2003. -152 с.
3. www. Wikipedia. kz.
35
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Гүлім Чукенаева
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің докторанты
Жетісу топонимдерінің этномәдени сипаты
Кез келген халықтың дүниетанымдық жүйесі, өзіндік салт-санасы, халықтық
рухы ең алдымен оның тілінде көрініс табады. Тіл мәселелерін мәдениетпен,
халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-70
жылдарында орын ала бастады.
«Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері
біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени
ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос
өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы
тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның,
қару-жарақтың, киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-
ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты ұғымдардың аты-
жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз
тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін»
дейді ғалым Ә.Қайдар[1, 34б.].
Адам баласы пайда болғаннан бері әр ұрпақ өздері ойлап тапқан және уақыт өте
қалыптасқан материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттегі жетістіктерін мұра
ретінде қалдырып отырды. Адамзаттың қай заманда болмасын алдына қойған
ең басты мұрат-мақсаттырының бірі дәстүрді сақтау, ұлттық құндылықтарды
қадірлеу болғандығына ешкімнің де таласы жоқ. Біздің қазақ халқы да атадан
балаға сан ғасырлардан қалыптасып жеткен асыл қазынасын келешек ұрпақ
мақтан тұтып айтып, сақтап жеткізетіндей өшпес мұралар қалдырды. Олардың
қай қайсысы да тілде көрініс тауып отырды.
Адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын тілдің қызметі арқылы
бейнелейді. Әрбір тілдің өзінің ішкі, ұлтық өзгешеліктері бар болғандықтан, кез
келген тіл әлемді өзінше суреттейді. Халықтық салт-сана жайлы мол мағлұмат
көзі болатын тілдік тұлғалардың бірі – топонимдер. Өмірде көрген-білгенін,
зер десіне түйгенін, өмірлік тәжірибесін, бүкіл асыл құндылығын тілінде тұжы-
рымдаған қазақ халқы көшіп-қону барысында кездескен әрбір бұлақ-бастауға,
төбе, жазыққа, ой мен қырға олардың ерекшелігін айқындап, соған сәйкес ат
берген. Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байла-
нысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған
орай, жалқы есімдердің этномәдени мәніне де назар аударыла бастады.
Топонимиялық атаулардың пайда болуына, қалыптасуына, дамуына ұлттың
мәдени өмірі әсер етеді және «атауды қалыптастырған немесе пайдаланып жүрген
халықтың мәдениетіне ешбір байланысы жоқ атау болмайды» [2, 131б.]. Себебі,
Достарыңызбен бөлісу: