5-бабы 6 тармақшасына сәйкес әзірленген



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.04.2020
өлшемі264 Kb.
#62099
  1   2   3

1

 

Қазақстан Республикасы 



Білім және ғылым министрінің 

2018 жылғы 20 қыркүйектегі 

№ 469 бұйрығына 3-қосымша 

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 443-қосымша 

 

 



Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған 

негізгі орта білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» 

пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы  

(оқыту қазақ тілінде)  

 

 

1 - тарау. Жалпы ережелер 



 

1.  Есту  қабілеті  бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған  негізгі 

орта  білім  беру  деңгейінің  5-10  сыныптары  үшін  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен 

жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  Бағдарлама) 

«Білім  туралы»  2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының  

5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.  

2. Бағдарламаның мақсаты – әдеби шығармаларды қабылдау және саралау 

арқылы  адамның  рухани  құндылықтарының  қалыптасуына  ықпал  жасау, 

білімдерін, қабілеттерін, дағдыларын жекелік таңдау негізінде әлем мен өзін-өзі 

тануға қолдана алатын білікті оқырман тәрбиелеу.   

3. Оқытудың міндеттері: 

1)  қазақ,  орыс  және  әлем  әдебиеті  мен  мәдениеті  негізінде  әлеуметтік 

тұрғыда  табысты  бейімделуіне  ықпал  жасайтын  білімдерді,  қабілеттерді, 

дағдыларды қалыптастыру; 

2)  білім  алушылар  көркем  әдебиет  шығармаларының  авторлық  түпкі 

ойын  терең  түсінулері  үшін,  әдебиеттанушылық  түсініктердің  меңгерілуіне 

ықпал жасау; 

3)  шығарамаларды  саралау  негізінде  сындық  саралау,  теңеу,  қорыту, 

ұқсастық  пен  себептік-нәтижелік  байланысты  анықтау,  құбылыстарды  жіктеу, 

логикалық  және  сыни  пайымдамалар  мен  пікірлерді  құру  дағдыларын 

қалыптастыру; 

4)  түрлі  жанрдағы  әдеби  шығармаларды  терең  түсіну  мен  саралау 

негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту. 

4.  Бағдарламаның  мазмұны  заттық  нәтижелерге  қол  жеткізуден  басқа, 

түзеу  міндеттерін  жүзеге  асыру  бойынша  жүйелік  жұмыстарды  қарастырады: 


2

 

есту,  есту-көру  қабылдауын  дамыту;  бейтарап  және  белсенді  сөздігін  өсіру; 



сөйлеуінде  вербализмді  болдырмау,  тілдің  семантикалық  жағымен  жұмыс; 

тілдің грамматикалық және фонетикалық құрылымының бұзылымдарын түзеу; 

дислексияны, дисграфияны және дизорфографияны болдырмау және жеңу. 

 

 



2 - тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер 

 

5.  Тілді  оқыту,  оқытудың  түзеу-дамытушылық  және  әлеуметтік-



бейімдеушілік  бағыты  қағидаларының  негізінде  және  жіктемелік,  әрекеттік, 

коммуникативтік,  құндылықты-бағдарлаушылық,  дифференциалдық  тәсілдер 

мен  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  қолдану  негізінде  жүзеге 

асырылады.  

6.  Оқытудың  түзеу-дамытушылық  бағыты,  оның  ерекше  білімдік 

қажеттіліктері  ескеріле  отырып,  оқу  ісінің  арнайы  тәсілдері  және  әдістері 

арқылы жүзеге асырылады. 

7. Әлеуметтік-бейімдеушілік 

бағыты 

тұлғаның 



әлеуметтік 

бейімделмеушілігін  жеңу  немесе  азайтуды  қарастырады.  Білім  алушылардың 

әлеуметтік  өмірге қатысулары үшін қажетті тәртіп пен өмірлік нормаларының 

меңгерілуі бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады.  

8. 

Әрекеттік 



тәсіл 

қағидасы: 

оқыту 

барысында 



педагогтың 

басшылығымен  заттық-практикалық,  ізденушілік  әрекеттер  кең  қолданылады, 

бұл  оқу  материалын  түсінуге  жағдайлар  жасайды;  заттық-практикалық  әрекет 

жоғарғы  психикалық  функцияларының  сенсомоторлық  негізін  дамытуға 

(қабылдауы,  тілі,  ойлау  қабілеті),  білім  алушылардың  өмірлік  тәжірибесінің 

жеткіліксіздігінің  орнын  толықтыруға,  жалпыбілімдік  пәндер  бойынша 

білімдер мен дағдыларды меңгерулеріне мүмкіндік береді.  

9. Коммуникативтік тәсіл – ақпаратты беру және хабарлау, тілдік қатынас 

барысында  білімдерімен,  қабілеттерімен  және  дағдыларымен  алмасу;  тіл 

арқылы қатынас жасау қабілеттілігі оқыту нәтижесі  болып табылады. 

10.  Оқытудың  практикалық  бағыты  білім  алушылардың  оқыған 

материалы  мен  практикалық  іс-әрекеті  арасындағы  тығыз  байланысты, 

практикалық-бағдарлық  міндеттерді  шешуде  бірінші  кезекті  мағынасы  бар, 

білімдері мен қабілеттерінің қалыптасуын болжайды.  

11.  Білім  алушыларға  қарасты  жіктемелік  және  жекелік  тәсіл,  олардың 

Бағдарлама  мазмұнын  меңгерудегі  бірдей  емес  мүмкіндіктерін  көрсететін 

ерекше  білімдік  қажеттіліктерінің  ескерілуін,  оқу  материалын  меңгеру 

барысында  көрініс  алатын  және  алған  білімдерінің,  дағдыларының, 

қабілеттерінің сапасына әсер ететін, вариативті типологиялық ерекшеліктерінің 

болуын  болжайды.  Әрбір  типологиялық  топ  үшін  педагог  олардың 

мүмкіндіктеріне сәйкес, қолжетімді күрделілік пен көлемін ескере отырып, оқу 

материалының  мазмұнын  таңдап  алады;  оқу  жұмысының  қарқыны,  білім 

алушылардың  дербестігі,  оқыту  тәсілдері  мен  әдістері  түрлендіріледі.  Білім 


3

 

алушылардың  топтарға  бөлінуі  шартты  және  қозғалмалы.  Жіктемелі  тәсіл 



оқытудың жекеленуімен толықтырылады. 

12.  Ақпараттық-коммуникативтік  біліктілігін  қалыптастыру  мақсатында 

білім  алушылар  түрлі  дереккөздік  ақпараты  бар  әр-түрлі  жұмыстарға 

қамтылады,  соның  ішінде  инновациялық  коммуникациялық  технологияларға 

(оқитын  машиналар,  сөздіктер,  анықтамалар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 

ғаламтор, компьютер). 

13.  Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  өмірінің  түрлі 

аспектілерін қамтитын, түрлі үлгідегі және жанрдағы мәтіндерді қолданылады, 

бұл  білім  алушылардың  орфографиялық,  пунктуациялық,  стилистикалық 

сауаттылық  деңгейін,  сондай-ақ  тілдік  мәдениет  деңгейін  көтеруге,  саралау 

дағдыларын  жаттықтыруға  және  тілдің  түрлі  жанрдағы,  стилдегі  байланысты 

сөйлемдерді меңгерулеріне мүмкіндік береді.  

14.  Мәтіндік  материалды  таңдау  барысында  этномәдени  компонентін 

ескере  отырып,  білім  мазмұнының  тәрбиелік  компонентін  күшейту 

қарастырылады  (қазақ  әдебиетінің,  орыс  әдебиетінің  ұлттық-мәдени 

ерекшеліктері  жөнінде,  біздің  еліміздің  аумағында  тұратын  басқа  халықтар 

мәдениеті жөнінде мәліметтер). 

15.  Мәтіндер  мазмұны  білім  алушылардың  рухани-адамгершіліктік 

қасиеттері  мен  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыруға  және  өмірде 

жалпыұлттық  «Mәңгілік  Ел»  идеясын  іске  асыруға,  этникааралық  және 

мәдениаралық  коммуникация  жағдайында  төзімділік  пен  қатынасты  дамытуға 

бағытталады.  

16.  Сабақтарды  ұйымдастыру  және  өткізу  барысында  педагог  бірқатар 

ерекше және жалпы әдістемелік талаптарға сүйенеді: 

1) үздіксіз түзеу және дефицитарлық функцияларын дамыту (сенсорлық, 

моторлық, психикалық); 

2)  кеңістіктік  ұғымдарды,  коммуникативтік  әрекеттерді,  сезіну  мен  ұсақ 

моториканы, есту, көру және тактильдік қабылдауды дамыту; 

3)  меңгерген  компенсаторлық  тәсілдерін,  қабілеттері  мен  дағдыларын, 

қалпына  келтірілген  және  түзетілген  функцияларын  түрлі  оқу  процесі 

барысында,  сабақта  және  сабақтан  тыс  кезде,  айналасындағылармен  қатынас 

жасау кезінде белсенді түрде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету; 

4)  әлеуметтік  құзіретін  белсендету  және  өз  бетінше  жұмыс  жасау 

дағдыларын, танымдық белсенділік пен танымдық қызығушылығын, тұлғаның 

эмоциялық-еріктік саласы мен оң қасиеттерін дамыту. 

17. 


Білім  алушылардың  психофизикалық  бұзылымдарын  түзеу 

мақсатында қолданылатын әдістер мен тәсілдер: 

1)  лингвистикалық  шолу  әдісі:  алғашқылық,  синхрондық,  кейінгілік, 

толық және таңдамалы; 

2) кроссвордтарды табу, ребустарды, шарадаларды шешу; 

3) тірек сызбалар, кестелер; 

4) мәтінді редакциялау; 


4

 

5)  анықтама-дәптерін  дайындау  және  қолдану  (әдебиеттік  теминдер  мен 



ұғымдар); 

6) шешендік іскерлік; 

7) мен білемін; 

8) автор; 

9) ақпаратты шығару 

10) ең қызықты фактілер; 

11) жазушыға, ақынға сұрақтар; 

12) «… сухбат алу»; 

13) дайын мәтіннің тақырыптық торын құрастыру тәсілі және тақырыпты 

құру барысындағы есептеулер тәсілі; 

14) болашақ  тақырыптың  микротақырыптарын  ашу  сызбасын құрастыру 

тәсілі және оны дайын мәтіннен есептеп шығару тәсілі; 

15)  тәсілдерді  қолдана  отырғандағы  тіл  шығармашылығы:  «Еркін 

ассоциациялар тәсілі» (суреттердің деректері бойынша), «Не болар еді, егер …» 

(білім  алушы  өзіне  осындай  сұрақ  қойып  жуап  беруге  тырысады),  «Әңгімені 

жалғастыр»; 

16) «мағыналық бірліктер» тәсілі мағыналық жады мен логикалық ойлау 

қабілетін  дамытуға  арналады.  Тәсілдер:  мәтіннің  сараптамасы  немесе  

шағын-баяндау,  мұнда  білім  алушы  дәйекті  түрде  екі  сұраққа  жауап  береді: 

«Бұл  мәтінде  кім  (немесе  не)  туралы  айтылады?»  және  «Бұл  жөнінде  не 

айтылады  (хабарланады)?».  Қолданылатын  мини-баяндаулар  көлемі  үлкен 

мәтінге  қарасты  қорқынышын  жеңіп,  эмоциялық-еріктік  саласының 

қалыптасуына  көмектеседі.  Жеке  тәжірибесін  қолдану:  жанұядағы  туыстық 

байланыстардың  аналогиясы  бойынша  мәтін  немесе  сөйлем  ішіндегі  туыстық 

байланыстарды анықтау.  

18. Оқи білу дағдысын дамыту бойынша тапсырмалар мысалдары: 

1)  сөздермен  ойындар  (анаграммалар,  палиндромалар,  сөздің  ішіндегі 

сөзді табу); 

2) мәтіннің басы немесе атауы бойынша оқиғаның дамуын болжау; 

3) әңгіменің жоспар-картасын құру. 

19.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  барысында  ақпарат  көзі  ретінде  мәтінмен 

жұмыс  күшейтіледі,  оны  тез  оқуын  дамытуға,  басты  немесе  екінші  кеззектегі, 

ашық  немесе  жасырынды,  мәтіндік  немесе  мәтінненн  тыс  ақпаратты  бөліп 

шығару  қабілетін  дамытуға  бағыттау,  ақпаратты  ықшамды  көрсетіп,  көпшілік 

алдында  сөйлеуге,  өз  ой-пікірін  айтуға,  оларды  ауызша  (пікірталас,  жарыссөз, 

баяндама) және жазбаша (эссе) түрде жеткізе білуге үйрету қарастырылады.  

20. Әдебиет бойынша оқу процесін сыншылдық ойды дамытуға бағыттап 

үйымдастыру,  оқу  субъекттерінің  тең  құқылы  қарым-қатынастарын, 

араларында  әңгімелесу  қатынасты,  пікірталас  барысында  өз  пікірлерін  айта 

білуін,  басқалар  пікірін  тыңдауын,  түсінуін  және  қабылдауын,  өз  позициясын 

қорғауда  дәлелдер  жүйесін  келтіре  білуін,  түрлі  позицияларды  салыстыра 

білуін тудырады. 



5

 

21.  Әдеби  көздерін  зертелеу  барысында  сыншылдық  ойды  дамыту, 



бірінші  кезекте,  мәтінмен  жұмыс  істеумен  байланысты;  мұнда  мәтіннің 

сипатына қарай оқу процесі тәсілдерін үйрету түрлері(ақпараттық немесе әдеби 

мәтін)  және  жұмыс  тәсілдері  (дайын  мәтінді  оқу  емесе  жазбаша  мәтін  құру) 

бойынша біріктіреді.  

22.  Оқырмандық  қабілетін  дамытуға  үлкен  мән  беріледі:  ашық  түрде 

берілген  ақпаратты  табу;  қорытындыларды  тұжырымдау;  ақпаратты  түсіндіру 

және  қорыту;  мәтіннің  мазмұнын,  тілдік  ерекшеліктерін  және  құрылымын 

саралау. 

23.  Әдебиетті  оқыту  барысында  техникалық  құрылғылар  (аппаратура) 

және  дидактикалық  құралдар  (ақпарат  тасушы)  белсенді  түрде  қолданылады, 

оның ішінде: 

1)  фронталды  оқу  ісін  қамтамасыз  етуге  арналған  стационарлық  дыбыс 

ұлғайтқыш жабдық (әр сыныпқа); 

2) мультимедиялық компьютерлік сынып;  

3) жекелік есту аппараттары; сөйлеу экраны; 

4) 


интерактивтік  панелі  және  үшөлшемді  аксессуарлары  бар 

«Мультимедиялық интерактивтік оқытатын бағдарламалық-әдістемелік кешен» 

электрондық  ресурсы  -  теориялық  материал  мен  практикалық  білімдердің 

меңгерілу тиімділігін жоғарылату үшін;  

5) дыбыстық сигнады визуалдайтын «Логопедиялық тренажер»  - арнайы 

тыныс  алу  және  дауыс  жаттығуларын  өткізу  барысында,  әсіресе  тұтықпасы 

мен дизартриясы бар балалармен жұмыс істегенде;   

6)  тілдік  коммуникацияны  меңгеру  және  дамытуға  арналған  тілідік 

тренажер  ассистивтік  құрылғысы  -  қажетті  мөлшерде  жалпақ  сөйлемдік  тілді 

меңгермеген  білім  алушылар  үшін,  сонымен  бірге  білім  алушылардың  тілдік 

шектелуі кезеңінде. 

 

 



3-тарау. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 

 

24. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 



1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты;  

2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты;  

3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты;  

4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты;  

5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты; 

6) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. 

25. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 

1) 1-бөлім «Түсіну және жауап беру»; 

2) 2-бөлім «Анализ және интерпретация; 

3) 3- бөлім «Бағалау және салыстырмалы анализ».  

26. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 


6

 

1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні; 



2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы; 

3) көркем шығармадағы образ; 

4) шығарма үзінділерімен жұмыс. 

27. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 

1) әдеби шығарманың композициясы; 

2) автор бейнесі; 

3) көркем шығарманың тілі; 

4) шығармашылық жұмыс. 

28. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 

1) шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығы; 

2) туындылардың заманауилығы мен жаңашылдығы; 

3) әдеби эссе; 

4) әдеби сын. 

29. 5-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны: 

1)  түсіну  және  жауап  беру:  жеке  есту  аппараты  және  стационарлы 

дыбысты күшейтетін құрылғының көмегі арқылы әдеби шығарманың фабуласы 

мен  сюжеттік  дамуы;  кейіпкерлер  портреті  мен  образы;  шағын  көлемді 

үзінділерді  мәнерлеп  оқу,  жатқа  айту;  әдеби  шығарманың  тақырыбы  мен 

идеясы; 

2)  анализ  және  интерпретация:салыстыра  суреттеулер  мен  қарама-қарсы 

суреттеулерді  табу;  шығармадағы  тілдік  бейнелеу  (теңеу,  эпитет,  ауыспалы 

мағынадағы  сөздер,  қайталау,  өлең  құрылысы);  эпикалық  шығармадағы  автор 

бейнесі; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу; 

3)  бағалау  және  салыстыру:  шығарманың  тарихи  құндылығын  бағалау; 

кейіпкерлерді  шынайы  өмірмен  салыстырып  бағалау;  әдеби  эссе;  сыни 

хабарлама жазу. 

30. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі: 

1) «Керқұла атты Кендебай» ертегісі; 

2) «Қобыланды батыр» жыры; 

3) Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы; 

4) Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі; 

5) Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»; 

6) «Атымтай Жомарт»; 

7) «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері; 

8) Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы;  

9) «Адамдық диқаншысы» өлеңі; 

10) Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» хикаяты; 

11) Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі; 

12) Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. 

31. 6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны: 

1)  түсіну  және  жауап  беру:  жеке  есту  аппараты  және  стационарлы 

дыбысты  күшейтетін  құрылғының  көмегі  арқылы  әдеби  шығарманың  жанры, 



7

 

фабуласы  мен  сюжетін  анықтау;  шығармада  көтерілген  әлеуметтік-қоғамдық 



мәселе мен идеясы; кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; көркем 

шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; 

2)  анализ  және  интерпретация:  шығарма  композициясындағы  белгілі  бір 

эпизодтың  алатын  маңызына  негіздеме  жасау;  әдеби  көркемдегіш  құралдарды 

пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісі, оқиға орны мен кейіпкер бейнесін 

сипаттап  жазу;  шығармадағы  көркем  ауыстырулар:  метафора,  кейіптеу, 

метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау; 

3) бағалау және салыстыру: кейіпкерлерді өзара салыстыру, тарихи және 

көркемдік  құндылығына  баға  беру;  кейіпкерлер  жүйесінің  заманауи 

жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру; әдеби эссе жазу; сыни хабарлама 

жасау.  

32. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі: 

1) Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі; 

2) «Аяз би» ертегісі; 

3) «Алып Ер Тұңға» жыры; 

4) Әл Фараби «Қашықтасың туған жер»; 

5) «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері; 

6) Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар»; 

7) «Айналайын, Ақ Жайық» толғаулары; 

8) Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»; 

9) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері; 

10) қара сөздері: «Бірінші сөз»; 

11) «Жетінші сөз»; 

12) «Отыз бірінші сөз». 

33. 7-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны: 

1) түсіну және жауап беру: жеке есту аппараты және стационарлы дыбыс 

күшейткіш  көмегі  арқылы  әдеби  шығарма  сюжетінің  құрамдас  бөлшектерін 

талдау;  әдеби  шығармадағы  тұлғалық  болмысты  талдау;  кейіпкерлердің 

типтерін  анықтау;  көркем  шығармадағы  кейіпкер  бейнесін,  үзінділерді  жатқа 

айту; 


2)  анализ  және  интерпретация:  шығармадағы  эпизодтар  мен  бейнелерді 

салыстыру;  поэзиялық  жәнедрамалық  шығармадағы  автор  берген  бейнені 

сипаттау; шығармадағы көркемдегіш құралдар: символ, эпифора, риторикалық 

сұрақ  қолданысы;  шығармадағы  оқиға  желісін  өзіндік  көзқарастарын 

мұғалімнің көмегімен дамытып жазу; 

3)  бағалау  және  салыстыру:  кейіпкерлердің  іс-әрекеті  мен  автор  берген 

портреттік  мінездемесі,  тарихи  және  көркемдік  құндылығын;  әдеби  жанр 

түрлерінің даму барысы мен жаңашылдығы; шығарманың ұлттық құндылығын 

жазу және сипаттау. 

34. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі: 

1) Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі; 

2) Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі; 



8

 

3) С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»;  



4) «Шәкірт ойы» өлеңдері;  

5) С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі;  

6) О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі;  

7) С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»;  

8) «Шәкірт ойы» өлеңдері;  

9) С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі;  

10) О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі;  

11) Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»; 

12) Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры. 

35. 8-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны: 

1)  түсіну  және  жауап  беру:  жеке  есту  аппараты  және  стационарлы 

дыбысты  күшейтетін  құрылғы  арқылы  шығарманың  жанрына  байланысты 

сюжеттік  желілер,  эпилог,  әдеби  шығарманың  мазмұнын  ашу;  көркем 

шығармадағы  кейіпкерлерді  сомдауда  тура  және  жанама  мінездерді  тану; 

көркем шығармалардан алған үзінділерді орынды қолдану; 

2)  анализ және  интерпретация:  композицияны  тұтастан  бөлшеккке  қарай 

талдау;  автор  бейнесі  мен  кейіпкерлер  қарым-қатынасының  тілдік  көрінісін 

беру; 


3)  бағалау  және  салыстыру:  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясы,  тарихи 

және  көркемдік  құндылығы;  шығармадағы  материалдық  және  рухани 

құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру; шығарманың көркемдік-идеялық 

құндылығын  гуманистік  тұрғысы  бағалау;  шығармада  жазылған  әдеби  

сын-пікірлерге сүйене отырып, мүғалімнің көмегімен сыни пікір жазу. 

36. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі: 

1) «Қыз Жібек» жыры; 

2) Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»; 

3) Ш. Қанайұлы «Зар заман»; 

4) С. Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»; 

5) Ж. Жабаев «Июнь жарлығы»; 

6) М. Жұмабаев «Батыр Баян»; 

7) М. Әуезов «Көксерек»; 

8) Қ. Қайсенов «Жау тылында»; 

9) С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»; 

10) М. Шаханов «Нарынқұм зауалы»; 

11) Қ. Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты;  

12) А. Алтай «Прописка» әңгімесі.  

13) Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 

14) Қорқыттың нақыл сөздері; 

15) Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»; 

17) Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»;  

18) «Балаларыма өсиет» толғаулары. 

37. 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны: 



9

 

1)  түсіну  және  жауап  беру:  жеке  есту  аппараты  және  стационарлы 



дыбысты  күшейтетін  құрылғының  көмегі  арқылы  әдеби  шығармаға  

сюжеттік-композициялық  талдау  жасау;  әдеби  шығармадағы  психологизм; 

көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі; көркем шығармалардан 

алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 

2)  анализ  және  интерпретация:  эпикалық,  поэтикалық,  драмалық 

мәтіндердегі  композициялық  амалдар;  автор  бейнесінің  идеялық  әрі 

стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі; шығармадағы әдеби тілді құбылту 

мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі; автор стиліне сүйене 

отырып, шығармашылық жұмысты мұғалімнің көмегімен жазу; 

3)  бағалау  және  салыстыру:  шығарманы  басқа  өнер  түрлеріндегі  осы 

мазмұндас  туындылармен  салыстыру,  тарихи  және  көркемдік  құндылығын 

мұғалімнің  көмегімен  бағалау;  шығармадағы  ұрпақтар  сабақтастығы  көрінісін 

заманауи  тұрғыда  салыстырып,  жаңашылдығына баға беру;  әдеби  шығарманы 

қазақ  әдебиеті  мен  әлем  әдебиеті  үлгілерімен  салыстыра  отырып  мұғалімнің 

көмегімен талдау жасау. 

38. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі: 

1) Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»; 

2) М. Мөңкеұлы «Үш қиян»; 

3) «Сарыарқа» өлеңдері; 

4) Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны; 

5) М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы; 

6) Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»; 

7) Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»; 

8) «Мен, мен, мен едім»; 

9) «Бағаналы терек»; 

10) Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»; 

11) І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы; 

12) Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі; 

13) Д. Исабеков « Әпке» драмасы; 

14) М. Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі; 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет