39
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
найман тайпасының руы Бақалыдан тараған ұрпақтар қазір де мекен етеді. Сол
сияқты Жетісу жеріндегі Матай тауының, сол аттас темір жол станциясының
және ұзындығы 13 км болатын өзеннің аттары Орта жүз Найман ішіндегі «Ма-
тай» руының атына қойылған. Ал Төлеңгіт атауына жеке тоқтала кеткен жөн.
Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі
сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан
салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік
кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған [7,31б.].
Академик Ә.Қайдардың пікірінше: «...тіл – қорған, тіл – қару, өнер алды –
қызыл тіл, тіл – ұлттың жаны мен тәні. Өз тілінен айрылған ел – ел емес, ұлт
– ұлт емес. Өйткені, этностың ұлт санатына қосылуы үшін қажетті де міндетті
шарттарына ортақ табиғи орта, ортақ күнкөріс көздері, ортақ тіл, ортақ психоло-
гия жататыны белгілі, сондықтан да қазақ халқы бүгінгі жержүзілік жаһандану
процесінде біртұтас ұлт болып қалуы үшін ана тілінің тас түйін етіп ұйыстыратын
ұйытқы болар құдіретті күшіне сүйену керек...» [9,32 б.].
Халықтың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған
арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі
өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Сөз құпиясын, сөз құдіретін анықтаса,
ғасыр қойнауында жатқан немесе келмеске кеткен білім мәнінің сарасы көрінері
анық.
Достарыңызбен бөлісу: