеше  айлар  бойы 
атқарылған жұмыстардың нəти-жесi ықшам ауданда тұрғын үйлердiң салыну қарқыны тым баяу-
лап кетуiне байланысты дүкенге келетiн сатып алушылар аз болып, дүкендерден түсуi тиiс табыс 
көлемi бастапқы болжам-нан едəуiр аз болып шығады. Осының нəтижесiнде “Зейiнң ак-ционерлiк 
қоғамның мемлекетке төленетiн салықтарды төлеуден кейiн қалған таза табысының көлемi аз ғана 
соманы  құрайды.  Коммерциялық  емес  ұйымдар  үшiн  Қазақстан  Республикасы  заңдарында 
салықтық  жеңiлдiктер  көзделетiндiгiн  естiп  бiлген  Зейнолла  Задаеев  өзi  құрған  қоғамды  қайта 
құрып  коммер-циялық  емес  акционерлiк  қоғам  ретiнде  қайта  тiркеу  туралы  шешiм  қабылдайды. 
Қажеттi  құрылтай  құжаттарын  қайта  дайын-дап  болып  ол  тиiстi  өтiнiшпен  мемлекеттiк  тiркеу 
органына  ба-рады.  Алайда  заңды  тұлғаны  тiркеумен  айналысатын  əдiлет  орга-нының  маманы 
оның  өтiнiшiн  қанағаттандырудан  бас  тартып  Қазақстан  заңдарына  сəйкес  əуелбаста 
коммерциялық  ұйым  болып  құрылған  акционерлiк  қоғамның  коммерциялық  емес  ұйым  болып 
қайта құрылуына жол берiлмейдi түсiндiредi. 
Тiркеу органы маманының пiкiрi қаншалықты негiздi?  
Коммерциялық  емес  акционерлiк  қоғамның  құқықтық  жағ-дайының  ерекшелiктерiн  айтып 
берiңiздер? 
Коммерциялық  емес  акционерлiк  қоғамның  коммерциялық  акционерлiк  қоғамнан  басты 
айырмашылықтары неде? 
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың қандай ак-цияларды шығаруға құқығы болмайды?  
Коммерциялық  емес  акционерлiк  қоғамдардың  акционер-лерi  акциалар  бойынша  дивидент  алуға 
құқысы бар ма? 
Коммерциялық  емес  акционерлiк  қоғамдардың  сандық  жə-не  сапалық  құрамы  заңда  қалай 
анықталған?  
26.  “Алматы  қаласы  риэлторлар  қауымдастығыныңң  мүшесi  болып  табылатын  риэлторлық 
қызметпен айналысатын “Адалң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi кезектi қаржы жылы аяқта-
лысымен  қауымдастықтан  мүшелiктен  шығу  туралы  шешiм  қа-былдайды.  Мұндай  шешiмнiң 
қабылдануына қауымдастық қыз-метiнiң тиiстi нəтиже бермеуi себеп болған болатынды. Осыған 
байланысты  серiктестiк  қауымдастыққа  мүшелiкке  кiру  кезiнде  өзi  салған  салымдарын  керi 
қайтарып берудi талап етедi.  
Алайда қауымдастықтың президентi “Адал" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бұл талабын 
негiзсiз деп санайды, себебi қауымдастықтың құрылтай құжаттарында салымдар мен жарна-ларды 
қайтарып  беру  туралы  ереже  қарастырылмаған.  Сондық-тан  да  қауымдастықтан  мүшелердiң 
шығуы қауымдастыққа қан-дайда бiр төлемдер төлеу мiндетiн жүктей алмайды.  
Сондай-ақ қауымдастық президентi “Адал" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi қауымдастықтың 
шарттық  мiндеттемелердi  орындамауы  салдарынан  туындаған  мiндеттерi  бойынша  жауапты 
екендiгiн  ескертедi.  Серiктестiк  болса  қауымдастық  президентi-нiң  пiкiрiмен  келiспей, 
қауымдастықтың өзге мүшелерiнiң жауапсыздығы салдарынан туындаған мiндеттемелер үшiн өзiн 
жауапты  деп  санамайтындығын  айтады  жəне  оның  үстiне  қауымдастықтың  мiндеттемелерi  үшiн 
құрылтай құжаттарында мүшелердiң қосымша жауапкершiлiк көзделмегендiгiне сiлтеме жасайды. 
Бұл дау қалай шешiлуi тиiс?  
Өзiнiң  несие  берушiлерiнiң  талабын  қанағаттандыруға  қауым-дастықтың  мүлкi  мен  ақша 
қаражаты жетпейтiн болса қауымдас-тықты банкрот деп тануға бола ма?  
Қауымдастықтың мүлкiнiң құқықтық режимi қандай?

Қауымдастықтың  мүлкi  мен  мүшелерiнiң  жарна  көлемiнiң  ең  төменгi,  яғни  минималды  мөлшерi 
заңмен анықталған ба? 
27. Аудиторлық компания “Қазақаудитң акционерлiк қоға-мы мен “Қаржыаудитң жауапкершiлiгi 
шектеулi  серiктестiгi  Ал-маты  қаласы  бойынша  қаржы,  салық,  кеден  жəне  банктiк  заңна-малар 
бойынша  кеңес  берумен  айналысып  жүрiп,  əсiресе  түрлi  мемлекеттiк  органдарда  көптеген
түсiнiспеушiлiктерге жиi тап болып жүретiн. 
Бұдан  былай  өздерiнiң  мүдделерiн  ұйымдасқан  түрде  тиiмдi  қорғауды  мақсат  тұтқан  аталған 
компаниялар Республикалық аудиторлар палатасына мүше болып кiру туралы бiрауыздан ше-шiм 
қабылдайды.  
Республикалық  аудиторлар  палатасына  осындай  өтiнiшпен  барған  оларға  Республикалық 
аудиторлар  палатасы  аймақтық  аудиторлар  палатасына  баруға  кеңес  бередi,  себебi  Республика-
лық  аудиторлар  палатасына  мүше  болып  тек  аймақтық  аудитор-лар  палаталары 
қабылданатындығымен түсiндiредi. Аймақтық аудиторлар палатасы болып табылатын — Алматы 
қаласының  аудиторлар  палатасы  өтiнiш  бiлдiрушiлердiң  арызын  қабылдау-дан  бас  тартып  өз 
кезегiнде  аймақтық  аудиторлар  палатасына  мүшелiкке  тек  лицензия  алып  аудиторлық  қызметтi 
жүзеге  асы-рушы  жеке  тұлғалар  ғана  қабылданатындығын  айтады.  Аймақ-тық  аудиторлар 
палатасының  жетекшiсi  аудиторлық  қызметтi  жүзеге  асырушы  заңды  тұлғалар  өздерiнiң  кəсiби 
мүдделерiн  қауымдастық  (одақ)  нысанындағы  бiрлестiктер  құру  арқылы  қорғап  жүзеге  асыруы 
тиiс екендiгiн ескертедi. 
Əрбiр тараптың пiкiрiне құқықтық тұрғыдан баға берiп осы iс бойынша шешiм қабылдаңыздар.  
Аудиторлар палатасы қандай мақсаттар үшiн құрылады жə-не оның қызметiн реттейтiн заңдарды 
атаңыздар? 
28.  Қазақстан  Республикасы  əдiлет  министiрлiгiнде  тiркеген  Астана  қаласындағы  адвокаттар 
алқасына  Қазқстанның  əртүрлi  обылыстарынан  заңгерлерден  адвокаттар  алқасына  мүше  етiп 
қабылдау  туралы  көп  өтiнiштер  келiп  түседi.  Адвокаттар  алқасы-ның  атқару  органы  болып 
табылатын алқа Президумы осы мə-селенi дауысқа салып, нəтижесiнде адвокаттар алқасына мүше 
болуға  өтiнiш  берген,  əрi  заңгер  болып  ең  кем  дегенде  үш  жыл  қызмет  атқарған  барлық  басқа
облыстардан келген заңгерлердi адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау туралы шешiм қабыл-
дайды.  
Бұл  жай  аймақтық  əдiлет  органдарына  белгiлi  болғанда  ол  адвокаттар  алқасының  Президумы
қабылдаған жоғарыда аталған шешiмi Қазақстан заңдарына қайшы деп тауып оның дереу кү-шiн 
жоюды талап етедi.  
Əдiлет органдарының осындай талап қоюына заңды негiз бар деп ойлайсыздар ма? 
Қазақстан Республикасында адвокаттар алқасының қызметi қандай заңмен реттеледi?  
“Адвокаттық конторң деген не? Оның “заң кеңесiненң айырмашылығы неде? 
Адвокаттар алқасы қалай құрылады жəне оларға қандай қызмет атқару жүктелген?  
29.  Ауылшаруашылығы  өнiмдерiн  өңдеумен  шұғылданатын  “Алауң  ауылшаруашылығы 
серiктестiгiнiң мүшесi — ауылшаруа-шылығы өнiмдерiн өндiрушi “Дарынң өндiрiстiк кооперативi 
өзi-нiң бастапқы қызмет түрiн ауыстырып, құрлыс материалдарын сатумен айналыса бастайды.  
Бiрнеше ай өткеннен соң серiктестiктiң жалпы жиналысы-ның шешiмi бойынша өзiнiң бастапқы 
қызмет  түрiн  ауыстыр-ғандығы  үшiн  “Дарынң  өндiрiстiк  кооперативi  ауылшаруашы-лығы 
серiктестiгiнен  мүшелiктен  шығарылады.  Ауылшаруа-шылығы  серiктестiгiнiң  бұл  қабылдаған 

шешiмiн  заңсыз  деп  тауып  өндiрiстiк  кооператив  сотқа  талап  арыз  бередi.  Осы  мəселе  сотта 
қаралып,  нəтижесiнде  ауылшаруашылығы  серiктестiгiнiң  жалпы  жиналысы  қабылдаған  шешiмi 
заңды деп танылады.  
Сот шешiмiнде өндiрiстiк кооперативтiң өзiнiң бастапқы қызмет түрiн өзгертуi оны серiктестiктен 
мүшелiктен шығруға заңды негiз болып табылады деп көрсетiледi.  
Сот  шығарған  шешiмге  көңiлi  толмаған  “Дарынң  өндiрiстiк  кооперативi “Алауң 
ауылшаруашылығы  серiктестiгiндегi  өзнiң  пайын  қайтарып  берудi  талап  етедi. “Алауң 
ауылшаруашылығы серiктестiгiнiң басқармасы өндiрiстiк кооперативтiң бұл талабы-на қарсылық 
бiлдiрмеген  болатын.  Алайда  серiктестiк  объек-тивтiк  себептерге  байланысты  дəл  осы  талап 
етiлген мерзiмде кооперативтiң пайын бөлiп беруге мүмкiндiгi болмай тұрған-дығын айтады.  
Осы  мəселенi  шешу  мақсатында  серiктестiк  мүшелерiнiң  кезектен  тыс  жалпы  жиналысы 
шақырылып, онда серiктестiк басқармасы серiктестiктiң барлық мүшелерiне қосымша салым-дар 
салу  арқылы  өндiрiстiк  кооперативтiң  пайын  қайтарып  беру  мүмкiндiгiн  қарастыруды  ұсынады. 
Жалпы жиналыс мұндай ше-шiмдi қабылдаудан бас тартады. 
Бұл iстi қалай шешуге болады?  
Ауылшаруашылығы  серiктестiгi  туралы  не  бiлесiздер,  ол  коммерциялық  емес  ұйымдардың  жеке 
ұйымдық-құқықтық ны-саны болып табыла ма? 
Ауылшаруашылығы серiктестiгiнiң шаруашылық серiктестiк-терiнен айырмашылығы неде? 
Өзiнiң  қызмет  сипатына  байланысты  ауыршаруашылығы  се-рiктестiктерi  қандай  түрлерге 
бөлiнедi?  
Ауыршаруашылығы серiктестiгi тұтыну кооперативi болып қайта құрыла ала ма?  
Ауылшаруашылығы серiктестiгiнiң тұтыну кооперативiнен басты айырмашылығы неде? 
30.  Ұзақ  жылдар  бойы  əртүрлi  мекемелерде  заңгер  болып  жұмыс  iстеген  бiр  топ  жеке  тұлға 
лицензия  алып  нотариалдық  қызмет  көрсетумен  шұғылданып  жүредi  де,  өздерiнiң  кəсiби 
мүдделерiн  жүзеге  асыруға  жəне  оларды  ұйымдасқан  түрде  мем-лекеттiк  органдар  алдында 
қорғауға мүмкiндiк беретiн заңды тұлға құру туралы бiрлесiп шешiм қабылдайды. Осы мəселеге 
байланысты  қарастырылған  ең  басты  сұрақ  ол  осы  заңды  тұл-ғаның  қандай  ұйымдық-құқықтық 
нысанда құрылуы жайлы болды. Құрылтайшылардан мынандай ұсыныстар келiп түседi: 
z
кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерция-лық емес ұйым құрып соның жарғысы 
негiзiнде жұмыс iстеу;  
z
ЖШС немесе АҚ құру;  
z
жеке тəжiрибемен шұғылданушы нотариустер қауымдас-тығын құрып оған мүше болып 
кiру;  
z
қалалық ноториалдық палатаға мүше болып кiру;  
Сонымен  бiрге  құрылтайшылардан  жаңадан  басқа  бiр  но-тарилдық  палата  құру  туралы  да 
ұсыныстар келiп түседi; 
Осы  арада  заңгер  Талғат  Қанағатов  нотариалдық  палата  де-ген  заңды  тұлғаның  ұйымдық-
құқықтық нысаны Қазақстан Республиксының азаматтық кодекiсiнде қөзделiнбегендiгiн айта-ды. 
Сондықтан  да  оның  пiкiрiнше  нотариалдық  палата — ол  азаматтық  кодексте  көзделген 
коммерциялық емес ұйымдардың кез-келген түрi болуы мүмкiн.  
Нотариалдық палата деген не жəне ол қандай мақсаттарда құрылады? Нотариалдық палаталардың 

қызметi қандай заңмен реттеледi? 
Заңгер Талғат Қанағатовтың пiкiрi туралы не айтар едiңiз-дер? 
Осы  жоғарыда  ұсынылған  заңды  тұлғалар  нысандарының  қайсы  Сiздiң  пiкiрiңiзше  аталған 
жағдайда құрылтайшылар үшiн ұтымды болар едi? 
Қазақстан Республикасының аумағында нотариалдық пала-талар қалай құрылады? 
Нотариалдық  палаталардың,  соның  iшiнде  Республикалық  нотариалдық  палатаның  құзыретi 
қандай?  
31. “Медетң пəтер меншiк иелерiнiң кооперативi өз иелiгiн-дегi ғимараттағы бос тұрған бiрнеше 
орындарды  кəсiпкерлерге  жалға  берiп,  ол  жерлерде  кəсiпкерлер  сауда  орындарын  ашып  жұмыс 
жасай  бастайды.  Əр  ай  сайын  жалға  беруден  түскен  төлем  ақша  кооперативтiң  күнделiктi 
қажеттiлiгiн  өтеуге,  ал  белгiлi  бiр  бөлiгi  кооператив  қызметкерлерiнiң  жалақысына  жұмсалатын. 
Бұл  ақшалардың  тек  аз  ғана  бөлiгi  кооперативтiң  барлық  мүшелерi  арасында  теңдей  бөлiнiске 
салынып отыратын болған.  
“Медетң пəтер меншiк иелерiнiң кооперативiнiң қызметiн тексеру барысында қала прокурорының 
көмекшiсi кооперативтiң қызметi мен оның құрылтай құжаттарының Қазақстан заңда-рына қайшы 
келетiндiгiн атап, кооперативтi акционерлiк қоғам етiп қайта құруды ұсынады.  
Қала прокуроры көмекшiсiнiң осы пiкiрi қаншалықты негiз-дi деп бiлесiздер?  
Пəтер меншiк иелерiнiң кооперативiн акционерлiк қоғам етiп қайта құруға бола ма? 
Пəтер меншiк иелерiнiң кооперативi не үшiн құрылады? 
Пəтер меншiк иелерi кооперативiн құру үшiн қандай құ-жаттар қажет?  
32. “Темiр-бетонң АҚ-ның кəсiподақ комитетiнiң төрағасы завод директорына өтiнiш жазып, онда 
заводтың  жаңа  салынып  болған  кеңсе  ғимаратынан  кəсiподақ  ұйымы  үшiн  екi  бөлме  беруiн 
сұрайды,  яғни  өтiнiште  оның  бiреуi — кəсiподақтың  кеңсесi  үшiн,  ал  екiншiсi-  спорттық-
сауықтыру орыны үшiн пайдалануға қажет деп көрсетiледi.  
Алайда  бұл  өтiнiштi  завод  директоры  қанағаттандыра  ал-майтындығын  мəлiмдейдi,  оның 
пiкiрiнше кəсiподақтар ұйымы қоғамдық бiрлестiктердiң бiр түры болғандқтан завод бұл ұйым-ға 
қажеттi  бөлмелердi  тек  ақылы  негiзде  ғана  бере  алатындығын  айтып,  кəсiподақтар  ұйымына 
қозғалмайтын мүлiктi жалға беру шартына отыруды ұсынады.  
Осыдан кейiн кəсiподақ ұйымының төрағасы қала про-курорының атына арыз жазып, онда завод 
басшылығына  кеңсе  ғимаратынан  жоғарыда  аталған  бөлмелердi  кəсiподақ  ұйымының 
мұқтаждығына тегiн берудi мiндеттеудi сұрайды. 
Кəсiподақтар ұйымы төрағасының осы талабы негiздi ме? 
Кəсiподақтар ұйымдарының құқықтық жағдайын белгiлей-тiн қандай заңдар бар? 
Қазақстан Республикасында кəсiподақтар ұйымдары үшiн қандай құқықтар берiлген? 
Кəсiподақтар ұйымы жұмыс берушiлердiң мiндеттемелерi үшiн жауап бере ме?  

4-
т
ақырып.
 
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТIЛЕРI
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Азаматтық құқық объектiлерiнiң ұғымы мен түрлерi. 
2. Материалдық игiлiктер: 
2.1. Азаматтық құқықтағы мүлiк ұғымы; 
2.2. Заттар жəне олардың классификациясы; 
2.3. Жұмыстар‚ қызмет көрсету; 
2.4. Ақша‚ бағалы қағаздар; 
2.5. Мүлiктiк құқық жəне басқа мүлiк. 
3. Материалдық емес игiлiктер: 
3.1. Интеллектуалдық ой еңбегiнiң нəтижелерi; 
3.2. Ақпарат; 
3.3. Интеллектуалдық меншiк; 
3.4. Басқа да материалдық емес игiлiктер. 
Есептер 
1.  Бiрлестiктiң  мал  шаруашылық  кешенiмен  жасасқан  шар-ты  бойынша  соңғысы  Бiрлестiкке 60 
бұзау  мен 50 торайды  өткi-зудi  мiндетке  алады.  Малды  жiберуден 1 күн  бұрын  кешен  ди-
ректорының  тапсырмасымен  торайлар  iрiктелiп‚  бөлек  тұрған  қораға  жабылады.  Найзағай 
соққысының нəтижесiнде торайлар тұрған қора өртенiп‚ бүкiл 50 торай мерт болады.  
Осымен  байланысты  малшаруашылық  кешенi  Бiрлестiкке  тек 60 бұзауды  ғана  бермекшi  болады 
да‚ ал өздерiндегi торайлар олардың санын өсiру үшiн өздерiне қажет дегенге сiлтеп‚ торайларды 
беруден бас тартады.  
Бiрлестiк талап арызбен сотқа барады.  
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? Осы дауды шешу үстiнде заттардың қандай классификациясы 
қолдануы  тиiс?  Егер  сатып  алушы  бұзау  мен  торайларды  қабылдауға  белгiленген  мерзiмiнен 3 
күнге  кешiгiп  келетiн  болса‚  ал  торайлар  сатып  алушының  келуiнен 1 күн  бұрын  мерт  болса‚ 
шешiм өзгерер ме едi? 
2.  Некенi  бұзуға  байланысты  ерлi-зайыпты  Қуанышевтар  арасында  бiрге  жиған-терген  мүлiктi 
бөлу  жайында  дау  туады.  Асан  Қуанышев  жиһаз  гарнитуры‚  асханалық  жəне  шай  сервиз-дерi‚ 
көркем əдебиет кiтапханасын жəне басқа да мүлiктiң баға-сын ескере отырып‚ теңдей етiп бөлуiн 
талап етедi. Нəтижесi заттардың құнсыздануына əкелетiндiктен Сабира Қуанышева ондай бөлiске 
қарсылық  бiлдiредi  жəне  Қуанышевқа  жиһаз  гарнитурын  алып‚  ал  оған  асханалық  жəне  шай 
сервиздерiн берудi ұсынады. Кiтаптарды болса авторлар бойынша бөлiп алуға келiседi. Бiрақ М. 

Əуезов шығармалар жинағының хаттары жарыққа шығарылған соңғы томын берудi сұрайды. 
Пайда болған дауды шешу кезiнде заттардың қандай класси-фикациясын ескеру қажет жəне iстiң 
сотқа берiлу жағдайында көрсетiлген мүлiк қалай таратылуы тиiс? 
3.  Серiкжанов  комиссиялық  дүкенге  скрипка  сатып  алу  үшiн  келедi.  Скрипка  қияғымен  бiрге 
қынапта  жатқан  болатын  жəне  олардың  қасына  бағасы  қойылған.  Серiкжанов  кассаға  ба-рып, 
көрсетiлген  сомаға  чек  соқтырып  алады.  Сатушы  Серiкжа-новқа  қияқ  пен  қынапсыз  тек 
скрипканы  бередi.  Серiкжанов  қияқ  пен  қынаптың  берiлуiн  талап  етедi.  Сатушы  оған  баға  тек 
скрипка үшiн қойылғанын айтып жауап бередi.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
4. Манарбаев құрамында көне алтын дiлдəлар мен алтын қасықтар, шанышқылар, сонымен бiрге 
марқұмның  қолжаз-балық  туындылары  бар  мұраға  ие  болады.  Заңды  бұзып  алам  ба  деп 
күмəнданған  Манарбаев,  өзiнiң  ие  болған  алтын  дiлдəлары  мен  мұра  қалдырушының 
қолжазбаларына ие болу құқығын түсiндiрiп беруiн сұрап, заң кеңесшiсiне барады.  
Қандай түсiнiктеме берiлуi тиiс? 
5.  Кəсiпорынды  мүлiктiк  кешен  ретiнде  сату  кезiнде  сатып  алушыға  өтетiн  мүлiктiң  құрамын 
анықтау  жөнiнде  сатушы  мен  сатып  алушы  арасында  келiспеушiлiктер  туады.  Сатушы  оның 
билеуiнде кəсiпорынның сатылмаған өзi шығарған өнiмi қалуын, сонымен қатар өткiзiлiп жатқан 
кəсiпорын  құрамынан  мүлiктiк  емес  құқықтардың  (фирмалық  аталу  құқығы,  тауарлық  белгi 
құқығы) шығарылуын талап етедi.  
Сатып  алушы,  өз  алдына‚  тек  активi  бар  қолдағы  мүлiктi  ға-на  қабылдауға  тиiс  деп  санап‚ 
өткiзiлетiн кəсiпорынның құра-мынан оның қарыздарын шығарып тастауды талап етедi.  
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? 
6. Азамат Бөрiбаев өзiнiң сақталған ақшасын бiр жылға банкке салып қою үшiн Жинақ Банкiсiне 
келедi.  Ережелермен  таныс  болған  соң‚  ол  Жинақ  Банкiсiнiң  ұсыну  сертификаттарын  сатып  алу 
кезiнде  анағұрлым  үлкен  процентке  ие  болатын-дығына  көзi  жетедi.  Ең  үлкен  процентке  ие
болғысы  келген  Бөрiбаев‚  барлығы 100 мың  теңгеге — əрқайсысы 10 мың  теңге  тұратын 
сертификаттар сатып алады.  
Сертификаттарды өтеу мерзiмi келгенде‚ Бөрiбаев оларды жоғалтып алады. Ол сертификаттарды 
қайта  жасау  туралы  арыз-бен  Жинақ  Банкiсiне  барады.  Жинақ  Банкiсiнде  ол  сертифи-каттарды 
белгiсiз  бiреудiң  өтеп  алғаны  анықталады.  Жинақ  Банкiсiнiң  қызметкерлерi  оны  жиi  келушi 
ретiнде бiлуi керектiгiн жəне оның сенiмхатынсыз ұсынылған сертификаттардың төле-мiн бермеу 
керектiгiн айта отырып‚ Бөрiбаев барлық сомалардың төленуiн талап етедi. 
Осы сұрақтар бойынша қандай шешiм қабылдануы тиiс? 
7.  Авторлар  мен  театр  арасында  шарт  жасалады.  Ол  шарт  бойынша  белгiленген  мерзiмге  қарай 
бiреуi  либретто  жазуға‚  ал  басқасы  музыка  шығаруға  мiндет  алады.  Театр  болса‚  тапсы-рылған 
шығарманың ойдағыдай болу жағдайында спектакль қоюды өзiне мiндет етiп алады. Студенттер 
арасында  осы  құ-қықтық  қарым-қатынастың  объектiсi  не  болып  табылады  деген  сұрақ  бойынша 
келiспеушiлiктер туады.  
Бiреулердiң  ойынша‚  осы  құқықтық  қатынастың  объектiсi  шығарма  шығаруды  өзiне  мiндет  етiп 
алған либретто авторы мен композитордың iс-қылығы болып табылады. Басқаларының айтуынша‚ 
бұл жағдайда авторлар шығармасын орындау мiндетiн алған театрдың да iс-қылығын объект деп 
санау  керек.  Үшiншi-лерi  бұл  қатынас  шығарма  сияқты  игiлiк  жөнiнде  туған  деп  ой-лайды. 

Кейбiреулерi осы құқықтық қатынаста тiптi объекттiң бар болуына күмəндығын күмəнданатының 
бiлдередi.  
Ал сiздiң пiкiрiңiз қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет