сомалармен толықтырып отырады. Шотта 10 000 теңге жиналғанда, ол ақшаны алып,
компьютерлiк ойындар қосымшасын сатып алуды ұйғарды. Бiрақ банк қызметкерi көрсетiлген
соманы беруден бас тартады да Болат өз салымынан ақшаны тек кəмелетке толғанында ғана ала
алатынын мəлiмдейдi. Болаттың атына ашылған салымнан оның ата-анасына да ақша беруге
болмайды.
Банк қызметкерiнiң мəлiмдемесi дұрыс па? Банктерге са-лымдар салуға қатысты кəмелетке
толмағандардың қандай құ-қықтары бар?
13. Төлегенов музыкалық аспаптар дүкенiнен қарызға кон-церттiк рояль сатып алады. Келесi күнi
дүкен меңгерушiсi Тө-легеновтың əйелi жолығып, рояльдi қайта қабылдап алуды жəне дүкенге
төленген аванс сомасын қайтарып берудi талап етедi. Сонымен бiрге Төлегеновтiң жүйке
ауыруымен ауырып, психо-неврологиялық диспансердiң бақылауында екенiн, жəне жақын арада
сотқа барып оның əрекетке қабiлетсiздiгiн мойындау ары-зын беретiнiн мəлiмдейдi. Меңгерушiнiң
шақыруымен сауда жа-саған сатушы келiп, Төлегеновтiң мiнез-құлығында қандай да бiр
психикалық ауытқулар байқалмағанын айтады. Оның үстiне Төлегенов аспапты сынау кезiнде
айтарлықтай жоғары деңгейде Бетховен, Лист жəне Дебюссидiң туындыларының қиын үзiн-
дiлерiн орындап берген болатын.
Төлегеновтiң əйелi медициналық анықтама қағазын ұсына-ды, онда Төлегенов бiрнеше жылдар
бойы жүйке ауыруының ас-қынуына мезгiл-мезгiл шалдыққаны, ал соңғы кезде олардың жиiлеп
кеткенi, бiрақ олардың арасындағы уақытта өз əрекетiне есеп берiп, өзiн ұстай алатыны
көрсетiлген.
Осы келiсiмдi Төлегенов жасай алар ма едi?
14. Кеңсе тауарлары дүкенiнiң меңгерушiсiне Шортанова өте көп автоқалам алып келедi. Оның
түсiндiруi бойынша бұл қа-ламдарды оның күйеуi бiрнеше ай бойы күн сайын бiр қаламнан сатып
алып тұрған. Шортанованың күйеуi екi жыл бұрын пси-хикалық ауру салдарынан сот шешiмiмен
əрекетке қабiлетсiз деп танылған жəне əйелi оның қамқоршысы боп тағайындалған. Қа-зiргi кезде
Шортанов аурудың асқынуына байланысты ауру-ханада жатыр. Шортанова күйеуiнiң əрекетке
қабiлетсiздiгiне байланысты мұндай мəмiлелердi өзi
iстей алмайтынын айтып, қаламдарды қайта
қабылдап алуды жəне оларға төленген ақша-ны қайтаруды сұрайды.
Дүкен меңгерушiсi Шортановтың кез-келген азаматтың жа-сауға құқығы бар ұсақ тұрмыстық
мəмiле жасағанына сiлтеп, талапты орындаудан бас тартады. Онымен қоса, сатып алу кез-дерiнде
қаламдардың бағасы бiрнеше рет өзгергенiн жəне есеп-шiнiң Шортановаға тиiстi сомасын
кассалық чектерсiз бере алмайтынын айтады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс?
15. Прокурор Сексеновты əрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп тануды ұсынып сотқа арызданады.
Арызда жалғыз өзi ком-муналдық пəтердiң бөлмесiнде тұрып жатқан Сексенов, арақ-шарап iшiп,
Сексеновқа қатысты қажеттi шаралар қолдану тура-лы өтiнiшпен прокуратураға барған
көршiлерiнiң мазасын ала-тыны көрсетiлген. Прокурордың арызына қосымша ретiнде Сек-
сеновтың созылмалы маскүнемдiкпен ауыратыны жəне əрекет қабiлеттiлiгiн шектеу керектiгi
жайындағы психоневрологиялық диспансердiң анықтама қағазды қоса тапсырылады. Сот Сек-
сеновты əрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану жөнiнде шешiм шығарады.
Соттың шешiмi дұрыс па? Егер Сексенов қартайған анасын асырап отырса, шешiм өзгерер ме едi?
16. Өткелова өзiнiң бұрынғы күйеуiн өлдi деп жариялау жөнiндегi арызбен сотқа барады. Арызда
Өткеловтың қайда жүр-генi туралы 5 жылдан астам уақыт хабарсыз екенiн, оған дейiн Өткеловтың
алимент төлеуден қашып, соған байланысты iздестi-рiлгенiн көрсетедi.
Заңды тұлғаның қайта құру деген не? Ол қандай түрде жа-салуы мүмкiн?
Шаруашылық серiктестiктен мүшелiктен шығарудың қандай негiздерi мен тəртiптерiн бiлесiздер?
Достарыңызбен бөлісу: