54
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
когнитивтік лингвистикалық концептология тұрғысынан әлі зерттелмеген. Осы
жәйттерді есепке ала отырып, біз көне антропонимиялық концептілердің аз да
болса жекелеген түрлерін қазақ тіліндегі ғаламның антропонимиялық бейнесін
жасаудағы өз үлесін сарапқа салмақшымыз.
Т.Жанұзақов V-VІІІ ғғ. (көне түркі дәуірі – Т.Б.) тән антропонимдер жө-
нінде: «Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаула-
ры мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі аты ретінде
қойылып отырған»,- дейді өз еңбегінде [7,27]. Қазақ тіліндегі көне тұлғалы
антропонимдерді зерттеген Б.Досжанов. Т.Жанұзақов көрсеткен антропонимдер
қатарына төмендегідей антропонимдерді қосады «түр-түс атауларына байланыс-
ты: As bas atig и.собств. (ДТС) «Ақбас»; туыстық атауларға байланысты jegan
(І племянник, ІІ jegan cur и.собств. ДТС) «Жиенбай», ерлікке байланысты: Эрбег-
шад, Баһадүрбек (ЛГ), «Ержан», «Баһадүр»; білімге, ақылға байланысты: Билге
құтлұғ хан «Ақылды құтты хан»; байлық, құт, берекеге байланысты.: Құтлұғ
ілтерістен «Бақытты»; ынтымақ, бірлікке, байланысты антропонимдер: «Тюз-
люк», «Ымырашыл» (ЛГ), Тюзел-бек «Дауласуды жалғастыратын бек, делдал»
(ЛГ), «Түзелбай», «Түзгенбек» секілді және басқа тақырыптағы антропонимдер
бүгінгі күнге жетіп отыр» [8,8].
Жоғарыда көрсетілген антропонимдердің мағыналық типтері тек көне
түркі дәуірінде туындап, одан бұрын болмаған деуден аулақпыз. Көне түркі
антропонимдерінің кейбір типтері болмаса, олардың біразы прото-(арғы-) түркі
(дей-түркі) замандарынан келе жатқан болуы керек. Солай дейтұғын болсақ,
кейбір көне түркі антропонимиялық концептілердің онтологиялық төркіні тым
арада жатыр. Осы тұжырымдамамызды мифоантропонимиялық «арғықазақ»
концептілерімен салыстырғанда ғана байқауымызға болады.
Мифологиялық дәстүр өте өміршең болады, дәуірден-дәуірге, ғасырдан-
ға сыр ға ауысып отырады, себебі мифологиялық дүниетаным және оның сар-
қыншақтары адамзат қоғамы өмірінің барлық кезеңдерінде сабақтаса жалға-
сып, күні бүгінге дейін сақталған. Басқаша айтқанда, кейбір антропо нимиялық
концептілер ғасырлар бойы ауысып отырған лингвомәдени қоғамдардың
менталитетінде, ментальді-когнитивтік жадында сақталған, жалғасын тауып
тізіліп келе жатыр деуге болады. Сондай антропонимиялық концептінің бірі –
«Франграсйан» - «Афрасшаб» - «Алып Ер Тұңға» - «Асянь-ша» (Асянь-шад,
Ахянь-ше) – «Асан қайғы». Осы антропонимиялық ментальді тізбекті жасаған
(мифтік лингвистикалық әдіс арқылы ашқан) – аталған есімдердің барлығы да бір
бейненің әр ғасырдағы, әр түрлі ортадағы вариациялары болып табылатындығын
анықтаған Қондыбай Серікбол болды. «Осы бір өстік» тізбегін, - деп жазады
С.Қондыбай-мен, «Алып Ер Тұңға» деп те, «Афрасиаб» деп те аталып жүрген,
«авесталық» есімі «Франграсйан» деп аталатын бір бейнеден бастаймын. Міне,
осы кісіден бері, бүгінгі күнге қарай «Асянь-ша» (Асянь-шад, Ахянь-ше), «Асан
Достарыңызбен бөлісу: