120
Мәреге жету – бұл жылдамдықты азайтпай соңғы 10-15 м
қашықтықты ӛтетін жүгіріс. Мәреге жету техникасының
таныстырылуы мәре жолағын кесіп ӛту тәсілін баяндау арқылы
және жүгірушінің ӛзіндік қалпын кӛрсету арқылы ӛтеді. Мәрелік
ырғудың техникасын үйрету кеуденің алға еңкеюі мен қолды
артқа бұрып жіберуден және аяқты алға қоюдан басталады. Бұл
қозғалыстарды кеуденің бұрылысымен, мәре жолағын оң немесе
сол иықпен қиып ӛту арқылы орындауға болады, бірақ секірмеу
және құламау керек. Жүрістегі мәрелік ырғудың дағдысын
меңгеріп алған соң, оны үйренуге кӛшуге болады.
6-міндет. Жалпы жүгірістехникасы мен жаттығушылардың
жеке ерекшеліктерін жетілдіру.
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасыноқыту
барысында жаттығушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап,
олардың жалпы жүгіру техникасын жетілдіру жолдарын
айқындау қажет.
Жетілдіру барысында физикалық дайындығының деңгейін
арттыруына және жүгіру техникасындағы қателіктерді жоюға
кӛмектесетін арнайы дайындық жаттығуларына кӛп кӛңіл бӛлген
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: