Тосқауылды жүгіру жеңіл атлетиканың ең бір айырықша
күрделі түрі болып саналады. Бұл жүгірудің күрделілігі
жүгіруші нақты ырғақты және старттан соңғы тосқауылға дейін
қадамдардың ұзындығын айқын сақтап, артық вертикалды
ауытқуларға жол бермеу, жақсы қозғалыстардың үйлесімдігіне
ие болу, жамбас буынында күш пен ептілік, икемділік пен
шапшаңдық болуы керек.
1-міндет.Тосқауылды жүгіру техникасымен таныстыру.
Таныстыруды жүгіру техникасын қашықтықта кӛрсетуден
бастаған дұрыс.
Жүгіру техникасын 2-3 рет кӛрсеткен жақсы, содан кейін
жаттығушылардың ӛздеріне ӛз беттерінше бірнеше рет биіктігі
40-50 см 2-3 тосқауылдардан және 7-8 м қашықтыққа жүгіруді
ұсыну керек. Тосқауылды жүгіру техникасын кӛрсету
барысында жаттығушылардың тосқауылға батыл жүгіріп
келуіне, тосқауылдан секіру және тосқауылды жеңу мен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
127
жүгірудің арасындағы ырғақтың арақатынасына кӛңіл бӛлген
дұрыс.