42
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
ақыры жол ортадан тоқтайды немесе осыған бел байлағандардың қаншалықты
әуре-сарсаңға түскеніне қарап, «Қой, мынау оңай шаруа емес екен, дұрыс жа-
зылмаса қойсын, дұрыс айтсақ болды ғой!» – дегенді алданыш етіп, қате аты-
жөнмен жүріп жатқан жайы бар.
Осылай да өмір сүре беруге болатын шығар, алайда жанға бататын мұндай
мәселеге назар аудармасақ, «өзін-өзі сыйламайтын»біздің дамыған отыз елдің
қатарындағы орнымыз қандай болмақ. Адамды қорлағанда алдымен аты-жөнін
өзгертеді. Ал қазақ «Осы айтқаным келмесе, атымды басқа қой!» – деп, өз аты-
мен ант ішіп жататын еді.Ары мен иманына балап, кейінгіге аманатқа қалдырған
ұлттық есімдеріміздің қазіргі түрі мынандай жағдайға жеткен: Маямирова, Ка
расьев, Калешова, Башкеева, Долина т.б. Қазақы сұрдан айрылып, әбден азған
осындай текті (фамилияны) «өзімдікі» деп иеленіп, ұлты қазақ азаматтары ара-
мызда әлі жүр.
Жылда оқуға түсетін талапкерлердің тізіміне бір сәт үңілсеңіз, көз алдыңыз-
дан орыс графикасының ыңғайына күштеп бейімдеуден белі үзілген түрлі-түрлі
кемтар аты-жөн тізбектеліп өте бастайды.Бір қызығы ондай аты-жөн иелерінің
бәрін қазақшылығы шамалы, орысша ойлайтындардың қатарына қоюға болмай-
ды. Қазақшаланам деп жүріп-ақ, қайталап қате жазылған құжаттар қаншама.
Арнайы мекеме мамандарына сауал тастасақ, көбіне, азаматтардың өз талабы
бойынша осылай жазамыз деген уәж айтады. Ондай фактілердің бар екенін де
жоққа шығаруға болмас, алайда төмендегі мына есімдердің солай толтырылу-
ына аты-жөн иелерінің ешқандай қатысы жоқ екені анық: Калешова Мейргуль
Мырзалыкызы, Амангельдықызы Асель, Мурат Акерке, Жупарханқызы Мушел
жан, Суймкулкызы Айгерим, Тилеухан Өмирбек, Киса Досжан, Хумархан Се
рикгул, Хуанган Маржангуль, Мурат Дамели, Бахатбек Еркегуль, Казик Ермек,
Хырыхбай Мухамет, Ахболат Алпаби, Хух Ханатбай, Сагындых Ердаулет, Ха
вылаш Жанибек,Башкеева Маржан Мырзабекқызы. Қазақшаланғысы келген
азаматтарымыздың арыз-өтініштері осылай қанағаттандырылған– ов, овамен
вич, евнаны алып тастап, орысшаланған нұсқасы бойынша қате күйінде қайта
толтырып берген.
Тереңнен қазып талай-талай кемшіліктің бетін ашуға және олар туралы ұзақ-
ұзақ айтуға болады, алайда уақыт кемшілікті қазуды емес, онан шығудың жолда-
рын талап етіп отыр. Біз бұл орайда өзіміз көріп, көзіміз жетіп жүрген екі мәселеге
тоқталғымыз келеді. Бірішіден, қазақ есімдерін орыс тілінің ыңғайына бейімдей
жазғаннан кейін, қалай әспеттесең де ол қазақы болмысынан алшақтайды:
Гүләй – Гуляй, Мөлдір – Молдр немесе Мольдр т.б, Құттықыз – Куттыкыз не-
месе Коттыкыз, Жеңіс – Женис, Өмірбай – Омирбай немесе Умербай т.б. болуын
қоймайды. Басқаша жазу мүмкін де емес. Қашан да орысшаны міңгестірмесек,
жүре алмайтын әдетімізге басамыз да отырамыз. Ол әдетімізден арылмасақ, аты-
жөнімізді реттейміз деп әуре болудың қажеті жоқ. Орыс тілінде толтыру үшін
Достарыңызбен бөлісу: