122
командаларын қалыптардың әртүрлі орналасуымен (ұзындық
және ені бойы) орындау.
5-міндет. Мәреге жету техникасын үйрету.
Оқыту мәреге жету мағынасын түсіндіруден және мәреге
кеудемен және иықпен жетудің амалдарынан басталады:. Басты
тәсілдер: мәреге жету кезіндегі 30-40 метрге жылдам жүгіру;
мәре қақпасына қарай қолды артқа жіберіп әртүрлі
жылдамдықпен алға қарай еңкею; әртүрлі жылдамдықтағы жүріс
пен жүгіру кезіндегі мәре қақпасына иықпен бұрылып алға
ырғу.Мәренісәтті меңгеру үшін жаттығуларды алдымен ӛз
бетінше, кейін топтасып орындаған дұрыс.
6-міндет.
Жүгіру
техникасын
жалпы
және
жатттығушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып
үйрету.
Жалпы жүгіру техникасын меңгеру кезеңінде үйрену
техникасын егжей-тегжейіне дейін нақтылып және дұрыс
дағдыларды бекітуқажет. Ӛз қимылдарын бақылай отырып,
еркін жүгіруге қол жеткізген маңызды. Техниканы жетілдіру
кезінде арнайы жаттығуларды кӛп мӛлшерде, олардың
қиындығын біртіндеп арттыра отырып қолданған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: