69
Жүгірудің ең бір маңызды кезеңі итерілуге дайындық
болып табылады.Сермелетін аяқты қойған кезде сирақтың
итерілуіне, қозғалыстың бәсеңдеуіне және итерілетін жағдайға
дайындық кезінде сермелетін аяқ қимылы бәсеңдейді.
Аяқтың табанымен серпіліп итерілу итерілетін адым
алдында қозғалысты арттыруға жағдай жасайды және жерге
итерілетін аяқты дұрыс қоюды қамтамасыз етеді.
Сермелетін аяқ арқылы ӛту итерілуді орындауға дайындық
кезіндегі басты шарттардың бірі болып табылады. Секіруші
сермелетін аяқ арқылы ӛткенде дене тік сақталады. «Фосбери –
флоп» әдісімен секіргенде тік жағдайда сермелетін тізе
буынының бұрышы 100-150 градусқа тең, аударылу тәсілінде
90-95%. Итерілу адымының алдындағы құрылым ӛзгерісі болған
кезде, аударылу тәсілінен бӛлек «фосбери – флоп» әдісімен
секіргенде итерілу арнайы қозғалыс ӛзгерісіне қажет етпейді де,
оны орындау жүгіру барысында жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: