117
Егер қолдың жұмыс амплитудасын кӛбейту мақсаты тұрса,
онда қолды түсіріп жүру ұсынылады. Кӛрсетілген жаттығуларда
жүрістің қашықтығы 100-150 м. Жаттығулардың қайталау саны,
оның дұрыс орындалуынан және қозғалыс жылдамдығын
меңгеруіне байланысты.
4 - міндет. Жалпы спорттық жүріс техникасын үйрету.
Спорттық жүрісті меңгеру барысында, жалпы, жеке
алынған
элементтерді
игеруге
бағытталған,
әр
түрлі
жаттығуларды қайта-қайта мың мәрте қайталаған жӛн.
Осы мақсатта ерекше кӛңіл аударатын жағдайлар: кеуде
және бастың қалпы; кеуде және аяқ-қол қозғалыстарының
жұмсақтығы; жеткілікті ұзындықтағы қадам; аяқты еркін
ауыстыру; ӛкшені дер кезінде жерден алу; барлық қимылдардың
үйлесімділігі.
Жалпы спорттық жүріс техникасының негізгі оқыту әдісі:
әр түрлі жылдамдықта және әр түрлі қашықтықта(400-800 м)
жасалатын жүріс, аяқ-қол, жамбас, кеуде қозғалыстарындағы
қателіктерді кӛрсету; қадамның ұзындығы мен жиілігінің ара
қатынасын табатын жүріс.
5 - міндет.Спорттық жүріс техникасын жетілдіру.
Спорттық жүріс техникасын жетілдіру уақытында,
үйренуші ӛзіне ыңғайлы жүріс қарқынын табуы қажет.
Жасайтын қадамның жиілігі және тыныс алу мен дем шығару
саны мен қадам санының арақатынасы, аяқ-қолдың, кеуде
қозғалыстарының жалпы бүкіл қозғалыстрадың реттелгендігін
байқаған жӛн
. Бұл оқыту кезеңінде әртүрлі тік құлама жерлерге
кӛтеріліп түсу жүрісікезіндегі жалпы және арнайы физикалық
дайындығының бірте-бірте арту деңгейі маңызды болып
табылады(400-2000 м).
Достарыңызбен бөлісу: