С. А. Ынтымақов



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата09.04.2020
өлшемі1,37 Mb.
#62057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
АЗАМАТТЫҚ ЕСЕПТЕР


5-тақырып.
 
МƏМIЛЕЛЕР
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Мəмiленiң ұғымы мен мəнi‚ олардың заң фактiлерi жүйе-сiндегi орны. 
2. Мəмiлелердiң түрi. 
3. Мəмiлелердiң жарамдылығының алғы шарттары. 
4. Мəмiле жарамсыздығының ұғымы мен түрлерi. 
5. Мəмiлелер жарамсыздығының салдары. 
6.  Мəмiлелердi  жарамсыз  деп  тану  жəне  мəмiлелер  жарам-сыздығының  салдарын  қолдану 
кезiндегi талап қою мерзiмi. 
Есептер 
1.  Азаматша  Əлiбаева  мен  оның  бұрынғы  күйеуi  өздерiнiң  арасында  жасасқан  келiсiмдi 
куəландыру  үшiн  нотариусқа  ба-рады.  Ол  келiсiм  бойынша  ажырасқан  ерлi-зайыптылар  кiшкен-
тай  балаларын  асырау  жөнiнде  бiр-бiрiне  қандай  да  бiр  талап  қоюдан  өзара  бас  тартады‚  күйеуi 
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлуге дəметпейдi‚ ал əйелi балалар кəмелетке жеткенше жаңа 
некеге тұрмауды мiндет етiп алады. Нотариус бұл мəмiленi куəландырудан бас тартады.  
Нотариустың əрекетi дұрыс па? 
2.  Институтта  ұзақ  уақыт  ғылыми  аға  қызметкер  болып  iс-теген  Уəлиев‚  өмiр  бойы  жинаған 
арнайы  əдебиет  кiтапханасын  институтқа  сыйлайды.  Өз  сыйлығы  туралы  ол  Институттың  Ғы-
лыми кеңесiнде жəне де институттық көп тиражды басылымын-да жария етедi. 
Кiтаптардың көп болуынан жəне оларды бiрден тасымалдау-дың қиынға соғуынан Уəлиев оларды 
кiшкене  партиялармен  тасымалдайды.  Барлық  кiтаптарды  көшiрiп  үлгермей‚  Уəлиев  қайтыс 
болады.  Заң  бойынша  жалғыз  мұрагерi  болып  табылатын  оның  ұлы  институт  директорының
қалған  кiтаптарды  берудi  сұрағанына  жауап  ретiнде  оның  əкесi  мен  институт  арасындағы  шарт 
тиiстi  түрде  жасалмағанына  сiлтей  отырып‚  əкесiнiң  бұры-нырақ  берген  кiтаптарының  бəрiн 
қайтару талабын қояды.  
Осы  дау  қарастырылып  жатқан  сотта  институт  кiтапхана-шысы  қол  қойған  жəне  институт 
директоры бекiткен Уəлиевтiң сыйға тартқан кiтаптарын балансқа қабылдау актiсiн ұсынады.  
Пайда болған дауды қалайша шешу қажет? 
3.  Насыровқа  мұра  бойынша  “Жигулиң  автокөлiгi  өтедi.  Өзiнiң  досы  Масановқа  бұрынғы 
көрсеткен  қызметтерiн  ескере  отырып‚  жəне  автокөлiктi  айдай  алмағандықтан‚  Насыров  Маса-
новпен шарт жасасады. Ол шарт бойынша Насыров автокөлiкке құқық белгiлейтiн құжаттарды ала 
салысымен тез арада “Жи-гулиң автокөлiгiн Масановқа сыйлауды мiндеттенедi. Шарт нота-риуста 
куəландырылады.  
Масанов  автокөлiктiң  профилактикалық  жөндеу  жұмыста-рын  бастайды  жəне  оның  жөнделуiне 
бiршама көп сома жұмсай-ды. Алайда тиiстi құжаттарды алған соң Насыров Масановқа автокөлiк 
сыйлаудан бас тартады. Масанов автокөлiктi беру жө-нiндегi талабымен сотқа арыз ұсынады. 

Iстi шешiңiздер. 
4.  Асылов  пен  Есенғараев  арасында  тараптар  бағалауы  бой-ынша 2 мың  АҚШ  долларына  тең 
жиһаз гарнитурын сату жө-нiнде шарт жасалады. Бiрнеше күннен соң сатып алушы сату-шының 
пəтерiне  келедi‚  сол  жерде  сауда-саттық  мəмiлесi  жаса-лады.  Есенғараев  жүк  таксидiң 
жүргiзушiсi‚  жүк  тасушы  жəне  Асыловтың  көршiсiнiң  көзiнше  Асыловқа 2 мың  доллар  берiп‚ 
көлiкте орын табылмағандықтан екi кресло мен диван-төсектен басқа жиһазды алып кетедi. 
Бiрнеше  күн  өткен  соң  Есенғараев  қалған  жиһазды  алып  кету  үшiн  келедi.  Алайда  Асылов 
креслолар  мен  диванның  сатыл-ған  гарнитур  құрамына  кiрмейтiнiн  айтып‚  оларды  беруден  бас 
тартады.  Екi  кресло  мен  диванды  ол 800 долларға  бағалайды‚  бiрақ  заттарға  қатысты 
Есенғараевпен ешқандай шарт жасаспағанын айтады.  
Сот  мəжiлiсiнде  куəгерлер  бiр  ауыздан  Асылов  пен  Есенға-раевтың  арасында  жиһаз  гарнитурын 
сату  шарты  жасалғанын‚  оған  даулы  заттар  кiретiнiн  көрсетедi.  Шарт  олардың  көзiнше 
орындалғанын‚ ал пəтерде қалған 2 кресло мен диванға байла-нысты Асыловтың ол заттарды 30 
доллар мөлшерiндегi қосымша сыйақы үшiн сақтауға мiндеттенгенiн айтады.  
Сот  қандай  шешiм  шығаруы  тиiс?  Даулы  заттардың  жиһаз  гарнитуры  құрамына  кiретiнi  туралы 
жиһаз дүкенiнiң анықтама қағазы сот шешiмiне ықпалын тигiзе ала ма?  
Егер  Есенғараевтың  доллармен  емес‚  ал  Қазақстан  Ұлттық  Банкiсiнiң  курсы  бойынша  теңгемен 
есептескенi белгiлi болса‚ шешiм өзгерер ме едi? 
5.  Шыңғысов  преферанс  ойнап  Жүнiсовқа  iрi  сомаға  ұты-лады.  Өз  қарызын  ол  бүкiл  соманы 
қолхатқа қол қойған күннен бастап 10 күннен артық кешiктiрмей төлеу мiндеттемесi бар қарыздық 
қолхат  түрiнде  жасайды.  Төлемдi  кешiктiру  жағдайын-да  Шыңғысов  қарызының  жартысындай 
көлемде айып төлеудi мiндет етiп алады.  
Қолхаттың  жасалу  күнiнен 12 күн  өткен  соң  қарыз  толы-ғымен  өтеледi.  Шыңғысов  төлемнiң 
мерзiмiн бұзғандықтан‚ Жү-нiсов айып төлету жөнiнде талап арызын сотқа бередi. 
Iстi шешiңiздер. 
Егер қолхат орнына Шыңғысов вексель берген болса‚ ше-шiм өзгере ме? 
  
6.  Үсенов  өзiнiң  кемтарлығынана,—  яғни,  соқыр  болу  себе-бiнен  пəтер  бойынша  көршiсi 
Армановты  Үсеновтың  атынан  шартқа  қол  қоюын  сұрайды‚  ол  шарт  бойынша  ол  Болатбаевтан 
100  мың  теңге  қарыз  алады.  Шартта  қарастырылған  мерзiм  өткен  соң  Болатбаев  қарыз  сомасын 
қайтаруды  талап  етедi.  Үсенов  жағдайының  жоқтығына  сiлтеп‚  бұл  талапты  орындаудан  бас 
тартады.  
Сот  мəжiлiсiнде  Армановтың  қойған  қолын  ешкiм  куəлан-дырмағаны‚  ал  оның  өзi  бұл  қаладан 
мүлдем  кетiп  қалғаны  анық-талады.  Қарыз  шартының  тəртiбi  сақталмағанын  көрсете  отырып‚ 
Үсенов  талап  арызды  мойындамайды‚  бiрақ  ақшаны  алғанынан  бас  тартпай‚  оны  ретi  келгенде 
қайтарып беруге уəде бередi. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
7.  Ата-анасының  өлiмiнен  кейiн  асырауында  екi  кiшкентай  қарындасы  қалған  Асқаров  ауыр 
материалдық  мұқтажық  көр-гендiктен  əкесiнен  мұраға  қалған  үш  бөлмелi  пəтердi  Түгелбаев-қа 
сатады. Мəмiле жасауға ықыласты Асқаров пен оның қарын-дастарының ақша жағынан тапшылық 
көретiнiн Түгелбаев бiле-тiн. Сатудан түскен ақшаға Асқаров пен оның қарындастары екiбөлмелi 

пəтер сатып алады.  
Бiр  жарым  жыл  өткен  соң  Асқаров  оның  сатқан  пəтерiнiң  сол  кезеңде  нарықтық  бағасы 
Түгелбаевтың төлегенiнен екi есе жоғары болғанын анықтайды. Түгелбаевтың Асқаров пен оның 
қарындастарының  ауыр  жағдайын  пайдаланып  үйдi  сатып  ал-ғанын  талабының  негiзiне  ала 
отырып  Асқаров  сотқа  талап  арыз  бередi.  Сот  мəжiлiсiнде  Түгелбаевтың  жылжымайтын  мүлiк 
сату  агенттiктерiнiң  бiрiн  басқарып  отырғандықтан‚  пəтерлердiң  ба-ғасы  жөнiнде  хабары  бар 
болғаны  анықталады.  Түгелбаев  талап  қою  мерзiмi  ескiргендiгiн  сiлтеп‚  талап  арызды 
мойындамайды.  
Iстi шешiңiздер. 
8.  Қаржының  жетiспеушiлiгiне  байланысты  акционерлiк  қоғамның  бас  директоры  акционерлiк 
қоғамның есеп шоты орналасқан банкпен несие шартын жасасады. Несие шартын қамтамасыз ету 
ретiнде директор акционерлiк қоғамның барлық тауарлық қорын кепiлге салады.  
Оны  бiле  салысымен  акцияның 15%-iнiң  иесi  болатын  ак-ционер  мəмiленi  жарамсыз  деп  тану 
жөнiнде  талап  арыз  ұсы-нады.  Талап  акционерлер  жиналысының  шешiмiмен  бас  дирек-тордың 
мəмiле  жасау  құқығы  тауарлық  қордың 25%-iне  тең  со-мамен  шектелгенiмен  негiзделедi. 
Жиналыс шешiмiмен аталған шектеу құрылтай құжаттарына енгiзiледi де‚ тiркеледi. 
Iстi шешiңiздер. Егер несие шарты басқа банкпен жасалын-ған болса‚ шешiм өзгерер ме едi? 
9.  Жауапкершiлiгi  шектеулi  қоғамның  шаруашылық  iс-əре-кетiн  тексеру  барысында  салық 
инспекциясы  қоғамның  мен-шiгiндегi  дүкендердiң  бiреуi  арақ-шарап  бұйымдарының  iрi  пар-
тиясын  сатып  алғанын  анықтайды.  Қоғамның  арақ-шарап  бұй-ымдарын  сатуға  лицензиясы  жоқ 
болғандықтан‚ салық инспек-циясы жасалған мəмiленi жарамсыз деп жариялап‚ мəмiле бой-ынша 
түскен табыстың бəрiн мемлекетке өткiзудi талап етедi.  
Сатушы — арақ-шарап  комбинаты  өз  жағынан  ешқандай  заң  бұзушылық  болмағанын  айтады. 
Оның  үстiне‚  шарт  жасасу  кезiнде  ұсынылған  Қоғам  Жарғысында  арақ-шарап  бұйымдарын  сату
сияқты iс-əрекет түрi қарастырылған. 
Салық инспекциясының əрекетi заңды ма? 
10.  Қылмысты  iстi  тергеу  барысында  Сабыровтың  алдамшы  жолмен  азаматтарды  көне
шеберлердiң  суреттерiн  олардың  өз  бағасынан  едəуiр  төмен  бағамен  сату  келiсiмдерiн  жасауға 
мəж-бүр  еткенi  анықталады.  Осындай  жолмен  сатылып  алынған  су-реттер  тергеумен 
анықталып‚тəркiленедi.  Азамат  Сабыров  тергеу  аяқталғанша  қайтыс  болып  кетедi. 
Жəбiрленушiлер Сабыров та-рапынан алдаудың дəлелдерiн бере алмай қалады. Алайда‚ терге-ушi‚ 
едəуiр төмен бағаның төлену фактiсiн жəне жəбiрлену-шiлердiң түсiнiктемелерiн басшылыққа ала 
отырып‚  суреттердi  жəбiрленушiлерге  қайтарып  бередi.  Сабыровтың  мұрагерлерi  тəркiленген 
суреттердi  қайтарып  беру  жөнiнде  талап  арызды  сотқа  ұсынады‚  өйткенi  Сабыровтың  өлiмiне 
байланысты қыл-мысты iс тоқтатылған‚ ал оның кiнəсi сот барысында дəлел-денбеген. 
Iстi шешiңiздер. 
11.  Тəңiрбергенова  жеке  меншiгiндегi  екiбөлмелi  пəтерiн  өзi-нiң  жиенi  Ескеноваға  сыйламақшы
болады. Ескенова салық инспекторына сыйлау шартының жасалу жағдайында оның қандай салық
төлеу керектiгiн түсiндiрiп берудi сұрап барады.  
Сату-сатып алу шарты кезiндегi салықтың төмен болуын бiлiп алған Ескенова‚ Тəңiрбергенованы 
сату-сатып алу шартын жасасуға үгiттейдi.  
Пəтер Ескенованың атына жазылғанын анықтаған салық инспекторы сыйлау тəртiбiнде берiлетiн 

мүлiкке  салық  төлеудi  талап  етедi.  Ал  сату-сатып  алу  шартының  жүзеге  асырылғаны 
анықталғанда‚  ол  мəмiленiң  жарамсыздеп  тану  үшiн  жəне  түсiрiлген  табыстың  бəрiн  мемлекет 
пайдасына өткiзу үшiн құ-жаттар дайындайды.  
Салық  инспекторының  əрекетi  дұрыс  па?  Ескенованың  Тəңiр-бергеноваға  пəтер  құнының  тек 
жартысын төлеуiнiң маңызы бар ма? Егер Ескенова еш бөлiгiн төлемесе‚ бiрақ алдағы екi жылда 
оны жасайтын болса‚ шешiм өзгере ме? 
12.  ХХ  ғасырдың  басында  дүние  салған  жазушының  мұражай-үйiн  ұйымдастыру  комитетi 
жазушының  өмiрi  мен  шығармашылы-ғына  байланысты  қолжазбалар  мен  құжаттарды‚  жеке 
заттарды  сыйға  беруiн  немесе  сатуын  азаматтардан  сұрайды.  Басқа  заттар-мен  қатар  комитет 
жазушының алыс туыстарынан жазушы ке-зiнде пайдаланған стол мен жазу құралын сатып алады. 
Бiраз  уақыт  өткен  соң  əдебиеттанушы  Исаев‚  сатылып  алынған  заттарды  қарап‚  столдың 
жазушыға  еш  қатысы  жоқ  еке-нiн  мəлiмдейдi.  Ал  сатылып  алынған  жазу  құралына  келсек‚  ол 
шынымен жазушынiкi болған.  
Сатушыға қандай талаптар қоюға болады? Мəмлекi жарам-сыз деп тануға негiз бар ма? 
13. Психикалық ауруға шалдыққан Шөмiшбаев‚ галантерея-лық дүкеннен күн сайын тарақ сатып 
алып  тұрған.  Оның  үйiнде 500-ден  астам  тарақ  жиналғанда‚  əйелi  дүкен  директорына  ба-рып‚ 
тарақтардың бəрiн қайта қабылдап алуды жəне олардың ақысын қайтарып берудi талап етедi. Өз 
талаптарын ол Шөмiш-баевтың өз əрекетiнiң мəнiн түсiнбейтiнiмен жəне соған байла-нысты оны 
əрекетке  қабiлетсiз  екенiн  тану  үшiн  сотқа  баруға  ниет  еткенiмен  дəйектейдi.  Директор 
Шөмiшбаевтың əйелi қой-ған талапты орындаудан бас тартады.  
Бұл жағдайда кiмдiкi дұрыс? 
14.  Жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк  шет  ел  компания-сымен  жекешелендiрiлген 
кəсiпорындардың  бiрiнiң  акциялар  пакетiн  сату  шартын  жасасады.  Шарт  тиiстi  тəртiп  бойынша 
жа-салып‚ тараптардың қолы қойылады жəне брокермен куəланды-рылады. Шарттың орындалуы 
барысында  шет  ел  компания-сының  өкiлiне  акцияларға  ие  болу  жөнiнде  куəлiк  берiледi‚  ал 
серiктестiк өз есеп шотына барлық тиiстi соманы түсiредi. 
Бiр жылдан соң акционерлердiң кезектi жиналысына дайын-дық кезiнде‚ акционерлер тiзiмiнде əлi 
күнге  дейiн  шет  ел  ком-паниясы  емес‚  ал  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк  көрсе-тiлгенi 
анықталады.  Серiктестiктiң  өкiлi  өз  тарапынан  акциялар-ға  билiк  ету  бойынша  талап  етiлетiн 
əрекеттiң  бəрiн  орындаға-нын‚  ал  компанияның  тiзiм  ұстаушыға  барып  өзгертулер  енгiзуге  тиiс 
екендiгiн мəлiмдейдi. Тiзiм ұстаушы бiр жылдық ескiлiгi бар құжаттар бойынша тiзiмге өзгерiстер 
енгiзуден бас тартады.  
Акцияларға құқық берiлмегендiктен‚ мəмiле жасалмаған бо-лып саналуы тиiс деген оймен‚ шет ел 
компаниясы оның төлеген бүкiл сомасын қайтаруды талап етедi.  
Шет ел компаниясының талаптары заңды болып санала ма?

6-
т
ақырып.
 
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖУЗЕГЕ АСЫРУ МЕН ҚОРҒАУ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттер орын-далудың ұғымы жəне жүзеге асрудың 
тiсiлдерi. 
2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың шектерi. 
3. Құқықты асыра пайдаланып қиянат жасау жəне оның құ-қықтық салдары. 
4. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы: 
4.1. Азаматтық құқықтарға ие болу жəне қорғау; 
4.2. Субъективтiк азаматтық құқық ретiнде қорғануға құ-қықтылық; 
4.3. Қорғау пəнi; 
4.4. Қорғаудың түрi мен тəртiбi. 
5. Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары. 
Есептер 
1. Үш адамнан тұратын Несiповтар əулетi коммуналдық тұрғын үй қорының 3 бөлмелi пəтерiнде 
тұрып жатты. 1995 жылдың қаңтарында Несiповтардың ұлы Ризаевамен некеге тұрып‚ ол барлық 
тұрғындардың келiсiмiмен тұрғын үйлерiне көшiп кiредi. Бiр жылдан соң жас жанұя ыдырайды да‚ 
басқа  тұрғын  орны  жоқ  Ризаева‚  пəтердi  бөлудi  ұсынады.  Одан  Не-сiповтар  бас  тартады.  Сонда 
Ризаева сотқа  пəтер бөлiсудiң екi  нақты  жолын  ұсынып‚  тұрғын  үйдi  ерiксiз алмастыру жөнiнде 
талап арыз ұсынады.  
Несiповтар‚ үй ауыстыруға қарсы болып‚ бұл үйде 40 жыл-дан астам уақыт тұрып жатқандарын 
жəне орталықтан қаланың жаңа салынған аударына көшуге ниеттерi жоғын көрсетедi. Со-нымен 
қатар‚ олардың пiкiрiнше‚ Ризаеваның ұсынған вариант-тары олардың мүддесiне қысым жасайды‚ 
өйткенi  оларға  жағ-дайы  нашарлау  тұрғын  үйдi  пайдалануға  жəне  ересек  ұлымен  араласқан 
бөлмелерде тұруға тура келедi.  
Пəтер  алмастырудың  табылған  варианттары  Несiповтардың  құқығын  бұзбайтынын‚  себебi 
əрқайсысына бұрын пайдаланған тұрғын үйдегiдей аудан келедi деп санай отырып‚ Ризаева талап 
арызды қанағаттандыруды талап етедi. Оның үстiне ол пəтер-лердiң тұрғын ауданы қазiргi заңға 
сай жақсы жабдықталған бо-лып табылады.  
Осы  iстi  қалай  шешуге  болады?  Азаматтық-құқықтық  қор-ғау  пəнi  ретiнде  заңмен  қорғалатын
мүдде не болып табылады? 
2.  Орталық  басылымдардың  бiрiнде  қоғамды  қатты  даурық-тырған  ой-пiкiр  таласын  тудыратын 
мақалалар  сериясы  жария-ланады.  Оның  себептерiнiң  бiрi — мақалалар  авторының  аты-жөнi 
əйгiлi қоғамдық қайраткер N-ның атына дəл келу жайты. Алайда‚ соңғысы мақалаларға еш қатысы 
жоқтығын‚  олардың  жариялану  фактiсiне  наразы  екенiн  жəне  мақалалардағы  айтыл-ған  ой 
толғамдарының  көбiн  жақтамайтынын  мəлiмдейдi.  Өткi-зiлген  журналистiк  тергеу  мақалаларды 
шынымен  мүлдем  басқа  адам  жазғанын  көрсетедi.  Əйгiлi  тұлға N-ның  атына  дəл  келетiн  лақап 
атпен  баспада  сөз  сөйлегенiн  ол  мақалалармен  үлкен  қо-ғамдық  назар  тудырғысы  келгенiмен 

түсiндiредi. Ол өз əрекетiн-де ешбiр заң бұзушылық көрмейтiнiн айтады‚ себебi кез-келген автор 
көпшiлiк алдында өзiнiң шын атын да‚ лақап атын да пайдаланып сөз сөйлей алады. Сондықтан да 
егер N оған  кел-тiрiлген  моральдық  зиянның  орнын  толтыру  жөнiнде  талап  ары-зын  ұсынса‚  ол 
соттың бұндай талапты қанағаттандырмайты-нына кəмiл сенедi.  
Ал сiздiң пiкiрiңiз қандай болмақ? 
3.  Алданиязов  өз  үйiнiң  астында  орналасқан  гаражын  ың-ғайлап‚  автожөндеу  шеберханасын 
ұйымдастырады.  Тапсырыс  санының  өсуiне  байланысты  ол  iсiн  кеңейтпекшi  болады  да‚  үйдiң 
қасына төрт көлiк сиятындай жылы бокс салуды ұйға-рады. Бiрақ Алданиязовтың жобаға келiсiм 
алу үшiн барған жергiлiктi əкiмшiлiк органы құрылысқа рұқсат беруден бас тартады. Бас тартуға 
негiз  болған  Алданиязовтың  көршiлерiнен  түскен  көптеген  шағымдар.  Ол  шағымдарда 
Алданиязовтың  кəсiпкерлiк  iс-əрекетi  оларға  айтарлықтай  ыңғайсыздық  туғы-зады‚  нақтылай 
айтқанда‚  үнемi  шу‚  газдалған  ауа‚  балалардың  жарақат  алуының  жоғары  қатерiн  жəне  т.б. 
туғызады  делiнген.  Сондықтан  мəселе  айтылған  iс-əрекеттiң  кеңеюiне  емес‚  оны  бұрынғы 
қарқында  жалғастыру  мүмкiндiгiне  тiрелiп  тұр.  Алда-ниязов  үй  де‚  жер  учаскесi  де  оның  жеке 
меншiк  құқығында  екенiн‚  оларды  қалай  пайдаланатынын  өзi  шешетiнiн  жəне  жер-гiлiктi 
əкiмшiлiк органы əрекетiн сот тəртiбiнде шағымдауға ние-тi барын мəлiмдейдi.  
Алданиязов  шағымын  сот  қанағаттандыра  ма?  Жергiлiктi  əкiмшiлiк  органдары  немесе 
Алданиязовтың көршiлерi‚ өз алды-на‚ Алданиязовтан оның тұрып жатқан жерiндегi кəсiпкерлiк 
iс-əрекетiн тоқтатуын талап ете ала ма? 
4.  Қырманов  сотқа  өз  анасының  өлiмiнен  кейiн  ашылған  мұраны  қабылдау  мерзiмiн  ұзарту 
жөнiнде талап арызын бередi. Өз өтiнiшiн ол мұраның ашылғаны туралы тек қазiр‚ өлiмнен кейiн 
1,5 жыл өткен соң бiлгенiмен дəйектейдi. Iстi қарастыру барысында Қырмановтың соңғы жылдар
бойы  анасымен  ешқан-дай  қарым-қатынас  жасамағанын‚  дəлiрек  айтқанда‚  анасының 
материалдық  көмек  сұрағанына  қарамастан‚  оған  көмек  көрсет-пегенi  анықталады.  Анасын  күту 
мен  бағуға  байланысты  барлық  жұмысты  өз  мойнына  Қырмановтың  апасы  алады‚  мiне‚  соған 
мұрагерлiк мүлiктiң бəрi өтедi.  
Қырмановтың  талап  арызы  қанағаттануға  жата  ма?  Мұраны  қабылдап  алу  мерзiмдердiң  қандай 
түрiне жатады? 
5. Нан ашытқысын  жеткiзiп тұру  шартын  жасасу кезiнде та-мақ өнiмдерiнiң комбинаты мен нан 
зауыты  арасында  дау  туады.  Комбинат  зауыттың  нан  ашытқысының  жартылай  төлемi  есебiн-де 
зауыттың  үлестiк  қатысуымен  салынып  жатқан  үйдiң 2 пəте-рiн  берудi  талап  етедi.  Сонда 
комбинат өкiлi олардың кəсiпорны Солтүстiк-Батыс аймақтағы жалғыз нан ашытқысын өндiрушi 
болып  табылатынын  жəне  өз  өнiмiн  сатудан  ешбiр  қыжалат  шек-пейтiнiн  мəлiмдейдi.  Зауытта 
тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болатын көп адамның жұмыс iстейтiнiн көрсете отырып 
зауыт комбинат талабымен келiспейдi. Келiссөздiң тұйыққа тi-релгенiнен‚ зауыт комбинатты шарт
жасасуға ерiксiз көндiру жөнiндегi талап арызын сотқа бередi.  
Соттың əрекетi қандай болуы қажет? 
6.  Оспановтың  саяжайын  қыста  белгiсiз  адамдар  екi  рет  то-наған  болатын.  Кезектi  саяжай 
мерзiмiнiң  аяқталғанында  Оспа-нов  анағұрлым  құнды  заттарды  қараңғы  шоланға  жəне  шатыр
астына  апарып  қояды.  Сонымен  бiрге  ол  шоланда  iрi  аңға  өзi  жасаған  қапқан  қояды‚  ал  шатыр 
астына жиналған заттарға қол тигiзгенде 3 метрлiк биiктiктен ауыр бөрене құлайтындай құ-рылғы 
құрып қояды.  
Қаңтарда Оспановты милицияға шақыртады‚ ол жерде оған саяжайдың шатыры астында табылған
омыртқасы сынған жəне аяғы үсiп кеткен азамат Қирабаевқа ауыр дене жарақатын кел-тiру фактiсi 
бойынша түсiнiктеме берудi сұрайды. Нəтижесiнде анықталғандай‚ Оспанов мүлiгiнiң алдыңғы екi 
ұрлығын  да Қирабаев  жасаған болып  шықты. Осы  факт  бойынша қылмысты  iс  қозғалады‚  бiрақ 

қылмыстық-процессуалдық  заңмен  қарасты-рылған  негiздер  бойынша  ол  тоқтатылады. I-шi  топ 
мүгедегi  деп  танылған  Қирабаев  алынған  жарақатқа  байланысты  еңбекке  қабiлеттiлiгiн 
жоғалтумен келтiрiлген зиян орнын толықтыру туралы талап арызын Оспановқа ұсынады.  
Қирабаевтың талап арызы қанағаттандыруға жата ма?

7-тақырып.
 
ӨКIЛДIК. СЕНIМХАТ
 
Тақырып бойынша сұрақтар 
1. Өкiлдiк ұғымы: 
1.1. Өкiлдiктiң құқықтық маңызы; 
1.2. Өкiлдiктiң субъектiлiк құрамы; 
1.3. Өкiлдiктiң оған ұқсас құқықтық қарым-қатынастардан айырмашылығы. 
2. Өкiлдiк түрлерi. 
3. Сенiмхат: 
3.1. Сенiмхат берудiң тəртiбi; 
3.2. Сенiмхаттың мазмұны; 
3.3. Сенiмхат түрлерi. 
4. Өкiлеттiгi жоқ өкiлдiк. 
Есептер 
1.  Жетпiс  екi  жасар  Үсенова  Нояновпен  жасасқан  өмiр  бойы  асырауда  ұстау  шартын  бұзу 
жөнiндегi  талап  арызын  сот-қа  ұсынады.  Талап  арызында  Үсенова  жеке  меншiк  құқығын-дағы 
тұрғын үйiн ешкiмнiң меншiгiне бермейтiнiн‚  өйткенi  оны тұрғын үйi  жоқ немере қызына өсиет 
бойынша беруге ниетi барын көрсетедi. Ал өмiр бойы күту мен асырау шартына қатысты болса‚ 
оны жиенi Серiков оған айтпастан жасасқан. Үйдi сатып алушы Ноянов‚ талап арызға қарсылық 
бiлдiре  оты-рып‚  шынымен  Серiковпен  шарт  жасасқанын‚  бiрақ  соңғы-сының  қолында  тиiстi 
түрде  жасалынған  Үсенованың  мүлiгiн  басқару  жөнiнде  бас  сенiмхаты  бар  екенiн  түсiндiредi. 
Сондық-тан да‚ оның ойынша‚ шартты жарамсыз деп танудың негiзi жоқ. Ол өз мойнына алынған
мiндеттемелердi  тиiстi  түрде  орындап  отыратынын  жəне  шын  мəнiнде  қаржыға  жəне  қосымша 
күтiмге мұқтаж болған Үсенованы мүддесi ешбiр түрде қысылмайтынын айтып‚ сотты сендiредi. 
Осыған қарамастан Үсенова шартты бұ-зуды талап етедi.  
Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? 
2.  Астанада  тұрып  жатқан  Сарманов  жанұясымен  бiрге  Ал-матыға  көшiп  келудi  ұйғарады. 
Алматыда тұрғын үйдi iздестiруге мүмкiндiгi болмаған ол өзiнiң алыс туысы Қалиевпен келiсiлген 
соманың  айналасында  оның  тұрғын  үй  сатып  алу  варианттарын  iздестiруi  жөнiнде  уағдаласады. 
Берiлген тапсырманы орындау жағдайында Сарманов Қалиевке сатып алатын тұрғын үй құ-нының 
2,5%-i  мөлшерiнде  сыйақы  төлеудi  мiндетке  алады.  Бiраз  уақыт  өткен  соң‚  Калиев  таныстары 
арқылы Келiмжанованың тиiмдi бағамен сататын 3 бөлмелi пəтерiн сатып алуға мүмкiндiк барын 
бiледi.  Пəтердi  көрiп‚  Қалиев  осы  вариант  Сармановтың  көңiлiнен  шығады  деп  шешедi. 
Келiмжанова  ойын  өзгертедi  деп  күдiктенген  Қалиев  оны  пəтерiн  тек  Сармановқа  сататыны  жө-
нiнде жазбаша шарт жасасуға үгiттейдi. Ниеттерiнiң шындығын растау үшiн Қалиев өз қаражаты 
есебiнен  Келiмжановаға  со-маның  жартысын  төлейдi‚  оны  тараптар  шартта  кепiлпұл  деп  атаған. 
Қалиев  дереу  Сармановпен  хабарласады‚  бiрақ  соңғысы  жағдайлардың  өзгеруiне  байланысты 
Алматыдағы  пəтердi  керек  етпейтiнiн  айтады.  Қалиевке  қандай  да  бiр  сыйақы  төлеуден  не-месе 
оның шығындарын өтеуден Сарманов бас тартады. 

Қалиев Келiмжановаға Сармановтың пəтердi сатып алудан бас тартқанын айтқанда‚ Келiмжанова 
кепiлпұл  ретiнде  ақшаны  қайтаруға  ниетi  жоқтығын‚  өйткенi  жасасқан  шарттың  кесiрiнен  басқа 
сатып алушыларға пəтер сатудан бас тартқанын мəлiм-дейдi.  
Қалиев  Сармановпен  де‚  Келiмжановамен  де  қарым-қаты-настарындағы  өзiнiң  мүлiктiк 
құқықтарын қорғау жөнiнде сұ-рақпен заң кеңесшiсiне барады.  
Қалиевке қандай кеңес берiлуi тиiс? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет