менсонимдер дегеніміз «ас» ұғымының аясына біріктірілетін азық-түлік сату
және қоғамдық тамақтану нысандарының атаулары.
Менсонимдердің тегіне қатысты екі түрлі пікір бар. С. Қ. Иманбердиева
өзінің «Қаладағы тағамхана атаулары» атты зерттеу еңбегінде: «Менсоним (ла-
тын тілінде mensa «тамақ, түстену, асхана, науа (лоток), дүкеншік (лавка)» +
грек тілінде onyma, onoma «ат, атау, есім») – азық-түлік сату, көпшілік тамақтану
орындарын атайтын жалқы есім, эргонимнің бір түрі» [1:3], - десе, Г. Б. Мади-
ева «Теория и практика ономастики» атты еңбегінде: «Различные классы ИС,
имеющие денотаты в практической деятельности человека, условно объединены
под термином прагматоним, который являетя родовым по отношению к эргони-
мам, СТЗ (словесные товарные знаки), хрематонимам, порейонимам, фалерони-
мам и др.» [2:78-79] деп, перифериялық онимдердің бір түрі болып табылатын
менсонимдерді прагматонимдер қатарына жатқызады.
Қоғам бір басқыштан екінші басқышқа ауысып, алмасып отыруымен байла-
нысты қала ономастиконы да өзгерістерге ұшырайды. Қала ономастиконын, то-
понимиконын құрайтын менсонимдер мен годонимдер және т. б. қала аумағына
қарасты нысандардың атаулары қоғамда болып жатқан өзгерістердің ықпалымен
стихиялы түрде ауысып отырады. Жалпы алғанда, ономастиканың антропонимия
Достарыңызбен бөлісу: |