Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет33/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Топонимика


36

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

атаулар  жүйесі  ―  ұлттың  дүниетанымының,  психологиясының,  материалдық 

дүниесінің тоғысқан жиынтығы.

Ұлттық  топонимдер  өз  бойынан  ұлттың  этникалық  құрамы  мен  мекендері, 

шаруашылығы,  дүниетанымы,  әлеуметтік  өмірі,  наным-сенімі,  әдеп-ғұрпы, 

салт-дәстүрі, яғни материалды және рухани құндылықтар жайында ақпарат бе-

ре ді. Оларды 1) Материалдық мәдениетке байланысты топонимдер; 2) Рухани 

мә де ниетке байланысты топонимдер деп топтастыруға болады.

Материалдық мәдениет ― жер бетінде тіршілік еткен адамдардың өзі өмір 

сүруі үшін жасаған түрлі еңбек құралдарымен қоса, тұрғын үйлері, ғимараттары, 

мәдени  ескерткіштері,  киген  киімі,  тіпті  жүріп-тұрған  көлігіне  дейін,  толып 

жатқан көзге көрінетін, әрі өзінен кейін ұрпақтарына қалдырып отырған заттық 

байлығы [3,141б.].

Топонимикалық  жүйенің  қалыптасуына  қазақ  халқының  шаруашылығы, 

кәсіптік іс жүргізуі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы белгілі бір деңгейде 

өз ізін қалдырып отырды. Жер шаруашылығымен шұғылдану Жетісуды мекен-

деген тайпалар өмірінде орта ғасырда болғаны тарихтан белгілі. Олардың жер-

гілікті өзен бойында егін салып, көбіне арпа мен тары еккендігін, сол жерлер-

ден табылған археологтар аршыған көне арықтар толық дәлелдеп отыр. Сөйтіп, 

жер шаруашылығы мал бағып, иен далада көшіп-қонып жүрген елдің қосалқы 

тіршілігіне айналған. Егіншілікпен айналысқан халық оған қатысты атауларды 

да қалыптастырлы. Мысалы: Егінсу, Егінбұлақ, Бесқауға, Қызылегіс, Арықты, 

Қараегін, Байқоныс, Алтынарық, Арантоған, Ақтоған т.б.

Топонимдердің  құрамынан  киім-кешек,  ыдыс-аяқ,  күнделікті  тұрмыста  қол да -

нылатын  заттар  да  орын  алып  отырған:  Қойсоғым,  Жандорба,  Ошақ,  Балта,  Бие-

байлаған, Қазансу, Шотқалған, Айнабұлақ, Есік, Кетпен, Күл, Қазанкөл, Қай рақ т.б.

Көшіп-қону, жол қатысы, өзен, су өткелдері туралы мына төмендегі геогра-

фиялық атаулар толық мағлұмат бере алады: Қостіккен, Өткелсіз, Қозыкөш, Құ-

мөт кел, Көшөтер, Көшкентал, Арқанкерген, Есекартқан т.б.

Рухани  мәдениет  ―  адамдардың  өмір  сүру,  тішілік  ету  барысында  сол 

ұлттың тұмыс салты, білімі, заңы, этикасы, ғылымы, діні, мифологиясы, рухани 

дүниелері ― өнері, өлеңдері, мақал-мәтелдері, фразеологизмдері, нақыл сөздері 

т.б. [3,141б.].

Кез келген ұлттық топонимдердің бойында тарихи-мәдени ақпараттар сақта-

лады және олардың кумулятивті қызметі ұлттық топонимдерде анық көрінеді. 

Себебі кез келген ұлттық топоним халықтың ғасырлар бойы жинақтаған білім-

дерін  көрсетеді  және  ол  білімдері  топонимнің  кумулятивтік  қызметі  арқылы 

ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Жергілікті халықтың әдет-

ғұрпы  мен  діни  көзқарасын  білдіретін  топонимдерге  мыналарды  жатқызуға 

болады: Әулие, Әулиебұлақ, Әулиебастау, Ақбейіт, Бейіттібұлақ, Молалы, Қо-

ңырәулие,  Бұрханбұлақ,  Мазар,  Иманқұт,  Қажыауыл,  Бәйгетөбе,  Қарамола, 

Майқан, Құлтөбе, Өрнек, Жетім, Аламан, Байғазы, Бесіктас.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет