3. Құрылыс-монтаж трестi (ҚМТ) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктен (ЖШС) соңғысының
заңсыз иелiгiнен көтергiш кранды қайтаруы жөнiнде талап арыз ұсынады. Үшiншi жақ ре-тiнде
iске қатысуға ЖШС-тiң кран сатып алған Жабық ак-ционерлiк қоғамы (ЖАҚ) тартылады. Соттың
мəжiлiсiн ашып‚ сот келгендерге өз өкiлдiктерiн растауды ұсынады. Сотқа ҚМТ-ның заңгерi iске
қатысу сенiмхатын ұсынады. ЖШС-тiң мүдде-сiн төлқұжаты мен кəсiпорынның тiркелу туралы
куəлiгi бар оның директоры қорғамақ болады. ЖАҚ атынан директорлар кеңесiнiң төрағасы сөз
сөйлейдi‚ оның қолында құрылтайшылар жиналысының оны көрсетiлген лауазымға тағайындау
туралы хаттамасы болды.
Сот қандай əрекет iстеуi тиiс?
4. Ауыр сырқатқа шалдыққан азамат Момынов Жинақ бан-кiсiндегi өзiнiң ақша салымын бiрнеше
жыл бойы iс-жүзiндегi некелiк қарым-қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы
сенiмхат бередi. Сонда Момынов куəгерлердiң көзiнше Нұрланова осы қаражат есебiнен оны
жерлеуге байланысты бар-лық шығындарын өтеп‚ ал қалғанын өз еркiмен жұмсасын деген тiлегiн
бiлдiредi. Осы сенiмхат та‚ Нұрлановаға мұра бойынша автокөлiктiң жəне үй жабдықтарының өтуi
туралы өсиет те, Момыновтың емделiп жатқан ауруханасының бас дəрiгерiмен куəландырылады.
Момыновтың өлiмiнен кейiн əкесiмен бiрқа-тар жылдар бойы қатынаспайтын‚ бiрақ заң бойынша
Момынов-тың жалғыз мұрагерi болып табылатын оның ересек ұлы Нұр-лановадан Жинақ банкiде
Момынов атында сақталған ақша са-лымының барлық сомасын берудi талап ете отырып‚ оған
талап арыз ұсынады.
Осы талап арыз қаншалықты негiзделген деуге болады?
5. Саудалық фирманың тауар маманы тiгiн фабрикасына фирма үшiн қажеттi өнiмдердiң үлгiсiн
таңдап алу үшiн жəне өнiм беру шартын жасасу үшiн жiберiледi. Фирма директорының
орынбасары қол қойған сенiмхатта оған 120 млн. теңгеге дейiнгi сомаға əйелдердiң пальтоларын
жəне ерлер плащтарын сатып алу құқығы берiлген. Фабрикадағы пальтолар мен плащтар үлгi-лерi
тауар маманына ұнамайды‚ бiрақ ол ерлер костюмдерi мен əйелдердiң жылы курткаларының
үлгiлерiн құптап‚ фабрикамен 95 млн. теңге сомасына өнiм беру шартын жасасады.
Жасалған шартқа сəйкес сауда фирмасы фабрикаға шартта көрсетiлген соманы аударады‚ алайда
фабрика шарт бойынша өз мiндеттемесiн орындамайды. Фирма аударылған ақша қаража-тын
қайтаруды жəне шартта қарастырылған айыпты төлеудi та-лап етiп‚ фабрикаға хат жiбередi.
Ол хатқа жауап ретiнде фабрика аударылған қаражатты фир-маға қайтаруға дайын екендiгiн‚ бiрақ
айып төлеуге ниетi жоқ-тығын‚ себебi фирмамен жасалған шартты жарамсыз деп санай-тынын
мəлiмдейдi.
Фирманың бас директоры сотқа талап арыз беруге бола ма деген сұраққа жауап iздеп‚ заңгерге
барады.
Бас директорға сiз қандай кеңес берер едiңiз? Егер фирма фабрикаға ешқандай қаржы аудармаған
болып шықса‚ шешiм өзгередi ме?
8-тақырып.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕН ҚОРҒАУДЫҢ МЕРЗIМДЕРI
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Азаматтық құқықтағы мерзiмдердiң ұғымы‚ мерзiмдердi есептеу жəне оның түрлерi.
2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзiмдерi:
2.1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзiмдерi;
2.2. Наразылық бiлдiру мерзiмдерi;
2.3. Кепiлдiк мерзiмдер.
3. Азаматтық мiндеттердi орындау мерзiмдерi.
4. Талап қою мерзiмi:
4.1. Талап қою мерзiмiнiң ұғымы;
4.2. Талап қою мерзiмiнiң басталу сəтi;
4.3. Талап қою мерзiмiн тоқтату‚ үзу жəне қайта жалғастыру;
4.4. Талап қою мерзiмiнiң өту салдары;
4.5. Талап қою мерзiмi қолданылмайтын талаптар.
Есептер
1. Сауда-делдалдық фирма жасасқан шартқа сəйкес сауда кəсiпорнына маргарин партиясын
жеткiзедi‚ ол маргариннiң сатылу мерзiмi өтiп кеткен болып шығады. Сауда кəсiпорны тауарды
жарамсыз деп тауып‚ фирмаға алдын-ала төлем ретiнде аударылған қаржыны қайтару жөнiнде‚
сонымен қатар шартта қарастырылған айыпты төлеу туралы талап қояды.
Шарт бойынша олар 10 күн деп белгiленген талап қою мер-зiмiн сауда кəсiпорнының өткiзiп
алуын сiлтеп‚ фирма талапты орындаудан бас тартады.
Сауда кəсiпорны талап арызбен төрешi сотқа барады. Дəлелi ретiнде сауда кəсiпорнының тараптар
келiсiмi бойынша белгi-ленген талап қою тəртiбiн ғана емес‚ сонымен қатар арыз беру-шiнiң
тараптар белгiлеуi бойынша 30 күндiк наразылық бiлдiру мерзiмiнiң ескiргенiн де көрсетедi.
Фирманың пiкiрi бойынша‚ сауда кəсiпорнының талабы негiзсiз‚ өйткенi маргариннiң сатылу
мерзiмiнiң өтiп кетуi жет-кiзiлген тауардың сапасыздығына дəлел бола алмайды.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс?
2. Күмiсбаев пен Арынбеков арасында 1991 ж. 14 қыркүйе-гiнде автокөлiк сату жөнiнде шарт
жасалады. Келiсiмi бойынша Арынбеков шарттасқан бағаның тек жартысын төлейдi‚ ал екiн-шi
жартысына қатысты Күмiсбаевқа 1991 ж. 31 желтоқсанынан кеш қалдырмай қарыз сомасының
үстiне жылдық табыстың 10%-iн қосып берiп қарызын өтеу мiндеттемесiмен қарыздық қолхат
бередi. 1992 жылдың ақпанында Күмiсбаев қатты ауыра-ды да‚ 1992 ж. 20 ақпанда мезгiлсiз
қайтыс болады.
Мұрагерлiк құқыққа ие Күмiсбаевтiң қызы Шораева басқа қалада тұрып жатты жəне қарыз туралы
ешнəрсе бiлген жоқ. Тек 1994 жылдың шiлде айында əкесiнiң қағаздарын реттестiру кезiнде ол
қарыздық қолхатты кездейсоқ байқап қалып‚ Арын-бековтан қарызды қайтаруды талап етедi.
Арынбеков Күмiсбаев-тан сатып алған көлiгiнiң бiр ай пайдалануынан кейiн Күмiс-баевтың
айтпаған кемшiлiктерi шыға бастағанын айтып‚ қарыз-ды қайтарудан бас тартады.
1995 жылы 15 қаңтарда Шораева сотта Арынбековтың қарыз сомасын алып беру жөнiнде талап
арызын ұсынады. Талап арыз-ға жауап бергенде Арынбеков арыз берушiнiң талап қою мерзi-мiн
өткiзiп алғандығынан‚ сонымен қатар автокөлiктiң анық-талған кемшiлiктерiне байланысты шын
мəнiнде талаптың не-гiзсiз екендiгiн айтып‚ соттың талап арыздан бас тартуын сұ-райды.
Шораеваның арызындағы талап қанағаттандырылуға тиiс пе? Арынбеков дəйектерi қаншалықты
негiзделген?
3. Жасалынған шарт бойынша ет-сүт комбинаты сауда фир-масына тараптардың келiскен
ассортиментiнде сүт өнiмдерiн жеткiзiп тұрады. Шарт жеткiзiлген өнiмнiң ай сайынғы төлемiн
қарастырады‚ ол келесi айдың 10-шы күнiнен кешiктiрiлмей‚ оны төлеу мерзiмiнен кеш қалған
əрбiр күнi үшiн жеткiзiлген өнiм құнының 1%-i мөлшерiнде айып төлеумен жүзеге асы-рылуы тиiс
едi.
Шарттың бүкiл бiржылдық мерзiмiнде сауда фирмасы жүйелi түрде төлемдердi бiр-екi аптаға
кешiктiрiп‚ бiрақ өз еркiмен ол үшiн айып төлемегендiктен‚ комбинат фирмамен жа-саған шартын
жаңа мерзiмге созудан бас тартады. Бiр мезгiлде директордың тапсырмасы бойынша комбинат
заңгерi төлемнiң кешiктiрiлу кезеңдерiнiң қосындысын шығарады‚ ол 136 күн бо-лып шығады‚
жəне шарт қысқартылғаннан 2 ай өткен соң фир-маға айып төлеу жөнiнде талап арызын ұсынады.
Талап арыз қанағаттандырылуға тиiс пе?
4. Кенебаев Хасеновадан үлкен сомаға ақшаны қарызға алып‚ 2 айдан соң‚ яғни 1991 жылдың 15
тамызынан кеш қал-дырмай кайтаруға мiндеттенедi. Көрсетiлген мерзiмде ақша қай-тарылмайды.
Ақша орнына Кенебаев Хасеноваға 50%-ке өсiрiл-ген соманы 1991 ж. 1 желтоқсанынан
қалдырмай төлеуге мiндет алынған жаңа қолхат бередi.
1991 ж. қараша айында Кенебаев алыс шекара гарнизонында əскери қызметке шақырылады. 1993
ж. қараша айында əскерден қайтқан соң Кенебаев теңiз жағалауындағы қалаға тұрақтап‚ ке-ме
шаруашылығына жұмысқа кiрiп‚ үйiне қайтпайды. Кенебаев-тiң туыстарынан оның мекен-жайын
бiлiп Хасенова оған қарызы туралы ескертiп хат жазып жiбередi‚ бiрақ жауап алмайды. 1995 ж. 15
қаңтарында Хасенова Кенебаевтан қарыз сомасын алып беру жөнiнде сотқа талап арызын бередi.
Кенебаев Хасенованың талап қою мерзiмiнiң ескiргенiн сiлтеп‚ талапты мойындамайды. Хасенова
Кенебаевтың əскердегi қызмет уақыты талап қою мерзiмiнiң ескiруiне кiрмеуi тиiс деген оймен‚
оның ескiруi өткен жоқ деп санады. Сонымен қатар‚ Хасенова 1994 жылдың 3 қыркүйегiнен 5
қарашасына дейiн ауруханада жатқандығын растайтын медициналық құжаттарды сотқа ұсынады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Егер Кенебаев Хасенованың ха-тына жауап берiп‚ қарызды қандай да бiр
жаңа мерзiмге қарай қайтарып берудi уəде етсе‚ есептiң шешiмi өзгерер ме едi?
5. Акционерлiк қоғам толық серiктестiкке құрылыс мате-риалдарының партиясын сатады. Шартты
жасасу кезiнде серiк-тестiк материалдар құнын толығымен төлейдi‚ бiрақ АҚ-нан ма-териалдың
тек жартысын алады‚ өйткенi ұсынылған материал-дардың қалғаны жарамсыз болады да
серiктестiк оларды қа-былдаудан бас тартады. Кейiннен‚ бiрнеше ай аралығында‚ АҚ серiктестiк
сұрауы бойынша соңғысына жасасқан шарттың орындалу есебiне материалдардың кiшiгiрiм
партияларын берiп тұрады‚ алайда жалпы алғанда‚ шарт жартылай орындалмаған болып қалады.
АҚ-ның қайта кəсiптенiп‚ құрылыс материалда-рымен айналысуды тоқтатқанын ескере отырып‚
серiктестiк одан қарызды өтеудi талап етедi. Акционерлiк қоғам шарт жасасу сəтiнен 3 жыл жəне 2
ай өткенiн‚ жəне сондықтан да талап қою ескiлiгi өтiп кеткенiн мəлiмдеп‚ талапты орындаудан бас
тартады. Серiктестiк талап арызын төрешi сотқа бередi.
Iс бойынша қандай шешiм қабылдануы тиiс?
6. Бисенов өзiнiң танысы Сарбалаевтың сұрауы бойынша тиiстi сенiмхат жасап‚ уақытша
пайдалануға өз автокөлiгiн бе-редi. Тараптар келiсiмi бойынша көлiк Бисеновқа оның бiрiншi
қойған талабымен қайтаруға тиiс. 1992 ж. 16 мамырында Бисе-нов жазбаша түрде Сарбалаевтан
көлiктi қайтарып берудi талап етедi‚ алайда екi күннен соң Бисенов қайғылы қазаға ұшы-райды.
Оның əйелi Сарбалаевтың көлiктi қайтармағанын бiледi‚ бiрақ тиiстi талаптарды қоймайды. 1995
ж. 20 мамырда Сар-балаев өз ықыласымен Бисеноваға көлiктi қайтарып бередi‚ бiрақ бiрнеше
күннен соң талап қою мерзiмiнiң өтiп кеткенiн бiлмегендiктен оны қателiкпен iстегенiн
мəлiмдейдi. Осы негiзде ол Бисеновадан көлiктi берудi сұрайды‚ өйткенi қарсы болған жағдайда
ол оны сот арқылы талап ететiнiн айтады. Бисенова Сарбалаевтың сұрағанын орындаудан бас
тартады.
Егер iс соттың қарастыруына берiлсе‚ дау кiмнiң пайдасына шешiледi?
9-тақырып.
ЖЕКЕ МҮЛIКТIК ЕМЕС ИГIЛIКТЕР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Жеке мүлiктiк емес игiлiктердiң ұғымы.
2. Азаматтық құқықпен қорғалатын жеке мүлiктi емес игiлiк түрлерi.
3. Жеке мүлiктiк емес құқықтардың ұғымы мен негiзгi бел-гiлерi.
4. Жеке мүлiктiк емес құқықтардың түрлерi.
5. Жеке мүлiктiк емес құқықтар мен өзге де мүлiктi емес игiлiктердi қорғау:
5.1. Намыс‚ абырой жəне iскерлiк беделдi қорғау;
5.2. Өзге де жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғау;
5.3. Жеке мүлiктiк емес құқықтарды жəне басқа мүлiктi емес игiлiктердi қорғаудың тəсiлдерi.
Есептер
1. Əйгiлi эстрадалық əншi əйел гастролi кезiнде Ақтөбе об-лысындағы қалалардың бiрiнде
аталуын оның есiмiне сай ке-летiн кафенi байқап қалады. Осы туралы қандай əрекет iстерiн
бiлмей‚ əншi заң кеңесшiсiне келесi сұрақтармен барады:
1) үшiншi жақтар оның есiмiн оның келiсiмiсiз қолдана ала ма?
2) оның өз есiмiне құқығының мазмұны неде жəне сол құқықты ол қалай қорғай алады?
Осы сұраққа жауап берiңiз.
2. Зейнеткер Ш. Алматыдағы “Əйгерiмң ресторанына бiрне-ше ай бойы өзiн-өзi əйгiлi қазақ
жазушысы əрi қоғамдық қай-раткерi Н. деп атап‚ барып жүредi. Сол кезде ол қолтаңбасын та-
ратып‚ əуенге тапсырыс берiп‚ өзiнiң репрессияға қалай ұшыра-ғанын жəне қазiрде тұрғын үйге
мұқтаж екенiн көпшiлiкке жа-рия етiп жүредi.
Жазушы Н. Адвокаттар алқасына оның құқықтары бұзылды ма жəне осы жағдайда қандай қорғау
жолдарын қолдануға бола-тынын сұрап барады.
Қойылған сұраққа қандай жауап берiңiздер?
3. Азамат Ш. жазушы А. мен “Қазақ əдебиетiнең И. В. Ста-линнiң намысы мен абыройын қорғау
жөнiнде талап арызын ұсынады. Талап арыз беруге арқау болған — жазушы А-ның И. В. Сталин
iс-əрекетiн кеңес халқына қарсы қылмыстық деп сипаттаған “Қазақ əдебиетiндегiң мақаласы. Сот
бұл талап арызды қарастыруға қабылдамайды‚ өйткенi‚ сот пiкiрiнше‚ қа-зiргi заң бойынша басқа
азаматтардың намысы мен абыройын қорғау жөнiнде талап арызды ұсыну мүмкiндiгi қарастырыл-
майды.
Сонда азамат Ш. жазушы А. мен “Қазақ əдебиетiнең өз намысы мен абыройын қорғау жөнiнде
талап арыз ұсынады. Өйткенi ол сол кезеңдегi оқиғаларға қатысқандықтан‚ И. В. Ста-лин мен
оның заманы туралы таратылған мəлiметтер‚ оның пiкi-рiнше‚ өз намысы мен абыройына кiр
келтiредi. Сот азамат Ш-ның талап арызын қабылдап‚ оны мəнi бойынша қарастырады.
Соттың əрекетi дұрыс па?
4. Азамат С.‚ əмбебап дүкенде жүрiп өзiнiң онда бейнесi бар футболкалардың сатылып жатқанын
көредi. Бейнесi өзi жа-қында бiр ательеде түскен фотосуретке дəл сəйкес болады. Азамат С. сот
бойынша өз құқығын қорғауды талап етуге құқы-ғы бар ма деген сұрақпен заң кеңесшiсiне
барады.
Азамат С-ға қандай жауап берiлуi тиiс?
5. Қалалық газетте жергiлiктi ет комбинатының жұмысы ту-ралы материал басылып шығарылады.
Онда шығарылатын өнiм-нiң төменгi сапасы‚ өндiрiс технологиясын өрескел бұзушылығы‚
өндiрiстiң тазалығы жоқтығы жəне т. с. с. туралы ерекше жазыл-ған болатын.
Зауыт директоры газет редакциясына ет комбинаты жұмы-сында көрсетiлген кемшiлiктер бар
болғанымен‚ газетке түскен материал зауыттың iскерлiк атағына кiр келтiретiнiн атап көр-сетiп‚
жалған екенiн басылымда көрсетуiн талап етедi. Осы басылымнан соң бiрнеше iстестерi ет
комбинатымен бiрге жұ-мыс iстеуден бас тартады. Сонымен бiрге‚ комбинат директоры
комбинаттың iстестерден айырылуына байланысты ұшыраған шығындарын өтеу жөнiнде талап
арызын газет редакциясына бередi. Комбинат директорының ойынша‚ газет тiлшiсi осындай
материалдың баспаға шығарылуы жөнiнде оны хабардар етiп‚ барлық фактiлердi тəптiштеп
тексеруден өткiзуге мiндеттi едi.
Iстi шешiңiз.
6. Мемлекеттiк телерадиокомпаниясы ұзақ уақыт бойы əйелге тəн етiп шашын қоятын‚ ер адам
кимейтiн киiм киетiн өзiнiң бiр дикторының сыртқы түрiне қатысты шағымдар мен наразылықтар
алып тұрады. Телекөрермендерден үнемi түсiп тұратын жəне тоқталмайтын шағымдарынан
шаршаған теле-радиокомпания диктордан оның сыртқы түрiн өзгертуiн талап етедi. Диктор үзiлдi-
кесiлдi түрде бас тартады. Содан барып компания оны жұмыстан шығарады‚ оны
телекөрермендердiң компания дикторының қандай жынысқа жататынын бiлуге құқықты екенiмен
түсiндiредi.
Диктор‚ телекөрермендер мен компания оның адам құқық-тарын бұзатынын көрсете отырып‚
сотқа талап арызын бередi.
Талап арызды қанағаттандыруға бола ма?
7. Көрнектi қазақстан ғалымдарының бiрi Атырауда тұрып жатқан өзiнiң мектептес досымен ұзақ
хат алсып тұрады. Ғалым қайтыс болған соң‚ досы оның мəңгiлiк есте қалуын тiлеп‚ Атырау
баспасымен шарт жасасып‚ қолындағы хаттарды баспаға шығаруды шешедi. Хаттар жарық
көргенде‚ ғалымның балалары əкелерiнiң досынан əкелерiнiң барлық хаттарын баспадан шыға-
руға тыйым салатынын айтады. Алайда бұл оның жеке басының iсi деп санап‚ əкесiнiң досы
талапты орындаудан бас тартады.
Балалар талабы қанағаттандыруға бола ма? Талап арыз кiмге ұсынылуы мүмкiн? Сот бұзылған
құқықты қорғаудың қандай жолдарын таңдап алуы мүмкiн?
8. Суретшi Р. А. Қ. Оңласынованың бейнесiн салады. Су-ретшiнiң қайтыс болуынан соң
мұрагерлерi оның туынды-ларының альбомын шығармақшы болады‚ туындылар iшiнде 25
жылдан астам тiрiлер қатарында жоқ А. Қ. Оңласынованың бей-несi де болады. А. Қ.
Оңласынованың балалары оны бiле салы-сымен олардың анасының бейнесiн альбомнан
шығаруды талап етiп баспаға барады. А. Қ. Оңласынованың қайтыс болғанынан көп жыл
өткендiктен‚ анасының бейнесiн баспаға шығаруда ба-лаларының келiсiмi қажет етiлмейтiнiн
түсiндiре отырып‚ баспа олардың талабынан бас тартады.
Баспа А. Қ. Оңласынова балаларының келiсiмiн алуға тиiстi ме?
9. Азамат Мырзағұлов өзi жасамақшы болған өсиеттi куə-ландыру үшiн нотариусқа барады.
Нотариус оған қажеттi көмек көрсетедi де‚ өсиеттi куəландырады. Бiраз уақыттан соң но-тариусқа
Мырзағұловтың ұлы келiп‚ оның ойынша‚ əкесi iстеген iсiне есеп бермейтiнiн мəлiмдейдi. Жетпiс
жасына қарамастан‚ оның үйленейiн деп жүргенiн айтып‚ баласы əкесiнiң барлық мүлiктi бөтен
адамға өсиетпен қалдырғанына күдiктi екенiн айтады. Осыған байланысты ұлы нотариустан
əкесiнiң жасаған өсиетiн көрсетудi сұрайды. Нотариус ұлына өсиеттiң көшiрмесiн ұсынады.
Баласына өсиет мазмұны белгiлi болғанын естiген əкесi‚ нотариусқа деген талап арызын сотқа
бередi‚ ол арызда 10 мың теңге сомасында оған келтiрiлген моральдық зиянның орнын
толықтыруды талап етедi.
Талап арыз қанағаттандыруға жата ма?
10. Алиев пен Бисенова заңды неке қию орнына некелерiн тiркеу туралы арыз бередi. Тiркелуге екi
күн қалғанда‚ Бисе-новаға Алиевтiң анасы келiп‚ өз ұлына Бисеновамен некелесуге рұқсат
етпейтiнiн айтады. Ол Бисенованың құрбысынан Бисе-нованың əдепсiз өмiр сүргенiн жəне
нашақорлықпен айналыс-қанын бiлiп алғанын айтады. Некенiң тiркелуi жүзеге аспай қалады.
Бiраз жылдан соң‚ əлi күнге дейiн құрбысының əдiлетсiз кiнəсiнiң жəне жеке өмiрiнiң сəтсiздiгiнiң
əсерiнде жүрген Би-сенова‚ намысы мен абыройын қорғау туралы жəне моральдық нұқсан орнын
толықтыру жайлы талап арызын сотқа бередi. Жауапкердiң қорғаушысы сотта “Адам атына кiр
келтiретiн мə-лiметтердi куəгерлерсiз бiр адамға хабарлауды олардың тара-тылуы деп қарастыруға
болмайды‚ сондықтан да талап арыз қа-нағаттандырылуы мүмкiн емес — деп мəлiмдейдi. Оның
үстiне сол оқиғалар сəтiнен 5 жылдан астам уақыт өттi‚ сондықтан та-лап қою мерзiмiнiң ескiлiгi
өтiп кеткен. Iстi шешiңiз.
10 тақырып.
МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ ЖƏНЕ ӨЗГЕДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖӨНIНДЕ ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы меншiк пен меншiк құқығы.
2. Меншiк — əлеуметтiк-экономикалық категория.
3. “Меншiкң жəне “меншiк құқығың категорияларының ара-қатынасы.
4. Меншiк — құқықтық категория:
4.1. Меншiк құқығының ұғымы мен мазмұны;
4.2. Меншiк иесiнiң құқықтары.
5. Меншiк құқығы құқық жүйесiнiң бiр саласы жəне субъективтi құқық ретiнде.
6. Меншiк құқығы — абсолюттiк құқықтық қарым-қатынас элементi.
7. Қазақстан заңдары бойынша меншiк құқығының нысаны мен түрлерi.
8. Заттық құқық ұғымы:
8.1. Заттық құқық белгiлерi;
8.2. Заттық құқықтардың түрлерi;
8.3. Заттық құқықтар жүйесiндегi заттық құқық.
8.4. Заттық құқықтар жүйесiндегi меншiк құқығы.
9. Меншiк құқығының пайда болу негiздерi.
10. Меншiк құқығының пайда болуының бастапқы жəне ту-ынды жолдары‚ оларды ажырату
белгiлерi.
Есептер
1. “Диқаншың акционерлiк қоғамы ЖШС-тен толығымен төлеу жасап‚ тұқымдық картоптың екi
тоннасын сатып алады. Картопты сатып алу қыста жасалғандықтан‚ тараптар келiсiмi бойынша
тұқымдық материалды жолда үсiтiп алмау үшiн оны көктемге дейiн совхозда қалдыруды
ұйғарады. Алайда көктемде бұрын-соңды бұл жерлерде болмаған селдiң салдарынан картоп‚ оның
iшiнде АҚ сатып алған картоп сақталатын қойманы су басып‚ картоп егуге жарамсыз болып
қалады. АҚ ЖШС-тен төлеу құнының нарықтық бағасы бойынша картоптың ақшасын қайтаруды‚
не болмаса егу үшiн тура сондай сорт картобын тап сол мөлшерде бөлiп берудi талап етедi. ЖШС
бұл екi талапты да қабылдамайды. ЖШС ойынша‚ сатып алған картоп оған сақ-тауға
қалдырылған‚ сондықтан да Акционерлiк Қоғам картоптың кездейсоқ бүлiнуi үшiн өзi жауапты.
ЖШС АҚ-ға егу үшiн басқа картопты да бере алмайды‚ өйткенi картоптың жарамсыз болу
салдарынан өзi де тұқымдық материалсыз қалып‚ картопты мемлекеттiк қордан алуға мəжбүр
болып отыр. Оның үстiне‚ тiптi‚ ЖШС АҚ үшiн картоптың қосымша мөлшерiн бере алса да‚ оның
төлемiн АҚ жасауы тиiс едi.
Тараптар келiсiмге келе алмаған соң‚ iс сотқа берiледi.
Оны қалай шешуге болады?
2. Шопанаев Қамаловтан “Ладаң жеңiл автокөлiгiн сатып алады. Мəмiленi жасау сəтiндегi
тəртiпке сəйкес олар оны комиссиялық дүкен арқылы жасайды. Комиссиялық сыйақының
мөлшерiн төмендету үшiн тараптар көлiктiң сатылу бағасының жартысын сатып алушы сатушыға
дүкеннен тыс қолма-қол беретiнi туралы келiседi.
Мəмiле жасалған соң сатып алушы комиссиялық дүкенге төлеген ақшаның үстiне тағы ақша
төлеуден бас тартады. Оған жауап ретiнде сатушы сатып алушыдан автокөлiгiн тартып алады.
Сатып алушы көлiктi қайтару жөнiнде талап арыз ұсынады.
Талапқа қарсылық бiлдiре отырып‚ сатушы автокөлiгiн МАИ органдарында өз атына тiркеп
үлгермегендiктен сатып алушыға меншiк құқығы əлi өтпегенiне сiлтейдi. Ал мəмiленiң өзiн
жасамаған деп тану қажет‚ өйткенi тараптар баға жөнiнде келiсiмге келмедi.
Iстi шешiңiз.
3. Көршiлес ауылдарда орналасқан шаруа қожалықтарының мүшелерi Мақсұтова мен Меңдiбаева
сиыр сату туралы шарт жасасады. Сиыр үшiн ақшаны Мақсұтова толығымен алады. Меңдiбаева
сиыр үшiн жем дайындамағандықтан‚ əйелдер сиыр-дың Мақсұтовада қалатынын‚ ал 20-шы
мамырдан кешiктi-рiлмей сатушы оны сатып алушыға жеткiзiп беретiнi туралы уағдаласады.
Мамыр айында Мақсұтова ауырып қалып‚ маусымның тек алғаш күндерi ғана сиырын көршi
ауылға алып барады. Көпiрде сиырды айдап келе жатып‚ Мақсұтова тайғанап барып сиырмен
бiрге өзенге құлайды.
Мақсұтова мен сиыр өледi.
Меңдiбаева Мақсұтова кiретiн шаруа қожалығынан сиырға төленген ақшаны қайтарып берудi
талап етедi. Шаруа қожалы-ғының мүшелерi онымен келiспейдi де‚ өз алдына‚ Меңдiбае-вадан
сиырды жемдеуге кеткен шығындарды өтеудi талап ете бастайды.
Iстi шешiңiздер.
4. Суретшi Дəрменов Шығармашылық Үйiнде жүрiп‚ қыс-қы пейзаж бейнеленген сурет салады.
Суреттi салуда ол қызмет бабымен Шығармашылық Үйден бiрнеше күнге кетiп қалған Нұршиннiң
кенебi мен бояуларын пайдаланады. Суретке өзiнiң кенебi мен бояуы кеткенiн бiлген соң Нұршин
суреттi оған берудi талап етедi. Бұнда ол белгiлi пейзажист Дəрменовтың су-ретiн өз
коллекциясында бұрыннан берi көргiсi келiп армандап жүргенiн жəне сəттi оқиғаны жiбергiсi
келмейтiнiн түсiндiрiп бередi. Нұршиннiң ойынша‚ Дəрменов суреттi ерекше жақсы салған‚
өйткенi оған Нұршиннiң Италиядан əкелiнген жəне көне шеберлер рецептiсi бойынша жасалынған
бояулары кеткен. Дəр-меновтың сурет салу еңбегiне Нұршин ақы төлеуге дайын бо-лады.
Дəрменов суреттi сатудан бас тартады да‚ өз алдына‚ Нұр-шинге бояулар мен кенептiң бағасын
төлеуге дайын екенiн бiл-дiредi. Бөтен бояулар мен кенептi пайдаланғанын Дəрменов
Шығармашылық Үйiне құр қол келгенiмен түсiндiредi. Алайда‚ оны таң қалдырған қысқы
көрiнiстi көрiп‚ ол шығармашылық шабыттың келгенiн сезедi де‚ сурет салуға арбалып қалады.
Дəр-менов пен Нұршин өзара келiсiмге келе алмағандықтан‚ дау Су-ретшiлер одағының
Алматылық бөлiмiнiң келiсiм комиссиясы-ның шешiмiне берiледi.
Суретшiлер заңгерге кеңес сұрап барады.
Оларға қандай түсiнiктеме берiлуi тиiс?
Достарыңызбен бөлісу: |