ҮГІЛГЕН - тау, Мұзтау. Үгілген (өткен шақ есімше тұлғасында тұр), "тасы
немесе топырағы үгіліп жататын тау" мәнін береді.
ҮКЕК - үстірт (2300м.), Қошағаш ауд. Атау монғолдың ухэг "сандық" сөзінен
жасалған. "Сандық тау» деген мағынаға сай келеді. Осы жердегі сақ қорғанынан
атақты «Үкек ханшайымы» табылған.
ШАБАНБАЙ - жайлау, Катонқарағай ауд. Бұқтырма өзенінің оң жағалауынан
солтүстікке қарай орналасқан жайлауларды жалпы атпен Шабанбай деп атай-
ды, Бұл - антропоним, яғни кісі атынан жасалған атау. 19 ғасырда керей мен
найманның жайлауға таласқан бір қақтығысында қаза тапқан керейдің батыры
Шабанбайдың атымен аталып кеткен.
Ал Бұқтырманың сол жағалауындағы жайлауды Тарбағатай деп атайды.
Шыңғыстай болысын 25 жыл басқарған Әбдікерім Ережепұлы Қытайда жүріп
елін, жерін сағынып шығарған толғауында: «Тарбағатай, Шабанбай айырылдық
елден баға алмай», - деп өкінген екен. Орта жүз руларының орналасуын зерттеген
Марат Сәбитұлы Мұқанов Шабанбай жайлауын Шопан таулары деп келтірген.
Алайда Шопан таулары деген атау қолданылмайды.
ШЫНДЫҒАТАЙ - тау (1757м), Катонқарғай ауд. Атау моңғолдың чандага
«ақ қоян» + тай (туынды сын есім жұрнағы) тұлғалары арқылы жасалған. Чанда
гатуй > Шындығатай «ақ қоянды, ақ қояны мол тау» дегенді білдіреді.
Топонимика
29
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Достарыңызбен бөлісу: |