46
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жайқұн көлдей бай болған.
Еділ, Жайық, Оралға,
Ортан көлдей жайылған [3,82].
М.Ж.Көпеевтің шежіресінде: «Бұрынғы заманда қазақ «жүз» деген «Алаш»
атты руға қойылған ат болған екен. «Алаш» деген атты ұранға қойып, жауға
жапқанда «Алаш-Алаш» деп шабыңдар, «Алаш» демегенді әкең болса да ұрып
жыға беріңдер,- деп бата қылысыпты.
«Кеше Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш болғанда, ұра-
ны мыз «Алаш» болғанда, үш жүздің баласы қазақ емес пе едік», - деп айтылған
сөз содан қалған екен.
Осы деректерге қарағанда Алаш (Алаша) тек қана хандардың арғы бабасы,
моңғол мен татарлардың атасы емес, сонымен бірге көне халықтың (қазақтың)
атауы да болған көрінеді. Алаш - Алашаға қатысты шежірелік аңыздар, әпсаналар,
мифтер жеткілікті. Олардың біріне (М.Ж.Көпеев жазып алған нұсқасында) Алаш
заманы Майқы би заманы етіп, көрсетіледі: «Қырық сан қырым, отыз сан ұрым,
он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, он сан ноғайлы бүлінгенше, Ормамбет би
өлгенде, ноғайлының елі бір ала тайдай бүлініп. «Ала тайдай бүлдірді» деген сөз
содан қалыпты. Сол замандарда Қондыгер, Қотан, Қоғам дегендер өмір сүріпті.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген аталы сөздің қалыптасқан
кезеңі болса керек. Тоғыз ханды таққа отырғызған кісі деседі. Сол ханның бірі
болған Қызыл Арыстан деген кісі Бұқарада тұрып өмір сүріпті».
Қызыл Арыстан хан жаугершілікте елді шауып, бір қыз алып, сол қыздан бір
бала «сауысқанның аласындай ала тауады». Қызыл Арыстанның бәйбішесі ба-
ланы, оны тапқан шешесін Сырдариядан әрі өткізіп жібереді. Майқы би баланы
үйіне алып келеді де, өзі тәрбиелейді. Батыр болып өскен баланы Қызыл Арыстан
өзіне қайтармақшы ойы болады, бірақ Қотан, Қоғам, Қондыгер, Қобан, Майқы
билер есейген баяғы ала баланы «ел болғанымызды жұрт көзіне түсірейік» деп,
«Ұлытаудың басына алашамен көтеріп алып шығып хан сайлапты; оған «Ала-
шахан» деп ат қойыпты». Алашахан өз әскерін жасақтауға кіріседі: «Бастапқы
келген жүз жігіттің бастығы Үйсін». Бұл «Ұлы жүз Үйсін» деп аталады. Түп
қазығы - Салықшы. Жауға шапқанда бұлар шаппасын, тас-түйін болып тұрсын, -
депті. Ортада келген жігіттің бастығы Болат қожа екен. Бұған Орта жүз «Ақ жол»
аталсын дейді. Соңғы келген жігіттердің бастығы - Алшын болса керек. Жаудан
беті қайтпайтын жаужүрек, қарсы алдында жүріп жауға шабатын болсын. Бұған
«Кіші жүз Алшын» деп ат қояды. Қазақтың үш жүз аталған жері - осы».
Жоғарыда берілген Алаш Алаша (хан) мифоантропониміне қатысты аңыздың
бірнеше мазмұндық, мифологиялық, тарихи т.б. деңгейлері, яғни қабаттары бар
деп айтуымызға хақымыз бар. Мифтерде, мифтік аңыздарда әдетте мифтік уақыт
пенен тарихи уақыт араласып жүре береді, тіпті кейде бір мәтін тарихи уақыттың
бірнеше кезеңі де берілетін кездері болады. Біз талдап отырған шежірелік миф-
Достарыңызбен бөлісу: