112
Тактиканың ӛзгеруі кӛбінесе оқушыға байланысты: егер
оқушы ӛзгерсе (мысалы, оның физикалық және психикалық
дәрежесі жоғарылаған жағдайда), осындай кезде оқушымен
қарым-қатынас тактикасы да ӛзгереді. Үйрету жүйесі бойынша
«оқушы» ұғымын барлығы үшін ортақ түсінік ретінде
қарастыруға болмайды (ӛкінішке орай, үйрету барысында
оқытушылар кӛбінесе ортаңғы халдегі оқушыны бақылайды).
Оқушыға әрқашанда оның физикалық, психикалық және
ептілігін ескере отырып,жеке тұлға ретінде қарау керек.
Үйрету барысында оқытушының алдына мынадай
міндеттер қойылады:
1. Әрбір
оқушының
психологиялық
ерекшеліктерін
анықтай білу.
2. Жаңа материалды психологиялық тұрғыда дұрыстап
жеткізе білу.
3. Әрбір үйренушінің психологиялық жағдайын ескере
отырып, оқушының қателігін жӛндей білу.
4. Тапсырмаларды үйренушілердің түйсігіне жететіндей
түсіндіре білу және қатесіз орындауын қадағалау.
5. Олардың
әрқайсысының психологиялық жағдайын
ескере отырып, қарам-қатынас барысында дұрыс тактика таңдай
білу.
Үйрету процесінде бірінші жоспарға оқытушының
біліктілігі емес, оқушының қабілеттілігі маңызды рӛл
атқаратынын есте сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: