иелерi кооперативiне мү-ше болып қабылданады. Алайда көп уақыт өтпей пəтерден бұрынырақта
байқалынбаған əртүрлi ақаулар анықтала бастайды. Атап айтқанда, есiк пен терезе
қорапшаларының дұрыс салын-бағандығы жəне сондай-ақ едендегi жанама ағаштарының дұрыс
бекiтiлмегенi белгiлi болады. Боранбаевты еркеше мазалайтын тағы бiр келеңсiз жайғдай ол
жаңбыр жауғанда үй шатырынан өткен судың пəтерге енiп, пəтердiң керегелерiн бойлай ағатын-
дығы болатын.
Соның салдарынан Боранбаевқа жəне үйдiң төменгi қа-батында орналасқан оның көршiлерiне
үлкен материалдық шы-ғындар келедi.
Боранбаев “Аралң пəтер меншiк иелерi кооперативiнен осы жоғарыдан анықталған ақауларды
дереу қалпына келтiруiн талап етедi.
Боранбаевтың бұл талабын пəтер меншiк иелерi кооперати-вiнiң төрағасы қанағаттандырудан бас
тартып, өзiнiң бас тартуын былайша негiздейдi: бiрiншiден- Борнабаев кооперативке мүше болып
жаңадан қабылданғандықтан ол əлi кооперативке жет-кiлiктi көлемде ақша сомасын (яғни тұрғын
үйдi қалыпты ұстап тұруға қажеттi ақша сомасын) төлеп үлгерген жоқ, сол себептен де ол
кооператив есебiнен аталған жөндеу жұмыстарын жасатуға құқысы жоқ деп бiледi; екiншiден —
сапасыз пəтерлердi сатып алғаны үшiн Борнбаевтың өзi жауапты болуы тиiс деп бiледi;
“Аралң пəтер меншiк иелерi кооперативiнiң төрағасының бұл жауабы қаншалықты негiздi деп
бiлесiздер?
Iстi шешiңiздер.
Пəтерден шыққан ақауларды қалпына келтiрудi жəне үй шатырына жөндеу жұмыстарын жүргiзудi
Боранбаев кiмнен талап етуi тиiс деп ойлайсыздар?
Достарыңызбен бөлісу: