55
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
қайғы» деген есімдерді атауға болады. Бұлардың барлығы да квазитарихи кел-
бетке «тарихи уақытта өмір сүрген деп есептелетін» ие болған мифтік тұлғалар
болып табылады, яғни Франграсйан, Асян-шад, Асан қайғы – бір бейненің әр
заманғы нұсқалары» [4,341-342].
Франграсйанның мифтік – квазитарихи бейне кейпінде қалыптасқан уақыты
мен қоғамның кезеңі – б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтар тоғысы, «Тур қоғамы» немесе
Бегазы Дәндібай қола мәдениеті; Асянь-шадтікі – б.з. ІІ-V ғғ., Ұрман (Юэбань)
және одан кейінгі көк түркілер заманы; ал Асан қайғының – б.з. ХІV ғасыры
[4,342]. С.Қондыбай пікіріне сүйенсек, Франграсйан – Афрасиаб – Алып Ер
Тұңға – Тұранның билеушісі, Ілкі Төр Күлдігінің орнатушысы және иесі, мәңгі
өмір іздеушісі болса, Асянь-шад көк түркілерді Өтүкен үңгірінен шығарушы,
яғни үңгірдің иесі болып табылады. Ал тарихи Асан қайғы болса Жерұйықты
іздеуші, Тескентауды асып кетуші бейнесінде, ортағасырлық философ кейпінде
қазақ фольклорында кеңінен танымал.
Осы үш есімнің түпкі, архетиптік этимологиясы ұмытылғанымен, мифтік
бейненің басты сипаттары сақталған. Ал осы сипаттардың пайда болу, сақталу
себептері негізінен архетиптік осы есімдердің этимологиясына байланысты бо-
лып келеді, әңгіме шынайы, бастапқы этимологиясын табуда болып тұр.
Этимологиялық ізденістер, біздің пікірімізше, лингвоментальді және
этномәдени негіздерге сүйене жүргізілу керек. Басқалап айтқанда, этимонның
(сөздің ілкі түбірінің) төркінін, мағынасын, әйтеуір кез келген ұқсас, жақын
келетін бір-екі (бірнеше) тілден іздеп табу жеткіліксіз, сол этимонға, сөзге
қатысы бар лингвментальді, этномәдени ортаның деректерін есепке ала оты-
рып, сөздің этимологиясын дәйектеу абзал сияқты. Олай ету үшін белгілі бір
қағидаға, концепцияға сүйену қажет.
Мәселен, көне қытай дерекнамаларында кездесетін Асянь-шад есімінің
тілдік төркінін қытай, иран, хотаносақ тілдерінен іздеу – еуропацентристік, яғни
еуропаүстемшілдік үрдіс – тенденцияның тағы бір көрінісі. Көк түркілердің,
яғни жалпы түрік халықтарының түпкі бабасының бірі асанның (асан-шадтың)
есімі қытай, иран хотаносақ тілдерінде қойылуы керек пе? Сонда сол бағзы за-
манда байырғы түркілер өз есімдерін өз ана тілінде қоя алмағаны ма?
С.Г.Кляшторный Асянь деген есімді «Ашина-сянь» деген сөздің қысқартылған
түрі деп есептейді: Ашина рудың аты болса, қытай тіліндегі сянь білге деген
сөздің аудармасы [9]. А.Габеннің пікірінше Asana деген сөз иран тілінде «сау,
бүтін» мағыналарында қолданылған [10,157]. Аsana деген сөздің этимологиясын
С.Г.Кляшторный [9,111] хотаносақ тіліндегі «достойный, благородный» деген
мағыналарына жақындастырады.
Байқап қарасақ, жат тілдерден «құлағынан сүйреп» әкелінген этимологиялық
талдаулар «Асан» түркі (қазақ) сөзінің түп-төркінін ашып бере алмайды, себебі
лингвоментальді (танымдық, яғни дүниетанымдық) ғылыми тілмен айтқанда,
Достарыңызбен бөлісу: