Бекжан Әбдуәлиұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессоры, филология
ғылымдарының докторы
Аты-жөніміз қазақша ғана дұрыс жазылады
Қазақ есімдері басынан кешірген талай-талай зобалаңды айта-айта жана-
шырлар да жалыға бастаған кез,енді оның құрылымдық жүйесінің ішкі сырла-
рын ғылыми-зерттеулер арқылы негіздеп, құжат толтыруға жауапты мекемелер
құзырына беру алдымызға елеулі міндеттер жүктеп отыр. Ұлттық құндылыққа
қатысты іс болғандықтан, жұртшылық назарын ауық-ауық осы мәселеге ауда-
рып отыру әрбір зиялы қауымның өкілінің парызы болса керек. Бас ауыртатын
басқа да күн тәртібіндегі мәселелерден өзектілігі кем болмаса да, құжаттағы
аты-жөннің ұлттық тіл нормасы өрескел дәрежеде бұзылғанына қарамай,одан
материалдық кемшілік көрінбегендіктен, жеке адамдар назарында біртіндеп
екінші орынға ығысып бара жатқаны байқалады. Бұның ар жағынан «өмірлік
бөлшегіміздің» қадірі мен қасиетін кемітіп алу қаупі бой көрсететіндей.
Кісі есімі ішкі жүйесі жағынан лингвистикалық мәселе болғанмен, оның
негізгі болмысының қалыптасуында әлеуметтік факторлардың орны үлкен. Ол
қоғамда туады, қалыптасып-қалыптанады, дамиды. Сондықтан, әсіресе қазіргі
сөз етіліп отырған қолданбалылық табиғаты тікелей қоғамдық-әлеуметтік
жағдайларға байланысты. Бүгінге дейін кісі есімдері құжаттарға тіркелу кезінде
көптеген зобалаңды басынан кешірді, қазір көбінің түпкі нұсқасы қандай
болғаны ұмытылған, этимологиялық талдауларға негіз боларлық деректер өте
аз, жасала қалғанның өзінде де болжамдардың шегінен шыға алмай қалып жата-
ды. Сондықтан, «өткенге салауат» демекші, бізге дейін жіберілген кемшіліктерді
кешіре тұрып, жаңадан туындауы мүмкін мәселелерге сақ болған абзал.
Жауапкершілікті сезіне алатын болсақ, ұлттың жоғын түгендеу, кем-кетігін
толтырып отыру шама-шарқымыздың келгенінше әрқайсымыздың міндетіміз.
Әсіресе мұндайда лауазымды тұлғалардың бүйрегінің бүлкілі аса маңызды
екенін несіне жасырамыз. Алайда, кейде істің байыбына бармастан айтыла-
тын үстірт пікірлер болады. Мысалы, аты-жөнімізді «үш тілде жазсақ» деген
секілді. «Жаңа есім ойлап табудың қажеті жоқ» деуді де осы қатарға қосуға
болады.«Жақсы ниеттен туған істің бәрі абзал» деп өзімізді жұбатқанмен, қазақ
есімінің тағдырына бір ғасыр бойы қиянат болып жабысқан жазудағы бәлекет
пиғылдың қазіргі үнсіз жүзеге асып жатқан жалғасына тоқтау қоймаса бол-
майды. Екіншіден кісі есімдері үздіксіз дамып отыратын құбылыс, оны ешкім
тоқтата алмайды. Қолданыстағы есімдеріміздің өзін бір ізге түсіру қиынға соғып
тұрғанда, жаңа есімдерді нормалаудың қиындығы тағы бар. Үшіншіден, соңғы
Достарыңызбен бөлісу: |