13-тақырып.
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Заңды тұлғалардың меншiк құқығының, түсiнiгi, субъектiлерi.
2. Заңды тұлғалардың меншiк құқығының объектiлерi.
3. Шаруашылық серiктестiктердiң меншiк құқығы.
4. Өндiрiстiк жəне тұтыну кооперативтерiнiң меншiк құқығы.
5. Қоғамдық жəне дiни ұйымдардың‚ қайырымдылық жəне басқа қорларының‚ заңды тұлғалардың
бiрлестiгiнiң меншiк құ-қығы.
Есептер
1. Жабық акционерлiк қоғам құрылтайшылары қатарында болған бiр топ азаматтар мен
акционерлiк қоғам арасында олар акционерлiк қоғамнан шығу кезiнде салым құнын немесе
қоғамның мүлкiн олардың жарғылық капиталдағы үлестерiне пропорционал бөлiгiн төлеу қажет
пе‚ жоқ па деген дау туады. Акционерлiк қоғам қоғамнан шығып кеткен акционерлерге олардың
салымдарын‚ сонымен қоса‚ салымдарды төлеу сəтiне қарай қоғамның түсiрген табысын төлеуге
келiсiмiн бередi. Акционерлер жарғылық капиталдағы үлестерiне пропорционал-ды қоғам
мүлiгiндегi бөлiгiнiң құнын төлеудi талап етедi.
Тараптар келiсiмге келмеген соң‚ iс сотқа берiледi. Ак-ционерлердiң ойынша‚ қоғамның құрылу
сəтiнде жəне осы талаптарын қою сəтiнде жабық акционерлiк қоғам мүлiгi акцио-нерлердiң ортақ
үлестiк меншiгiнен тұрған болатын. Оған қоса‚ акционерлердiң қоғамнан шығуы кезiнде
жарғылық капиталдағы үлестерiне пропорционалды мүлiк бөлiгiнiң құнын алуға құқық-ты екенi
Жарғыда бекiтiлген.
Акционерлiк қоғам акционерлердiң талаптарына қарсы шы-ғып‚ қазiрде мүлiктi меншiк
құқығында қоғамның өзi иеленетiн‚ ал құрылтайшылар шартында акционерлердiң қоғамнан
шығуы кезiнде тек салымдарының құнын алуға құқықты екенi қарас-тырылғанын көрсетедi.
Шаруашылық қоғамдар мен серiктестiктердiң мүлкiнiң мен-шiк иесi кiм болып табылады?
Құрылтайшылар шарты мен Жар-ғы нормаларының коллизиясы (қақтығысы) кезiнде ненi басшы-
лыққа алу қажет? Пайда болған дауды қалай шешуге болады?
2. Өндiрiстiк кооперативтiң Жарғысын жасау барысында құрылтайшылардың көбi кооперативте
бөлiнбейтiн қор құру жөнiнде шешiм қабылданады жəне оның мөлшерi анықталады.
Кооперативтiң тiркелу сəтiнде кооператив мүшелерi жарналық төлемнiң 5%-iнен төмен
болмайтындай ақша салуы тиiс‚ ал қалған бөлiгiн кооператив тiркелген кезден бастап 2 жыл
iшiнде төлеуi тиiс деп Жарғыда қарастырылады. Кооперативке акциялар шығару құқығы берiледi.
Сонымен қатар‚ кооператив мүшесiнiң қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi кооперативке
қабыл-данбайтыны жəне оларға жарналық төлемнiң құны төленетiнi қарастырылған.
Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасы мен жарғысын қарап шығып‚ тiркеушi
орган кооперативтi тiркеуден бас тартады.
Тiркеуден бас тартудың негiзi бар ма‚ егерде бар болса‚ онда Жарғыға қандай өзгертулер енгiзiлуi
тиiс?
3. Қаржылық жылдың нəтижелерi бойынша табысты бөлу кезiнде ауылшаруашылық өндiрiстiк
кооперативтiң мүшелерi мен кооперативтiң ассоциацияланған мүшелерi арасында табыс-ты бөлу
жөнiнде дау туады. Кооператив мүшелерi ең алдымен табыс есебiнен олардың еңбек ақысы
төленуi тиiс‚ ал содан соң барып табыстың қалған бөлiгi дивиденд төлеуге жұмсалуы тиiс деп
талап етедi. Ассоциацияланған мүшелер‚ керiсiнше‚ ең алды-мен дивидендтер төленуi тиiс деп
санады.
Өндiрiстiк ауылшаруашылық кооперативiндегi табыстың таратылу тəртiбi қандай? Өндiрiстiк
кооперативте кiмге дивиденд төленедi? Пайда болған дауды қалай шешуге болады?
4. Аудандық əкiмшiлiк шешiмiмен кеңшар мүшелерiнiң жалпы жиналысы шақырылады‚ онда əкiм
кеңшар (совхоз) мү-шелерiне өз шаруашылықтарының ұйымдық нысанын ҚР Үкi-мет ұсынған
тəртiптердiң бiрiне көшiруiн ұсынады. Мұнда кең-шар шаруа қожалықтарын‚ не акционерлiк
қоғамды‚ не болмаса өндiрiстiк кооператив ұйымдастыруды ұсынады. Кеңшар мү-шелерi оларды
қалыптасып кеткен шаруашылық жүргiзу тəртiбi ұнайтынын айтып‚ ұсыныстан бас тартады. Оның
үстiне олар кеңшар мен өндiрiстiк кооператив арасында айтарлықтай айыр-машылық көрiп тұрған
жоқпыз деп мəлiмдейдi.
Əкiмшiлiк басшысы кеңшар мүшелерiне кеңшардың мүлкiн-дегi жəне жер шалғынындағы
өздерiнiң мүлiктiк жəне жер үлес-терiн анықтауды ұсынады. Өз ұсынысын ол кеңшардың қайта
құрылуы жөнiндегi мəселе нормативтi түрде шешiлгенiн жəне кеңшар мүшелерiнiң шаруашылық
нысандарының бiр түрiн таң-дап алу құқығы ғана барын айтады.
Колхозшылар мұнымен келiспей‚ ҚР Президентi Əкiмшi-лiгiне түсiнiктеме алу үшiн барады.
Оларға қандай жауап берiлуi тиiс?
5. Заңды тұлға деп танылған дiни ұйымдардың бiреуi мешiт əдет-ғұрыптары бойынша жерлеу
үшiн қажеттi заттарды шығару мақсатымен еншiлес кəсiпорын құруды шешедi. Осы мақсат-
тармен еншiлес кəсiпорын жарғысы жасалады. Онда кəсiпорын шаруашылығын жүргiзуге мешiт
мүлкiн бөлу жəне құрылтайшы-ның қажеттiлiктерiне пайданың жартысын аудару қарастырылған
болатын. Құрылтай құжаттары жiберiлген əдiлет органдары қа-зiргi заңда шаруашылық жүргiзуге
тек мемлекеттiк жəне комму-налдық мүлiктi тiркеуге рұқсат берiлетiнiне сiлтеп‚ еншiлес кəсi-
порынды заңды тұлға ретiнде тiркеуден бас тартады. Олар дiни ұйымға жарғылық мiндеттердi
орындауға қажеттi коммерциялық iс-əрекеттiң басқа ұйымдық-құқықтық түрiн таңдап алуды ұсы-
нады.
Дiни ұйым өкiлдерi Заң фирмасына кеңес сұрап барады.
Оларға қандай жауап берiлуi мүмкiн?
6. Бiр бiрлестiктiң кəсiподақ комитетiнiң балансында емдеу-сауықтыру‚ спорттық жəне мəдени-
ағартушылық мекемелер: пионерлер лагерi‚ дем алу базасы‚ спорт кешенi‚ мəдениет са-райы жəне
т.б. болды. Кəсiподақтардың бiрiккен жүйесiнiң тара-тылуына байланысты бiрлестiкке əртүрлi
кəсiподақ орталық-тарына бағынатын екi кəсiподақ ұйымы пайда болады. Олардың əрқайсысы
бұрынғы кəсiподақ меншiгi болып табылатын мү-лiкке ие болуға талаптанады. Келiсiм
комиссиясы ұйымдасты-рылады‚ бiрақ өзара тиiмдi келiсiмге келе алмайды.
Осы дауды қалай шешуге болады?
7. Тұрғын үй қоры бар мемлекеттiк кəсiпорын акционерлiк қоғам болып қайта құрылады.
Үйлердiң күрделi жөндеудi қажет ететiндiгiнен‚ ал оны жүргiзу үшiн аудандық əкiмшiлiктiң де‚
ак-ционерлiк қоғамның да қаржысы жоқ болғандықтан ауданның тұрғын үй пайдалану ұйымы
тұрғын үй қорын қабылдаудан бас тартады.
Азаматтарды тұрып жатқан үйлерiн жекешелендiру құқығы-нан айырмай, осы үйлер кiмге жəне
қандай тəртiпте берiлуi мүмкiн деген сұрақ туады.
Қажеттi кеңес берiңiз.
8. Революциядан кейiн мұсылмандар ұйымына тиеселi ғима-рат атеистер қоғамына берiледi де‚
онда дiнге қарсы насихат мұ-ражайын орналастырады. Кейiннен ғимарат қалалық əкiмшiлiк-тiң
билiгiне өтедi. Қазiргi уақытта мешiт ғимаратын мұсылман-дар дiни басқармасы қайтаруды талап
етедi. Оған мəдениет бас-қармасы мен ескерткiштердi сақтау мемлекеттiк инспекциясы қарсы
болады. Өздерiнiң қарсылығын олар ғимараттың тарихи жəне мəдениет ескерткiштерiне
жататынына‚ оның iшiнде ма-мандардың үнемi бақылап тұруын қажет ететiн мұражай экспо-
наттары тұрғанына‚ ақырында‚ ғимаратты мұражай етiп қайта жабдықтауға көп қаржы кеткендiгiн
сiлтей отырып негiздейдi. Дауды шешу үшiн тараптар жергiлiктi əкiмшiлiкке барады.
Оларға қандай жауап берiлуi тиiс?
14-тақырып.
ОРТАҚ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Ортақ меншiк құқығының ұғымы.
2. Ортақ меншiк құқығының түрлерi.
3. Ортақ үлестiк меншiк.
4. Ортақ бiрлескен меншiк жəне оның түрлерi.
5. Кондоминиум меншiктiң айрықша нысаны ретiнде жəне оның ортақ меншiктен айырмашылығы.
Есептер
1. Кəмелетке толған жəне ата-анасынан бөлек тұрып жатқан төрт балаға олардың ата-анасы
қайтыс болған соң мұра бойын-ша тұрғын үй өтедi. Мұрагердiң үшеуi үйдi сатып‚ түсiрген
пайдасын үлестер бойынша бөлiп алғысы келедi. Мұрагерлердiң бiреуi үйдi сатуға келiсiм
бермейдi‚ үйдегi өз үлесiн тұрғын орын ретiнде пайдаланғысы келетiнiн мəлiмдейдi. Мұрагерлер
ара-сында келiсiм оранамағандықтан‚ олардың үшеуi үйдi сатуға қарсы болған мұрагерге үйдi
сатуға кедергi жасамауы туралы талап арызын бередi. Өздерiнiң талаптарын олар үйдi толығымен
сатқанда оның нарықтық құны əп-сəтте жоғарылайтынымен түсiндiредi.
Iстi шешiңiздер.
2. Ағайынды‚ Асқар мен Асхат‚ мұра бойынша тұрғын үй алады. Ағайындылар арасындағы
келiсiм бойынша Асқар жанұя-сымен бiрге оңтүстiк жаққа қарайтын үш бөлменi пайдаланады‚ ал
əлi некеге тұрмаған Асхат терезелерi солтүстiкке қараған екi бөлменi алады. Ұйдiң ас бөлмесi
ортақ болады. Асхат Солтүс-тiкке кетпекшi болады да‚ өзiне бөлiнген үйдiң бөлiгiн сатып алатын
адамды табады. Алайда‚ Асқар үйдiң бiр бөлiгiн бөтен адамға сатуға рұқсат етпейтiнiн мəлiмдейдi.
Бұнда ол ағайын-дылар арасында үйдi пайдалану тəртiбi жөнiнде тек ауызша келiсiм болғанын
жəне үйдi түпкiлiктi қайта жобалаусыз қазiргi күйiнде мүлдем бөлуге болмайтынын айтады.
Сонымен қатар‚ Асхатқа тиiстi үйдiң бөлiгiн сатып алудан Асқар бас тартады‚ өйткенi ол үшiн
қаржысы жоқ болады‚ ал үш бөлме оған жəне жанұясына тiптi жетiп тұр. Нотариус сауда-саттық
шартты куəландырудан бас тартады да‚ ағайындыларға дауды шешу үшiн сотқа баруды ұсынады.
Тараптардың қатынасына талдау жасаңыз да‚ iстi шешiңiз.
3. Ерлi-зайыптылар Арманова мен Зекетов бiрге өмiр сүрген кезiнде “Волгаң автокөлiгiн сатып
алады. Бiрнеше жыл өткен соң Зекетов авиациялық апатта қайтыс болады. Оның анасы мұрагер
ретiнде автокөлiктi бөлiсу туралы Армановаға талап арыз ұсы-нады. Соттың шешiмi бойынша
автокөлiк əйелiне берiледi‚ ал анасына ақшалай компенсация тағайындалады‚ оны Арманова төлеп
бередi.
Ақырында Арманова көлiктi сатып жiбередi. Оны бiлген Зе-кетовтың анасы өзiнiң автокөлiктi
сатып алуға басымдылық құ-қығын бұзғандықтан‚ сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану
жөнiнде талап арызды Армановаға ұсынады.
Iстi шешiңiз.
4. Некеде тұрған кезеңiнде Сатова мен Манасов бiрiгiп үй сатып алады. Ақырында олардың
арасында неке бұзылады да‚ Сатова Манасовқа үйдi бөлiсу жөнiнде талап арыз ұсынады. Iс
бойынша экспертиза тағайындалады. Экспертиза қорытындысы бойынша даулы үйдi сол
қалпында техникалық себептермен бө-луге болмайтыны анықталады. Үй қаланбалы құрылыстан
тұра-ды жəне оны сол қалпында екi бөлiкке бөлу үшiн қаланбалы керегеден есiк үшiн қуыстар
жасау қажет‚ ал ол үйдiң бүкiл құ-рылысының босауына əкеп соқтырады.
Iстi қарастыру кезiнде сот Сатованың Манасовтан туған ауру қызымен үйде тұрып жатқанын‚ ал
Манасовтың үйдi пай-даланбайтыны жəне басқа тұрғын үйi барын анықтайды.
Iстi шешiңiздер.
5. Цирктiң хайуанаттар үйретушiлерi‚ ерлi-зайыпты Али-баевтар‚ зейнеткер болған соң қала
сыртындағы өздерiнiң үйле-рiне қоныс тебедi. Үйдiң iшiнде олар жас табиғат сүюшiлер клу-бын
ұйымдастырады‚ ол жерде балалар жабайы аңдарды күтiп-бағуға үйренедi. Зейнеткерлер өз
зейнетақысына жануарларды асырау қиынға соққандықтан‚ олар аудандық əкiмшiлiкке тө-менде
көрсетiлген жайт жөнiнде шарт жасасуды ұсынады: ерлi-зайыптылар үйлерiнiң жартысын ол
жерде жас табиғат сүюшiлер бұрышын ашу үшiн жергiлiктi басқару органына сыйға тартады; ерлi-
зайыптылар қайтыс болған соң үй тұтасымен коммуналдық меншiкке өтедi; ерлi-зайыптылар жас
табиғат сүюшiлердi жа-нуарларды күтiп-бағуға‚ тамақтандыруға жəне үйретуге оқытып‚ ақысыз
сабақ өткiзуге мiндет алады; аудандық əкiмшiлiк‚ өз ал-дына‚ ерлi-зайыптыларды жануарлар
жемiмен‚ үйдi жылытып тұ-ру үшiн отын жəне көмiрмен ақысыз қамтамасыз етуге мiндет алады.
Аудандық əкiмшiлiк басшысы шарттың заңға қарсы еке-нiне сiлтеп‚ оған қол қоюдан бас тартады.
Ерлi-зайыпты Али-баевтарды қорғауға Республикалық баспасөздiң бiрi араласады.
Iстi шешiңiздер.
6. Сариевке үй салу үшiн жер учаскесi берiледi. Үйдiң құры-лысына Сариевтен басқа‚ оның əйелi
мен дербес еңбекақы алатын кəмелетке толған екi баласы қатысады. Құрылыс бiткен соң меншiк
иесi ретiнде Сариев тiркеледi.
Бiрнеше жыл өткен соң Сариевтер арасында неке бұзылады‚ содан соң мүлiк бөлiсу жөнiнде сотта
дау туады. Сариевтiң талабы бойынша үй тек өзi мен оның əйелi арасында бөлiнуi тиiс. Iске
дербес талаптарымен Сариевтердiң ұлдары араласады‚ олар əрқайсысына үйдiң меншiк
құқығындағы өз үлестерiн бөлiнуiн талап етедi‚ өйткенi олар үй салуға өз күшi мен қар-жысын
қосқан болатын‚ ал басқа тұрғын орны жоқ. Анасы ұлдарының талабы жөн деп таниды‚ əкесi
оларға қарсы болады.
Iске қатысуға жергiлiктi басқару органы шақырылады‚ ол Сариевтердiң ұлдарының талаптарына
қарсы болады. Өз қарсы-лығын ол үйдiң жақын арада бұзылатынымен түсiндiредi. Үйдiң бөлiгiне
меншiк құқығы тек Сариев пен оның əйелiне берiлiп қана қоймай‚ олардың екi ұлына да берiлген
жағдайда бəрiне бөлек бiр-бiр пəтерден беруге тура келедi.
Iстi шешiңiз.
7. Ерлi-зайыптылар Кеңесовтар бiрнеше жыл некеде тұра-ды. Кеңесова бизнеспен айналысады‚
Кеңесов жұмысынан айрылып‚ жұмыссыздық бойынша жəрдемақы алып тұрады. Кеңесова
күйеуiне некеде тұру кезеңi кезiнде жиған-терген мүлiктерiн бөлiсу тəртiбi бекiтiлген контракт
жасасуды ұсынады. Егер де ондай контракт жасалса да‚ ол заңды күшке ие бол-майды деп
мəлiмдейдi Кеңесов. Ерлi-зайыптылар келiсiмге келе алмаған соң‚ олар заң кеңесшiсне барады.
Оларға қандай жауап берiлуi тиiс?
8. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылар шарт жасасады. Ол бойынша олардың əрқайсысының
некеде тұрған кезеңде иелен-ген мүлкi олардың бөлек меншiгiне жатқызылуы тиiс.
Олардың өмiр сүрген уақытында күйеуi бизнеспен табысты айналысып жүрiп‚ одан түскен
пайдаға құнды мүлiк — саяжай‚ көлiк‚ суреттер‚ антикварлық заттар‚ видеоаппаратура жəне т.б.
сатып алады. Əйелi үй жұмыстарын жүргiзiп‚ балаларын тəр-биелейдi.
Бiрнеше жыл бiрге өмiр сүрген соң некелерiн бұзып‚ ерлi-зайыптылар ажырасып кетедi‚ екi
кiшкене балалары анасымен қалады. Мүлiктi бөлiсу кезiнде əйелi шарты (контрактын) еске-рiп,
балаларын бағуға күйеуi қаржы бөлмейдi деп күдiктенген ол өзiмен бiрге тек ең қажеттi заттарды
— киiмкешектердi‚ шаруа-шылық заттарды‚ азық-түлiктердi алады. Неке бұзылғаннан үш жыл
өткен соң əйелi қорғаушының кеңесi бойынша бұрынғы күйеуiнiң алдына қалған мүлiктi бөлу
мəселесiн қояды. Ол болса‚ некеде тұрған уақытта əйелi мен балаларын асырағанын‚ контракт
бойынша жанұяны қамтамасыз етуден тысқары барлық мүлiк өзiнiкi екенiн‚ ақырында‚ мүлiктi
бөлiсу оған қандай да бiр талап қою мерзiмiн əйелi өткiзiп алғанын айтып‚ бас тартады. Тап қазiр
оның жаңа жанұясы бар жəне ол оларды асырауды да ойлауы қажет.
Осы дауды қалай шешуге болады?
9. Бақ өсiрушi серiктестiк мүшелерiнiң жеке меншiгiне жер учаскелерiн беру кезiнде учаскенi ерлi-
зайыптылардың ортақ меншiгiне беруге бола ма‚ əлде құқық меншiгi туралы куəлiк тек серiктестiк
мүшесi болып табылатын жұбайына берiлуi тиiс пе деген сұрақ туады. Сонымен қатар‚ егер жер
учаскесi өзiнiң кө-лемi жағынан азаматтардың жеке меншiгiне берiлетiн жер учас-келерiнiң
белгiленген нормаларынан асатын болса‚ қалай бола-ды.
Қойылған сұрақтарға жауап берiңiз.
15-тақырып.
ЖАЙ СЕРIКТЕСТIК. (БIРЛЕСКЕН IС-ƏРЕКЕТ)
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Жай серiктестiктiң ұғымы мен белгiлерi.
2. Шартқа қатысушылар.
3. Шарттың мақсаты.
4. Серiктердiң салымы.
5. Серiктердiң ортақ мүлқi.
6. Серiктердiң ортақ iсiн жүргiзу.
7. Серiктер арасында табысты бөлу‚ қаражат жұмсау мен шығындарды өтеудiң тəртiбi.
8. Серiктердiң жауапкершiлiгi.
9. Серiктестiк шартының тоқтатылуы.
10. Жай серiктестiк түрлерi. Заңды тұлға құру жөнiндегi құ-рылтай шарты.
Есептер
1. Қой бордақылаумен жəне оның етi мен басқа өнiмдерiн дайындау ұйымдарына өткiзумен‚
сонымен бiрге базарда сауда-мен айналысатын азамат Абзалов өз үйiнде пансион ұстайтын
көршiсi Ермековқа “бiрлескен жұмысң жөнiнде шарт жасасуды ұсынады. Көрсетiлген шартқа
сəйкес малды бордақылау мен етiн сату бойынша қатысушылардың iстерiн бiрiктiру ойласты-
рылады. Мiндеттер төмендегiдей бөлiсiледi: Ермеков жем-шөп дайындап‚ Абзаловқа беруге
мiндеттi болады‚ ал соңғысы — еттiң жəне ет өнiмдердiң белгiлi бiр мөлшерiн арзандатылған ба-
ғамен Ермековтың пансионына сатуға мiндеттенедi.
Нотариустың шартты куəландыру кезiнде бiрлескен iс-əрекет жөнiндегi шартқа арналған
нормаларды тап осы жағдайда қолдану орынды бола ма деген күмəн пайда болады.
Егер сiз осы келiспеушiлiктi реттеу үшiн қатысушылар ар-қылы шақырылған болсаңыз‚
нотариусқа не деп жауап берер едiңiз? Абзалов пен Ермековтың түсiрген табысын бөлу кезiнде
соңғысының пансионды ұстау табыстарынан ұсталатын салық-тың сомасын ескеру қажет пе?
2. “Гидропроектң Институтың мемлекеттiк кəсiпорны “Са-малң жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiкпен бiрлескен iс-əрекет туралы шарт жасасады. Сол шартқа сəйкес Институт өз үлесi
ретiнде 1 000 кв. м. кеңселiк орындарды пайдалануға бередi‚ ал серiктестiк “интеллектуалды
меншiкң түрiнде үлес қосады‚ əрi кеңсенi ұстауға байланысты институттың барлық шығындарын
өтеудi мiндет етiп алады. Бiрлескен iс-əрекеттiң мақсаты дүкен ұйымдастыру болып табылады.
Шарт жасасқан сəттен бастап бiр жыл өткен соң Институт жекешелендiрiледi жəне даулы орын
орналасқан ғимаратты сатып алудан бұрын қалалық мүлiктi басқару Комитетiмен келiсiм жасап
оған алып серiктестiкке орынды босату жайлы талап арыз қою тапсырылады. Себебi ол кезде
институт мемлекеттiк мүлiктi жалға беру шартын жасай алмайтын. Iстi сотта қарастыру
барысында серiктестiк бiрлескен iс-əрекет жайлы шарттың жалға беру шарты болып табыл-
майтынын, сондықтан да осы шарты жасауға институт құқылы деп санады.
Iстi шешiңiздер.
3. Коммерциялық банк дүкен болып табылатын “Айымң атты жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiкпен бiрлескен iс-əрекет жөнiнде шарт жасасады. Ол шарт бойынша қатысушылар дүкен
iшiнде валюта айырбастау орнын ұйымдастырмақшы болады. Шартқа сəйкес банк — валюта
айырбастау орнының жұмысына қажеттi жабдық пен айналым қаржысын‚ ал дүкен ғимарат орнын
жəне сол валюта айырбастау орнында қызмет етуге тиiстi қызметкерлердi бередi. Бiрлескен iстi
жүргiзу банкке тапсыры-лады. Дүкенде өткiзiлген тексеруге байланысты салық инспекто-рында
мынадай сұрақ туады: егер валюта айырбастау орнының банк лицензиясы дүкенде жоқ болатын
болса‚ бiрiккен iс-əрекет жөнiндегi шарт бойынша дүкеннiң түсiрген табысын заңсыз деп танып
бюджетке өндiрiп алуға бола ма?
Салық инспекторының күмəндарын талдаңыз. Серiктестiк шартының мақсаттары қандай?
4. Мемлекеттiк кəсiпорын “Бояуң мен “Асланң жауапкер-шiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында 5
жылға жасалған бiрлескен iс-əрекет жөнiндегi шарт бойынша бiрiншiсi үлес ретiнде бүкiл қажеттi
жабдығымен қоса бояу цехiнiң орнын‚ сонымен бiрге бояғыш заттың 15 тоннасын бередi‚ ал
екiншiсi — өзiнiң ком-мерциялық беделiн‚ цех өнiмiн сатудағы өз қызметкерлерiнiң еңбек күшiн
жəне трикотаж бұйымдарды бояу бойынша ноу-хау қосады. Ортақ мүлiкте қатысушылардың
үлестерi анықталмаған. Ал жұмсалу мен шығындалу‚ сонымен қатар табысқа келетiн болсақ‚ олар
қатысушылар арасында теңдей етiп бөлiнбек. Екi жылдай табысты жұмыстан соң кəсiпорын
шартты бұзуды ұйға-рады.. Сонда Серiктестiк ноу-хаудың белгiлi болып‚ кəсiпорын оны
ойдағыдай қолданып келгенiне сiлтей отырып‚ шартты мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн
компенсация ретiнде одан бояу цехi ғимаратының жартысын берудi талап етедi. Керiсiнше‚
кəсiпорын қоғамның үлесi аз болды деп санап‚ одан ғимараттың қайтарылып беруiн талап еттi
жəне ноу-хау пайдаланғаны үшiн бiраз ақшалай соманы төлеуге дайын екенiн бiлдiредi.
Iстi шешiңiз. Бiрлесккен iс шартын тоқтату тəртiбi қандай? Табыстар мен шығындардағы қатысу
үлесi ортақ мүлiк үлесiнен өзгеше болуы мүмкiн бе?
16-тақырып.
МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӨЗГЕДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау-дың азаматтық-құқықтық əдiстер
жүйесi.
2. Меншiк құқығын тану жөнiндегi талап.
3. Виндикациялық талап:
3.1. Талапты қанағаттандыру шарттары.
3.2. Мүлiктi талап ету кезiндегi есептесу.
4. Негаторлық талап.
5. Меншiк иесi болып табылмайтын иегер құқығын қорғау жөнiндегi талап.
6. Иелену көнелiгiнiң түсiнiгi, маңызы.
Есептер
1. Асанова мен Даутов сыйақы төлеудi уəде етiп Сарбасов де-ген азаматқа өздерiнiң қымбат
тұратын киiмдерiн: ер жəне əйел пальтоларын ломбардқа салып‚ оларға несиеге ақша алып беруiн
тапсырады. Сарбасов екi пальтоны да ломбардқа салып‚ бiрақ Асанова мен Даутовқа берiлуге тиiс
ақшаны оларға бермей өз қажеттiлiгiне жұмсап жiбередi. Несиенi қайтару мерзiмi жеткен-де,
несие қайтарылмағандықтан ломбард Асанова мен Даутов-тың киiмдерiн өзi берген несиенiң
төлемiн қайтару мақсатында жария саудаға салу арқылы сатып жiбередi.
Осыған байланысты Асанова мен Даутов Сарбасовқа паль-толар құнының орнын толтыру жайлы
талап қояды.
Сот АК-тегi виндикациялық талапқа қатысты заң норма-ларын басшылыққа алып Сарбасовқа
арызданушыларға дəл сон-дай пальтоларды қайтаруды не болмаса олардың құнын өтеудi мiндет
етедi.
Сот шешiмi дұрыс па?
2. Рақышеваның өлiмiнен соң оның мүлкi мұра бойынша Салтаеваға өтедi. Мұраға қалған мүлiк
iшiнде белгiсiз суретшi В. Л. (бұл инициалдар суретте қойылған болатын) болған суретi бар
болады. Суреттiң авторын анықтап‚ оны бағалау үшiн Салтаева марқұмның пəтерiне өнертанушы
маманды шақырады. Суреттiң кiр болуынан өнертанушы оның авторын анықтай алмайды.
Марқұмның пəтерiн заттардан босату керек едi. Мұрагер тұрғын үй кеңсесiнiң бастығы
Бейбiтовпен суреттi уақытша кеңсе iшiне қою туралы келiседi. Ақыры картина ол жерден жоғалып
кетедi. Бейбiтов тұрғын үй кеңсесiнен жұмыстан шығарылады да көп ұзамай қайтыс болады.
Бiрнеше жылдан соң Салтаева Қастеев мұражайының жаңа қойылымдар көрмесiнде жоғалған
суреттi кездейсоқ тауып алады‚ оның үстiне ол белгiсiз суретшi қыл-қаламынан шыққан сурет
ретiнде емес‚ Левитан шығармалары-ның бiрi ретiнде қойылған.
Қастеев мұражайының Салтаеваға берiлген анықтама қағазы мұражайдың суреттi Бейбiтовтен
сатып алғанын растайды‚ содан соң Салтаева мұражайға суреттi қайтару туралы талабын қояды.
Талапқа қарсы болып‚ мұражай Бейбiтовтiң сурет иесi екенiне күмəндануға еш негiзi болмағанын
жəне суреттi жаңартуға мұра-жай шығындалғанын‚ ал одан соң суреттiң кұны күрт өскенiн
көрсетiп айтады.
Жауапкер дəйектерiне талдау жасап iстi шешiңiздер.
Достарыңызбен бөлісу: |