37
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жетісу жерінің өзендері туралы Б.Нұржекеевтің берген деректері бойын-
ша Бұрқанбұлақ өзенінің басында сарқырама бар екен. Судың астында үлкен
тас бар. Жергілікті халық ол тасты киелі санап сиынған. Сондықтан ол будда
дініндегі Бурхан әулиемен байланысты деген болжам бар [4,53б.].
Есік өзенінің қыста қатпайтынын ескерген халық оны қасиетті деп санап,
«ыссы өзен» деп атаған. Кейін атау фонетикалық өзгеріске түсіп Есік болып
өзгерген. Сол сияқты Майқан өзенінің құрамындағы май – киелі, қасиетті дегенді
білдірсе, түркі тіліндегі «ған» сөзі өзен дегенді білдірген [5,14б.].
Әулиесу өзенінің бас жағындағы таста адамның намаз оқыған кезіндегі екі
алақаны, маңдайы, екі тізесінің таңбасы басылып қалған екен. Осыған байланы-
сты өзен Әулиесу аталған [6,84б.]. Қарамола, Молалы, Ақбейіт, Бейіттібұлақ ата-
улары да діни ұғымдарға, яғни өзеннің бойында мазарлардың болуына байланы-
сты қойылған. Бұл көрсетілген топонимдердің бәрінде халықтың діни сенімдері
мен нанымдары, дүниеге көзқарасы жан-жақты бейнеленіп отырғанын көреміз.
Сонымен қатар, салт-сананың кейбір көріністері кейде тотемдік ұғымдарға бай-
ланысты қойылған топонимдерде де кездесіп қалады.
В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде «Әдет-ғұрып замандар
бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра ауысып,
рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып та-
былады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді» - дейді.
Дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Жетісу жеріндегі
топонимдердің туындауына негіз болған салт-дәстүр элементтерін қарастыра
келе, адамдардың табиғаттағы әр түрлі құбылыстарды бақылап, оны өз іс-
әрекеттерімен, тәжірибесімен салыстырып, адам санасында қалыптасқан оймен
байланысқан бейнелер түрінде әр түрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табуы, яғни
метафоралық мағынаның жетекші рөл атқарғанын көруге болады. Мәселен,
Бесік, Бесіктас атаулары метафораланып қойылған, яғни бесікке ұқсатудан туған
болса керек.
Бесік - қасиетті киелі, құтты мүлік. Сәбидің, алтын ұясы болып есептеледі.
«Ел іші алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланың,
бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке жолы үлкен
елдің, тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Бесіктің сәбидің
денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесік ағаштан, талдан иіп жасала-
ды. Бесіктің мынадай құрал жабдықтары болады: жастық, мамық, жүргек, түбек,
шүмек, қолбау, тартпабау. Олар да өзінше қолданыс тауып отырған. Мұнда
атау тек сыртқы көріністің ұқсастығына ғана қарап қойылмаса керек. Халық
бар лығына құтты қоныс болған жерді бесікке теңеген. Ал Бәйгетөбе, Аламан
гидронимдерінің қалыптасуына сол аймақтарда аталмыш қазақтың ұлттық
ойынының өткізілуі себеп болса керек. Бәйге (дәстүр). Ұлы тойда, аста, мере-
кеде жыққан палуанға, озған жүйрікке, жеңген ақынға берілетін жүлде. Тойдың,
Достарыңызбен бөлісу: