V.V. Сезімсіздендіру.
5.30. Қалып « А.В.Вишневскийдің инфильтраттық анестезиясын жүргізу техникасы».
Мақсаты: жергілікті сезімсіздендіру.
Көрсетілім: Біріншілік хирургиялық жара өңдеу, тігіс қою, іріңқапты союда қолданылады.
Қоры: анестетиктер – 0,25 % 500мл новокаин, 0,5% 250мл новокаин, шприц 5-10-20мл, 1%
йодонат, 70% этил спирті, егу инелері, стерильді таңғыш, стерильді лоток, резеңке қолғап,
КБУ.
Əрекет алгоритімі:
1.
Резеңке қолғап киіңіз.
2.
Пинцетке қыстырылған стерильді салфеткамен теріні орталықтан переферияға қарай йодонатпен
кейін спиртпен 2 рет өңденіз.
3.
Шприцке новокаин ерітіндісін теріңіз.
4.
Егу инесің тері астына еңгізіңіз.
5.
«Лимон қабығы» пайда болғанға дейін баяу еңгізіңіз.
6.
Новокаинді еңгізе отырып инені тіндердің астына жылжытыңыз.
7.
Инені алып 3-5 мин сайын тектері жүргізіңіз.
8.
Қолданылған қолғапты, инені, шприцты, таңғышты КБУ-ға тастаңыз.
Ескерту: Жергілікті анестезиядан кейін науқасқа күтім жүргізу:
1.
Науқасты тексеруге ыңғайлы қалыпта жатқызыныз.
2.
Егер жүрек айну болса жастықты алып тастаңыз.
3.
Кері əсері болмаса жастыққа жатқызыныз.
4.
Науқасты 2 сағ бақыланыз: қан қысымын, тамыр соғысын өлшеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |